О мерах по обеспечению защиты населения Сузакского, Отрарского, Ордабасинского районов, проживающих в природном очаге крымской геморрагической лихорадки Қолданыста

07.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 31.03.2003. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
Қырым қанды безгегiнiң табиғи ошағында тұратын Созақ, Отырар, Ордабасы аудандарының тұрғындарын қорғауды қамтамасыз ету жөнiндегi шаралар туралы "Тұрғындарды адам өмiрiне қауiптi қансорғыш жәндiктер мен кенелерден қорғау жөнiндегi шұғыл шаралар туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 1996 жылғы 2 шiлдедегi № 840 қаулысын жүзеге асыру және қырым қанды безгегiнiң табиғи ошағында тұратын Созақ, Отырар, Ордабасы аудандарының тұрғындарын қорғауды дер кезiнде қамтамасыз ету мақсатында:
Тармақ 1
1. 2003 жылғы эпидемиялық маусымда қырым қанды безгегiнiң табиғи ошағында адамдар арасында ауруды болдырмау және қырым қанды безгегiнiң табиғи ошағында тұратын Созақ, Отырар, Ордабасы аудандарының тұрғындарын қорғау жөнiндегi бiрiншi кезектегi ұйымдастыру, мал дәрiгерлiк, медициналық - алдын алу және арнайы iс-шаралардың кешендi жоспары бекiтiлсiн (Қосымша).
Тармақ 2
2. Облыстық қаржы және коммуналдық меншiк департаментi (М.Сағындықов) 2003 жылғы қырым қанды безгегiнiң эпидемиялық маусымында Созақ, Отырар, Ордабасы аудандарының тұрғындарын қорғау жөнiндегi бiрiншi кезектегi эпидемияға қарсы шараларды жүргiзу үшiн 2003 жылдың наурызында эпидемиялық қор қаржысынан Оңтүстiк Қазақстан облысының санитарлық-эпидемиологиялық қызметiне қажеттi қаржы бөлсiн.
Тармақ 3
3. Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлiгiнiң облыстық аумақтық басқармасына (С.Тұрбеков - келiсiмi бойынша) және ауыл шаруашылығы департаментiне (И.Тұрсынқұлов) қырым қанды безгегiнi табиғи ошағындағы мал мен мал қораларын кенеге қарсы өңдеудi ұйымдастыру және жүргiзу үшiн 2003 жылдың 20 наурызына дейiн кенеге қарсы препараттарды қажеттi мөлшерде алу көздерiн қарастыру жөнiнен шаралар қабылдау, ветеринарлық мамандарды және қажеттi техниканы дайындау ұсынылсын.
Тармақ 4
4. Созақ (С.Әбдiқұлов), Отырар (Ш.Мырзахметов), Ордабасы (Ж.Байғонов) аудандарының әкiмдерi қырым қанды безгегi ошақтарын оқшаулау жөнiндегi бiрiншi кезектегi iс-шараларды өткiзу үшiн аудандық денсаулық сақтау, санитарлық-эпидемиологиялық қызмет пен ауыл шаруашылығы мекемелерiне қажеттi қаржы бөлудi қамтамасыз етсiн.
Тармақ 5
5. Созақ (С.Әбдiқұлов), Отырар (Ш.Мырзахметов), Ордабасы (Ж.Байғонов) аудандарының әкiмдерi, облыстық денсаулық сақтау департаментi (Б.Баймаханов), облыстық санитарлық-эпидемиологиялық қызметi (Н.Тасмағамбетова - келiсiмi бойынша) Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлiгiнiң облыстық аумақтық басқармасы (С.Тұрбеков - келiсiмi бойынша):
Тармақша 1
1) қырым қанды безгегi аурушаңдығына жол бермеу және 2003 жылдың эпидемиялық маусымында қырым қанды безгегiнi табиғи ошағында тұратын Созақ, Отырар, Ордабасы аудандарының тұрғындарын қорғау жөнiндегi бiрiншi кезектегi ұйымдастыру, мал дәрiгерлiк, медициналық -алдын алу және арнайы шаралардың кешендi жоспарының орындалуын қамтамасыз етсiн;
Тармақша 2
2) заңмен белгiленген тәртiпте медициналық, мал дәрiгерлiк дәрi-дәрмектердi, жанар-жағар майды және басқа да қажеттi материалдарды сатып алуды жүргiзсiн;
Тармақша 3
3) қырым қанды безгегiнiң эпидемиялық маусымына дайындық бойынша атқарылған жұмыс туралы 2003 жылғы 20 наурызға дейiн облыс әкiмiн хабардар етсiн.
Тармақ 6
6. Облыстық санитарлық-эпидемиологиялық қызмет (Н.Тасмағамбетова - келiсiмi бойынша) және Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлiгiнiң аумақтық басқармасы (С.Тұрбеков - келiсiмi бойынша) 2003 жылғы 20 сәуiрге дейiн барлау жүргiзу, кенелердiң қоршаған ортаға жаппай шығу мерзiмi мен орнын анықтау, кенеге қарсы қажеттi жұмыстардың көлемiн анықтау үшiн қырым қанды безгегiнiң табиғи ошақтарына кешендi бригада жiберсiн.
Тармақ 7
7. Облыстық "Оңтүстiк Қазақстан" (О.Жарқынбек - келiсiмi бойынша), "Южный Казахстан" (Ю.Кирюхин - келiсiмi бойынша) газеттерiнiң редакциялары және облыстық телерадиокомпания (Қ.Атжан - келiсiмi бойынша) 2003 жылғы 20 сәуiрден бастап қырым қанды безгегiнiң табиғи ошағында тұратын тұрғындарды қорғау шаралары мен алдын алу жөнiнде материалдар жариялауды, телехабарлар, бейнефильмдер көрсетудi қамтамасыз етсiн.
Тармақ 8
8. Осы қаулының орындалуын бақылау облыс әкiмiнiң орынбасары Ә.Бектаевқа жүктелсiн.
Басқа 12. 2003 жылғы эпидемиялық маусымда қырым қанды безгегiнiң табиғи ошағында адамдар арасында ауруды болдырмау және қырым қанды безгегiнiң табиғи ошағында тұратын Созақ, Отырар, Ордабасы аудандарының тұрғындарын қорғау жөнiндегi бiрiншi кезектегi ұйымдастыру, мал дәрiгерлiк, медициналық - алдын алу және арнайы  iс-шаралардың кешендi жоспары
"Қырым қанды безгегiнiң табиғи ошағында тұратын Созақ, Отырар, Ордабасы аудандарының тұрғындарын қорғауды қамтамасыз ету жөнiндегi шаралар туралы" облыс әкiмиятының 2003 жылғы "____"_______ № _______ қаулысына Қосымша 2003 жылғы эпидемиялық маусымда қырым қанды безгегiнiң табиғи ошағында адамдар арасында ауруды болдырмау және қырым қанды безгегiнiң табиғи ошағында тұратын Созақ, Отырар, Ордабасы аудандарының тұрғындарын қорғау жөнiндегi бiрiншi кезектегi ұйымдастыру, мал дәрiгерлiк, медициналық - алдын алу және арнайы  iс-шаралардың кешендi жоспары N Iс-шаралар Мақсаты Мерзiмi Орындаушылар 1. Қырым қанды безгегiнiң табиғи ошағында төтенше жағдайлардың алдын алу және жою жөнiндегi штаб құру. Жедел басшылық жасау Наурыз Созақ, Отырар, Ордабасы аудандарының әкiмдерi 2. Табиғи ошақта кенелердi жинап, оларда қырым қанды безгек вирусының бар екенiн зерттеу арқылы кешендi зоологиялық-паразитологиялық барлау жүргiзу. Кенелердiң  табиғатқа жаппай шығатын мерзiмдi болжау Наурыз Облыстық санитарлық-эпидемиологиялық қызметi (келiсiмi бойынша) Шымкент обаға қарсы стансасы (келiсiмi бойынша) 3. Аудан және қала әкiмдерiн кенелердiң жаппай табиғатқа шығатын кезiнiң болжамдық мерзiмi және болжам бойынша олардың ең көп болатын учаскелерi туралы хабардар ету. Эпидемиялық маусымның басталуына уақытылы дайындалу және оған қарсы күрестi ұйымдастыру. Наурыз Оңтүстiк Қазақстан облыстық санитарлық-эпидемиологиялық қызметi (келiсiмi бойынша) 4. Облыстық және аудандық бюджеттердiң эпидемиологиялық қорынан қырым қанды безгегi табиғи ошағында кенеге, эпидемияға қарсы және емдеу iс-шараларын өткiзуге қажеттi қаржы бөлу. Кенеге және эпидемияға қарсы iс-шараларды дер кезiнде ұйымдастыру 2003 жылғы 1-тоқсан Облыстық қаржы департаментi, Созақ, Отырар, Ордабасы аудандарының әкiмдерi 5. Табиғи ошақта адамдар арасында қырым қанды безгегi ауру сырқаудың алдын алу жөнiнде бiрiншi кезектегi iс-шаралардың аудандық жоспарларын жасау. ҚҚБ ауруының алдын алу Наурыз Созақ, Ордабасы, Отырар аудандарының әкiмдерi 6. Қырым қанды безгегiнiң табиғи ошағында кенеге және эпидемияға қарсы iс-шаралардың тактикасы бойынша аудандардың медициналық және мал дәрiгерлiк мамандарымен семинар өткiзу. Эпидемиялық жағдай кезiнде жұмыс атқаратын мамандарды дайындау 2003 жылғы 1-тоқсан Облыстық денсаулық сақтау басқармасы, облыстық санэпидқызмет (келiсiмi бойынша) 1 2 3 4 5 7. Аз мөлшерде қажеттi резерв қорларын жасау: - кенеге қарсы дәрi-дәрмектер: - таңу-орау заттары, залалсыздандыру заттары және қырым қанды безгегiмен ауырған 20 науқасқа есептелген қан алмастырушы және әр ауданға 60 провизорлықтар дайындау. Науқас анықталған жағдайда Созақ, Отырар, Ордабасы аудандарының әкiмдерi, облыстық денсаулық сақтау департаментi, аудандық, қалалық денсаулық сақтау бөлiмдерi, ҚР Ауыл шаруашылығы министрлiгiнiң облыстық аумақтық басқармасы (келiсiмi бойынша) 8. Созақ, Отырар, Ордабасы аудандарында қырым қанды безгегiмен күрес жөнiндегi iс-шаралардың кешендi жоспарын қолданысқа енгiзу, тұрғындарды эпидемиялық маусымның басталғаны, қырым қанды безгегiнiң алдын алу iс-шаралары және оны жұқтырудан қорғау туралы хабардар ету, осы аудандардың ауыл шаруашылық малдарын, олардың жүнi мен терiсiн шығаруға карантин жариялау, ерекше өкiм болғанша тиым салу. Халыққа хабарлау Облыстық санэпид-қызмет болжауына сай Созақ, Отырар, Ордабасы аудандарының әкiмдерi, облыстық төтенше жағдайлар жөнiндегi комитет (келiсiмi бойынша) облыстық iшкi iстер бас басқармасы (келiсiмi бойынша) облыстық бұқаралық ақпарат құралдары (келiсiмi бойынша) 9. Созақ, Жуантөбе, Шәуiлдiр ауылдарындағы учаскелiк ауруханаларда, Шолаққорған, Шәуiлдiр, Темiрлан ауылдарындағы аудандық орталық аруханаларында карантиндiк, стационарлардың Шолаққорған, Шәуiлдiр, Темiрлан ауылдарының медициналық мекемелерiнде провизорлықтардың ашылуын қамтамасыз ету. Ауырған мен зардап шеккендердi уақытылы оқшаулау мен емдеу Эпидемия-лық жағдайдың қиынға айналу кезiнде Облыстық денсаулық сақтау департаментi, аудандық, қалалық денсаулық сақтау бөлiмдерi 10. Шолаққорған, Шәуiлдiр ауылдарының медициналық мекемелерiнiң базасында облыстық санэпидқызметiнiң аса қауiптi жұқпалы аурулар бөлiмiнiң диагностикалық зертханасын ашу. Ауырған мен зардап шеккендердi уақытылы диагностикасын анықтау Эпидемия-лық жағдайдың қиынға айналу кезiнде Облыстық санитарлық-эпидемиологиялық қызмет (келiсiмi бойынша) 11. Аудандық денсаулық және ветеринарлық бөлiмдерiне қырым қанды безгек ауруының табиғи ошағына қарсы жұмысты күшейту үшiн облыстық мамандарды жiберу. Аудандық  звеноларды күшейту Сәуiр-мамыр 2003ж. Облыстық денсаулық сақтау департаментi, облыстық санитарлық-эпидемиялогиялық қызмет (келiсiмi бойынша), ҚР 1 2 3 4 5 Ауыл шаруашылығы министрлiгiнiң облыстық аумақтық басқармасы (келiсiмi бойынша) 12. ұйымдастыру және жүргiзу: - кенелi аймақтардан малдарды көршi аудандарға алып шығу; - улы химикаттармен жұмыс iстеудiң қауiпсiздiк техникасы бойынша инструктаж өткiзу және мал дәрiгерлiк мамандардың бақылауымен, тұрғындарды қатыстыра отырып малдарды және мал тұратын жайларды кенеге қарсы химиялық заттармен дәрiлендiру; - кенеленген малдардың табиғи ошақтан тыс аймақтарға шығарылуына жол бермеу: - қой қырқымды өз кезiнде ұйымдастыру, оның алдын алуда малдарды кенеленгенiне тексеру; - қырқым жүргiзушiлердiң еңбек қорғау мен қауiпсiздiгiн қамтамасыз ету. Тұрғындардың кене басқан малдармен қатынасын азайту, табиғи ошақтан тыс кенеленген малдардың шығарылуына жол бермеу, тұрғындар арасында қырқым жүргiзушiлерге сақтану профилактикасын жүргiзу. Наурыз, сәуiр, мамыр айлары Аудан және ауылдық округтердiң әкiмдерi, ҚР Ауыл шаруашылығы министрлiгiнiң облыстық аумақтық басқармасы (келiсiмi бойынша), облыстық денсаулық сақтау департаментi 13. Қырым қанды безгек iндетiн жұқтырмай қорғаудың шаралары туралы жергiлiктi тұрғындар арасында насихат жұмысын ұйымдастыру. Кене көбейiп кеткен орындарда ауру жұқтыру қаупiн азайту Облыстық денсаулық сақтау департаментi, аудандық, қалалық денсаулық сақтау бөлiмдерi, облыстық санитарлық-эпидемиологиялық қызмет (келiсiмi бойынша), аудандық, қалалық санэпидстансалар (келiсiмi бойынша) 14. Облыс әкiмiнiң аппаратын эпидемияға қарсы жүргiзiлiп жатқан iс-шаралар туралы дер кезiнде хабардар ету. Жұмысқа шұғыл басшылық жасау Төтенше жағдай жариялан-ған сәттен бастап апта сайын Аудан әкiмдерi, ҚР Ауыл шаруашылығы министрлiгiнiң облыстық аумақтық басқармасы (келiсiмi бойынша) облыстық санитарлық-эпидемиологиялық қызметi (келiсiмi бойынша), аудандық, қалалық санэпидстансалары (келiсiмi бойынша)
Басқа 13. Облыстық санитарлық-эпидемиологиялық қызметiнiң және аудандық, қалалық санитарлық эпидемиологиялық стансаларының 2003 жыл эпидемиялық маусымда қырым қанды безгегiнiң табиғи ошағында қарсы iс-шараларды өткiзуге жұмсалатын шығындарының СМЕТАСЫ
БЕКIТЕМIН Оңтүстiк Қазақстан облысының мемлекеттiк санитарлық бас дәрiгерi _________________Н. Тасмағамбетова "____" _______2003 ж. Облыстық санитарлық-эпидемиологиялық қызметiнiң және аудандық, қалалық санитарлық эпидемиологиялық стансаларының 2003 жыл эпидемиялық маусымда қырым қанды безгегiнiң табиғи ошағында қарсы iс-шараларды өткiзуге жұмсалатын шығындарының СМЕТАСЫ N Шығыстар атауы Барлығы обл. СЭҚ үшiн (мың теңге) Соның iшiнде Созақ аудандық СЭС (мың теңге) Отырар аудандық СЭС (мың теңге) Ордабасы аудандық СЭС (мың теңге) 1. Ошаққа арнаулы санэпидқызмет көрсету бригадаларын және аса қауiптi жұқпалы ауру зертханаларын жасақтау және жiберу. 100,0 50,0 30,0 20,0 Iс-сапар  шығындары, нысанды киiмдер. 550 300 150 100,0 2. Кенеге қарсы препараттары, зертханалық диагностикумдер, дезинфекциялық құралдар, дәрi-дәрмек, зертхана құрал-жабдықтарын алу, қызмет көрсету. 1350 700,0 400,0 250,0 3. Шаруашылық шығындар, көлiк шығындары, жанар-жағар май. 500,0 250,0 150,0 100,0 Жиыны 2500,0 1300,0 730,0 470,0 Бас дәрiгердiң экономикалық орынбасары Бас бухгалтер