О проведении переписи скота и закладки похозяйственных книг Күшін жойған
Басқа 0
Мал санағын жүргізу және шаруашылық жүргізу кітаптарын ашу
📌 Ескерту. Күші жойылды - Батыс Қазақстан облысы әкімінің 09.03.2004 № 11 шешімімен.
Қазақстан Республикасы Президенті мен Министрлер Кабинетінің тапсырмаларын орындау және мал басының санын анықтау мақсатында ШЕШІМ ЕТЕМІН:
Тармақ 1
1. Қала, аудандар, ауылдық елді мекендер әкімдері, облыстық ауыл шаруашылық /Шалабаев ж./,статистика және талдау /Хамзин ж./ басқармалары, облыстық балық инспекциясы /Жұмағалиев ж./ 1995 жылғы 1-16 желтоқсан аралығында түрлі меншік нысандарындағы барлық ауыл шаруашылығы кәсіпорындарында және шаруа қожалықтарымен қоса жеке адамдар шаруашылықтарында мал санағын жүргізсін.
Тармақ 2
2. Үстіміздегі жылдың 1 желтоқсанындағы жағдай бойынша мал санағын жүргізуді ұйымдастыру жөніндегі әзірлік жұмыстарын жүргізу үшін мына құрамда арнаулы комиссия құрылсын:
Қ.Ғ.Шалабаев - облыстық ауыл шаруашылығы басқармасының бастығы, комиссия төрағасы
Комиссия мүшелері:
А.Д.Хамзин - облыстық статистика және талдау жөніндегі басқармасының бастығы
Е.М.Жұмағалиев - облыстық салық инспекциясының бастығы
Н.Д.Ізтелеуов - облыстық шаруа қожалықтары ассоциациясының төрағасы /келісім бойынша/
Т.Ш.Ниязов - экономикалық қылмыспен күрес жөніндегі басқарма бастығының орынбасары
Ғ.У.Хаймулдин - облыс әкімі аппаратының аға референті
Тармақ 3
3. Әкімдер, басқармалар мен кәсіпорындар басшылары жоғарыда аталған ұйымдар өкілдерін енгізе отырып мал санағын жүргізетін бригадалар құрсын және оларды мал санағы кезеңіне негізгі жұмыс орындарындағы жалақыларын сақтай отырып, қызметтік міндеттерін орындаудан босатсын.
Тармақ 4
4. Облыстық статистика және талдау басқармасы тексеру мақсатында қарап шығуды ұйымдастырсын және ауылдық елді мекендер әкімдеріне, ауыл шаруашылық кәсіпорындары басшыларына және санақ қызметкерлеріне жөн-жоба, нұсқамалар берсін.
Тармақ 5
5. Қала және аудандар әкімдері қолданылып келген шаруашылық есептердің мерзімі өтуіне байланысты 1996 жылдың 1—15 қаңтары аралығында /1996 жылғы 1 қаңтардағы жағдай бойынша/ елді мекендер аумағында уақытша тұратын адамдардың тізімдерін және нұсқауға сәйкес шаруашылық есеп жүргізу жөнінде жаңа шаруашылық және алфавит кітаптарын ашуды жүзеге асырсын, жыл сайын 1 қаңтардағы жағдай бойынша таяудағы төрт жылдың /1997-2000/ шаруашылық кітаптарының мәліметтерін нақтылауды қамтамасыз етсін.
Тармақ 6
6. Облыстық қаржы басқармасы статистика және талдау жөніндегі басқармаға шаруашылық кітаптар шығару үшін жергілікті бюджеттен 600 мың теңге бөлсін.
Тармақ 7
7. Облыстық ауыл шаруашылығы басқармасы жыл сайын ауыл шаруашылығы кәсіпорындары мен басқа да жер пайдаланушылардың жер-кадастрлы кітаптардағы және басқа да есеп құжаттарындағы азаматтардың қосалқы учаскелерінің іс жүзіндегі көлемі мен қызметтік шаруашылықтар туралы жазылған мәліметтерді уақытында дұрыстау жөнінде жұмыстар жүргізсін және бұл мәліметтерді шаруашылық кітаптарына енгізу үшін 1 шілдеге дейін ауылдар әкімдеріне жіберсін.
Тармақ 8
8. Мал санағын жүргізудің қорытынды материалдары мен шаруашылық кітаптардағы жазбаларды нақтылау мәліметтері облыс әкіміне жыл сайын 1 ақпанда ұсынылып тұрсын.
Тармақ 9
9. Осы шешімнің орындалуын бақылау облыс әкімінің орынбасары Р.Х.Сүйербаевқа жүктелсін.