Об охране нерестующих промысловых рыб Қолданыста

07.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 16.04.2003. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
Уылдырық шашатын балықтардың өндірістік түрлерін қорғау туралы «Қазақстан Республиқасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы» Қазақстан Республиқасының 2001 жылғы 23 қантардағы Заңның корларын қорғау мен балық аулауды реттеу туралы ережені бекіту туралы» Қазақстан Республиқасы Министрлер Қабинетінің 1995 жылғы 5 сәуірдегі № 414, «Қазақстан Республиқасында балық аулау және басқа су жануарларын өндірудің ережелерін бекіту туралы» Қазақстан Республиқасы Үкіметінің 1996 жылғы 4 желтоқсандағы № 1480 қаулыларына сәйкес уылдырық шашатын мезгілде балықтардың өндірістік түрлерін ұдайы өндіруді, қорғауды және тиімді пайдалануды қамтамасыз ету мақсатында облыс әкімияты ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
Тармақ 1
1. 2003 жылдың 20 сәуірінен 1 қыркүйекке дейін Торғай мемлекеттік қорығы су қоймаларынан балықтың барлық түрлерін кәсіпшілік және спорттык аулауға тыйым салынсын.
Тармақ 2
2. Облыстың басқа балық шаруашылығы су қоймаларында балықты өндірістік және спорттық-әуескойлық әдіспен: аққайранды, көксеркені, ақмарқаны, шортанды, жебе мұртты тортаны 2003 жылдың 20 сәуірінен 20 мамырына дейін; мөңкені, оңғақты, жайынды, қызыл қанатты, сазанды, табан балықты, тұқыларды 2003 жылдың 20 мамырынан 30 маусымына дейін; шаяндарды барлық жерде 2003 жылдың 15 қазанынан 2004 жылдың 30 маусымына дейін аулауға тыйым салынсын.
Тармақ 3
3. Уылдырық шашатын балыктарды қорғау жөнінде қоса беріліп отырған іс-шаралар бекітілсін.
Тармақ 4
4. «Ақтөбе облысы бойынша ішкі істер басқармасы» мемлекеттік мекемесі (Қ. Б. Өскімбаев) уылдырык шашу кезінде балық қорын қорғауға тиісті көмек берсін.
Тармақ 5
5. Осы қаулының орындалуын бақылау облыс Әкімінің орынбасары А. Қартовқа жүктелсін.
Басқа 6
Облыс әкімиятының 2003 жылғы 17 сәуірдегі № 92 қаулысымен БЕКІТІЛГЕН Уылдырық шашатын балыктарды қорғау жөніндегі ІС-ШАРАЛАР № Іс-шаралардың атаулары Орындау мерзімі Орындауға жауаптылар 1 2 3 4 1 Су ұстағыш ғимараттарды табиғат пайдаланушылардың су қоймаларын шаруашылық- тұрмыстық қалдықтармен ластануына жол бермеуге бақылау орнатуды жүзеге асыру Үнемі Мемлекеттік мекемелер: «Қазақстан Республиқасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің Ақтөбе облыстық аумақтық басқармасы»; «Ақтөбе облыстық аумақтық қоршаған ортаны қорғау басқармасы» (келісім бойынша); «Ақтөбе облыстық ауыл шаруашылығы департаменті». РМК «Ақтөбесушар» (келісім бойынша) 2. Облыстың балық шаруашылығы су қоймаларында уылдырық шашатын кезеңде балық күзеті бекетін қою 2003 жылдың 20.04-нен 1.07-не дейін «Қазақстан Республиқасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің Ақтөбе облыстык аумақтық басқармасы»; «Ақтөбе облысы бойынша ішкі істер басқармасы» (келісім бойынша); «Ақтөбе облыстық аумақтық қоршаған ортаны қорғау басқармасы» (келісім бойынша); Ақтөбе облыстық орман және аңшылық шаруашылығы аумақтық басқармасы» (келісім бойынша); «Актөбе облыстық ауыл шаруашылығы департаменті». РМК «Ақтөбесушар» (келісім бойынша) 3. Балық қорғау заңдарын бұзғандарды анықтау үшін облыстың су қоймаларында бірлескен рейдтер өткізу Үнемі «Қазақстан Республиқасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің Ақтөбе облыстық аумақтық басқармасы»; «Ақтөбе облысы бойынша ішкі істер басқармасы» (келісім бойынша); «Ақтөбе облыстық аумақтық қоршаған ортаны қорғау басқармасы» (келісім бойынша); «Ақтөбе облыстық орман және аңшылық шаруашылығы аумақтық басқармасы (келісім бойынша). «Ақтөбе облыстық ауыл шаруашылығдепартаменті». РМК "Ақтөбесушар" (келісім бойынша) 4. Тұрғындар арасында уылдырық шашатын балықтарды қорғау жөнінде түсінік жүмыстарын ұйымдастыру 2003 жылдың 20.04-нен 1.07-не дейін «Қазақстан Республиқасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің Ақтөбе облыстық аумақтык басқармасы»; «Ақтөбе облысы бойынша ішкі істер басқармасы» (келісім бойынша); Ақтөбе облыстык аумақтық коршаған ортаны корғау басқармасы» (келісім бойынша); «Ақтөбе облыстық орман және аңшылық шаруашылығы аумақтық басқармасы» (келісім бойынша); «Ақтөбе облыстық ауыл шаруашылығы департаменті»