О плане мероприятий по обеспечению пожарной безопасности и организации тушения природных пожаров на территории Карагандинской области Күшін жойған

08.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 09.04.2003. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
«Қарағанды облысы аймағындағы табиғи өрттерді сөндіруді ұйымдастыру және өрт қауіпсіздігін қамтамасыз ету жөніндегі шаралар жоспары туралы» 📌 Ескерту. Күші жойылды - Қарағанды облысы әкімінің 2005.05.23 N 03 шешімімен. ҚР 1996 жылғы 22 қарашадағы “Өрт қауіпсіздігі туралы” Заңын, ҚР Үкіметінің Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2001 жылғы 23 мамырдағы № 699 “Қазақстан Республикасындағы ормандарды сақтауды қамтамасыз ету жөнінде шұғыл шаралар туралы” Қаулысын, 2003 жылғы 6 ақпандағы №3 “Қазақстан Республикасы төтенше жағдайлар жөніндегі Агенттігінің Төрағасының қатысуымен төтенше жағдайлардан сақтандыру мен жою жөніндегі ведомство аралық мемлекеттік комиссиясының Біріккен мәжілісінің Хаттамасын” орындау барысында және Қарағанды облысы аймағандағы табиғи өрттердің алдын алу және сөндіруді ұйымдастыру мақсатында,-
Тармақ 1
1. “Қарағанды облысы аймағандағы табиғи өрттерді сөндіруді ұйымдастыру және өрт қауіпсіздігін қамтамасыз ету жөніндегі шаралар жоспары” бекітілсін (қосымша)
Тармақ 2
2. Қала және аудан әкімдеріне осы шаралардың орындалуы жеке бақылауға алынсын.
Тармақ 3
3. Осы Шешімді орындауды бақылау облыс Әкімінің бірінші орынбасары – ТЖ жөніндегі облыстық комиссиясының төрағасы И.У.Тоғайбаевқа жүктелсін.
Басқа 4. Қарағанды облысы аймағындағы табиғи өрттерді сөндіруді ұйымдастыру және өрт қауіпсіздігін қамтамасыз ету жөніндегі шаралар жоспары
Қосымша Қарағанды облысы әкімінің шешімімен 2003 ж. 10.04 бекітілді №20 Қарағанды облысы аймағындағы табиғи өрттерді сөндіруді ұйымдастыру және өрт қауіпсіздігін қамтамасыз ету жөніндегі шаралар жоспары № Шаралар Мерзімі Орындаушылар 1 2 3 4 1. Табиғи өрттерді сөндіру үшін қолдағы бар өрт сөндіру және өрт сөндіруге бейімделген техника, әр түрлі жекеменшік формадағы объектілердің құрал-саймандары санымен аудан жоспарына түзету енгізу, өрт сөндіру үшін қатыстырылған адамдарды қозғалыс құралдарымен, азық-түлікпен және дәрігерлік жәрдеммен қамтамасыз ету, сонымен қатар басқа шұғыл-апат қызметтерімен өзара бірігіп жұмыс жасау (полиция, энергетика, газ, су жүргізетін мекемелер және басқалары) 30.04 Қала және аудан әкімдері 2. Ықтимал табиғи өртті сөндіру үшін күш пен құралдарды жұмылдыру жоспарын тәжірибелі түрде өткізу 01.05 Қала және аудан әкімдері 3. “ТЖ” жағына шұғыл жөнелту үшін инженерлік техника, жанар-жағармай қорын жасау (мерзімі: 01.05.03) 01.05 Қала және аудан әкімдері 4. Шаруашылық объектілерінің және селолық елді жерді тұрғындарының санынан өртке қарсы ерікті жарамды жауынгерлер құру, дала және орман өрттерін жоюда жарамдылардың қатысуын, орман және дала ірі өрттерінің шығуы туралы халыққа уақытында хабарлауды ұйымдастыру, өрт болған жерге құраманы жинау және жеткізу, өртке қарсы міндетті өрт сөндіру құралдарының (сыпыртқы, шелек, ырғақ, от үркіткіш және т.б) үй басы тізімін анықтауды қамтамасыз ету 01.05 Қала және аудан әкімдері 5. Әрбір жекеменшік иесінің мүліктерін дұрыс ұстаудағы үлес қатысуын, қолдағы бар өрт және оған бейімделген техниканы күтіп ұстау, жанар-жағар май материалдарын сатып алу және сақтауды белгілеу 01.05 Қала және аудан әкімдері 6. Фермерлік және диқаншылық шаруашылықтарының орман алаңдарында, шабындықта, көк жердің қалдығын, орылған егістің орнындағы (оның ішінде ауылшаруашылық жандыруын өткізу) шөптерді күйдіруге және егіс даласында от жағуға тиым салу әрдайым Қала және аудан әкімдері 7. Фермерлік және диқаншылық шаруашылықтарына ауылшаруашылық пайдалануындағы жердің арасында орналасқан орман алқаптарына өртке қарсы арналған 3 метрлік минералдандырылған жол өткізу жолымен шек қоюды және өрт қауіпті кезеңдерде оларды басталған дала өрттерінің орман алқаптарына енгізбеуіне кедергі болуы мақсатымен 2-3 есе күтіп ұстауды белгілеу әрдайым Қала және аудан әкімдері 8. Облыстық орман шаруашылығы аймақты басқармасымен, Қарқаралы мемлекеттік ұлттық бағымен бірге халықтың демалыс орнын анықтау, осы шептерді өрт қауіпті кезеңдерде қорғауын күшейтуді ұйымдастыру 01.05 ке дейін және әрдайым Қала және аудан әкімдері 9. Авиация және жер үстіндегі тәртіпті күзету үшін жүретін әскерлердің аса қауіпті алаптығы жол бағыты мен тәртібін, оларды көлікпен, өрт сөндіру құралдары мен байланыспен қамтамасыз етіп меңгеру 01.05 ке дейін және әрдайым Қала және аудан әкімдері 10. Өрт қауіптілігі жоғары кезеңде автокөлік құралдарының, халықтың орманға кіру мүмкіндігін шектеу туралы және оның орындалуын қамтамасыз ету туралы уақытында шешім қабылдау, міндетті тәртіпте орман алқаптарына кіруде МӨҚҚ және АІІБ-мен бірге орманшылық бекетін қоюды қамтамасыз ету Мамыр-қыркүйек Қала және аудан әкімдері 11. Бұқаралық ақпарат құралдары арқылы ормандағы өрттен сақтандыру, оның қауіптілігі мен өрт қауіпсіздігі ережелерінің талаптарын бұзғаны үшін жауапкершілік шаралары жөнінде түсіндіру жұмысын ұйымдастыру Мамыр-қыркүйек Қала және аудан әкімдері 12. Табиғи өрттерді жоюға байланысты шараларды қаржыландыру үшін қаражат резервін қарау әрдайым Қала және аудан әкімдері 13. Саяжай қоғамдарының төрағаларына далада от жағуды, орман алабына тікелей жақын орналасқан саяжай учаскесінде сыпырындыны өртеуге тиым салу. Мамыр-қыркүйек Қала және аудан әкімдері 14. Шаруашылық объектілерін нормаға сәйкес бастапқы өрт сөндіру құралдарымен, техника, саймандармен және заттармен, өрт сөндіру мақсаты үшін қажетті су қорымен, бар су көздерін дайын ұстауды қамтамасыз ету (суат пен өртке су себу үшін қолданылатын су краны) 25.05 ке дейін Денсаулықты жақ сартатын мекемелердің, туристік базалардың, демалыс үйлерінің, санаторилардың басшыларына 15. Орман алқаптарын әрдайым демалу орны және көпшілік шаралар өткізу ретінде тек орман шаруашылықтарының келісімімен өрт қауіпсіздігі шараларын бұзбаған жағдайда ғана пайдалану әрдайым Денсаулықты жақ сартатын мекемелердің, туристік базалардың, демалыс үйлерінің, санаторилардың басшыларына 16. Ұсынылсын: Шөпшектен, тез жанатын заттардан тазаланған автомобиль жолдары бойындағы ережеге сәйкес орнатылған шекарасын күтіп ұстау, әрдайым жолдар бойындағы шөпті шабу. әрдайым Қарағанды облыстық автомобиль жолдары және инфрақұрылымдық кешен құрылысы басқармасы” ММ 17. Ұсынылсын: Шөпшектен, тез жанатын заттардан тазаланған темір жолдары бойындағы ережеге сәйкес орнатылған шекарасын күтіп ұстау, әрдайым темір жолдары бойындағы егіс орнын жыртып отыру және шөбін шабу әрдайым “Ұлттық Кампания Қазақстан Темір жолы” ЖАҚ филиалының тасымалдау бөлімшесі 18. Өрт сөндіру поездарын толық әскери дайындыққа кедтіру, оларды толық су қорымен, өрт-техникалық құралдарымен және ең керекті өрт сөндіру құралдарымен қамтамасыз ету, барлық локомотивтерді ұшқын бас-қыш тормен жабдықтау, өртке қарсы қорғаудың толық топтамасы жоқ локомативтерді пайдалануға жібермеу 01.05 ке дейн және әрдайым “Ұлттық Кампания Қазақстан Темір жолы” ЖАҚ филиалының тасымалдау бөлімшесі 19. Су қайнары, жол және өрт-химиялық станцияларын көрсетіп орман қартасын жасау 01.05 ке дейін Орман шаруашылығы мекемелері, Қарқаралы мемлекеттік ұлттық табиғат бағы 20. Ормандағы өрттің алдын алуда шараларды, өрт сөндіру суаттарының құрылғысына ерекше көңіл аударып жүзеге асыру, минералдандырылған алаңдар жасау және күтіп ұстау 10.05 ке дейін және әрдайым Орман шаруашылығы мекемелері, Қарқаралы мемлекеттік ұлттық табиғат бағы 21. Өрт қауіпті кезеңдерде тәртіп пен авиация және жер үстіндегі күзет үшін жүретін әскерлердің аса қауіпті алқаптарда қою, бұл топты көлікпен, өрт сөндіру құралдарымен және байланыспен қамтамасыз етіп жол бағытын белгілеу 10.05 ке дейін және әрдайым Орман шаруашылығы мекемелері, Қарқаралы мемлекеттік ұлттық табиғат бағы 22. Тұрғын халық және орманда жұмыс істейтін ұжымдар арасында халықтық демалыс орындарында орман отын сөндіру мен алдын алу жөнінде барлық мүмкіншілікті үгіт және насихат құралдарын қолданумен түсіндірме жұмысын жүргізу Мамыр-қыркүйек Орман шаруашылығы мекемелері, Қарқаралы мемлекеттік ұлттық табиғат бағы 23. Халық жиі болатын орман алқаптарында, сонымен қатар орман жолдарында орманда отпен абай болу керектігін ескертетін және өрт қауіпсіздігін бұзғаны үшін жауапкершілігі туралы кең қолданылатын құлақтандыру мен үгіт-насихат мақсатымен салынған суреттерді орнату әрдайым Орман шаруашылығы мекемелері, Қарқаралы мемлекеттік ұлттық табиғат бағы 24. Өрт қауіпсіздігі жоғары және төтенше жоғары кезеңдерде, орман алқаптарына автомобильдердің кіруіне, халықтың болуына тиым салу, міндетті түрде кіре берісте орманшылық бекетін қою, өрт-химикалық станцияларында тәуліктік күзет ұйымдастыру Маусым-қыркүйек Орман шаруашылығы мекемелері, Қарқаралы мемлекеттік ұлттық табиғат бағы 25. Өрт-химикалық станция командасының жеке құрамымен дайындық және жаттығу өткізу, орман өртін сөндіру тәсілі мен әдісіне үйрету әрдайым Орман шаруашылығы мекемелері, Қарқаралы мемлекеттік ұлттық табиғат бағы 26. Табиғи өрттерден сақтандыру жөнінде орман алаптарына тікелей жақын орман шаруашылығы мекемелерінің, ҚМТБ, денсаулықты жақсартатын мекемелердің, ауылшаруашылық кәсіпорындарының өткізген барлық шаралар мен жұмыстарды тексеруді жүзеге асыру әрдайым “Қарағанды облыстық орман және аңшылық шаруашылығы аймақтық басқармасы” ММ 27. Қазақстан Республикасының әкімшілік құқық бұзышылық туралы Кодексіне сәйкес тексеріс нәтижесінде әкімшілік ықпал ету шараларын қабылдау; тағайындалған тәртіпте заңды және жеке тұлғалар өрт қауіпсіздігі ережесін бұзуда, оның ішінде өртпен келтірілген зиян қаражатын төлету туралы қуыным талап ету. әрдайым “Қарағанды облыстық орман және аңшылық шаруашылығы аймақтық басқармасы” ММ 28. Орман қоры және орман мен аң шаруашылығы Комитетіне қарасты ерекше күзетілетін табиғи аймақтарды өртке қарсы қорғау мәселелерін шешуде көмек көрсету, заңмен қаралған міндетті шараларды өткізуді қамтамасыз ету әрдайым “Қарағанды облыстық орман және аңшылық шаруашылығы аймақтық басқармасы” ММ 29. Ормандағы өрттен сақтандыру, оның қауіптілігі және Қазақстан Республикасындағы ормандағы өрт қауіпсіздігі Ережелері” талаптарын бұзғаны үшін жауапкершілік шаралары жөнінде бұқаралық ақпарат құралдары арқылы түсіндірме жұмыстарын ұйымдастыру. Мамыр-қыркүйек “Қарағанды облыстық орман және аңшылық шаруашылығы аймақтық басқармасы” ММ 30. Орман шаруашылығы мекемелерінің, ҚМҰТБ, денсаулықты жақсартатын мекемелердің, демалыс үйлерінің, санаторийлар, селолық округтар объектілерінде олардың өрт қауіпті кезеңде дайындығына (өртке қарсы жағдайы) рейдтік тексеріс жүргізу, тексеріс нәтижесі бойынша ҚР Заңдарына сәйкес шаралар қабылдау Мамыр-қыркүйек Мемлекеттік өртке қарсы қызмет Бас басқармасы 31. Өткізілген тексерулердің нәтижелерін бұқаралық ақпарат құралдарында (баспа, радио, телевидение) жарыққа шығару әрдайым Мемлекеттік өртке қарсы қызмет Бас басқармасы 32. Шаруашылық объектілері жетекшілеріне ерікті өртке қарсы құраманың жеке құрамына оқып үйренуде қажетті практикалық көмек көрсету. әрдайым Облыстық ішкі істер Бас басқармасы 33. Орман қоры аймағандағы жөнделген ұшқын сөндіргіштермен жабдықталмаған және өрт сөндіру құралдарынсыз транспорттық құралдар, ауыл шаруашылық және басқа өздігімен жүретін техниканы пайдалануға тиым салу шараларын қабылдау. әрдайым Облыстық ішкі істер Бас басқармасы