Об определении перечня должностей специалистов в области социального обеспечения, культуры и спорта, являющихся гражданскими служащими и работающих в сельской местности Күшін жойған
Басқа 0
Азаматтық қызметшілер болып табылатын және ауылдық жерде жұмыс істейтін әлеуметтік қамсыздандыру, мәдениет және спорт саласындағы мамандар лауазымдарының тізбесін белгілеу туралы
Қазақстан Республикасының 2015 жылғы 23 қарашадағы Еңбек Кодексінің 139-бабы 9-тармағына, Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 31-бабы 2-тармағына, Қазақстан Республикасының 2016 жылғы 06 сәуірдегі «Құқықтық актілер туралы» Заңының 27-бабына сәйкес Шемонаиха ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
Тармақ 1
1. Азаматтық қызметшілер болып табылатын және ауылдық жерде жұмыс істейтін әлеуметтік қамсыздандыру, мәдениет және спорт саласындағы мамандар лауазымдарының тізбесі осы қаулының қосымшасына сәйкес белгіленсін.
Тармақ 2
2. Шемонаиха ауданы әкімдігінің 2020 жылғы 22 сәуірдегі № 110 «Азаматтық қызметшілер болып табылатын және ауылдық жерде жұмыс істейтін әлеуметтік қамсыздандыру, білім беру, мәдениет және спорт саласындағы мамандар лауазымдарының тізбесін белгілеу туралы» (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде 2020 жылғы 15 мамырда 7087 нөмірімен тіркелген, 2020 жылғы 25 мамырда Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерінің Эталондық бақылау банкінде электрондық түрде жарияланған) қаулысының күші жойылды деп танылсын.
Тармақ 3
3. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімінің орынбасары Б.К.Молдахановқа жүктелсін.
Тармақ 4
4. Осы қаулы оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Келісілді:
Шемонаиха аудандық
мәслихатының хатшысы
«___» __________ 2020 жыл
А. Боровикова
Басқа 5. Азаматтық қызметшілер болып табылатын және ауылдық жерде жұмыс істейтін әлеуметтік қамсыздандыру, мәдениет және спорт саласындағы мамандар лауазымдарының тізбесі
2021 жылғы 6 қаңтардағы
№ 01 қаулысына
қосымша
Азаматтық қызметшілер болып табылатын және ауылдық жерде жұмыс істейтін әлеуметтік қамсыздандыру, мәдениет және спорт саласындағы мамандар лауазымдарының тізбесі
Тармақ 1
1. Әлеуметтік қамсыздандыру саласындағы мемлекеттік мекеменің, коммуналдық мемлекеттік мекеменің мамандар лауазымдары:
Тармақша 1
1) Негізгі персонал: әлеуметтік қызметкер;
Тармақша 2
2) Көмекші персонал: ассистент.
Тармақ 2
2. Мәдениет саласындағы коммуналдық мемлекеттік мекеменің, коммуналдық мемлекеттік қазыналық кәсіпорының мамандар лауазымдары:
Тармақша 1
1) Басқарушы персонал: коммуналдық мемлекеттік қазыналық кәсіпорынның басшысы;
Тармақша 2
2) Негізгі персонал: музыкалық жетекші, аккомпаниатор, көркемдік жетекші, әдіскер, дыбыс операторы, мәдени ұйымдастырушы, хореограф, қоюшы режиссер, хор жетекшісі, кітапханашы.
Тармақ 3
3. Спорт саласындағы коммуналдық мемлекеттік мекеменің мамандар лауазымдары:
Тармақша 1
1) Басқарушы персонал: коммуналдық мемлекеттік мекеменің басшысы;
Тармақша 2
2) Негізгі персонал: жаттықтырушы-оқытушы, әдіскер, дәрігер.