О мерах по борьбе с волками и шакалами Күшін жойған
Басқа 0
Қасқырлармен және бөрілермен күрес жөніндегі шаралар туралы
📌 Ескерту. Күші жойылды - Батыс Қазақстан облысы әкімінің 03.02.2000 № 13 шешімімен.
Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетінің «Республикада кейбір жыртқыш түрлерінің санын реттеу жөніндегі шаралар туралы» 1995 жылғы 5 қыркүйектегі №1230 қаулысына сәйкес, облыстың ауыл шаруашылығына қасқырлар мен бөрілер тигізіп отырған экономикалық зиянның мөлшерін ескере отырып ШЕШІМ ЕТЕМІН:
Тармақ 1
1. Аудандар әкімдері,облыстық қаржы басқармасы табиғат қорғау қорының шығындар сметасында қасқырлармен және бөрілермен күресті ұйымдастыруға қаржы қарастырсын. Аңшылықты пайдаланушылар мен аңшыларды материалдық ынталандыру мақсатында ұсталған әрбір жыртқыш үшін /терісінің құнысыз/, атап айтқанда ересек қасқыр үшін жеті ең аз жалақы, бөлтірік үшін үш ең аз жалақы, бөрі үшін екі ең аз жалақы мөлшерінде сыйақы төлеуді жүзеге асырсын.
Тармақ 2
2. Аудандар әкімдері, .облыстық экология және биоресурстар басқармасы әрбір ауданда қасқырлар мен бөрілерді ату жөніндегі жұмысты ұйымдастырсын. Аудандық қаржы бөлімдерімен бірлесіп атылған жыртқыштарды қатаң есепке алу, жергілікті дайындау органдарының аңдар терісін жинауы және сыйақы төлеу тәртібін әзірлесін.
Тармақ 3
3. Аудандар әкімдері, облыстық экология және биоресурстар басқармасы, облыстық жануарлар дүниесін қорғау жөніндегі инспекция, облыстық аңшылар мен балықшылар қоғамы қасқырлар мен бөрілерді шетелдік аулауды ұйымдастырсын.
Тармақ 4
4. Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетінің Өнеркәсіп және сауда министрілігіне аңшыларға қасқыр мен бөрі аулау кәсібінің шикізаты мен халық тұтыну тауарларын және басқа да аңшылық өнімдерін экспортқа шығаруға лицензия беруді қамтамасыз етуді тапсырғаны ескерілсін.