Об утверждении Регламента Павлодарского областного маслихата Қолданыста
Басқа 0
Павлодар облыстық мәслихатының Регламентін бекіту туралы
Қазақстан Республикасының "Қазақстан Республикасындағы жергiлiктi мемлекеттiк басқару туралы" Заңы 8 бабының 5 тармағына сәйкес, облыстық мәслихат ШЕШIМ ЕТЕДI:
Тармақ 1
1. Павлодар облыстық мәслихатының Регламентi бекiтiлсiн (қоса берiлiп отыр).
Тармақ 2
2. II сайланған облыстық мәслихаттың ХV сессиясындағы 2001 жылғы 31 қазандағы "Облыстық мәслихаттың Регламентi туралы" шешiмiнiң күшi жойылсын.
Басқа 3. БЕКIТIЛГЕН
ПАВЛОДАР ОБЛЫСТЫҚ МӘСЛИХАТЫНЫҢ
РЕГЛАМЕНТI
II сайланған
облыстық мәслихаттың
2002 жылғы 13 тамыздағы
ХХI сессиясынығ №64/21
шешiмiмен
БЕКIТIЛГЕН
ПАВЛОДАР ОБЛЫСТЫҚ МӘСЛИХАТЫНЫҢ
РЕГЛАМЕНТI
Тарау i
Тармақ i. 1. Жалпы ережелер
1. Жалпы ережелер
Тармақ 1
1. Қазақстан Республикасының Конституциясына сәйкес Павлодар облыстық мәслихаты облыс тұрғындарымен сайланатын, олардың ерiгiн бiлдiретiн және ортақ мемлекеттiк мүдделердi ескере отырып, оны жүзеге асыру iшiн қажеттi шараларды белгiлейтiн және іске асырылуын қадағалайтын сайланбалы орган болып табылады.
Облыстық мәслихат пен оның органдарының жұмыс тәртiбi Қазақстан Республикасының Конституциясымен , Қазақстан Республикасының "Қазақстан Республикасындағы жергiлiктi мемлекеттiк басқару туралы" Заңымен , облыстық мәслихаттың шешiмдерiмен белгiленедi.
Тармақ 2
2. Облыстық мәслихаттың қызметi мәселелердi ұжыммен еркiн талқылап шешу, жариялылық, жауапкершiлiк және облыстық мәслихат алдынан онымен құрылатын органдарымен, сайланатын және тағайындалған лауазымды адамдарымен есеп беру, азаматтарды мемлекеттiк iстердi басқаруға кеңiрек тарту, қоғамдық пiкiрлердi тұрақты есепке алу негiзiнде жүргiзiледi.
Тармақ 3
3. Осы Регламент мәслихаттың сессияларын, оның органдарының мәжiлiстерiн өткiзу, оларға мәселелердi шығарып қарау, мәслихаттың органдарын құру және сайлау, олардың жұмысы туралы есептерiн тыңдау, депутаттардың сауалдарын қарау, сондай-ақ дауыс берудiқ, аппараттың жұмысын ұйымдастыру тәртiбiн және басқа рәсiм және ұйымдастыру мәселелерiн белгiлейдi.
Тармақ 4
4. Облыстық мәслихат пен оның органдары қызметiнiң ұйымдастырушылық, материалдық-техникалық қамтамасыз етiлуiн, депутаттарға өкiлеттiлiгiн жүзеге асыруға көмек көрсетудi облыстық мәслихаттың аппараты iске асырады.
Тарау ii
Тармақ ii. 2. Облыстық мәслихат сессиясының
шақырылуы мен жұмыс тәртiбi
2. Облыстық мәслихат сессиясының
шақырылуы мен жұмыс тәртiбi
Тармақ 5
5. Облыстық мәслихаттың сессиясының шақыруы мен жұмыс тәртiбi Қазақстан Республикасының "Қазақстан Республикасындағы жергiлiктi мемлекеттiк басқару туралы" Заңының 10, 11 баптарына сәйкес iске асырылады.
Тармақ 6
6. Қазақстан Республикасының "Қазақстан Республикасындағы жергiлiктi мемлекеттiк басқару туралы" Заңының (бұдан әрi-Заң) 10 бабына сәйкес мәслихаттың кезектен тыс сессиясы бұл мәслихатқа сайланған үштен бiр санынан кем емес депутаттардың, сондай-ақ өкiмнiң ұсынысы бойынша шақырылады және оны мәслихат сессиясының төрағасы жүргiзедi.
Тармақ 7
7. Кезектен тыс сессияда оның шақырылуына себеп болған мәселелер қана қаралуға ықтимал.
Тармақ 8
8. Облыстық мәслихатпен қаралатын негiзгi мәселелер бойынша шешiмдердiң жобалары және сессияның басқа материалдары депутаттар мен облыс өкiмiне сессияға бес күннен кем емес қалғанға дейiн, ал кезектен тыс сессия шақырылатын жағдайда, үш күннен кем емес қалған мерзiмге дейiн жiберiледi.
Тармақ 9
9. Депутаттар сессияның жұмысында қатысуға мiндеттi. Егер депутат өз мiндеттемелерiн жүйелi ретте орындамаған, оның iшiнде мәслихат сессиясының пленарлық мәжiлiстерiне дәлелсiз себептермен үш сессияға қатарынан себепсiз қатыспаған болса, сессия депутаттың өкiлеттiгiн тоқтатуға құқылы.
Тармақ 10
10. Сессияның жұмысын ұйымдастыру жағынан төрағалық етушiге көмек көрсету үшiн депутаттардың арасынан секретариат сайланады. Секретариат сессияда депутаттардың өкiлеттiк мерзiмiне ашық дауыс беру жолымен сайланады. Оның дербес құрамы бойынша ұсыныстар төрағалық етушiмен немесе депутаттармен енгiзiледi.