О мерах по укреплению общественного порядка и повышению роли участковых инспекторов полиции органов внутренних дел области в предупреждении и профилактике правонарушений Күшін жойған
Басқа 0
Қоғамдық тәртіпті нығайту және облыстың ішкі істер органдары полициясының учаскелік уәкілдерінің құқық бұзушылықтан сақтандыpy және алдын алудағы рөлін арттыру жөніндегі шаралар туралы
📌 Ескерту. Күші жойылды - Қостанай облысы әкімдігінің 13.12.2004 № 352 қаулысымен.
Қоғамдық тәртіпті одан әpi нығайту, облыс аумағында құқық бұзушылықтан сақтандыpy және алдын алу жөніндегі жұмыс сапасын арттыру, қалалық және аудандық ішкі істер органдары полициясының учаскелік пункттерінің жұмыс icтеу жағдайын жақсарту мақсатында, Қостанай облысының әкімияты ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
Тармақ 1
1. Қалалар және аудандар әкімдері:
Тармақша 1
1) облыстың ішкі icтep органдары полициясының учаскелік уәкілдерін 2003 жылғы 1 шілдеге дейінгі мерзімде қызметтік тұрғын үймен және автокөлікпен қамтамасыз етсін;
Тармақша 2
2) әкімшілік учаскелер шегіндегі полицияның бұрын жұмыс істеген учаскелік пункттерін қалпына келтіру туралы мәселені зерттесін, олардың жұмыс істеуі үшін қалыпты жағдай туғызуды және ұстауды қамтамасыз етсін, қаралған қаражат шегінде қабылданатын «Ауыл» бағдарламаларының шеңберінде оларды жөндеуді және жарақтандыруды қарастырсын;
Тармақша 3
3) біреудің мүлкін ұрлаудың алдын алу және полицияның учаскелік уәкілдерінің жұмыс жағдайын жақсарту жөніндегі Қостанай ауданы әкімиятының жағымды тәжірибесін зерттесін, оны енгізу туралы мәселені қарастырсын;
Тармақша 4
4) Қостанай қаласының әкімі В.Н. Ленивцев 2003 жылғы 1 мамырға дeйiнгі мерзімде полицияның бip учаскелік пункті 10 мың тұрғынға қызмет ететін есеппен қалалық ішкі icтep бөлiмi полициясының учаскелік уәкілдерін қызметтік жайлармен (полицияның учаскелік пункттерімен) оларды Қостанай қалалық істер бөлімінің балансына қоя отырып, қамтамасыз етсін.
Тармақ 2
2. Қостанай облысының ішкі icтep бас басқармасы (Н.М. Дейхин) облыстың қаржы департаментімен (М.А. Щеглова) бірлесе отырып:
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1996 жылғы 24 желтоқсандағы № 1598 «Қоғамдық тәртіпті нығайту және құқық бұзушылықтың алдын алу мен профилактикасында ішкі icтep органдары учаскелік уәкілдерінің рөлін көтеру жөніндегі қосымша шаралар туралы» қаулысына сәйкес, облыстың ішкі icтep бөлімдері полициясының учаскелік уәкілдерінің штаттық санын 2005 жылға дейін кезең-кезеңмен белгіленген нормативке дейін жеткізсін.
Тармақ 3
3. Қостанай облысының ішкі істер бас басқармасы (Н.М. Дейхин):
кадр тапшылығын төмендету мақсатында полицияның учаскелік уәкілдерін нақты әкімшілік учаскелерге ұзақ мерзімді бекітуді жалғастырсын.
Тармақ 4
4. Облыс әкімінің әкімшілік органдардың жұмысы мәселелері жөніндегі кеңесшісі А.Б. Әміров Қостанай облысының ішкі істер бас басқармасымен (Н.М. Дейхин) бірлесе отырып осы қаулының орындалуы жөніндегі жұмыс жағдайын тоқсан сайын зерттесін.
Тармақ 5
5. Қостанай облысы әкімінің 1998 жылғы 2 қарашадағы № 103 «Қылмыспен күресті ұйымдастыру және ведомстволық бағыныштағы аумақтарында құқық тәртібін нығайтудағы барлық деңгейдегі әкімдер мен облыстың ішкі істер органдары полициясының учаскелік инспекторларының жұмыс тиімділігін арттыру туралы» шешімінің, Қостанай облысы әкмиятының 2001 жылғы 20 желтоқсандағы № 176 «Қоғамдық тәртіпті нығайту және облыстың ішкі icтep органдары полициясының учаскелік инспекторларының құқық бұзушылықтан сақтандыру және алдын алудағы рөлін арттыру жөнiндeгi шаралар туралы» қаулысының күштерi жойылды деп есептелсін (тіркеу № 35, 1173 сәйкес).
Тармақ 6
6. Осы қаулының орындалуына бақылау жасау облыс әкімінің әкімшілік органдардың жұмысы мәселелері жөніндегі кеңесшісі А.Б. Әміровке жүктелсін.