О создании Залогового Фонда Күшін жойған
Басқа 0
Кепілдік қорын құру туралы
📌 Ескерту. Күші жойылды - Алматы облысы әкімдігінің 2007.06.04 № 118 қаулысымен.
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2000 жылғы 7-шілдедегі "Шағын кәсіпкерлік субъектілеріне кредит беру кезінде кепілдікті қамтамасыз ету ретіндегі коммуналдық меншік объектілерін пайдалану туралы" N 1028 қаулысына сәйкес, шағын кәсіпкерлік субъектілеріне, басымды инвестициялық жобаларға кредит беру кезінде кепілдік мүлкімен қамтамасыз ету мақсатында облыс Әкімдігі ҚАУЛЫ етеді:
Тармақ 1
1. Коммуналдық меншік объектілері есебінен Алматы облысы әкімінің Кепілдік қоры құрылсын.
Тармақ 2
2. Коммуналдық меншіктің Кепілдік қорын ұстаушы (иесі) болып шаруашылық жүргізу құқығындағы "Инновациялар жөніндегі комитет" мемлекеттік коммуналдық кәсіпорны бекітілсін.
Тармақ 3
3. Коммуналдық меншік департаменті Кепілдік қорына өткізіп беру үшін коммуналдық меншік объектілерінің тізбесін жасап, облыс әкімінің бекітуіне ұсынсын.