Об утверждении нормативного расхода теплоэнергии для подогрева холодной воды населению г.Уральска Күшін жойған
Басқа 0
Орал қаласының тұрғындарына салқын суды ысытып беруге жұмсалатын жылу қуатының нормативтік шығынын бекіту туралы
📌 Ескерту. Күші жойылды - Батыс Қазақстан облысы әкімінің 09.03.2004 № 11 шешімімен.
«Жылудың, ыстық және салқын судың тұтыну нормаларын ретке келтіру туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1997 жылғы 29 мамырдағы № 889 қаулысына сәйкес ШЕШІМ ЕТЕМІН:
Тармақ 1
1. Орал қаласы әкімінің баға және монополияға қарсы саясат жөніндегі аумақтық комитетпен /Кондратенко/, «Жайықжылуқуаты» ашық акционерлік қоғамымен /ААҚ/ Мұқамбетқалиев/ және «Суарнасы» басқармасымен /Мұқатаев/ келісе отырып, бір литр салқын суды ысытуға жұмсалатын 53 килокаллорияға тең жылу қуатының нормативтік шығынын бекіту туралы ұсынысы қабылдансын.
Тармақ 2
2. «Жайықжылуқуаты» ААҚ /Мұқамбетқалиев/ ыстық сумен жабдықтау қызметі үшін төлемді есептегіштің нақты көрсеткішіне және судың бірлік өлшемі көлемін ысытуға жұмсалатын жылу қуатының нормативтік шығынына орай қабылдайтын болсын.
Тармақ 3
3. Осы шешімнің жүзеге асырылуына бақылау жасап отыру баға және монополияға қарсы саясат жөніндегі аумақтық комитетке /Кондратенко/ жүктелсін.