Об определении перечня должностей специалистов в области социального обеспечения, культуры, являющихся гражданскими служащими и работающих в сельских населенных пунктах Қолданыста
Басқа 0
Азаматтық қызметшілер болып табылатын және ауылдық елді мекендерде жұмыс істейтін әлеуметтік қамсыздандыру, мәдениет саласындағы мамандар лауазымдарының тізбесін айқындау туралы
Қазақстан Республикасының 2015 жылғы 23 қарашадағы Еңбек кодексінің 18-бабының 2) тармақшасына, 139-бабының 9-тармағына, Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 31-бабының 2-тармағына сәйкес, Ұлан ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДI:
Тармақ 1
1. Азаматтық қызметшілер болып табылатын және ауылдық елді мекендерде жұмыс істейтін әлеуметтік қамсыздандыру, мәдениет саласындағы мамандар лауазымдарының тізбесі қосымшаға сәйкес анықталсын.
Тармақ 2
2. «Шығыс Қазақстан облысы Ұлан ауданының экономика және бюджеттік жоспарлау бөлімі» мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасының заңнамалық актілерінде белгіленген тәртіпте:
Тармақша 1
1) осы қаулыны Шығыс Қазақстан облысының Әділет департаментінде мемлекеттік тіркелуін;
Тармақша 2
2) осы қаулы мемлекеттік тіркелген күнінен кейін күнтізбелік он күн ішінде оның көшірмесін Ұлан ауданының аумағында таратылатын мерзімді баспа басылымдарында ресми жариялауға жолданылуын;
Тармақша 3
3) ресми жариялағаннан кейін Ұлан ауданы әкімдігінің интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.
3. Ұлан ауданы әкімдігінің 2020 жылғы 13 мамырдағы № 143 «Азаматтық қызметші болып табылатын және ауылдық жерде жұмыс істейтін әлеуметтік қамсыздандыру, білім беру, мәдениет және спорт саласындағы мамандар лауазымдарының тізбесін айқындау туралы» (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізімінде 7168 нөмерімен тіркелген, 2020 жылдың 11 маусымда Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің Эталондық бақылау банкінде электронды түрде жарияланған) қаулысының күші жойылсын.
Тармақ 4
4. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімінің орынбасары Д. Жөргекбаевқа жүктелсін.
Тармақ 5
5. Осы қаулы 2021 жылғы 1 қаңтардан қолданысқа енгізіледі.
«КЕЛІСІЛГЕН»
Ұлан аудандық мәслихат
хатшысы О. Сыдықов
«___»___________2020 жыл
Басқа 8. Азаматтық қызметшілер болып табылатын және ауылдық елді мекендерде жұмыс істейтін әлеуметтік қамсыздандыру, мәдениет саласындағы мамандар лауазымдарының тізбесі
Ұлан аудандық әкімдігінің
2020 жылғы «30» желтоқсандағы
№ 428 қаулысына
қосымша
Азаматтық қызметшілер болып табылатын және ауылдық елді мекендерде жұмыс істейтін әлеуметтік қамсыздандыру, мәдениет саласындағы мамандар лауазымдарының тізбесі
Тармақ 1
1. Әлеуметтік қамсыздандыру саласы мамандарының лауазымдары:
Тармақша 1
1) үйде қызмет көрсету бөлімшесінің меңгерушісі;
Тармақша 2
2) әлеуметтік қызмет көрсету жөніндегі кеңес беруші;
Тармақша 3
3) қарттар мен мүгедектігі бар адамдарға күтім жасау жөніндегі әлеуметтік қызметкер.
Тармақ 2
2. Мәдениет саласы мамандарының лауазымдары:
Тармақша 1
1) директор, директордың орынбасары;
Тармақша 2
2) мәдени ұйымдастырушы;
Тармақша 3
3) кітапханашы;
Тармақша 4
4) аккомпаниатор;
Тармақша 5
5) үйірме жетекшісі;
Тармақша 6
6) дыбыс операторы;
Тармақша 7
7) музыкалық жетекшісі;
Тармақша 8
8) үйірме жетекшісі;
Тармақша 9
9) хореограф;
Тармақша 10
10) концертмейстер;
Тармақша 11
11) мәдени ұйымдастырушы;
Тармақша 12
12) дыбыс операторы;
Тармақша 13
13) әдістемеші;
Тармақша 14
14) ұжым басшысы;
Тармақша 15
15) ұжым басшысы;
Тармақша 16
16) суретші;
Тармақша 17
17) хормейстер;
Тармақша 18
18) әртіс
Тармақша 19
19) қоюшы-режиссер.