Об утверждении Правил использования средств резерва акимата области Мәртебесі расталмаған
Басқа 0
Облыс әкімияты резервінің қаражатын пайдаланудың Тәртібін бекіту туралы
«Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы» 2001 жылғы 23 қаңтардағы № 148, «Бюджет жүйесі туралы» 1999 жылғы 1 сәуірдегі № 357 Қазақстан Республикасының Заңдарына және «Қазақстан Республикасы
Үкіметі резервінің қаражатын пайдаланудың Тәртібін бекіту туралы» 1999 жылғы 18 қыркүйектегі Қазақстан Республикасы Үкіметінің № 1408 қаулысына сәйкес, облыс әкімияты ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
Тармақ 1
1. Қоса берілген облыс әкімияты резервінің қаражатын пайдаланудың Тәртібі бекітілсін.
Тармақ 2
2. Аудандар (қала) әкімияттары бір ай мерзімде тиісті резервтер қаражатын пайдаланудың тәртібін әзірлесін және бекітсін.
Тармақ 3
3. «Облыс әкімінің резерв қаржыларын пайдалану Ережелерін бекіту туралы» 1999 жылғы 19 қазандағы облыс Әкімінің № 179 шешімінің күші жойылсын.
Тармақ 4
4. Осы қаулының орындалуын бақылау облыс Әкімінің бірінші орынбасары О. Г. Химчукке жүктелсін.
Басқа 5
Ақтөбе облысы әкімиятының
2003 жылғы 14. 04 № 88
қаулысымен
БЕКІТІЛДІ
Облыс әкімиятының резерв қаражатын пайдаланудың Тәртібі туралы
📌 Ескерту. Тәртіпке өзгерістер енгізілді - Ақтөбе облыстық әкімиятының 01.06.2004 № 134 қаулысымен.
Осы Тәртіп Ақтөбе облысы әкімиятының резерв қаражатын бөлу және пайдалану тәртібін белгілейді.
Бөлім 1. 1. Жалпы ережелер.
1. Жалпы ережелер.
Тармақ 1
1. Осы Тәртіпте мынадай ұғымдар қолданылады:
облыс әкімиятының резерві - тиісті қаржы жылына арналған облыстық бюджетте қарастырылған және бір жолғы сипаттағы көлденең шығындарды қаржыландыру үшін облыс
әкімият қаулысы
бойынша бөлінетін қаражат;
күтпеген шығындар — ағымдағы қаржылық жылына арналған облыстық бюджетті қалыптастыру кезінде күні бүрын жоспарлау мүмкін емес, бірақ ағымдағы қаржы жылы кейінге қалдырылмай қаржыландыруды талап ететін шығындар;
облыстық атқарушы органдардың міндеттемелерін өтеуге арналған облыс әкімиятының резерві құрамындағы қаражат – бұл сот шешімдері бойынша облыстық атқарушы органдардың міндеттемелерін өтеу үшін қарастырылатын және облыстық бюджеттік бағдарламалардың әкімшілеріне бөлінетін қаражаттар;
кассалық алшақтықтың орнын жабу үшін төменгі сатыдағы бюджетті қаржыландыруға арналған арнаулы резерв — бұл облыс әкімиятының резерві құрамында қарастырылған аудандық (қалалық) мәслихаттар шешімдерімен бекітілген, аудандық (қалалық) бюджетті ағымдағы түсірілімдермен және белгілі есепті кезең ішінде аудандық (қалалық) бюджет тапшылығын қаржыландыру қамтамасыз етілмеген, аудандық (қалалық) бюджеттердің шығыстарын қаржыландыруға арналған, қайтару негізінде, төменгі сатыдағы бюджеттерге бөлінетін қаражат;
облыс әкімиятының резерв қаражатын алушы — облыстық бюджеттік бағдарламалардың әкімшілері немесе қала (аудан) әкімі.
Тармақ 2
2. Облыс әкімиятының резерв қаражаты есебінен қаржыландырылатын біржолғы сипаттағы күтілмеғен шығыстарға мынадай іс-шаралар жатады:
Тармақша 1
1) табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайларды жою, оған мыналар кіреді:
төтенше жағдайлардың туындауы нәтижесіне зардап шеккендерге материалдық көмек көрсету;
уақытша тұрақ пункттерін кеңінен өрістету және оны ұстау, зардап шеккендерді тамақтандыру;
жедел байқаудың апаттық - құтқару және апаттық қайта қалпына келтіру бөлімшелерін құтқарудың техникалық құралдарымен, жабдықтарымен және саймандарымен қосымша жарақтандыру;
төтенше жағдайларды жоюға байланысты басқа да шаралар;
Тармақша 2
2) сот шешімі бойынша облыстық атқарушы органдардың міндеттемелерін өтеу;
Тармақша 3
3) кассалық алшақтықтың орнын жабу үшін төменгі сатыдағы бюджеттерді несиелеу.
Бөлім 2. 2. Облыс әкімиятының резерв қаражатын бөлу және пайдалану тәртібі.
2. Облыс әкімиятының резерв қаражатын бөлу және пайдалану тәртібі.
Тармақ 3
3. Облыс әкімиятының резервінен қаражат бөлуді облыстық қаржы басқармасы
облыс әкімияты қаулысының
негізінде, заңда белгіленген тәртіппен қаржыландыруды ашу арқылы, тиісті қаржы жылына арналған осы мақсатқа жұмсалатын шығындар құрамының бекітілген мөлшерінде жүзеге асырады, онда алушы, бөлінген қаражат көлемі және оларды пайдаланудың мақсаттары, ал қаражат бөлінген жағдайда оларды беру шарты және қайтару мерзімі көрсетілетін, заңнамада белгіленген тәртіппен жүргізілетін қаржыландыруды ашу жолымен, шығыстар құрамында тиісті қаржылық жылға арналған осы мақсатқа бекітілген мөлшер шегінде жүзеге асырады.
Тармақ 4
4. Облыс әкімиятының резерв қаражатының қатаң арнаулы мақсаты болады және осы Тәртіпте және резервтен қаражат бөлу туралы облыс әкімиятының қаулысында көзделмеген мүқтаждарға пайдаланылмайды.
Тармақ 5
5. Резервтен қаражат бөлу туралы
облыс әкімиятының қаулыларын дайындау кезінде мынадай жағдайлар есепке алынады:
Тармақша 1
1) ағымдағы қаржылық жылға арналған облыстық бюджеттегі жұмсалатын қаражаттың болмауы;
Тармақша 2
2) соттардың шешімдері бойынша облыс әкімиятының және облыстық атқарушы органдардың міндеттемелерін өтеу жағдайларынан басқа, алушының ағымдағы қаржылық жылында туындаған қаражат қажеттілігі мен оған деген өткендегі міндеттемелердің байланысты болмауының қажеттілігі.
Тармақ 6
6. Бөлінген несиені толықтай өтегеннен кейін күшін жоятын, облыс әкімиятының арнаулы резервінен қаражат бөлу туралы
облыс әкімиятының қаулыларын басқа, облыс әкімиятының арнаулы резервінен төменгі сатыдағы бюджеттерге несиелер бөлу туралы өкімдерінен басқа, бір жыл өткенге дейін облыс әкімінің тиісті өкімдерінің негізінде күшін жояды.
Бөлім 3. 3. Табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайларды жоюға арнап қаражат бөлу
3. Табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайларды жоюға арнап қаражат бөлу
Тармақ 7
7. Табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайлар туындаған жағдайда, облыс әкімиятының резервінен қаражат бөлу туралы ықпалхатты облыстық төтенше жағдайлар жөніндегі басқармасы қарайды. Бұл ретте туындаған төтенше жағдайлардың аумақтық ауқымы болуы тиіс.
Тармақ 8
8. Негіздемелік материалдар мен олардың тізбесін берудің тәртібін облыстық төтенше жағдайлар жөніндегі басқармасы айқындап белгілейді.
Тармақ 9
9. Аймақтық ауқымдағы табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайларды жою қажет болған кезінде облыстық төтенше жағдайлар жөніндегі басқармасы заңнамамен белгіленген тәртіппен төтенше жағдайларды жоюға арнап қаражат бөлу туралы
қаулы жобасын облыс әкіміне енгізеді.
Тармақ 10
10. Облыстық, қалалық (аудандық) ауқымдағы табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайларды жою аудан қала әкімиятының резерв қаражаты есебінен қаржыландыруға тиіс.
Бөлім 4. 4. Соттардың шешімдері бойынша облыс әкімиятының және облыстық атқарушы органдардың міндеттемелерін өтеуге арнап қаражат бөлу
4. Соттардың шешімдері бойынша облыс әкімиятының және облыстық атқарушы органдардың міндеттемелерін өтеуге арнап қаражат бөлу
Тармақ 11
11. Соттардың шешімдері бойынша облыс әкімиятының және бағдарламалардың әкімшілері - облыстық басқармалардың міндеттемелерін өтеу, соттардың орындау құжаттары болған жағдайда, облыс әрсімиятының резерв қаражаты есебінен қамтамасыз етіледі. Қолданудағы заңнамамен көзделген негіздемелер болған жағдайда, соттың шешімдері бойынша төлем төлеуді жүргізуге міндетті облыстың атқарушы органдары, көрсетілген шешімді барлық сот орындарына шағымдануға тиіс.
Облыстың атқарушы органдары облыстық бюджеттік бағдарламалардың әкімшісіне шағым жасалатын сот кесімдерін табыс етуге тиіс.
Облыстың атқарушы органдары өзінің заңсыз қабылдаған кесімдері үшін, сондай-ақ әкімшілік басқару саласында өзінің лауазымды түлеаларының заңсыз іс-қимыл әрекеттері үшін оған бөлінетін «Әкімшілік шығыстар» бойынша қаражатпен жауап береді.
Тармақ 12
12. Облыс әкімиятының міндеттемелерін өтеуге арнап облыс әкімиятының резервінен қаражат бөлу туралы облыс әкімиятының қаулысы
заңнамамен белгіленген тәртіпте облыстық қаржы басқармасы дайындайды.
Тармақ 13
13. Бағдарламалардың әкімшілері-облыстың атқарушы органдарының міндеттемелерін өтеуге арнап облыс әкімиятының резервінен қаражат бөлу туралы
облыс әкімиятының қаулысы
жобасын заңнамамен белгіленген тәртіпте тиісті бағдарламаның әкімшісі-атқарушы орган дайындайды.
Бөлім 5. 5. Кассалық алшақтықтың орнын жабуға арнап төменгі сатыдағы бюджеттерді несиелендіруге арнап қаражат бөлу.
5. Кассалық алшақтықтың орнын жабуға арнап төменгі сатыдағы бюджеттерді несиелендіруге арнап қаражат бөлу.
Тармақ 14
14. Облыс әкімі қалалар мен аудандар әкімдерінің ықпалхаты бойынша, тиісті қаржылық жылға арналған облыстық бюджетте көзделген, кассалық алшақтықтың орнын жабуға арнап төменгі сатыдағы бюджеттерді несиелендіру үшін облыстық бюджеттен арнайы резерв шегінде аудандық және қалалық бюджеттерге несие бере алады.
Тармақ 15
15. Облыстық қаржы басқармасы табыс етілген ықпалхаттың негізінде, сондай-ақ осы тектес мәселелер бойынша облыс әкімінің бұрындары қабылдаған
қаулылары мен төменгі сатыдағы бюджеттерге бұрындары берілген несиелер туралы мәліметтер тұрғысынан кассалық алшақтықтың орнын жабуға арнап төменгі сатыдағы бюджеттерді несиелендіру үшін арнайы резервтен қаражат бөлудің мүмкіндігі мен мүмкін еместігі туралы қорытынды береді.
Төменгі сатыдағы бюджеттерді несиелендіру үшін арнайы резервтен қаражат бөлу үшін мыналар міндетті шарттар болып табылады:
Тармақша 1
1) аудандар мен қалалардың бюджеттерін несиелендіру үшін облыстық бюджетте ағымдағы қаржылық жылға арнап көзделген соманың болуы;
Тармақша 2
2) аудандық (қалалық) мәслихаттардың шешімдерімен бекітілген, аудандық ( қалалық) бюджеттердің шығыстарын және аудандық (қалалық) бюджеттерге ағымдағы түсірілімдермен қамтамасыз етілмеген және белгілі бір есепті кезең ішінде аудандық (қалалық) бюджеттердің тапшылығын қаржыландыруға
арнап бөлінетін қаражатты бағыттау;
Тармақша 3
3) облыстық бюджеттен бқрындары берілген несиелері бойынша аудандар (қала) әкімдерінің мерзімі өткізілген берешектері болмауы.
Тармақ 16
16. Аудан (қала) әкімінің ықпалхаты бойынша кассалық алшақтықтың орнын жабуға арнап төменгі сатыдағы бюджеттерді несиелендіру үшін облыс әкімиятының арнайы резервінен ақша бөлу туралы
қаулыларының жобасын облыстық қаржы басқармасы облыс әкімінің қарауына енгізеді.
Тармақ 17
17. Аудандар (қала) әкімдерінің кассалық алшақтықтың орнын жабуға тек қана облыстық бюджеттен қарыз алуға құқығы бар.
Кассалық алшақтықтың орнын жабуға облыстық бюджеттен аудандар (қала) бюджеттеріне бөлінген несиелер белгіленген мерзімінде өтелмеген жағдайда, облыс әкімінің Қазақстан Республикасының Қаржы Министрлігінің айқындап белгілеген тәртіпте, өтемеген борыш сомасын есептен шығаруды жүзеге асыру үшін тиісті аудан (қала) бюджетінің ағымдағы шоттары бойынша барлық шығыстар операциясын тоқтатуға хақысы бар.
Бөлім 6. 6. Бақылау және есеп беру.
6. Бақылау және есеп беру.
Тармақ 18
18. Облыс әкімиятының резервінен бөлінген қаражатты алушылар облыстық қаржы басқармасы белгіленген тәртіп және мерзімде оларды пайдалану, орындалған жұмыстардың көлемі мен құны туралы есепті табыс етуге тиіс.
Тармақ 19
19. Облыстық қаржы басқармасы облыс әкімиятының резерв қаражатының пайдаланылуы және тиісті кезеңге оның қалдығы туралы ақпаратты ай сайын облыс әкіміне табыс етеді.
Тармақ 20
20. Облыс әкімиятының резервінен бөлінген қаражаттың мақсатқа сай емес пайдаланғаны үшін алушы Қазақстан Республикасының заңнамасымен көзделген тәртіпте жауаптылықта болады.
Тармақ 21
21. Облыс әкімияты резервінің қаражатын мақсатқа сай пайдаланылуына бақылау жасауды облыстық қаржы басқармасы, қалалық аудандық қаржы бөлімдері жүзеге асырады.