Об утверждении Правил определения приоритетности рассмотрения проектов законов Қолданыста

06.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 01.07.2026. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
Заңдар жобаларын қараудың басымдығын белгiлеу ережесiн бекiту туралы Қазақстан Республикасының Конституциясы 47-бабының 1-тармағына және 60-бабының 2-тармағына, «Қазақстан Республикасының Президентi туралы» Қазақстан Республикасы Конституциялық заңының 26-бабы 2-тармағының 3) тармақшасына сәйкес ҚАУЛЫ ЕТЕМІН:
Тармақ 1
1. Қоса берiлiп отырған Заңдар жобаларын қараудың басымдығын белгiлеу ережесi бекiтiлсiн.
Тармақ 2
2. Қазақстан Республикасының Yкiметi бiр ай мерзiмде өз шешiмдерiн осы Жарлыққа сәйкес келтiрсiн.
Тармақ 3
3. Осы Жарлық қол қойылған күнiнен бастап күшiне енедi.
Басқа 0. Заңдар жобаларын қараудың басымдығын белгiлеу ережелерi
Қа­зақ­стан Рес­пуб­ли­ка­сы Пре­зи­ден­тiнiң 2003 жы­л­ғы 29 сәуiр­де­гi № 1074 Жар­лы­ғы­мен БЕКIТIЛ­ГЕН Заңдар жобаларын қараудың басымдығын белгiлеу ережелерi Осы Ереже Мемлекет басшысының заң жобаларын қараудың басымдығын белгiлеуге конституциялық құқығын iске асыру тәртiбi мен мерзiмдерiн белгiлейдi.
Тармақ 1
1. Заң жобасын қарауды басым деп белгiлеуге шешiм қабылдаған кезде Мемлекет басшысы немесе оның тапсыруы бойынша Қазақстан Республикасы Президентiнiң Әкімшілiгi тиiстi мемлекеттiк органның назарына осы заң жобасын қарауды басым деп белгiлеу жоспарланатынын жеткiзедi.
Тармақ 2
2. Әдетте, басым ретпен қарауды Мемлекет басшысы Қазақстан Республикасы Құрылтайының қарауына енгiзiлген немесе енгiзiлуге дайын заң жобаларына қатысты белгiлейдi.
Тармақ 3
3. Қазақстан Республикасы Президентiнiң арнайы жолдауымен басым деп белгiленген және Қазақстан Республикасы Құрылтайының қарауына әлi енгiзiлмеген заң жобалары тиiстi мемлекеттiк органдармен келiсiлуге және оларды Қазақстан Республикасының Yкiметi бiр ай мерзiмде Қазақстан Республикасы Президентiнiң Әкiмшiлiгiне қарауға ұсынуға тиiс. Қазақстан Республикасы Президентiнiң Әкiмшілігiмен келiсiлгеннен кейiн мұндай заң жобаларын Қазақстан Республикасының Yкiметi он күн мерзiмде Қазақстан Республикасы Құрылтайының қарауына енгiзедi.
Тармақ 4
Тармақ 5
Тармақ 6
6. Қазақстан Республикасының Үкiметi өзi әзiрлеген заң жобаларына қатысты Қазақстан Республикасының Президентiне заң жобасын қарауды басым деп белгiлеу туралы ұсыныс енгiзуге хақылы.
Тармақ 7
7. Осы Ереженің 6-тармағында аталған ұсынысқа тиiстi заң жобасы және:
Тармақша 1
1) Құрылтайдың заң жобасын қарауды басым деп белгiлеу қажеттiлiгiне негiздеме;
Тармақша 2
2) заң жобасының нақты мақсаттары және ол шешетiн мiндеттер қамтылуға тиiс түсiндiрме жазба қоса беріледi.
Тармақ 8
8. Қазақстан Республикасы Президентiнiң Әкiмшiлiгi он күн мерзiмде заң жобасын басым деп белгiлеу туралы ұсынысты қарайды және Мемлекет басшысына заң жобасын қарауды басым деп белгiлеудiң орындылығы туралы қорытындыны ұсынады.
Тармақ 9
9. Мемлекет басшысының шешiмi бойынша қаралуын басым деп белгiлеу жоспарланып отырған заң жобаларын дайындау мен келiсудiң өзгеше тәртiбi, мерзiмдерi белгiленуi мүмкiн.