Об утверждении норм образования и накопления коммунальных отходов по городу Усть-Каменогорску Күшін жойған

11.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 10.03.2022. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
Өскемен қаласы бойынша коммуналдық қалдықтардың түзілу және жинақталу нормаларын бекіту туралы Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 9 қаңтардағы Экологиялық кодексінің 19-1-бабының 1) тармақшасына, Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 6-бабының 1 тармағының 15) тармақшасына, Қазақстан Республикасы Энергетика министрінің 2014 жылғы 25 қарашадағы № 145 «Коммуналдық қалдықтардың түзілу және жинақталу нормаларын есептеудің үлгілік қағидаларын бекіту туралы» (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 10030 болып тіркелген, 2015 жылғы 20 сәуірде «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланған) бұйрығына сәйкес Өскемен қалалық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
Тармақ 1
1. Қоса беріліп отырған Өскемен қаласы бойынша коммуналдық қалдықтардың түзілу және жинақталу нормалары бекітілсін.
Тармақ 2
2. Мыналар күші жойылды деп танылсын:
Тармақша 1
1) Өскемен қалалық мәслихатының 2013 жылғы 16 шілдедегі № 20/2-V «Өскемен қаласы бойынша коммуналдық қалдықтардың пайда болу және жинақталу нормаларын бекіту туралы» (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 3032 болып тіркелген, 2013 жылғы 29 тамызда № 34 «Өскемен», «Усть-Каменогорск» газеттерінде жарияланған) шешімі;
Тармақша 2
2) Өскемен қалалық мәслихатының 2015 жылғы 13 тамыздағы № 41/4-V ««Өскемен қаласы бойынша коммуналдық қалдықтардың пайда болу және жинақталу нормаларын бекіту туралы» Өскемен қалалық мәслихатының 2013 жылғы 16 шілдедегі № 20/2-V шешіміне өзгерістер енгізу туралы» (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 4144 болып тіркелген, 2015 жылғы 30 қыркүйекте «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланған) шешімі;
Тармақ 3
3. Осы шешім оның алғаш ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткеннен кейін қолданысқа енгізіледі.
Басқа 1. Өскемен қаласы бойынша коммуналдық қалдықтардың түзілу және жинақталу нормалары
Өскемен қалалық мәслихатының 2020 жылғы 31 желтоқсандағы № 64/8-VI шешіміне қосымша Өскемен қаласы бойынша коммуналдық қалдықтардың түзілу және жинақталу нормалары № Коммуналдық қалдықтар жинақталатын объектілер Есептік бірлік 1 есептік бірлікке м3 жылдық нормасы 1 Жайлы үйлер тұрғын 2,68 2 Жайлы емес үйлер тұрғын 2,54 3 Жатақханалар, интернаттар, балалар үйлері, қарттар үйлері және сол сияқтылар 1 место 1,30 4 Қонақ үйлер, санаторийлер, демалыс үйлері 1 орын 1,50 5 Балабақшалар, бөбекжайлар 1 орын 0,80 6 Мекемелер, ұйымдар, офистер, кеңселер, жинақ банктері, байланыс бөлімшелері 1 қызметкер 1,12 7 Емханалар 1 келіп кету 0,17 8 Ауруханалар, өзге де емдеу-сауықтыру мекемелері 1 төсек-орын 3,78 9 Мектептер және өзге де оқу орындары 1 оқушы 0,16 10 Мейрамханалар, дәмханалар, қоғамдық тамақтану мекемелері 1 отыратын орын 3,02 11 Театрлар, кинотеатрлар, концерт залдары, түнгі клубтар, ойынханалар, ойын автоматтарының залы 1 отыратын орын 0,32 12 Мұражайлар, көрмелер жалпы алаңы 1 м2 0,09 13 Стадиондар, спорт алаңдары жоба бойынша 1 орын 0,004 14 Спорт, би және ойын залдары жалпы алаңы 1 м2 0,08 15 Азық-түлік, өнеркәсіптік тауар дүкендері, супермаркеттер сауда алаңы 1 м2 0,42 16 Машиналардан сату сауда орнының 1 м2 - 17 Базарлар, сауда павильондары, дүңгіршектер, сөрелер жалпы алаңы 1 м2 0,88 18 Азық-түлік тауарларының көтерме базалары, қоймалары жалпы алаңы 1 м2 0,26 19 Өнеркәсіптік тауарлардың көтерме базалары, қоймалары жалпы алаңы 1 м2 0,16 20 Тұрмыстық қызмет корсету үйі: халыққа қызмет көрсету жалпы алаңы 1 м2 - 21 Вокзалдар, автовокзалдар, әуежайлар жалпы алаңы 1 м2 0,69 22 Жағажайлар жалпы алаңы 1 м2 0,1 23 Дәріханалар сауда алаңы 1 м2 0,45 24 Автотұрақтар, автомобильді жуу орындары, АЖС, гараждар 1 машина-орын 3,40 25 Автомобиль шеберханалары 1 жұмысшы 3,08 26 Гараж кооперативтері 1 гаражға 0,30 27 Шаштараздар, косметикалық салондар 1 жұмыс орны 1,6 28 Кір жуатын орындар, химиялық тазалау орындары, тұрмыстық техниканы жөндеу орындары, тігін ательесі жалпы алаңы 1 м2 0,20 29 Зергерлік, аяқ киімді, сағаттарды жөндеу шеберханалары жалпы алаңы 1 м2 0,1 30 Жөндеу және қызмет көрсету орындары (кілттер жасау және сол сияқтылар.) 1 жұмыс орны 1,54 31 Моншалар, сауналар жалпы алаңы 1 м2 0,31 32 Қаланың аумағында жаппай іс-шаралар ұйымдастыратын заңды ұйымдар 1000 қатысушы 0,80 33 Бау-бақша кооперативтері 1 учаске 1,25