Об установлении карантинной зоны с введением карантинного режима на территории административно-территориальных единиц Атырауской области Қолданыста

10.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 06.01.2026. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
Атырау облысының әкімшілік-аумақтық бірліктер аумағында карантиндік режимді енгізе отырып, карантинді аймақты белгілеу туралы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 27, 37-баптарына, «Өсімдіктер карантині туралы» Қазақстан Республикасының 1999 жылғы 11 ақпандағы Заңының 9-1-бабының 3) тармақшасына, «Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі Агроөнеркәсіптік кешендегі мемлекеттік инспекция комитетінің Атырау облыстық аумақтық инспекциясы» мемлекеттік мекемесінің 2021 жылғы 12 қаңтардағы № 06-17/24 ұсынысына сәйкес, облыс аумағын, өсімдік және өсімдік текті өнімдерін карантиндік нысандардың таралуынан қорғауды қамтамасыз ету, карантиндік нысандардың таралу ошақтарын дер кезінде анықтау, оқшаулау және толық жою мақсатында Атырау облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
Тармақ 1
1. Осы қаулының қосымшасына сәйкес Атырау облысының әкімшілік-аумақтық бірліктер аумағында карантиндік режимді енгізе отырып, карантинді аймақ белгіленсін.
Тармақ 2
2. Осы қаулының орындалуын бақылау Атырау облысы әкімінің орынбасары Қ.Ә. Бекеновке жүктелсін.
Тармақ 3
3. Осы қаулы әділет органдарында мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді және ол алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Басқа 4. Атырау облысы аумағында шөптесін өсімдіктерде паразиттік ететін арам сояумен зақымданған алқаптар көлемінде карантин режимі енгізілген карантин аймағы
Атырау облысы әкімідігінің 2021 жылғы 18 қаңтардағы № 3 қаулысына қосымша Атырау облысы аумағында шөптесін өсімдіктерде паразиттік ететін арам сояумен зақымданған алқаптар көлемінде карантин режимі енгізілген карантин аймағы № р/с Ауылдық округтер атауы Жер учаскесінің тиесілігі Зақымданған алқап, гектарда Құрманғазы ауданы 1 Бірлік Босалқы жерлер 17 2 Сафон 10 3 Нұржау 3 4 Құрманғазы 3 Барлығы 33 № р/с Ауылдық округтер атауы Жер учаскесінің тиесілігі Зақымданған алқап, гектарда Атырау қаласы 1 Қайыршақты «Абдулла » ШҚ 2 Барлығы 2