Қолданыстағы ред. 07.03.2003

Атырау облысындағы телефон байланысы мен телехабарларды тарату жұмыстарының бүгінгі жағдайы және оларды болашақта жақсартудың шаралары туралы от 07.03.2003 г. № 284-II (Атырау облысындағы телефон байланысы мен телехабарларды тарату жұмыстарының бүгінгі жағдайы және оларды болашақта жақсартудың шаралары туралы)

0

Атырау облысындағы телефон байланысы мен телехабарларды тарату жұмыстарының бүгінгі жағдайы және оларды болашақта жақсартудың шаралары туралы
Облыстағы телекоммуникация желiсiнiң және телехабарлар таратудың ағымдағы жағдайы мен болашақтағы даму мәселелерiн қарап, талқылай келе кезектi ХХIII сессиясында Атырау облыстық Мәслихаты ШЕШІМ ЕТТІ:

1

1. Аталған мәселелер жөнiндегi iстiң жәйiн мәлiмдеген облыстық телекоммуникациялар дирекциясының бас директоры А.М.Қадыралиевтiң және облыстық радиотелехабарлар тарату орталығының директоры Д.Хайруллиннiң баяндамалары қатерге алынсын.

2

2. Облыстық телекоммуникациялар дирекциясына (А.М.Қадыралиев), облыстық радиотелехабарлар тарату орталығына (Д.Хайруллин) сессияда айтылған ұсыныстар мен қойылған мәселелердi қарап, орындаудың шарасын алу, облыстық телерадиокомпанияның бағдарламаларын 2003 жылы облыс аумағына түгелдей жеткiзу мәселесiн мүдделi орындардың алдына қойып, бiрлесiп шешу тапсырылсын.

3

3. Атырау облысындағы телекоммуникациялық желiнi дамытудың 2003-2005 жылдарға арналған бағдарламасы бекітілсін (жалғанды).

4

4. Аудандардың әкiмдерiне облыстың ауылдық елдi мекендерiнде телефон станциялары мен телекоммуникацияның құрал-жабдықтарын орналастыру үшiн қызметтiк үй-жайлар және коммуналдық меншiктiң балансында тұрған қайта таратқыш станциялардың техникалық ғимараттарына ағымдық жөндеу жұмыстарын жүргiзу үшiн нақты шаралар алу тапсырылсын.

5

5. Махамбет ауданының әкiмiне (Р.Ғ.Сисатов) биылғы жылдың бiрiншi жартысында аудандық телекоммуникация торабын орналастыруға қажет болып отырған баспахананың ғимаратын қайта құру iсiн аяқтау міндеттелсін.

6

6. Облыстық телекоммуникациялар дирекциясына (А.М.Қадыралиев) Махамбет Өтемiсұлының мерейтойын тойлауға дейiн Махамбет ауданындағы электрлiк байланыстың құрал-жабдықтарын қайтадан құрып шығу тапсырылсын.

7

7. Шешiмнiң орындалуын қадағалау облыстық Мәслихаттың әлеуметтiк-мәдени мәселелерi жөнiндегi тұрақты комиссиясына (У.Бисенұлы, Қ.Сапаров) жүктелсiн.

8

Телекоммуникациялардың ауылдық желілерін дамытудың 2003-2005 жылдарға арналған бағдарламасына қысқаша сипаттама
Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә.Назарбаевтың ауылды дамытуды жан-жақты қолдау жөнінде шаралар алу, ауыл тұрғындарының телекоммуникацияның қазіргі заманғы қызметтерін көруге қол жеткізуін қамтамасыз ету жөніндегі тапсырмаларын жүзеге асыру мақсатында Атырау дирекциясы Атырау облысының ауылдағы байланыс жүйесін дамытудың 2003-2005 жылдарға арналған бағдарламасын жасақтап бітірді.
Атырау облысында 187 елді мекен бар, олардың 92-сінде мүлдем телефон байланысы жоқ.
Ауылдағы жалпыға бірдей пайдаланылатын желіде әбден ескіріп біткен құралдарды пайдалану жалғасып келеді, телефон желілерінің қосушы және абоненттік желілерінде өз қызметінің мерзімін әлде қашан өтеп болған әуелік желілер (воздушные линии) пайдаланылуда, олар жергілікті желілерді қалағандай көлемде санды жүйеге көшіруге мүмкіндік бермейді, тиімді дамуға жағдай жасамайды. Ауылдың желінің тиімді дамуына бүкіл облыс аумағы бойынша ауылдарымыздың бір-бірінен алыста шашыраңқы жатуы да кедергі келтіріп отыр.
Ауылдарда жұмыс жасап тұрған 54 телефон станциясының 89% (пайызы) немесе 49-ы аналогтық-координаталық түрдегі станциялар және 11% (пайызы) ¬ана немесе 5-і (бесеуі) ¬ана санды станциялар (Ганюшкино, Аққыстау, Сағыз, Зеленый, Өрлік селоларында) болып табылады. Барлық станциялардың қондырылған жалпы сыйымдылығы 13036 нөмірді құрайды, іске қосылған сыйымдылық 10317 нөмірді құрайды (79 пайыз).
Ауылдағы байланыс жүйелерінің қазіргі заманғы түрлерінің даму деңгейі қаладағымен салыстырғанда өте көп төмен болып отыр, автоматты қалааралық және халықаралық телефон байланысын пайдаланудың мүмкіндігі жеткіліксіз, 54 ауылдық станциялардың 49-ы аналогтық станциялар болып табылады, олар 20 жылдан астам уақыттан бері негізінен техникалық нормаларға сәйкес келмейтін үй-жайларға орналасқан жағдайда пайдаланылып келеді, мысалы "Қазпошта" қоғамынан 7 және коммуналдық меншіктің 14 осындай үй-жайы ж.б жалға алынып отыр.
Аудандық орталықтардан төменгі деңгейдегі елді мекендердегі автоматты телефон станцияларының көпшілігінде резервтік энергиялық қоректендіру көздері жоқ, электр қуатының жүйелі түрде ұзақ уақытқа берілмей келу салдарынан аккумуляторлар апатты жағдайға келтіріліп отыр және оларды алмастыруды талап етеді.
Байланыстың кабельдік және әуе желілерінің жалпы ұзындығы 2659 км. болып табылады, олар хабар берудің аз арналық жүйесінің 33% (пайызымен) ғана тығыздалған және негізінен аналогтық жүйелермен жарақтандырылған.
Халықтың орналасу тығыздығының аз болуы және елді мекендердің ара қашықтықтарының едәуір үлкен болуы ауылдағы байланыс ісін ұйымдастыруға үлкен кедергі жасап отыр - қосушы желілер өте ұзын болып келеді. Соған орай олардың үнемі жұмыс жасап тұру жағдайын, жұмысқа қабілеттілігін қамтамасыз етіп отыру үшін көп мөлшерде пайдалану шығындары жұмсалады, ескірген элементтерді, мысалы байланыстың әуедегі желілерін қысқа мерзімде ауыстыру мүмкін болмайды. Қосушы желілердің 34 пайызынан астамының ұзындығы 15 километрге дейін, 58 пайызына жуығының ұзындығы 50 километрге дейін, абоненттік желілердің 60 пайызының километрге дейін, 10 пайызына жуығының ұзындығы 10-нан 15 километрге дейін болып келеді. Осының барлығы түсетін табыстардан пайдалануға кететін шығындардың асып түсуіне байланысты ауылдағы байланысты тиімсіз етіп отыр.
Телефон желілерін дамыту деңгейінің маңызды көрсеткіштерінің бірі телефонмен қамтылу тығыздығы (1-кесте), себебі ол негізгі экономикалық көрсеткіштермен түзетіліп, бағытталады, яғни оның өлшемі ауылдық желіні дамыту деңгейінің өте төмен екендігін көрсетеді, ал бұл деңгей тұтастай алғандағы ауылдың байланыстық жағдайын бейнелеп тұрады.
Бүгінгі күні Атырау дирекциясы телекоммуникацияның ауылдағы құрал-жабдықтарын күтімге алу, қалпына келтіру, жаңғырту және дамыту жөнінде бірқатар нақты шаралар алып отыр, оның ішінде ауылдық байланысты қалпына келтіру мен дамыту ісі басталып та кетті және алдағы уақытта барлық шаралар нақты жалғасын таба береді. Негізінде телефондық желілерді санды қозғалысқа көшірудегі жұмысымыз аудандық орталықтан ауылға қарай бағытталуда. Қазіргі кезде аудан орталықтарының Махамбет пен Миялыдан басқаларындағы аналогтық станциялар электронды станциялармен алмастырылды, ал Махамбет пен Миялыдағы станцияларды ауыстыру дамудың 2003-2004 жылдарға арналған бағдарламасында көзделіп отыр. Үш ауылдық елді мекендегі - Индер ауданының Көктоғай, Өрлік селоларындағы және Қызылқоға ауданының Сағыз селосындағы аналогтық станциялар электронды станциялармен алмастырылды.
"Қазақтелеком" қоғамының желілерді жаңғырту жөніндегі 2003 жылға арналған жоспарына біздің облыс бойынша 8 ауылдық елді мекендер:
Индер ауданының Елтай, Бөдене, Жарсуат селолары, Құрманғазы ауданының Балқұдық селосы, Жылыой ауданының Қосшағыл селосы, Исатай ауданының Чапаев және Новобогат селолары енгізіліп отыр.
Жұмыс жасап тұрған станциялардың (қосушы желілердің релесі, регистрлардың) аналогтық құрауыштарын (компоненттерін) санды құрауыштарға (компоненттерге) ауыстыру, станцияларды нөмірлерді Автоматты түрде Анықтағыштардың электронды құрылғыларымен жарақтандыру жүзеге асырылуда. Селолық телефон желілерінің бастапқы желілері қосушы желілеріндегі арналардың санын арттыру ісі мен бір мезгілде жүргізілген "аудандық орталық-ауыл" учаскесінде (телімінде) деректерді берудің Импульсті-кодалық модуляция-30 жүйесін қондыру жолымен санды жүйеге көшірілуде.
Индер-Кулагино телімінде (учаскесінде) үш елді мекендегі - Кулагино, Өрлік және Көктоғай мекендеріндегі арналардың өткізу қабілеттерін арттыратын радиорелелік санды желінің құрылысы салынбақшы.
Телекоммуникацияның ауылдық желісін дамытуға Атырау дирекциясы 45904,93 мың теңгені жұмсамақшы, сонымен бірге ауылдық телефон желілерін күрделі жөндеуден өткізіп, кеңейту ісіне 7198,4 мың теңге көлемінде қаржы бөлініп отыр.
Қазіргі күні инвесторлар ауылдық байланыс жүйесіне көңіл аударып отырған жоқ, себебі әрбір инвесторды бірінші кезекте жобаның өтімділігі қызықтырады, ал мұндай сатып алу жағдайы ауылда қалаға қарағанда бірнеше ондаған есе төмен екендігі белгілі. Ауылдық байланыс рыногы баламалы операторлар үшін де тартымды емес, бұл оларды тарифтердің төмендігі және рентабельділіктің төмендігі себепті қызықтырмайды.
Мемлекет тарапынан демеуқаржы (дотация) берілмеген және әлеуетті инвесторлар тарапынан көмек болмаған жағдайда "Қазақтелеком" қоғамы өзінің меншіктік құралдарыменен және өз күшімен соңғы жылдарда құлдырап кеткен ауылдық байланысты, оның дамуының әлеуметтік маңызы барлығын назарға ала отырып, қалпына келтіру және дамыту жұмыстарын жүргізуге мәжбүр болады.
Облыстағы ауылдық байланысты дамытудың бұл Бағдарламасына сәйкес оны 2005 жылға дейін жүзеге асыру үшін 536591,0 мың теңге көлемінде инвестиция қажет болады, оның ішінде:
2003 жылға 148803 мың теңге, оның ішінде "Қазақтелеком" қоғамы 52801 мың теңге инвестиция бөлмекші, әлі де 96002 мың теңге жетіспейді;
2004 жылға 190727,0 мың теңге;
2005 жылға 197061,0 мың теңге.
(Инвестициялардың есептеулері 1-7-ші жалғамаларда көрсетілген).
Облыстық бюджеттен бірлескен қарыз ақша бөлу, инвестиция беру мәселесі жағымды шешілген жағдайда Атырау дирекциясы оларды 2003 жылы телекоммуникацияның ауылдық желілерін жаңғырту мен дамыту саласы бойынша мынадай нысандарға бөлуді жоспарлап отыр:
"Исатай ауданының Жанбай селосындағы желілік-кабелдік шаруашылықты кеңейту арқылы автоматты телефон станциясын жаңғырту";
"Қызылқоға ауданының өарабау селосындағы желілік-кабелдік шаруашылықты кеңейту арқылы автоматты телефон станциясын жаңғырту";
"Қызылқоға ауданының Мұқыр селосындағы желілік-кабелдік шаруашылықты кеңейту арқылы автоматты телефон станциясын жаңғырту";
"Махамбет ауданындағы селолық телефон желісін жаңғырту";
"Құрманғазы ауданының Котяевка селосындағы желілік-кабелдік шаруашылықты кеңейту арқылы автоматты телефон станциясын жаңғырту";
"Құрманғазы ауданының Сүйіндік селосындағы желілік-кабелдік шаруашылықты кеңейту арқылы автоматты телефон станциясын жаңғырту";
Құрманғазы ауданының өтер селосындағы желілік-кабелдік шаруашылықты кеңейту арқылы автоматты телефон станциясын жаңғырту";
"Жылыой ауданындағы Тұрғызба селосындағы желілік-кабелдік шаруашылықты кеңейту арқылы автоматты телефон станциясын жаңғырту";
"Индер ауданындағы Бөдене селосындағы желілік-кабелдік шаруашылықты кеңейту арқылы автоматты телефон станциясын жаңғырту";
"Индер ауданындағы Елтай селосындағы желілік-кабелдік шаруашылықты кеңейту арқылы автоматты телефон станциясын жаңғырту" нысандарына берілетін болады.
Бұл аталған мекендерді телекоммуникация құралдарымен қамтамасыз ету және жұмыс жасап тұрған байланыс құралдарын жаңғырту мәселесі бойынша таңдап алған кезде мынадай принциптер ескерілді:
1. Жұмыс жасап тұрған станциялардың сыйымдылықтарын толығымен іске қосу мүмкіндігі бар.
2. Телекоммуникация қызметтеріне деген сұраныс болып отыр.
3. Тұрғындардың мекендеріне қайтып оралуы жүруде, яғни елді мекеннің болашағы бар.
4. Жүйелік бөлгіш желісі бар және желілік-кабелдік шаруашылық құрылысына жұмсалар қаражат бар.
Жаңа қуаттардың енгізілетіндігін есепке ала отырып, телекоммуникациядағы селолық телефон желілерін жаңғырту бағдарламасын жүзеге асырған жағдайда село халқының негізгі телефон аппараттарының саны 16 мың нөмірге дейін көбейетін болады, онда әрбір 100 тұрғынға шаққандағы телефонның қамтылу жиілігі (тығыздығы) 8,2 телефонға дейін жететін болады. Сандық нөмірлердің саны 12 мың нөмірге көбейеді, бұл ретте санды автоматты телефон станцияларының саны 46-ға дейін артатын болады.
"Аудандық орталық - ауыл" теліміндегі бастапқы ауылдық желілерді сандық жүйеге келтіру бүгінгі күні болып отырған 11 пайыздық деңгеймен салыстырғанда 100 пайыздық деңгейге көтерілетін болады.
(Дамыту бағдарламасы 3 кестеде көрсетілген)
Жыл өткен сайын ауылдық байланысты қалпына келтіру, жаңғырту және дамыту істері үлкен қарқын алып келеді. Бірақ сайын ауылдық байланысты қалпына жаңғырту және дамытуға бөлінетін қаражаттың жеткіліксіз болуы себепті барлық қажеттілікті қысқа мерзімде өтей алмай келеміз.
Ауылдық байланысқа инвестиция бөлу мәселесіндегі әліптің артын бағушылық орасан зор шығындарға соқтыруы мүмкін: инвестиция жеткіліксіз бөлінсе нәтижесінде аса көп экономикалық шығындарға душар боларымыз анық, оның орнына қысқа мерзімде байланыстың қазіргі заманғы желілерін тұрғызу өте тиімді болар еді, бұл жолда барлығын да біртін-біртін жоспарлы түрде жүзеге асыру қажет. Талшықты-оптикалық және жер серігі арқылы байланысудың, коммутациялық техниканың және ақпараттық технология саласындағы жаңа түрлерді жасақтау жаңа мүмкіндіктер мен нұсқалардың пайда болуына апарады. Мысалы, байланыстың өткізгіштігі аз санды радиожүйесі дәл қазіргі уақыттағы ауылдық байланыс үшін өте қолайлы болып табылады, ол сымды желімен салыстырғанда жұмсалатын шығындарды едәуір қысқартуға мүмкіндік береді. Мұның барлығы ауылдық байланысты дамыту үшін қажет болатын инвестициялық шығындарды төмендетуге тиімді ықпал етеді.