Об изменениях в административно-территориальном устройстве некоторых городов и районов области Қолданыста
Басқа 0
Облыстың кейбiр қалалары мен аудандарының әкiмшiлiк-аумақты құрылысындағы өзгертулер туралы
Қазақстан Республикасының "Қазақстан Республикасының әкiмшiлiк-аумақтық құрылысы туралы"
Заңының
11 бабына сәйкес, Павлодар облысы әкiмдiгiнiң 2002 жылғы 10 желтоқсандағы "Екiбастұз қаласының әкiмшiлiк-аумақтық құрылысындағы өзгертулер туралы" № 252/10 қаулысы, Екiбастұз қалалық мәслихатының 2002 жылғы 12 қарашадағы "Екiбастұз қаласының әкiмшiлiк-аумақтық құрылысындағы өзгертулер туралы" № 293 шешiмi, Екiбастұз қаласы әкiмдiгiнiң 2002 жылғы 9 қарашадағы "Екiбастұз қаласының әкiмшiлiк-аумақтық құрылысындағы өзгертулер туралы" № 643/16 қаулысы, Қашыр аудандық мәслихатының 2002 жылғы 15 сәуiрдегi "Қашыр ауданының Октябрь және Федоровка селолық окруктерiнiң әкiмшiлiк-аумақтық құрылысындағы өзгертулер туралы" № 5/17 шешiмi, Қашыр ауданы әкiмдiгiнiң 2002 жылғы 21 наурыздағы "Қашыр ауданының Октябрь және Федоровка селолық окруктерiнiң әкiмшiлiк-аумақтық құрылысындағы өзгертулер туралы" № 88/3 қаулысы негiзiнде облыстық мәслихат пен облыс әкiмдiгi ШЕШIМ ЕТЕДI:
Тармақ 1
1. Екiбастұз қаласының Ақкөл селолық округiндегi Миялы селосы Екiбастұз қаласының Ақкөл селолық округiндегi Ақкөл селосы әкiмшiлiк-аумақтық бiрлiгiнiң құрамына енгiзiлсiн.
Тармақ 2
2. Қашыр аудандағы Шаровка селосы Октябрь селолық округiнiң Октябрь селосының құрамына және Қызыл-Ту селосы Федоровка селолық округiндегi Федоровка селосының құрамына қосылсын.