Об объявлении чрезвычайной ситуации техногенного характера местного масштаба Күшін жойған

11.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 13.01.2022. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
Жергілікті ауқымдағы техногендік сипаттағы төтенше жағдайды жариялау туралы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылдың 23 қаңтардағы Заңының 33-бабының 1-тармағының 13) тармақшасына, «Азаматтық қорғау туралы» Қазақстан Республикасының 2014 жылғы 11 сәуірдегі Заңының 48 және 50-бабына, «Табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайлардың сыныптамасын белгілеу туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 2 шілдедегі № 756 қаулысына және газ жарлысына байланысты, Талдықорған қаласының әкімі ШЕШІМ ЕТТІ:
Тармақ 1
1. Талдықорған қаласы Жетісу ықшам ауданындағы № 27 көппәтерлі тұрғын үйде газ жарылуына байланысты жергілікті ауқымдағы техногендік сипаттағы төтенше жағдай жариялансын.
Тармақ 2
2. Техногендік сипаттағы төтенше жағдайды жою басшысы болып Талдықорған қаласы әкімінің орынбасары А. А.Бегманов тағайындалсын және осы шешімнен туындайтын тиісті іс-шараларды жүргізу тапсырылсын.
Тармақ 3
3. Осы шешімнің орындалуын бақылауды жасауды өзіме қалдырамын.
Тармақ 4
4. Осы шешім алғаш ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.