О механизме ограничения выделений трансфертов и дотаций районам Күшін жойған
Басқа 0
Аудандарға трансферттер мен жәрдемқаржы бөлуді шектеу тетігі туралы
📌 Ескерту. Күші жойылды - Батыс Қазақстан облысы әкімінің 09.03.2004 № 11 шешімімен.
Облыс әкімінің 1997 жылға арналған реформаларды тереңдете жүргізу жөніндегі іс - қимыл жоспарының 7 тармағын орындау жолында, аудандар мен Орал қаласы әкімдерінің бюджеттің кіріс бөлігін орындаудағы және бюджеттік қаржыларды тиімді мақсаткерлікпен пайдаланудағы жауапкершіліктерін арттыру мақсатында, сондай-ақ дұрыстық себептер бойынша артта қалған аудандарда әлеуметтік қызмет көрсетудің ең төмен кепілді деңгейін қамтамасыз ету, және оларды мақсатты облыстық бағдарламалардың облыстық бюджетінен қаржыландыру мақсатында,"Бюджеттік жүйе туралы" және "1997 жылға арналған республикалық бюджет туралы" Қазақстан Республикасы Заңдарын басшылыққа алып ШЕІІІІМ ЕТЕМІН:
Тармақ 1
1. Трансферттер мен жәрдемқаржылар аудандардың және Орал қаласының бюджеттеріне төмендегі көрсеткіштер:
- жалпы мемлекеттік салық және жыл басынан бергі алым жинағы болжамын орындау;
- жергілікті бюджетке беркітілген салық және жыл басынан бергі алым жинағы болжамын орындау;
- барлық салық түрлері және өткен аймен салыстырудағы алым жинағы бойынша төленбеген салық сомасына өзгеріс енгізуі жағдайларына байланысты берілетін болсын.
Тармақ 2
2. Аудандардың бюджетіне трансферттер түрінде бөлінетін бюджеттік қаржылардың мақсатты және тиімді пайдаланылуына бақылауды Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің қаржылық бақылау комитеті облыстық басқармасы /Еркінғалиев/ жүзеге асырады.
Тармақ 3
3. Облыстық қаржы басқармасы /Хамитов/ бөлінген трансферттер сомасының мақсатты пайдаланылуына тоқсан сайын талдау жасасын және мақсаттан тыс пайдалану деректерінің анықталуы жағдайында анықталған сома көлемін кері қайтарып, олардың жұмсалуына тиым салатын болсын.