О порядке предоставления льгот на транспорте и возмещение расходов, связанных с ними Күшін жойған

06.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 03.02.1997. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
Көлікте жеңілдіктер беру тәртібі туралы және оған байланысты шығындардың орнын толтыру 📌 Ескерту. Күші жойылды - Батыс Қазақстан облысы әкімінің 09.03.2004 № 11 шешімімен. Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1996 жылғы 29 сәуірдегі № 527 қаулысына өзгертулер енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1996 жылғы 11 қарашадағы № 1365 қаулысын орындау үшін ШЕШІМ ЕТЕМІН:
Тармақ 1
1. Көліктегі жолжүрістерге жеңілдік беру тәртібі және оған байланысты шығындардың орнын толтыру бекітілсін /қоса тіркеліп берілді/.
Тармақ 2
2. Қала мен аудандар әкімдері, жолаушы көлігі басқармасы / Ғалиев / жеңілдік беру тәртібін орындауды және оған байланысты шығындардың орнын толтыруды қамтамасыз ету жөнінде шаралар алсын.
Тармақ 3
3. Осы шешімнің орындалуын бақылау облыс әкімінің бірінші орынбасары В.Г.Мясниковқа жүктелсін.
Басқа 4. Көліктегі жолжүріске жеңілдіктер беру тәртібі және оған байланысты шығындардың орнын толтыру
Облыс әкімінің 1997 жылғы "3" ақпандағы №27 шешіміне қосымша Көліктегі жолжүріске жеңілдіктер беру тәртібі және оған байланысты шығындардың орнын толтыру
Тармақ 1
1. Батыс Қазақстан облысының аумағында қалалық және әкімшілік ауданы шегіндегі ауылдық жерлерде жолаушы көлігінің барлық түрлерінде /таксиден басқа/ ақысыз жүріп-тұрудың негізі жолжүріс билеттері болып табылады.
Тармақ 2
2. Жолаушы көлігі басқармасы жолжүріс билеттерін дайындауды және оларды ұсынылған құжаттар негізінде жеңілдік берілген тұлғалар арасында тиісті ұйымдар арқылы таратуды қамтамасыз етеді.
Тармақ 3
3. Таратылған жолжүріс билеттерінің мөлшерін ескере отырып және жолаушылар легін зерттеу мен басқа да социологиялық зерттеулер жүргізу жолымен жолаушы көлігі басқармасы маршруттар бойынша жасалатын рейстер санына қарай бөлінетін дотация көлемін анықтайды және тасымалдаушылар жұмсаған шығындардың орнын толтыру тәртібін белгілейді.
Тармақ 4
4. Облыстық жолаушы көлігі басқармасы тасымалдаушылар берген материалдар негізінде тоқсанына бір рет есеп беру өткізіп, қаржы органдарына береді.
Тармақ 5
5. Қаржы органдары берілген есепке орай тасымалдаушылар шығындарының орнын толтырады.