Об объявлении моратория на проверки субъектов малого предпринимательства Қолданыста
Басқа 0
Шағын кәсіпкерлік субъектілерін тексеруге мораторий жариялау туралы
«Қазақстан Республикасындағы Жергілікті мемлекеттік басқару туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 27 бабына сәйкес «Шағын кәсіпкерлік субъектілерін тексеруге мораторий жариялау туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2002 жылғы 27 желтоксандағы № 1390 қаулысын орындау мақсатында облыс әкімияты ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
Тармақ 1
1. Жергілікті бюджеттің есебінен қаржыландыратын облыстык мемлекеттік органдары 2003 жылғы 1 қаңтардан 1 қазан аралығында салық төлеушінің өтініші оларды жүгізу үшін негіз болатын салық тексерістерін, ынғайласпа салық тексерістері мен хронометраждық зерттеулерді, қылмыстық әрекеттер мен әкімшілік құқық бұзушылықтардың жолын кесу мақсатында заңнамаға сәйкес жүргізілетін тексерістерді, сондай-ақ конституциялық құрылысты, қоғамдық тәртіпті, адамның құқықтар мен бостандықтарын, Қазақстан Республикасының халықтың санитарлык-эпидемиологиялық әл-ауқаты туралы заңнамасы нормаларын бұзуға бағытталған іс-әрекеттерді болдырмау үшін жүргізілетін тексерістерді қоспағанда, шағын кәсіпкерлік субъектілерін тексерулерді тоқтатсын.
Тармақ 2
2. Осы қаулының орындалуын бақылау облыс Әкімінін бірінші орынбасары О. Химчукке жүктелсін.