Об утверждении Правил организации кинологической деятельности органов военной полиции Вооруженных Сил Республики Казахстан Күшін жойған

11.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 23.09.2022. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
Қазақстан Республикасы Қарулы Күштері әскери полиция органдарының кинологиялық қызметін ұйымдастыру қағидаларын бекіту туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2001 жылғы 16 тамыздағы № 1074 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігі туралы ереже 21-тармағының 19-76) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
Тармақ 1
1. Қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасы Қарулы Күштері әскери полиция органдарының кинологиялық қызметін ұйымдастыру қағидалары бекітілсін.
Тармақ 2
2. Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің Әскери полициясы бас басқармасы Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:
Тармақша 1
1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;
Тармақша 2
2) осы бұйрықты алғашқы ресми жарияланғанынан кейін Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігінің интернет-ресурсына орналастыруды;
Тармақша 3
3) мемлекеттік тіркелген күннен бастап күнтізбелік он күн ішінде осы тармақтың 1) және 2) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігінің Заң департаментіне жолдауды қамтамасыз етсін.
Тармақ 3
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қорғаныс министрінің бірінші орынбасары – Қазақстан Республикасы Қарулы Күштері Бас штабының бастығына жүктелсін.
Тармақ 4
4. Осы бұйрық лауазымды адамдарға, оларға қатысты бөлігінде жеткізілсін.
Тармақ 5
5. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік онкүн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Басқа 1. Қазақстан Республикасы Қарулы Күштері әскери полиция органдарының кинологиялық қызметін ұйымдастыру қағидалары
Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрінің 2021 жылғы 12 қаңтардағы № 11 бұйрығымен бекітілген Қазақстан Республикасы Қарулы Күштері әскери полиция органдарының кинологиялық қызметін ұйымдастыру қағидалары
Тарау 1. 1-тарау. Жалпы ережелер
1-тарау. Жалпы ережелер
Тармақ 1
1. Қазақстан Республикасы Қарулы Күштері әскери полиция органдарының кинологиялық қызметін ұйымдастыру қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар), Қазақстан Республикасы Қарулы Күштері әскери полиция органдарының кинологиялық қызмет жұмысын ұйымдастыруының тәртібін айқындайды.
Тармақ 2
2. Қазақстан Республикасы Қарулы Күштері (бұдан әрі – ҚР ҚК) әскери полиция органдары кинологиялық қызметінің негізгі бағыты қызметтік иттерді (бұдан әрі – иттер) дайындау және ҚР ҚК әскери полиция органдарының қызметтік ісінде іс жүзінде пайдалану болып табылады.
Тармақ 3
3. Осы қағиларда мынадай ұғымдар пайдаланылады:
Тармақша 1
1) апортировка – жаттықтыру элементі, иттің қандай да бір затты алып келуі;
Тармақша 2
2) арнайы жаттықтыру курсы – иттің белгілі бір қызмет түрі үшін қажетті арнайы дағдыларын қалыптастыру;
Тармақша 3
3) жалпы жаттықтыру курсы – айтқанға көндіру және ептілік жаттығуларының жиыны. Иттерді жаттықтырудың арнайы спорттық және қызметтік түрлерінің алдындағы «жалпы», алдын ала, негізгі курс болып табылады;
Тармақша 4
4) жаттықтыру – бұл жаттықтыру процесінде итте қалыптасқан шартты рефлекстерді (дағдыларды) бекіту, оларды қызметтің нақты шарттарына қатысты дамыту және жетілдіру мақсатындағы жүйелі жаттығулар;
Тармақша 5
5) жоғары нерв қызметінің түрі – организмнің қоршаған ортамен өзара әрекеті сипаттамасын айқындайтын және организмнің барлық функциясында өз көрінісін табатын нерв жүйесінің туа біткен және жүре пайда болған қасиеттерінің жиынтығы;
Тармақша 6
6) кинолог – итті тәрбиелеу, жаттықтыру және дайындау жөніндегі маман;
Тармақша 7
7) қызметтік иттерді дайындау – бұл жүйелі, қызмет атқару үшін қажет белгілі бір жағдайларда иттерді әртүрлі күрделі әрекеттерді жасауға бағытталған үйрету. Бұл әрекеттерді ит кинологтың сигналдары (ауызша командалары, қол қимылдары) бойынша жүзеге асырады. Иттерді дайындау процесі оларда қажетті қозғалу және тежелу дағдыларын қалыптастыруды қамтиды;
Тармақша 8
8) рефлекс – тірі организмнің рецепторлардың қатысуымен және нерв жүйесінің басқаруымен өтетін қандай да бір ықпалға стереотиптік реакциясы;
Тармақша 9
9) фигурант – кинологтың көмекшісі кинологтың басқаруымен иттермен жұмысты ұйымдастырады, жануардың нақты немесе өзге де қабілетін (мінез-құлқы, темпераментін, адаммен қүресу қабілетін және иттің жалпы дайындығын) айқындауға көмектеседі;
Тармақша 10
10) экстерьер – жануарлардың сыртқы келбеті және дене бітімі.
Тарау 2. 2-тарау. Қызметтік иттерді қолдану және дайындау тәртібі
2-тарау. Қызметтік иттерді қолдану және дайындау тәртібі
Тармақ 4
4. Әскери полиция органдарының қызметтік иттері қызметтік қолдану түрлері бойынша іздестіру, патрульдік және қарауылдық санаттарына бөлінеді.
Тармақ 5
5. Қызметтік иттер мынадай жағдайларда қолданылады:
Тармақша 1
1) әскери қызметшiлердi қорғау, олардың өмiрi мен денсаулығына қатер төндiретiн қаскүнемдердің шабуылынан өзiн-өзi қорғау;
Тармақша 2
2) ішкі істер органдарымен бірлесіп қоғамдық тәртiптi күзетуді жүзеге асыру, жаппай тәртiпсiздiктердiң жолын кесу, қоғамдық қауіпсіздік пен төтенше және соғыс жағдайы құқықтық режимдерін қамтамасыз ету, сондай-ақ табиғи, техногендік және әлеуметтік сипаттағы төтенше жағдайлардың салдарын жою жөніндегі іс-шараларды жүзеге асыру;
Тармақша 3
3) әскери бөлiмдердегi жаппай тәртiпсiздiктiң, сондай-ақ әскери қызметшiлердiң қоғамдық тәртiптi және әскери тәртiптi топтасып бұзуының жолын кесу;
Тармақша 4
4) әскери қалашықтарға, объектiлерге, құрылыстарға, үй-жайларға, ғимараттарға және әскери көлiк құралдарына жасалған шабуылды тойтару немесе оларды басып алған жағдайда босату;
Тармақша 5
5) егер құқық бұзушылар әскери тәртiптi сақтау және қоғамдық тәртiптi қорғау жөнiндегі өздерiне жүктелген мiндеттердi орындайтын әскери полиция қызметкерлерiне бағынбааса немесе қарсылық көрсетсе, оларды әскери бөлiмдерге және гауптвахтаға жеткiзу, ұсталған, күзетпен қамауға алынған адамдарды айдауылмен алып жүру және күзету үшiн ұстау;
Тармақша 6
6) бөлімді немесе қызмет орнын өз еркімен тастап кеткен, анықтау органдарынан жасырынып жүрген әскери қызметшілерді іздестіру;
Тармақша 7
7) есірткі, психотроптық заттар мен прекурсорларды заңсыз сақтау, қаруды, оқ-дəріні, жарылғыш заттарды ұрлау жəне жоғалту, сондай-ақ əскери қызметшілерді іздестіру фактілерінің алдын алуға жəне оларды анықтауға бағытталған алдын алу іс-шараларын жүргізу;
Тармақша 8
8) Қазақстан Республикасының құқық қорғау және (немесе) мемлекеттік арнайы органдары өткізетін іс-шараларға әскери полиция органдарының әскери қызметшілері тартылған жағдайларда.
Тармақ 6
6. Иттерді дайындау жалпы және арнайы үйретуден, сондай-ақ жаттықтырудан тұрады.
Тармақ 7
7. Жаттықтыруға кірісе отырып, кинолог иттердің ерекшеліктерін (жасын, денсаулығының жай-күйін, оған дейін тәрбиеленген жағдайларын, нерв жүйесінің ерекшеліктерін, мінез-құлқының басым реакцияларын және әр түрлі тітіркендіргіштерге қатысын) зерделейді:
Тармақша 1
1) иттерді дайындау жүйесі үш кезеңде өтеді;
Тармақша 2
2) иттерді дайындау жүйесінің бірінші кезеңі – дайындық, мүмкіндіктерін және табиғи қабілеттілігін анықтау мақсатында, белгіленген қызметтік қолдану түрлеріне (іздестіру, қарауылдық) дайындау үшін иттерді тестілеу (басымдылық реакциясы, жоғары жүйке жұмысының типін, олардың физикалық жай-күйін, иіс сезуінің өткірлігін және басқа да қасиеттерін анықтау);
Тармақша 3
3) иттерді дайындау жүйесінің екінші кезеңі – жалпы тәртіптік, иттердің жалпы айтқанға көндіру тәсілдерін қалыптастыру және алдағы уақытта оны бекітуге арналған. Бұл ретте, тәсілдердің түрлері мен олардың саны иттің қызметке арналуынан және оларды даярлаудың барлық курсына бөлінген уақытқа негізделе отырып айқындалады. Иттер үшін жалпы жаттықтыру тәсілдерінің саны, әсіресе бастапқы даярлық кезеңінде мақсатқа сәйкестілік пен қажеттілік қағидатына қарай, барынша азайтылады, жалпы жаттықтыру курсына:
Тармақша 1
1) итті кинологқа үйрету;
Тармақша 2
2) итті лақап атқа үйрету;
Тармақша 3
3) итті қарғыбауға үйрету;
Тармақша 4
4) итті тізгінге үйрету;
Тармақша 5
5) итті тұмылдырыққа үйрету;
Тармақша 6
6) итті жиынтық жағдайды қабылдауға үйрету;
Тармақша 7
7) итті кинологқа жақындауға және одан кетуге үйрету;
Тармақша 8
8) итті кинологтың жанында жүруге үйрету;
Тармақша 9
9) итті отыруға үйрету;
Тармақша 10
10) итті жатуға үйрету;
Тармақша 11
11) итті орнында тұруға үйрету;
Тармақша 12
12) итті заттарды алып келуге үйрету;
Тармақша 13
13) итті дауыс беруге үйрету;
Тармақша 14
14) итті жағымсыз әрекеттерді тоқтатуға үйрету;
Тармақша 15
15) итті кедергілерден өтуге үйрету;
Тармақша 16
16) итті қозғалу қарқынын бәсеңдетуге үйрету;
Тармақша 17
17) итті жорғалауға үйрету;
Тармақша 18
18) итті жүзуге үйрету;
Тармақша 19
19) итті атыстарға үйрету;
Тармақша 20
20) итті тауып алған немесе бөгде адам берген тағамнан бас тартуға үйрету кіреді.
Тармақша 4
4) иттерді дайындау жүйесінің үшінші кезеңі – арнайы жаттықтыру, оның негізгі міндеті оқу жағдайлары шарттарында иттердің нақты санаты үшін қажетті арнайы жаттықтыру тәсілдерін иттердің айқын орындауы болып табылады. Іздестіру итін дайындау кезінде түпкілікті мақсат итті оқу-жаттығу объектісі болып табылатын аумақта (ғимараттарда, үй-жайларда) жарылғыш заттарды іздеуді сенімді жүзеге асыруға үйрету болып табылады, арнайы жаттықтыру курсына:
Тармақша 1
1) итті қозғалмайтын және қозғалатын көлікте жұмыс істеуге үйрету;
Тармақша 2
2) багажды тінту;
Тармақша 3
3) жүктерді тінту;
Тармақша 4
4) жеңіл және жүк автокөлігін тінту;
Тармақша 5
5) адамды іріктеу;
Тармақша 6
6) үй-жайлардың жергілікті жерін тінту кіреді.
Тарау 3. 3-тарау. Қызметтік иттерді жоспарлау және жаттықтыру
3-тарау. Қызметтік иттерді жоспарлау және жаттықтыру
Тармақ 8
8. Бөлімшелерде иттерді жаттықтыру жартыжылдыққа әзірленетін иттерді дайындауға арналған жаттықтыру тапсырмаларына (бөлімшеде иттерді жаттықтыру жоспар-кестесіне) сәйкес ұйымдастырылады және жүргізіледі.
Тармақ 9
9. Жаттықтыру:
Тармақша 1
1) іздестіру иттері үшін 2 сабақ – таңертең, 4 – күндіз, 1 – кешке, 2 – түнде есебінен айына 9 сабақ (күніне үш сағаттан) (олардың ішінде 1 бақылау-тексеру). Сабақтар объектіге іргелес жерлерде (тапсырмаларды орындау ауданында) және оқу-жаттығу қалашығында өткізіледі.
Тармақша 2
2) қарауылдық иттер үшін 1 сабақ – таңертең, 3 – күндіз, 1 – кешке,1 – түнде есебінен айына 6 сабақ (олардың ішінде 1 бақылау-тексеру). Сабақтар: 2 – қызметте пайдалану орындарында, 4 – оқу-жаттығу бекеттерінде өткізілсін.
Тармақ 10
10. Кинологиялық қызметтің мамандары ай сайын 30-ына дейін иттерді жаттықтыру жөніндегі сабақ кестесін жасайды және оны тікелей бастық бекітеді. Сабақтар кестесіне иттерді жаттықтыру жөніндегі тақырыптар, сондай-ақ қиындықтарды енгізу мен пысықтаудың нақты міндеттері қосылады.
Тармақ 11
11. Иттерді жаттықтыру жөніндегі сабақтар иттерді жаттықтыруды (үйретуді) есепке алу күнделіктерінде Қағидаларға 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша есепке алынады.
Тармақ 12
12. Жергілікті жерлерді, үй-жайларды тінту үшін иттерді жаттықтыру кезінде өсімдіктер өскен учаскелер, тұрғын емес үй-жайлар, жертөлелер пайдаланылады. 13.Көлік құралдарын тінту қарап-тексеру жөніндегі сабақтар оқу-жаттығу алаңында, сондай-ақ бақылау-өткізу пункттерінде өткізіледі.
Тармақ 14
14. Қарауылдық иттерді жаттықтыру бойынша сабақтар бұзушылардың күзетілетін объектіге кіру үшін қолданатын әдістерін ескере отырып, оқу-жаттығу бекеттерінде немесе оларды қызметте пайдалану орындарында өткізіледі. Қарауылдық иттердің оқу-жаттығу бекеттерінде иттерді жаттықтыру кезінде фигуранттың іс-қимылдары үшін техникалық күзет құралдарының жұмыс істеуін еліктететін аспаптар, қазбалар, шұңқырлар, қоршаудағы ойық жерлер жабдықталады. Карауылдық иттерді тамақ жемеуге, бұзушыны ұстауға, атыстарға, жарылыстарға, қатты дыбыстық және сәулелік тітіркендіргіштерге байыпты қарауға жаттықтыру, оқу-жаттығу бекеттерінде қызметті қырағы атқару дағдыларын пысықтаумен жиынтықта өткізіледі.
Тармақ 15
15. Иттерде жалпы жаттықтыру дағдыларын жетілдіру арнайы жаттықтыру дағдыларын пысықтаумен қатар жүргізіледі. Жалпы жаттықтыру тәсілдері бойынша сабақтар өткізу кезінде иттер айқындылыққа, шапшаңдыққа және оларды кідіріссіз орындауға қол жеткізуі қажет.
Тармақ 16
16. Иттердің барлық санатын жаттықтыру кезінде оқу-материалдық базаның жылжымалы және тұрақты элементтері пайдаланылады. Иттерді жаттықтыру бойынша сабақтар тапсырмаларды орындаудың нақты шарттарына барынша жақындатылған болады.
Тармақ 17
17. Команда бұйрықты дауыс ырғағымен беріледі. Еркелету дауыс ырғағы итті мадақтау үшін қолданылады («Жақсы» лепті дауыс). Қорқытатын дауыс ырғағы ит өзінен талап етілген іс-әрекетті орындамаған жағдайларда немесе оның қандай да бір орынсыз іс-қимылын тоқтату қажет болғанда қолданылады.
Тармақ 18
18. Итті басқару үшін дауыс командалары және қол қимылдары (жаттықтырудың әрбір тәсіліне белгіленген жаттықтырушы қолының белгілі қимылдары) қолданылады.
Тармақ 19
19. Жаттықтыру итті кинологқа бекітіп бергеннен 5-7 күннен кейін басталады. Осы күндер ішінде кинолог иттің мінез-құлқының өзіндік ерекшеліктерін айқындайды және оны өзіне үйретеді.
Тармақ 20
20. Итті жаттықтыру түрлі әдістермен жүргізіледі. Мынадай төрт әдісті ажырата білу қажет:
Тармақша 1
1) дәммен мадақтау;
Тармақша 2
2) механикалық;
Тармақша 3
3) ойын;
Тармақша 4
4) еліктеушілік. Дәммен мадақтау әдісі кезінде жаттықтырудың жеке тәсілдерін пысықтау үшін азық-түлік тітіркендіргіштері пайдаланылады. Механикалық әдіс кезінде жаттықтырудың жеке тәсілдерін пысықтау үшін шартты тітіркендіргіш иттің қорғаныштық рефлексін тудыратын физикалық немесе ауыртып ықпал етумен бекітіледі. Ойын әдісі иттің белгілі, қажетті иісі бар «ойыншықпен» «ойнауы» процесінде онда пайда болатын қажетті машықтарды тудыруға негізделген. Ойын әдісі иттерді жарылғыш заттарды, есірткі заттарын және қаруды іздеуге жаттықтыру кезіндегі негізгісі болып табылады.
Тармақ 21
21. Даярлық кезінде кинолог жаттықтырылатын иттің жалпы жай-күйін (оның денсаулығын, мінез-құлқы ерекшеліктерін), сондай-ақ даярлық өткізілетін сыртқы шарттарды ескеруі тиіс.
Тармақ 22
22. Иттің қызығушылығын сақтау үшін жаттықтырудың барлық кезеңінде әрбір сабақта қолданылатын тәсілдерді кезектестіру және «қарапайымнан күрделіге» қағидаты бойынша иттерді жаттықтыру қажет.
Тармақ 23
23. Иттерге оларды бастапқы жаттықтыру кезінде сыртқы тітіркендіргіштер қатты ықпал етеді, олар итті талап етілетін іс-қимылдарды орындаудан алаңдатуы мүмкін. Оған жол бермеу үшін :
Тармақша 1
1) бастапқы жаттықтыруды қатты әсер ететін сыртқы тітіркендіргіштер болмаған кезде жүргізу;
Тармақша 2
2) жаттықтыру шарттарын ұдайы қиындата отырып, итті сыртқы тітіркендіргіштер болған кезде дағдыларды мүлтіксіз орындауға үйрету.
Тармақ 24
24. Қызметтік иттердің дайындық деңгейін тексеру үшін бағалау көрсеткіштері Қағидаларға 2-қосымшаға сәйкес тексеріледі. Әскери полиция органдарының бастықтары қорытынды тексерулер кезінде, кинология бөлімшелерінің бастықтары барлық иттерді қамтумен тоқсанына бір рет тексереді.
Басқа 1.1. Қызметтік итті жаттықтыруды (үйретуді) есепке алу күнделігі
Қазақстан Республикасы Қарулы Күштері әскери полиция органдарының кинологиялық қызметін ұйымдастыру қағидаларына 1-қосымша Нысан Қызметтік итті жаттықтыруды (үйретуді) есепке алу күнделігі Басталды 20__ жылғы «___»__________. Аяқталды 20__ жылғы «___»__________. Са­бақ­тың кү­ні, нұс­қа­сы және уа­қы­ты Са­бақ­тың қы­сқа­ша маз­мұ­ны Са­бақ­тың нәти­же­ле­рі Са­бақ же­тек­ші­сі­нің (тек­се­ру­ші­нің) ес­кер­ту­ле­рі мен нұс­қа­у­ла­ры Ескертпе:
Тармақша 1
1) күнделік бөлімшенің әрбір итіне жүргізіледі;
Тармақша 2
2) сабақтың мазмұнын маман оны өткізу алдында жазады;
Тармақша 3
3) итке бекітіліп берілген маманның лауазымы, әскери атағы, тегі мен инициалдары титул парағына қарындашпен жазылады.
Басқа 1.2. Қызметтік иттердің дайындық деңгейін тексеруге арналған бағалау көрсеткіштері
Қазақстан Республикасы Қарулы Күштері әскери полиция органдарының кинологиялық қызметін ұйымдастыру қағидаларына 2-қосымша Қызметтік иттердің дайындық деңгейін тексеруге арналған бағалау көрсеткіштері Р/с № Нор­ма­тив­тер­дің (жат­тығ­у­лар­дың) ата­у­ла­ры және олар­ды орын­дау шар­тта­ры Жо­ға­ры балл Бал­дар­ды тө­мен­де­ту 1-та­рау. Жал­пыт­әр­тіп­тік курс 1 Жа­нын­да жү­ру «Жа­ны­ма» ко­ман­да­сы, қи­мыл – сол жақ қол­дың ала­қа­ны­мен жам­ба­сты қа­ғу. Қоз­ға­лу ба­ғы­ты мен қар­қы­ны­ның өзге­ру­іне қа­ра­ма­стан, ит тіз­гін­сіз ма­ман­ның сол ая­ғы­ның жа­нын­да жү­ру ке­рек, ма­ман тоқ­та­ған кез­де өзді­гі­нен оның сол ая­ғы­ның жа­ны­на оты­руы ке­рек. Ко­ман­да­ны неме­се қи­мыл­ды қай­та­лу тек ма­ман қоз­ға­лы­сы­ның ба­ғы­ты неме­се қар­қы­ны өзгер­ген кез­де рұқ­сат еті­ле­ді. 5 1 бал­ға: қай­та­лап бе­рі­л­ген ко­ман­да неме­се қи­мыл үшін; ит ма­ман­нан арт­та қал­ған, 2 се­кунд ішін­де ая­ғы­ның жа­ны­на қай­тып ке­лу­мен ал­ға неме­се шет­ке шы­ғып кет­кен әр­бір жағ­дай үшін; егер ит ма­ман тоқ­та­ған­нан кей­ін өзді­гі­нен 2 се­кунд ішін­де оның сол ая­ғы­ның жа­ны­на отыр­ма­са. 5 бал­ға: ит­тің ма­ман­нан 2 се­кунд­тан көп уа­қыт­қа ке­тіп қал­ға­ны үшін 2 Ер­кін жай-күйі «Се­ру­ен­де» ко­ман­да­сы, қи­мыл – оң қол­ды сол жам­ба­стан иық дең­гей­іне ал­ға сер­меу. Ит ма­ман­ның бі­рін­ші ко­ман­да­сы неме­се қи­мы­лы бой­ын­ша жыл­дам ер­кін жай-күй­ге кө­шуі ке­рек 5 1 бал­ға: қай­та­лап бе­рі­л­ген ко­ман­да неме­се қи­мыл үшін 3 Ма­ман­ға ке­лу «Ма­ған кел» ко­ман­да­сы, қи­мыл – иық дең­гей­і­нен тү­зу сол қол­ды шет жақ­тан жам­бас жа­ны­на күрт тө­мен тү­сі­ру. Ит ер­кін жай-күй­де ма­ман­ның бі­рін­ші ко­ман­да­сы неме­се қи­мы­лы бой­ын­ша жыл­дам жү­гі­ріп ке­ліп, оның сол ая­ғы­ның жа­ны­на оты­руы ке­рек. 5 1 бал­ға: қай­та­лап бе­рі­л­ген ко­ман­да неме­се қи­мыл үшін; ит­тің ма­ман­ға адым­дап кел­ге­ні үшін; ит ма­ман­ға жол­да кі­ді­ру­мен кел­ге­ні үшін; егер ит ма­ман­ға кел­ген кез­де оның сол ая­ғы­ның жа­ны­на отыр­ма­са неме­се дұ­рыс отыр­ма­са 4 Отыр­ғы­зу «Отыр» ко­ман­да­сы, қи­мыл – ала­қа­нын тө­мен қа­ра­тып ер­кін со­зы­л­ған оң қол­ды ал­ға және иық дең­гей­і­нен аз­дап жо­ға­ры сер­меу. Ит ма­ман­ның бі­рін­ші ко­ман­да­сы неме­се қи­мы­лы бой­ын­ша, ор­ны­нан жы­л­жы­май, жыл­дам және анық оты­руы ке­рек. 5 1 бал­ға: қай­та­лап бе­рі­л­ген ко­ман­да неме­се қи­мыл үшін; ит­тің дұ­рыс отыр­ма­ға­ны үшін (бір жақ са­уы­ры­на қи­сай­ып оты­ру); ит­тің 0,5 метр­ден алыс ор­ны­нан кет­ке­ні үшін; 4 бал­ға: ит­те та­ғат­ты­лық бол­ма­са. 5 бал­ға: ит­тің ор­ны­нан 0,5 метр­ден алыс кет­ке­ні үшін 5 Жат­қы­зу «Жат» ко­ман­да­сы, қи­мыл – ала­қа­нын тө­мен қа­ра­тып ал­дын ала ал­ға және иық дең­гей­і­нен аз­дап жо­ға­ры со­зы­л­ған оң қол­ды күрт тө­мен тү­сі­ру. Ит ма­ман­ның бі­рін­ші ко­ман­да­сы неме­се қи­мы­лы бой­ын­ша ор­ны­нан жы­л­жы­май, жыл­дам және нық жа­туы ке­рек 5 1 бал­ға: қай­та­лап бе­рі­л­ген ко­ман­да неме­се қи­мыл үшін; ит­ті дұ­рыс жат­қы­з­ба­ға­ны үшін (бір жақ са­уы­ры­на қи­сай­ып оты­ру); ит­тің 0,5 метр­ден алыс ор­ны­нан кет­ке­ні үшін. 4 бал­ға: ит­те та­ғат­ты­лық бол­ма­са. 5 бал­ға: ит­тің ор­ны­нан 0,5 метр­ден алыс кет­ке­ні үшін 6 Тұр­ғы­зу «Тұр» ко­ман­да­сы, қи­мыл – сол қол­дың ала­қа­нын жо­ға­ры қа­ра­тып өзі­нің ал­дын­да иық дең­гей­іне дей­ін күрт кө­те­ру. Ит ма­ман­ның бі­рін­ші ко­ман­да­сы неме­се қи­мы­лы бой­ын­ша, ор­ны­нан жы­л­жы­май, жыл­дам және нық төрт та­ған­дап тұ­руы ке­рек. 5 1 бал­ға: қай­та­лап бе­рі­л­ген ко­ман­да неме­се қи­мыл үшін; ит­тің 0,5 метр­ден алыс ор­ны­нан кет­ке­ні үшін. 4 бал­ға: ит­те тө­зім­ді­лік бол­ма­са. 5 бал­ға: ит­тің ор­ны­нан 0,5 метр­ден алыс кет­ке­ні үшін. 7 Да­уы­сын шы­ға­ру­ға (үру­ге) ша­қы­ру «Да­уыс» ко­ман­да­сы, қи­мыл – оң қол­ды иық дең­гей­ін­де ұстап ала­қан­ды ит­ке қа­ра­тып жан-жақ­қа бұл­ғау. Ит ма­ман­ның бі­рін­ші ко­ман­да­сы неме­се қи­мы­лы бой­ын­ша, ор­ны­нан жы­л­жы­май және өзі­нің тұ­ры­сын өзгерт­пей жыл­дам және анық даб­ысы шы­ға­ру­ға (үру­ге) ти­іс 5 1 бал­ға: қай­та­лап бе­рі­л­ген ко­ман­да неме­се қи­мыл үшін; ит өзі­нің тұ­ры­сын өзгерт­ке­ні үшін; ит­тің ор­ны­нан, бі­рақ 0,5 метр­ден ар­тық емес кет­ке­ні үшін. 5 бал­ға: ит­тің ор­ны­нан 0,5 метр­ден ар­тық кет­ке­ні үшін 8 Ең­бек­теу «Ең­бек­те» ко­ман­да­сы, қи­мыл – ті­зе дең­гей­ін­де бо­ла­тын оң қол­дың ала­қа­нын ит­ке қа­ра­тып жан-жақ­қа бұл­ғау. Ит ма­ман­ның бі­рін­ші ко­ман­да­сы неме­се қи­мы­лы бой­ын­ша жол­да кі­дір­мей және ал­дың­ғы ая­ғы­ның шын­тақ буы­нын жер­ден кө­тер­мей жыл­дам және нық оған қа­рай 20 метр­ге ең­бек­те­уі ке­рек. 5 1 бал­ға: қай­та­лап бе­рі­л­ген ко­ман­да неме­се қи­мыл үшін; ит шын­тақ буы­нын жер­ден кө­те­ріп өт­кен ара қа­шық­тық­тың әр­бір мет­рі үшін; жол­да кі­ді­ру­мен ең­бек­те­ге­ні үшін 5 бал­ға: ит­тің шын­тақ буы­нын жер­ден кө­те­ріп бір метр­ден астам жы­л­жы­ға­ны үшін 9 Заттар­ды әке­лу (апор­ти­ров­ка) «Апорт» және «Бер» ко­ман­да­ла­ры, қи­мыл – оң қол­ды зат лақ­ты­ры­л­ған жақ­қа қа­рай сі­л­теу. Ит ма­ман­ның бі­рін­ші ко­ман­да­сы неме­се қи­мы­лы бой­ын­ша оның көз ал­дын­да 10 метр қа­шық­тық­қа лақ­ты­ры­л­ған затты із­де­у­ге жыл­дам ба­руы, оны тез та­буы және за­қым­да­май аузы­мен ті­степ алып ке­луі ке­рек. Ма­ман­ның «Бер» де­ген ко­ман­да­сы­на дей­ін затты аузын­да ті­степ тұ­рып, бір адым қа­шық­тық­та оның ал­ды­на оты­руы ке­рек. 5 1 бал­ға: қай­та­лап бе­рі­л­ген ко­ман­да неме­се қи­мыл үшін; ма­ман­ның ко­ман­да­сы неме­се қи­мы­лы­на дей­ін ор­ны­нан қоз­ғал­ға­ны үшін; ит ма­ман­ға адым­дап кел­ге­ні үшін; ит ма­ман­ға жол­да кі­ді­ру­мен кел­ге­ні үшін; ит ма­ман­ға қай­тып ке­ле жа­тқан кез­де заттың жер­ге әр­бір құ­ла­ға­ны үшін; ит­тің затпен ой­на­ға­ны үшін; егер ит затты алып кел­ген­де, үй­ре­ту­ші­нің ал­дын­да отыр­ма­са неме­се дұ­рыс отыр­ма­са; 5 бал­ға: ит­тің алып ке­ле­тін затты бүл­дір­ге­ні үшін 10 Қа­жет емес әре­кет­тер­ді тоқ­та­ту Қор­қы­ту ин­то­на­ци­я­сы­мен бе­рі­ле­тін «Фу» ко­ман­да­сы. Ма­ман ит­ті оның көз ал­дын­да ке­мін­де 10 метр қа­шық­тық­қа лақ­ты­ры­л­ған затты із­де­у­ге жі­бе­ре­ді. Ит затты алып 3-4 метр жүр­ген­нен кей­ін ма­ман «Фу» ко­ман­да­сын бе­ре­ді. Ит ма­ман­ның бі­рін­ші ко­ман­да­сы бой­ын­ша әре­кет­ті де­реу тоқ­та­туы ке­рек. 5 5 бал­ға: қай­та­лап бе­рі­л­ген ко­ман­да үшін; 11 Ату­ға әре­ке­ті Ит өзі­нен 50 метр­ден кем емес қа­шық­тық­та жүр­гі­зі­л­ген үш атыс­қа бай­ып­ты қа­ра­уы ти­іс. Ит өзі­нің қоз­ға­лу ба­ғы­ты мен қар­қы­нын, сон­дай-ақ өзі­нің фи­гу­рант­қа қа­ты­сты мақ­са­тын өзгерт­пе­уі ти­іс. 10 2 бал­ға: ату­дан кей­ін ит­тің ша­буыл ба­ғы­ты­нан ауыт­қуы, бі­рақ одан мүл­дем бас тарт­па­ға­ны үшін; ит ату­дан кей­ін ша­буыл қар­қы­нын тө­мен­дет­ке­ні үшін; кей­ін­нен оны қай­та жал­ға­сты­ру­мен ату­дан кей­ін ит ті­сте­уін тоқ­та­тқа­ны үшін 10 бал­ға: ит ша­буы­лын (кү­ре­сін) тоқ­та­тқа­ны және ату­дан кей­ін фи­гу­рант­тан кет­ке­ні үшін 12 Та­бы­л­ған азық­қа әре­ке­ті Кө­ле­мі 3-5 шар­шы метр үй-жай­дың еде­ніне 3 ке­сек ет ал­дын ала та­стал­ған, оның әр­қай­сысы­ның сал­ма­ғы 30-50 грамм. Ит 1 ми­нут ішін­де үй-жай­да жал­ғыз бо­ла­ды. Уа­қыт өт­кен­нен кей­ін ит­ке та­ныс емес адам та­ғы 2 ке­сек ет­ті лақ­ты­ра­ды. Осы­дан кей­ін ит үй-жай­да 1 ми­нут бо­ла­ды. Ит қой­ы­л­ған және лақ­ты­ры­л­ған ет­ке бай­ып­ты қа­ра­уы ти­іс. 5 5 бал­ға: ит­тің еден­нен та­бы­л­ған неме­се лақ­ты­ры­л­ған ет­ті жеп қой­ға­ны үшін 2-та­рау. Ар­найы курс 1-па­ра­граф. Із­де­сті­ру ит­те­рі үшін 13 2 са­ғат­қа дей­ін­гі және 5 ки­ло­метр­ге дей­ін­гі қа­шық­тық­та­ғы із­ді фи­гу­рант шап­шаң жүрі­спен са­лып өт­кен. Із­дің ор­ны тек­се­ру­ші­нің көз ал­дын­да ой­лы-қыр­лы жер­лер бой­ын­ша өте­ді, 4 бұ­ры­шы (бұ­ры­лы­сы) бар. Із­дің ор­нын­да негіз­гі фи­гу­рант­тың иісі бар (із са­лар ал­дын­да ке­мін­де 30 ми­нут фи­гу­рант­та бо­луы ке­рек) 3 зат (ұзынды­ғы 300 мил­ли­метр ағаш та­яқ­тар) жа­та­ды. Заттар із­дің ор­ны бой­ын­ша қа­таң бір­кел­кі са­лын­бай­ды: бі­рін­ші­сі ба­стап­қы нүк­те­ден ке­мін­де 200 адым, ал соң­ғы­сы соң­ғы нүк­те­ге дей­ін ке­мін­де 100 адым. Ит­ті жа­ла­у­ша­мен (маң­дай­ша­мен) бел­гі­лен­ген ба­стап­қы нүк­те­ден із­ге қою. Ба­стап­қы нүк­те­ден бес метр жер­де қо­сым­ша фи­гу­рант­тар­дың екі «жал­ған» ізі бар. Жал­ған із­дер­дің ескі­лі­гі 30 ми­нут­қа дей­ін. Із­бен жұ­мыс іс­теу уа­қы­ты, фи­гу­рант­тың із­ді са­лу­ға жұм­са­ған уа­қы­ты­мен тең. Оны са­нау ма­ман­ға із­бен жұ­мыс іс­те­у­ге ко­ман­да бе­рі­л­ген сәт­тен ба­ста­ла­ды. Соң­ғы нүк­те­де ол ма­ман бой­ын­ша бел­гі­ле­не­ді 100 20 бал­ға: бел­гі­лен­ген уа­қыт­тан ар­тық әр­бір 5 ми­нут үшін; 10 бал­ға: әр­бір та­был­ма­ған зат үшін. Бал­дар есеп­тел­мей­ді және ма­ман­ның ит­пен жұ­мысы тоқ­та­ты­ла­ды: егер ит ба­стап­қы нүк­те­ден «жал­ған» із­бен кет­кен бол­са; егер ит­те із­бен жұ­мыс іс­те­уде 50 метр із­дің ке­сін­ді­сі тү­сіп қа­ла­тын бол­са. 14 Кө­лік­ті тін­ту «Із­де» ко­ман­да­сы, қи­мыл – ав­то­мо­биль ма­ке­ті жа­ғы­на қа­рай оң қол­ды сер­меу Ма­ман ит­тің кө­ме­гі­мен шы­найы кө­лем­де жа­сал­ған және ку­зо­втың жо­ға­ры жа­бы­ны­на рет­сіз лақ­ты­ры­л­ған ағаш жә­шік­тер тү­рін­де ти­ел­ген ав­то­мо­биль­дің үш ма­ке­тін жүй­е­лі түр­де тін­туі ке­рек. Ма­кет­тер­ді ит тек үсті­нен тін­ти­ді. Жер­де ма­кет­тер­дің астын­да өт­кір иісті заттар: бен­зин, ке­ро­син, со­ляр­ка майы және т.б. ыдыс­тар тұ­ра­ды. Ком­би­не­зон ки­ген фи­гу­рант­тар еден­де­гі ма­кет­тер­де бо­ла­ды. Үш ма­кет­ті тін­ту­ге – 3 ми­нут. Әр­бір ма­кет­ті тінт­кен­нен кей­ін ма­ман тек­се­ру­ші­ге «ав­то­мо­биль­ді шы­ға­ру» ту­ра­лы өзі­нің ше­ші­мін ба­ян­дай­ды. Ма­ман­ның ит­пен ба­стап­қы ор­ны бі­рін­ші ма­кет­тің эс­та­ка­да бас­пал­да­ғы­ның ал­дын­да бір метр жер­де бо­ла­ды. 80 80 бал­ға: ішін­де фи­гу­ран­ты бар «ав­то­мо­биль­ді шы­ғар­ға­ны» неме­се бос «кө­лік­ті» «ұста­ға­ны» үшін; нор­ма­тив­ті орын­да­у­ға бө­лін­ген уа­қыт­тың мер­зі­мін өт­кі­зіп ал­ға­ны үшін 2-па­ра­граф. Із­де­сті­ру және қа­ра­уыл­дық ит­тер үшін 15 Ту­ра ша­буыл «Фас» ко­ман­да­сы, қи­мыл – қаш­қан фи­гу­рант­тың ба­ғы­ты­на қа­рай оң қол­ды сі­л­теу. Ма­ман сол ая­ғы­мен ті­зер­леп, ит­ті қар­ғы ба­удан ұстап тұ­ра­ды. Ал­да­ғы 60 метр та­са­дан жат­тық­ты­ру ко­стю­мін­де­гі және қо­лын­да шы­бығы (та­я­ғы) бар фи­гу­рант пай­да бо­ла­ды. Ит­ке ар­қа­сын бұ­рып қа­рап, ол тез жү­гі­ре ба­стай­ды. Ма­ман өзі ор­нын­да қа­лып, ит­ті ұста­у­ға жі­бе­ре­ді. Фи­гу­рант 20 метр жү­гі­ріп өтіп, ай­на­лып бұ­ры­ла­ды және ай­қай­мен қол­да­рын және шы­бық­ты бұл­ғап ит­ке қар­сы жү­гі­ре­ді. Ату ды­быст­а­ры есті­ле­ді. Ит ай­қай­лар­ға, соқ­қы­лар­ға, ату­ға на­зар аудар­май, фи­гу­рант­қа жа­қын­дап, же­ңі­нен бе­рік ұстап және оған ма­ман жа­қын­да­ған­ға дей­ін жі­бер­ме­уі ти­іс. Ма­ман ит­ке қа­рай қоз­ға­лу­ды ит фи­гу­рант­пен жа­на­сқан­нан кей­ін ға­на ба­стай­ды. Ұста­ған­нан кей­ін ма­ман ит­ті фи­гу­рант­тан алып ке­те­ді және ұстал­ған адам­ды кү­зе­ту­ге ко­ман­да бе­ре­ді Ша­буыл ке­зін­де үш ату жүр­гі­зі­ле­ді: бі­рін­ші­сі – фи­гу­рант қаш­қан кез­де, екін­ші­сі – фи­гу­рант ит­ке қар­сы қоз­ғал­ған­да, үшін­ші­сі – ит же­ңі­нен ұста­ған кез­де. 100 50 бал­ға: ату­ға ша­ма­лы әре­кет ет­ке­ні, одан кей­ін мық­ты ті­степ ұста­ға­ны үшін. 100 бал­ға: ату­ға, фи­гу­рант­қа қа­ты­сты үрей біл­дір­ге­ні үшін 16 Ұстал­ған адам­ды кү­зе­ту «Кү­зет» ко­ман­да­сы, қи­мыл – оң қол­ды бел­ден ба­стап ұстал­ған адам жақ­қа сі­л­теу. Ма­ман ұстал­ған адам­ды тін­ту­ді ими­та­ци­я­лай­ды (қо­лы­мен фи­гу­рант­тың де­не­сін жо­ға­ры­дан тө­мен­ге қа­ғу) және ит­ке «Кү­зет» ко­ман­да­сын қай­та бе­ріп, 5 адым­ға алы­стай­ды. Кү­зе­ту ке­зін­де ит ұстал­ған адам­нан ке­мін­де үш адым қа­шық­тық­та отыр­ған күй­де бо­ла­ды. Тек­се­ру­ші­нің ко­ман­да­сы бой­ын­ша фи­гу­рант ұстал­ған орын­нан ке­ту­ге әре­кет жа­сай­ды. Фи­гу­рант­тың ор­ны­нан жа­са­ған бі­рін­ші қоз­ға­лы­сы ке­зін­де ит оның же­ңі­нен бе­рік ті­степ ша­буыл жа­са­уы және ма­ман­ның «Фу», «Кү­зет» ко­ман­да­ла­ры­на дей­ін оны­мен кү­ре­суі ти­іс. 100 25 бал­ға: «Фу» ко­ман­да­сын неме­се осы нор­ма­тив­тер­мен көз­дел­ме­ген бас­қа ко­ман­да­ны (ит­тің ла­қап атын) қай­та­лап бер­ге­ні үшін; ит­тің «Фу» ко­ман­да­сы бе­рі­л­ген­нен кей­ін осы ко­ман­да­ны 5 се­кунд ішін­де орын­да­ма­ға­ны үшін; кү­зе­ті­ле­тін адам ұстал­ған орын­нан ке­ту­ге әре­кет жа­са­ған­нан кей­ін ша­буыл­ды ке­ше­уіл­дет­ке­ні үшін. 100 бал­ға ма­ман­ның ит­ке 5 адым­нан жа­қын жа­қын­да­ға­ны үшін; ит­тің фи­гу­рант­қа се­беп­сіз ша­буыл жа­са­ға­ны (жұл­қы­ла­ға­ны) үшін; ит­тің кү­зе­ті­ле­тін адам­нан 3 адым­нан астам қа­шық­тық­қа кет­ке­ні үшін. 17 Ұстал­ған адам­ды ай­да­уыл­дау «Кү­зет» ко­ман­да­сы, қи­мыл –оң қо­лын бел­ден ба­стап ұстал­ған адам жақ­қа қоз­ғал­ту. Ұстал­ған адам­ды қай­та кү­зе­ту­ден кей­ін ма­ман сол ая­ғы­ның жа­нын­да иті (тіз­гін­сіз) бо­ла тұ­рып, ұстал­ған адам­ның арт­қы жа­ғын­да және оң­ға (со­лға) қа­рай тұ­ра­ды. Қоз­ға­лу­дың ал­дын­да: ұстал­ған­ға – «Адым бас», ит­ке – «Кү­зет» ко­ман­да­сын бе­ре­ді және ке­мін­де 30 метр ту­ра ай­да­уыл­да­уды жүр­гі­зе­ді. Ай­да­уыл­дау ке­зін­де ұстал­ған адам тек­се­ру­ші­нің ко­ман­да­сы бой­ын­ша ма­ман­ға ша­буыл жа­са­у­ға бір әре­кет жа­сай­ды. Ит кі­ді­ру­сіз фи­гу­рант­тың же­ңі­нен бе­рік ұстап (бел­сен­ді ша­буыл жа­са­у­мен) әре­кет жа­са­уы ке­рек. Кү­ре­сті тоқ­та­ту үшін ма­ман ит­ке «Фу» және «Кү­зет» ко­ман­да­сын бе­ре­ді және ай­да­уыл­да­уды жал­ға­сты­ра­ды. Нор­ма­тив ай­да­уыл­да­уды аяқ­та­ған­нан кей­ін және ма­ман­ның «Тап­сы­рыл­ды» де­ген ко­ман­да­сы­нан кей­ін орын­дал­ған бо­лып есеп­те­ле­ді. 100 25 бал­ға: Фу» ко­ман­да­сын неме­се осы нор­ма­тив­тер­мен көз­дел­ме­ген бас­қа ко­ман­да­лар­ды (мы­са­лы, ит­тің атын) қай­та­лап бер­ге­ні үшін; ит­тің «Фу» ко­ман­да­сы бе­рі­л­ген­нен кей­ін осы ко­ман­да­ны 5 се­кунд ішін­де орын­да­ма­ға­ны үшін; кү­зе­ті­ле­тін адам ма­ман­ға ша­буыл жа­са­у­ға әре­кет ет­кен­нен кей­ін, ша­буыл­ды ке­ше­уіл­дет­ке­ні үшін. 100 бал­ға ит­тің ай­да­уыл­дай­тын адам­ға се­беп­сіз ша­буыл жа­са­ға­ны (фи­гу­рант­ты жұл­қы­ла­ға­ны) үшін. Қызметтік иттер санаты Жалпытәртіптік курс үшін Арнайы курс үшін Барлығы іздестіру 65 480 545 қарауылдық 5 300 305 Ескертпе:
Тармақша 1
1) «Отырғызу», «Жатқызу», «Тұрғызу» және «Дауыстап шақыру» нормативтерін орындау кезінде іздестіру иттері маманнан 40 метр қашықтықта болады;
Тармақша 2
2) «Отырғызу», «Жатқызу», «Тұрғызу» нормативтерін орындау кезінде болатын қалыпты ұстау уақыты: іздестіру иттері үшін – 30 секунд;
Тармақша 3
3) тәсілдерді орындау реттілігі, «Дауыстап шақыру» нормативін орындау кезіндегі иттің қалпы, «Апортировка» нормативін орындау кезінде заттың түрін тексеруші адам айқындайды.
Тармақша 4
4) № 12 нормативтен басқа, қарауылдық иттер жалпы тәртіптік цикл бойынша тексерілмейді, балдарды есептеусіз кинологпен қысқа тізгінмен және тұмылдырықта қозғалуы кезінде олардың басқарылуы тексеріледі. Жалпы тәртіптік және арнайы цикл бойынша қызметтік иттердің дайындығы төмендегідей бағаланады: «өте жақсы» – тексерілетін нормативтер бойынша барынша көп балл сомасының жиынтығы 70%-тен кем емес; «жақсы» – тексерілетін нормативтер бойынша барынша көп балл сомасының жиынтығы 60%-тен кем емес; «қанағаттанарлық» – тексерілетін нормативтер бойынша барынша көп балл сомасының жиынтығы 50%-тен кем емес; «қанағаттанарлықсыз» – тексерілетін нормативтер бойынша барынша көп балл сомасының жиынтығы 50%-тен кем.