Об отборе кандидатов в военно-учебные заведения Республики Казахстан и Российской Федерации Қолданыста

07.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 18.03.2003. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
Қазақстан Республикасының және Ресей Федерациясының әскери-оқу орындарына кандидаттар іріктеп алу Қазакстан Республикасынын жене Ресей Федерациясының әскери-оқу орындарына 2003 ж. кандидаттар ipiктеп алу шараларын ұйымдасқан түрде және сапалы өткізу мақсатында облыс Әкімі ШЕШІМ қабылдады:
Тармақ 1
1. Аудандар мен қалалардың әкімдері әскери комиссарлар Қазақстан Республикасыныңн және Ресей Федерациясының әскери-оқу орындарына кандидаттар ipiктеп алу разнарядкаларын орындауға байланысты шаралар қабылдасын (№ 1 қосымша). Әскери оқу орындарында оқуға кандидаттар ipiктеп алу кезінде балалар үйінде тәрбиеленушілер, жітім балаларға арналған мектеп-интернаттар оқушылары, сондай-ақ көп балалы және аз қамтамасыз етілген отбасыларының балалары, Қазакстан Республикасының мүддесін қорғау кезінде қаза тапқан әскери қызметпплері балаларының арасынан шыққан бозбалаларға артықшылық берілсін. Медициналық растау және мандат комиссиясының тексеруін жургізу мақсатында Алматы қаласындағы облыстық пунктке кандидаттарды дер кезінде жеткізуге қажет қаржының және көлік құралдарының бөлінуін ескерсін.
Тармақ 2
2. Алматы облысы Әкімі денсаулық сақтау басқармасының бастығы (А.Д. Дуйсекеев):
Тармақша 1
1)Қазақстан Республикасының және Ресей Федерациясының әскери-оқу орындарына кандидаттарды медициналық растау шарасын 2003 жылдың 10-22 cәуірі, ал Кадет корпусы мен Республикалық «Жас ұлан» мектебіне кандидаттарды медициналық растау шарасын 2003 жылғы 2-22 мамыр аралығында өткізсін.
Тармақша 2
2)Аудандық (қалалық) әскери комиссариаттардың келісімі мен әскери оқу орнына кандидаттарды медициналық растау шарасын өткізуге қажет мөлшерде дәрігер мамандар мен медициналық қызметкелер бөлсін, әскери-оқу орындарындағы мамандықтарды ескере отырып, оларды медициналық тексеруден өткізуді ұйымдастырсын. Анализдер тапсыру, сондай-ақ флюорография мен арнайы медициналық кандидаттарға тегін қызмет көрсетсін.
Тармақ 3
3. Білім департаментінің директоры (Т.Е. Естенов) әсери оқу орындарына кандидаттардың негізгі пәндер (математика, физика, қазақ және орыс тілдері, қазақстанның тарихы) бойынша білімдерін әділ тексеруден өткізсін.
Тармақ 4
4. Спорт және дене тәрбиесінің бастығы (Ә.Ж. Жайлаубеков) әскери оқу органдарына түсетін кандидаттардың күш-қайрат, шыдамдылық және жылдамдық бойынша физикалық дайындығы нормативтерін өткізуін ұйымдастырсын.
Тармақ 5
5. Облыстық әскери комиссар (Т.Р. Мәукебаев) әскери-оқу орындарына кандидаттар іріктеу жөніндегі жұмысты менің шешіміме, Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігінің және Қарулы Kүштері бас штабы бастығының бұйрықтары мен директиваларына сәйкес ұйымдастырсын.
Тармақ 6
6. Осы шешімнің орындалуы туралы ақпарат 2003 жылдың 15-қарашасына дейін тапсырылсын.
Тармақ 7
7. Осы шешімнің орындалуын бақылау Алматы облысы Әкімінің бірінші орынбасары В.А. Долженковқа жүктелсін.
Тармақ 8
8. Алматы облысы Әкімінің 2002 жылғы 27-наурыздағы № 3-60 шешімі күшін жойған болып саналсын.
Басқа 11
Облыс Әкімінің 2003 жылғы «18» наурыз № 3-55 шешіміне қосымша Қазақстан Республикасы және Ресей Федерациясы Қорғаныс министрліктерінің әскери-оқу орындарына кандидаттар іріктеп алудың разнарядкасы Аудандар (қалалар) атаулары ҚР-ң әскери-оқу орындары Ресей Федерациясының жоғарғы әскери оқу орындары Жоғарғы әскери оқу орындары Кадет корпусы Республикалық «Жас ұлан» мектебі Балқаш 12 1 1 5 Жамбыл 20 1 1 5 Іле 20 1 1 6 Қапшағай қ. 20 1 1 4 Қарасай 20 2 1 5 Райымбек 14 1 1 6 Талғар 22 1 1 6 Ұйғыр 16 2 1 5 Еңбекшіқазақ 42 2 1 6 Ақсу 6 1 1 5 Алакөл 12 1 1 3 Қаратал 20 2 1 5 Кербұлақ 16 1 1 3 Панфилов 21 1 1 5 Сарқан 7 1 1 6 Ескелді 18 1 1 3 Талдықорған қ. 36 2 - 3 Барлығы: 322 22 16 81