Об установлении единого тарифа на регулярные автомобильные перевозки пассажиров и багажа в Келесском районе Күшін жойған

10.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 04.10.2024. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
Келес ауданында жолаушылар мен багажды автомобильмен тұрақты тасымалдаудың бірыңғай тарифін белгілеу туралы Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 31 бабының 2 тармағына, Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 4 шілдедегі «Автомобиль көлігі туралы» Заңының 19 бабына және Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрінің 2011 жылғы 13 қазандағы № 614 «Тұрақты маршруттар бойынша жолаушылар мен багажды тасымалдау жөнінде қызмет көрсетуге тарифтер есептеу әдістемесін бекіту туралы» бұйрығына сәйкес, Келес ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
Тармақ 1
1. Келес ауданының Абай ауылы аумағында жолаушылар мен багажды автомобильмен тұрақты тасымалдаудың бірыңғай тарифі 50 (елу) теңге көлемінде белгіленсін.
Тармақ 2
2. Келес ауданы бойынша жолаушылар мен багажды автомобильмен тұрақты тасымалдау маршрутының бірыңғай тарифі бір шақырымға 5 (бес) теңге көлемінде белгіленсін.
Тармақ 3
3. «Келес ауданы әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіпте:
Тармақша 1
1) осы қаулының «Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің Түркістан облысының Әділет департаменті» Республикалық мемлекеттік мекемесінде мемлекеттік тіркелуін;
Тармақша 2
2) ресми жарияланғаннан кейін осы қаулыны Келес ауданы әкімдігінің интернет-ресурсына орналастыруын қамтамасыз етсін.
Тармақ 4
4. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімінің орынбасары С.Каракуловқа жүктелсін.
Тармақ 5
5. Осы қаулы оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі. «КЕЛІСІЛДІ» Келес аудандық мәслихатының 2020 жылғы 28 қазандағы №32-236-VI сессиясының шешімімен