Об установлении требований к собственному помещению филиала банка-нерезидента Республики Казахстан с центром обработки данных (сервером) Күшін жойған

07.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 28.08.2025. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
Қазақстан Республикасының бейрезидент-банкі филиалының деректерді өңдеу орталығы (сервері) бар меншікті үй-жайына қойылатын талаптарды белгілеу туралы «Қазақстан Республикасындағы банктер және банк қызметі туралы» 1995 жылғы 31 тамыздағы Қазақстан Республикасының Заңы 26-бабының 2-тармағына сәйкес Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігінің Басқармасы ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
Тармақ 1
1. Қазақстан Республикасының бейрезидент-банкі филиалының меншікті үй-жайына (бұдан әрі – меншікті үй-жай) мынадай талаптар белгіленсін:
Тармақша 1
1) Қазақстан Республикасының бейрезидент-банкі филиалының меншікті үй-жайында деректерді өңдеу орталығы (сервер) орналастырылады;
Тармақша 2
2) Қазақстан Республикасының бейрезидент-банкі филиалының меншікті үй-жайы: кіруді бақылау және басқару, күзету және өрт сигнализациясы, бейнебақылау техникалық қауіпсіздік жүйелерімен жабдықталады.
Тармақ 2
2. Банктерді реттеу департаменті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:
Тармақша 1
1) Заң департаментімен бірлесіп осы қаулыны Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;
Тармақша 2
2) осы қаулыны ресми жарияланғаннан кейін Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігінің ресми интернет-ресурсына орналастыруды;
Тармақша 3
3) осы қаулы мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде Заң департаментіне осы тармақтың 2) тармақшасында көзделген іс-шараның орындалуы туралы мәліметтерді ұсынуды қамтамасыз етсін.
Тармақ 3
3. Осы қаулының орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі Төрағасының жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.
Тармақ 4
4. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.