Об утверждении Правил и размеров оказания единовременной социальной помощи на погребение работавших и безработных граждан Күшін жойған
Басқа 0
Жұмыс істеген және жұмыссыз азаматтарды жерлеуге бір жолғы әлеуметтік көмек көрсетудің Ережесі мен мөлшерін бекіту туралы
📌 Ескерту. Күші жойылды - Алматы облыстық мәслихатының 13.04.2004 № 5-37 шешімімен.
Алматы облыстық Мәслихатының 2002 жылғы 26-желтоқсандағы "Алматы облысының 2003 жылға арналған облыстық бюджеті туралы" №31-160 шешімін орындауда, жеке топтағы азаматтарды қосымша қолдау мақсатында, "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы"»Қазақстан Республикасы Заңының 6, 27 бабындағы басшылыққа ала отырып, Алматы облысының Мәслихаты ШЕШІМ қабылдады:
Тармақ 1
1. Жұмыс істеген және жұмыссыз азаматтарды жерлеуге бір жолғы әлеуметтік көмек көрсетудің Ережесі мен мөлшері №1 қосымшаға сәйкес бекітілсін.
Тармақ 2
2. Талдықорған, Текелі, Қапшағай қалалары мен аудандар әкімдері жұмыс істеген және жұмыссыз азаматтарды жерлеуге бір жолғы әлеуметтік көмек көрсетудің Ережесі мен мөлшері туралы халық арасында түсінік беру жұмыстарын жүргізсін.
Тармақ 3
3. Облыстық еңбек, жұмыспен қамту және халықты әлеуметтік қорғау басқармасы (Н.Д.Бөлекбаева):
- осы бекітілген Ережеге сәйкес әлеуметтік көмектің уақытында есептеу және төлеу жұмыстарын қамтамасыз етсін.
Тармақ 4
4. Облыстық қаржы басқармасы (М.А.Сәтқалиев) жұмыс істеген және жұмыссыз азаматтарды жерлеуге бір жолғы әлеуметтік көмек көрсету үшін дер кезінде қаражат бөлуді қамтамасыз етсін.
Тармақ 5
5. Әділет басқармасында 2002 жылдың 22-сәуірінде № 679 тіркелген Облыс Мәслихатының 2002 жылғы 18-наурыздағы "үйінде тәрбиеленетін және оқитын мүгедек балалары бар отбасыларына, аз қамтылған отбасыларына баланың тууына, жұмыс істеген және жұмыссыз азаматтарды жерлеуге атаулы әлеуметтік көмек көрсетудің Ережесі мен мөлшерін бекіту туралы"»№ 20-132 шешімінің күші жойылған деп есептелсін.
Тармақ 6
6. Осы шешімнің орындалуын бақылау облыс Әкімінің бірінші орынбасары В.А.Долженковқа және облыстық Мәслихаттың әлеуметтік сала, тіл және ұлтаралық қатынастар мәселелері жөніндегі тұрақты комиссиясына жүктелсін (Ж.Б.Балтабеков).
Басқа 7
Алматы облыстық Мәслихатының
2003 ж. 20 наурыздағы
№ 33-188 шешіміне
№ 1 қосымша
Жұмыс істеген және жұмыссыз азаматтарды жерлеуге
бір жолғы әлеуметтік көмек көрсетудің
Ережесі мен мөлшері
Осы Ереже«Жергілікті өкілетті органдардың шешімімен жеке топтағы азаматтарға әлеуметтік көмек»бюджеттік бағдарламасы бойынша жұмыс істеген және жұмыссыз азаматтарды жерлеуге бір жолғы әлеуметтік көмек көрсетудің тәртібін белгілейді.
Тарау 1. 1. Жалпы ереже
1. Жалпы ереже
Тармақ 1
1. Жұмыс істеген және жұмыссыз азаматтарды жерлеуге бір жолғы әлеуметтік көмекті (бұдан әрі әлеуметтік көмек) аудандық (қалалық) еңбек, жұмыспен қамту және халықты әлеуметтік қорғау бөлімдері тиісті жағдайлар орын алған кезде отбасы мүшелерінің, немесе жерлеуді ұйымдастыруды өзіне алған адамның өтініші бойынша, қажетті құжаттарды тапсырғанда тағайындайды. қабылданған өтініш, реттік нөмірі, қабылданған күні, айы, жылы көрсетіле отырып, тігінделген және беттері нөмірленген тіркеу журналына тіркеледі. Өтініште, журналға сәйкес оның реттік нөмірі, қабылданған күні, айы, жылы көрсетіледі, жауапты адамның қолтаңбасы қойылады.
Тармақ 2
2. Егер қайтыс болған адам, өлген күнге кез-келген меншіктегі кәсіпорындарда еңбектік қатынаста тұрған болса, ал жұмыссыздар-ресми түрде жұмыспен қамту мәселелері туралы бөлімдерде тіркеуде тұрған жағдайда әлеуметтік көмек тағайындалады және төленеді.
Тармақ 3
3. әлеуметтік көмек отбасының табысына қарамастан көрсетіледі.
Тармақ 4
4. Аудандық және қалалық еңбек, жұмыспен қамту және халықты әлеуметтік қорғау бөлімдері әлеуметтік көмекті есептейді, олардың тізімін жасайды және әр айдың 25-не дейін облыстық еңбек, жұмыспен қамту және халықты әлеуметтік қорғау басқармасына тапсырыс (бірінші басшының және бас есепшінің қолы қойылған) береді.
Тармақ 5
5. Облыстық еңбек, жұмыспен қамту және халықты әлеуметтік қорғау басқармасы келесі айдың 5-не дейін, қаржыландыру үшін облыстық қаржы басқармасына жинақталған тапсырысты өткізеді.
Тармақ 6
6. Әлеуметтік көмектің дұрыс тағайындалып төленуінің жауапкершілігі аудандық, қалалық еңбек, жұмыспен қамту және халықты әлеуметтік қорғау бөлімдеріне жүктеледі.
Тарау 2. 2. Әлеуметтік көмекті тағайындау тәртібі
2. Әлеуметтік көмекті тағайындау тәртібі
7. Әлеуметтік көмек тағайындау туралы арызды, көмекті алуға құқығы бар тұлға тиісті құжаттармен қоса тапсырады.
8. Әлеуметтік көмекті тағайындау туралы құжаттарды қарау, оларды қабылдаған күннен бастап бес күн мерзімінде жүзеге асырылады.
9. Әлеуметтік көмек тағайындамау туралы шешім қабылданған жағдайда, комиссия бұл жөнінде арыз иесіне жазбаша түрде хабарлауға міндетті.
10. Арызда және құжаттарда көрсетілген мәліметтердің толық және сенімді болуына арыз иесі заңға сәйкес жауап береді.
Тарау 3. 3. Қажетті құжаттар тізбесі
3. Қажетті құжаттар тізбесі
Тармақ 11
11. Әлеуметтік көмек тағайындау құқығын растайтын құжаттар:
Тармақша а
а) сақтандыру кассасына ұсынылатын АХАЖ органдары беретін өлім туралы анықтама (түпнұсқасы);
Тармақша б
б) еңбек қатынастарын растайтын құжат (еңбек кітапшасы, жұмыс істеген жерінен анықтама, келісім-шарт);
Тармақша в
в) ресми түрде жұмыссыз ретінде тіркелгені туралы анықтама;
Тармақша г
г) жеке басының куәлігі, СТН
Тармақ 12
12. Әлеуметтік көмек тағайындауға қажетті құжаттардың түпнұсқасы мен көшірмесі салыстыру үшін өткізіледі. Салыстырғаннан кейін құжаттардың түпнұсқасы өтініш иесіне қайтарылады.
Тармақ 13
13. Құжаттар болмаған жағдайда әлеуметтік көмек тағайындалмайды.
Тарау 4. 4. Әлеуметтік көмектің мөлшері
4. Әлеуметтік көмектің мөлшері
Тармақ 14
14. Әлеуметтік көмек көрсету тиісті жылға арналған «Республикалық бюджет туралы» Заңда бекітілген айлық есептік көрсеткіштің 10-есесі мөлшерінде тағайындалып, төленеді.
Тармақ 15
15. Әлеуметтік көмек, тиісті жағдай болған күннен бастап, 3 ай мерзім ішінде өтініш берілген болса төленеді.
Тарау 5. 5. Әлеуметтік көмектің төленуі
5. Әлеуметтік көмектің төленуі
Тармақ 16
16. әлеуметтік көмек жергілікті (облыстық) бюджеттен төленеді.
Тармақ 17
17. әлеуметтік көмек, алушының жеке шотының деректері көрсетілген жазбаша өтініші бойынша аудандық, қалалық байланыс торабы арқылы төленеді. Тағайындалған сома алушының есеп шотына қаржының түсуіне байланысты аударылады.
Тармақ 18
18. Облыстық қазпошта ААҚ-ң АОФ филиалының бөлімшелері аудандық, қалалық еңбек, жұмыспен қамту және халықты әлеуметтік қорғау бөлімдерімен бірлесіп, төленген жәрдемақылардың сомасын салыстыру актісін жасап, есеп беру тоқсанынан кейінгі айдың 15-не дейін облыстық еңбек, жұмыспен қамту және халықты әлеуметтік қорғау басқармасына тапсырады.
Тармақ 19
19. Облыстық еңбек, жұмыспен қамту және халықты әлеуметтік қорғау басқармасы облыстық қазпошта ААҚ-ң АОФ филиалымен бірлесіп салыстыру актісін есеп беру тоқсанынан кейінгі айдың 20-на дейін жасайды.