Қалалық бюджеттің қаражаттары есебінен мемлекеттік мекемелердің қаржыландыру Қағидасын бекіту туралы Қолданыста

07.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 25.03.2003. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
Қалалық бюджеттің қаражаттары есебінен мемлекеттік мекемелердің қаржыландыру Қағидасын бекіту туралы Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы" Заңының 31-бабына, Қазақстан Республикасының Үкіметінің 2002 жылғы 25 шілдедегі N 832 қаулысымен бекітілген "Мемлекеттiк бюджет есебiнен ұсталатын мемлекеттiк мекемелер үшiн бюджеттiң атқарылуы және есептiлiк нысандарын жүргізу (мерзiмдiк және жылдық) жөнiндегі қаржылық рәсімдердің Ережелеріне" сәйкес қалалық бюджеттің орындалуын қамтамасыз ету мақсатында:
Тармақ 1
1. Қоса беріліп отырған қалалық бюджеттің қаржылары есебінен мемлекеттік мекемелердің қаржыландыру Қағидасы бекітілсін.
Тармақ 2
2. Қалалық бюджеттік бағдарлама әкімшілері, мемлекеттік мекемелер осы қаулының орындалуын қамтамасыз етсін.
Тармақ 3
3. Осы қаулының орындалуын бақылау қала әкімінің орынбасары З.Т. Мұсылманбековаға жүктелсін.
Тармақ 4
4. Осы қаулы 2003 жылдың 1 қаңтарынан бастап күшіне енеді.
Басқа 5
"Қалалық бюджеттің қаражаттары есебінен мемлекеттік мекемелердің қаржыландыру Қағидасын бекіту туралы" Қаражал қаласы әкімиятының 2003 жылғы 25 наурыздағы N 39 қаулысымен бекітілген Қалалық бюджеттің қаражаттары есебінен мемлекеттік мекемелерді қаржыландыру ҚАҒИДАСЫ
Тарау 1. 1. Жалпы ереже
1. Жалпы ереже
Тармақ 1
1. Осы Қағида қалалық бюджеттің орындалуын қамтамасыз ету мақсатында әзірленді және қалалық бюджет есебінен қаржыландырылатын мемлекеттік мекемелердің шығыстарына шоттарды төлеумен және қаржыландыру тәртібін қарастырады.
Тармақ 2
2. Мемлекеттік мекемелердің қаржыландырылуы тиісті қаржы жылына қалалық бюджетте қарастырылған қаражаттар есебінен жүргізіледі.
Тарау 2. 2. Қалалық бюджеттің қаражаттары есебінен мемлекеттік мекемелерді қаржыландыру тәртібі
2. Қалалық бюджеттің қаражаттары есебінен мемлекеттік мекемелерді қаржыландыру тәртібі
Тармақ 3
3. Қала әкімінің қаржы бөлімі ай сайын, әр айдың 10 күніне дейін бюджеттік бағдарлама әкімшілеріне қалалық бюджетке күтілетін ақшалардың түсуін ескеріп, қалалық бюджеттің міндеттемелері және атқарушы органдардың шешімдері бойынша паспорттар мен қаржыландырудың жиынтық жоспарына сәйкес келісім береді.
Тармақ 4
4. Қалалық бюджеттен қаражаттар бөлудің келесі басымдық бағыттары анықталсын:
Тармақша 1
1) Жұмыс берушілердің еңбек ақысы және жарналары;
Тармақша 2
2) Тамақ және дәрі-дәрмектер;
Тармақша 3
3) Атаулы әлеуметтік көмек. Басқа шығындар (тауарларды сатып алу, жұмыс және қызмет), және басқа да ағымдағы шығындар бірінші кезекте қаражаттар бөлгеннен кейін жүргізілсін.
Тармақ 5
5. Мемлекеттік сатып алу нәтижелері бойынша мемлекеттік мекеме қолданыстағы заңдылықтарға сәйкес рұқсат берілген шекте бір жылға, тоқсанға немесе басқа мерзімге тауарларды сатып алуға (жұмыс және қызмет) келісім жасайды.
Тармақ 6
6. Егер бір айрықшалықты орындау үшін болса, келісім - шарттар бірнеше жеткізушілермен жасалады, бұл келісім - шарттардың жалпы сомасы осы айрықшалық бойынша келісім жасауға рұқсат етілген шекте бюджеттік тағайындаулардың сомасынан аспауы керек.
Тармақ 7
7. Тауарларды сатып алуға (жұмыс және қызмет) барлық азаматтық-құқықтық мәміле қалалық бюджеттің орындалуын ескеру мақсатында қаржы бөлімімен келісіледі және аумақтық қазынашылық органдарда тіркеуге жатады.
Тармақ 8
8. Сатып алатын тауарлардың (жұмыс және қызмет) бағаларына мониторинг жүргізу және бюджет қаражаттарын тиімді пайдалану мақсатында мемлекеттік мекемелермен бағалық ұсыныстарды сұрау салу тәсілімен, бір көзден алу тәсілімен жасасатын мемлекеттік сатып алудың келісім-шарттары экономика және кәсіпкерлікті қолдау комитетімен келісуге тиісті.
Тарау 3. 3. Мемлекеттік мекемелердің шоттарын төлеуге қабылдап алу
3. Мемлекеттік мекемелердің шоттарын төлеуге қабылдап алу
Тармақ 9
9. Бюджет қаражаттарын тиімді пайдалану мақсатында төлемдерді жүргізуге бюджет ақшаларын бөлу бойынша шешім қабылдау үшін қалалық қаржы бөлімі қалалық бюджеттік бағдарлама әкімшілерінің қаржылық рәсімдерін өткізу мониторингісін жүзеге асырады.
Тармақ 10
10. Бюджет шығындарының басымдық бағытының ішінарасындағы осы қаулыны іске асыру, бюджет қаражаттарын тиімді пайдалануды қамтамасыз ету мақсатында мемлекеттік мекеме қалалық қаржы бөліміне келісу үшін төлемге шоттарды (тапсырыс) тапсырады.
Тармақ 11
11. Алушылармен тапсырылған төлемге бюджет қаражаттарының шоттары негізінде қалалық қаржы бөлімі қолда бар ақшаның бақылау шотына сәйкес бос қалдықтар шегінде төлемге рұқсат етілген шығындар айрықшалықтарының күнделікті тізімдемесін қалыптастырады және төлемдерді жүргізу үшін оны қалалық қазынашылық бөліміне тапсырады.
Тармақ 12
12. Қалалық қазынашылық бөлімі қалалық қаржы бөлімімен тапсырылған шығындар айрықшалықтарының күнделікті тізімдемесі негізінде төлемдер пакеттерін қалыптастырады және төлемдердің жүргізілуін жүзеге асырады.
Тармақ 13
13. Қалалық қазынашылық бөлімі төлемдерді жүргізгеннен және шоттардың бірыңғай стандарттық жоспарына сәйкес қалалық қолда бар ақшаның бақылау шотына көрініс тапқан жүргізілген операциялар туралы төлем жүйесі ақпаратын растанғаннан кейін қала әкімінің қаржы бөліміне қала бюджетін орындау бойынша бухгалтерлік есепті жүргізу үшін "Төлем тапсырмаларын орындау" ф.5-02 және "Шоттардағы қалдықтар жөніндегі есеп" ф.5-34 тапсырады.
Тарау 4. 4. Қалалық бюджеттің қаражаттарын шығыстауға жауапкершілік
4. Қалалық бюджеттің қаражаттарын шығыстауға жауапкершілік
Тармақ 14
14. Мемлекеттік сатып алу келісім-шарттарын рәсімдеу, сондай-ақ осы негізде мемлекеттік сатып алу рәсімдерінің нәтижелері бойынша жеткізуші анықталған келісім-шарттар үшін жауапкершілік мемлекеттік мекеменің басшысына жүктеледі.
Тармақ 15
15. Қалалық бюджеттің тиімді, мақсатты пайдалануы және қаражаттарды игеру үшін жауапкершілік мемлекеттік мекемелердің басшылары - бюджеттік бағдарламалардың әкімшілеріне жүктеледі.