Об областной комиссии по защите прав несовершеннолетних Күшін жойған

08.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 26.03.2003. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
Облыстық кәмелетке толмағандардың құқықтарын қорғау жөнiндегi комиссия туралы 📌 Ескерту. Күші жойылды - Оңтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің 27.12.2004 ж. № 603 қаулысымен. "Кәмелетке толмағандардың құқықтарын қорғау жөнiндегi облыстық комиссия туралы үлгі ережені бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2001 жылғы 11 маусымдағы N 789 қаулысына сәйкес:
Тармақ 1
1. Облыстық кәмелетке толмағандардың құқықтарын қорғау жөнiндегi облыстық комиссия құрылсын.
Тармақ 2
2. Облыстық кәмелетке толмағандардың құқықтарын қорғау жөнiндегi комиссия туралы Ереже бекітілсін. (қосымша)
Тармақ 3
3. Осы қаулының орындалуын бақылау облыс әкiмiнiң орынбасары Ә.Ә.Бектаевқа жүктелсiн.
Басқа 4
Облыс әкiмиятының 2003 жылғы 26 наурыздағы N 142 қаулысына қосымша Облыстық кәмелетке толмағандардың құқықтарын қорғау жөнiндегi комиссия туралы ЕРЕЖЕ
Тарау 1. 1. Жалпы ережелер
1. Жалпы ережелер
Тармақ 1
1. Кәмелетке толмағандардың құқықтарын қорғау жөнiндегi комиссия (бұдан әрi Комиссия) Қазақстан Республикасында кәмелетке толмағандардың қылмыс жасауының, құқық бұзушылықтарының және қараусыз қалуының алдын алу, олардың құқықтары мен заңды мүдделерiн қорғау проблемаларының кешендi шешiлуiн iске асыруға бiрыңғай көзқарасты қалыптастыру мақсатында құрылған тұрақты қызмет ететiн орган болып табылады.
Тармақ 2
2. Облыстық комиссия жергiлiктi атқарушы орган - облыс әкiмияты жанынан құрылады. Комиссия құрамы облыс әкiмiнiң шешiмiмен бекiтiледi.
Тармақ 3
3. Кәмелетке толмағандардың құқықтарын қорғау жөнiндегi комиссия құрамы төрағадан, төрағаның орынбасарынан, комиссияның 6-12 мүшелерiнен және жауапты хатшысынан құрылады.
Тармақ 4
4. Комиссия кәмелетке толмағандардың қылмыс жасауының, құқық бұзушылықтары мен қараусыз қалуының алдын алуға, олардың құқықтары мен заңды мүдделерiн қорғауға мүдделi iшкi iстер органдарының, бiлiм және ғылым, мәдениет, ақпарат және қоғамдық келiсiм, денсаулық сақтау және өзге де ведомстволар өкiлдерiн бiрiктiредi.
Тармақ 5
5. Кәмелетке толмағандардың құқықтарын қорғау жөнiндегi комиссия өз қызметiн Қазақстан Республикасының Конституциясы, осы Ереже мен Қазақстан Республикасының өзге де нормативтi құқықтық кесiмдерi, сондай-ақ Қазақстан Республикасы бекiткен халықаралық шарттар негiзiнде жүзеге асырады.
Тарау 2. 2. Комиссияның негiзгi функциялары
2. Комиссияның негiзгi функциялары
Тармақ 6
6. Облыстық комиссияның негiзгi функциялары мыналар болып табылады:
Тармақша 1
1) аудандық, қалалық комиссиялардың қызметiне бағыт беру, оларға әдiстемелiк көмек көрсету;
Тармақша 2
2) кәмелетке толмағандардың құқықтары мен заңды мүдделерiн қорғау, денсаулығын сақтау, олардың өмiр сүру, тәрбие, бiлiм беру, еңбек пен демалыс жағдайларын жақсарту жөнiндегi аймақтық бағдарламаларды әзiрлеу, сондай-ақ өз құзыретi шегiнде олардың iске асырылуын бақылауды жүзеге асыру;
Тармақша 3
3) кәмелетке толмағандардың қылмыс жасауының, құқық бұзушылықтарының, қараусыз қалуының және қоғамға қарсы әрекеттерiнiң алдын алу жөнiндегi аймақтық бағдарламаларды әзiрлеуге қатысу;
Тармақша 4
4) кәмелетке толмағандардың қылмыс жасауының, құқық бұзушылықтары мен қараусыз қалуының алдын алу, оларды тудыратын себептердi жою, балалар мен жасөспiрiмдердi орналастыру және олардың құқықтары мен заңды мүдделерiн қорғау жөнiндегi iс-шараларды әзiрлеу;
Тармақша 5
5) есеп беретiн комиссиялардың қабылдаған шешiмдерi мен қаулыларының негiздiлiгiн тексеру. Қабылданған шешiмдердi негiзсiз деп таныған жағдайда тиiстi жергiлiктi атқарушы органдарға оларды жою туралы ұсыныстармен шығады;
Тармақша 6
6) комиссия қаулыларында көрсетiлген кемшiлiктер мен бұрмалаушылықтарды жою жөнiндегi шараларды орындамаған немесе қабылдамаған жағдайларда лауазымды адамдарды белгiленген тәртiппен жауапқа тарту туралы ұсыныстар енгiзу;
Тармақша 7
7) кәмелетке толмағандардың құқық бұзушылықтарының, қараусыз қалуының және қоғамға қарсы әрекеттерiнiң алдын алу жөнiндегi жұмыстың жай-күйi туралы, сондай-ақ кәмелетке толмағандардың құқықтары мен заңды мүдделерiн бұзудың анықталған фактiлерi туралы мүдделi органдарды хабардар ету;
Тармақша 8
8) кәмелетке толмағандардың қылмыс жасауының, құқық бұзушылықтарының және қараусыз қалуының алдын алу мәселелерiн шешуде балаларды тәрбиелеумен және оқытумен айналысатын органдар мен ұйымдар жұмысының оң тәжiрибелерiн қорыту және тарату, оларға ұйымдастыру-әдiстемелiк көмегiн көрсету;
Тармақша 9
9) әдiлет органдары мен өзге де ұйымдарда белгiленген тәртiппен тiркелген қоғамдық бiрлестiктермен, дiни ұйымдармен, сондай-ақ кәмелетке толмағандардың қылмыс жасауының, құқық бұзушылықтарының, қараусыз қалуының және өзге де қоғамға қарсы iс-қимылдарының алдын алу, олардың құқықтары мен заңды мүдделерiн қорғау мәселелерi жөнiндегi азаматтармен өзара iс-қимыл жасау;
Тармақша 10
10) кәмелетке толмағандардың құқықтары мен заңды мүдделерiнiң бұзылуына немесе шектелуiне байланысты кәмелетке толмағандардың, олардың ата-аналарының немесе өзге де заңды өкiлдерi мен басқа да адамдардың шағымдары мен өтiнiштерiн қарау;
Тармақша 11
11) кәмелетке толмағандардың құқықтары мен заңды мүдделерiн қорғау үшiн белгiленген тәртiппен сотқа жүгiну;
Тармақша 12
12) кәмелетке толмағандардың қылмыстар, құқық бұзушылықтар және қоғамға қарсы әрекеттер жасауларына ықпал ететiн себептер мен шарттарды анықтау және талдау, оларды жою жөнiндегi шараларды белгiлеу;
Тармақша 13
13) бiлiм беру, денсаулық сақтау, жұмыспен қамту, орналасу саласындағы заңдылықтардың бұзылуын жою жөнiндегi ұсынымдарды енгiзу туралы ұсыныстарды құзыреттi органдарға жеткiзу, сондай-ақ кәмелетке толмағандардың құқықтары мен заңды мүдделерiн қорғау.
Тарау 3. 3. Комиссия отырыстарын өткiзу тәртiбi
3. Комиссия отырыстарын өткiзу тәртiбi
Тармақ 7
7. Комиссия отырысы қажетiне қарай, бiрақ кемiнде тоқсанында бiр рет өткiзiледi және әдетте, ашық болып табылады. Комиссия отырысы егер оған комиссия мүшелерiнiң кемiнде жалпы санының жартысы қатысса заңды болып табылады. Комиссия отырысына оның төрағасы не оның тапсырмасы бойынша комиссия төрағасының орынбасары төрағалық жасайды.
Тарау 4. 4. Комиссия қаулысы
4. Комиссия қаулысы
Тармақ 8
8. Комиссия қаралған материалдардың қорытындысы бойынша қаулы қабылдайды, онда шешiм баяндалады. Комиссия қаулысы отырысқа қатысушы комиссия мүшелерiнiң жай көпшiлiк даусымен қабылданады. Егер дауыстар тең бөлiнген жағдайда комиссия отырысына төрағалық етушiнiң дауысы шешушi болып табылады. Комиссия қаулысында: комиссия атауы және жеке құрамы; комиссия отырысының күнi мен жерi көрсетiледi. Комиссия қаулысына төрағалық етушi және оның жауапты хатшысы қол қояды, қаулы комиссия отырысында жарияланады.
Тарау 5. 5. Комиссия ұсынысы
5. Комиссия ұсынысы
Тармақ 9
9. Егер материалдарды қарау барысында кәмелетке толмағандардың қылмыс жасауына, құқық бұзушылықтарына, қоғамға қарсы әрекеттер мен қараусыз қалуына ықпал ететiн себептер мен жағдайлар, сондай-ақ кәмелетке толмағандардың құқықтары мен заңды мүдделерiн бұзушылықтар анықталатын болса, комиссия мемлекеттiк органдарға, жергiлiктi өзiн-өзi басқару органдарына және ұйымдастыру-құқықтық нысанына қарамастан ұйымдарға оларды жою туралы тиiстi ұсыныстар енгiзедi. Кәмелетке толмағандарды құқық бұзушылықтар жасауға ықпал еткен себептер мен жағдайларды жою жөнiнде қабылданған шаралар туралы хабарламау Қазақстан Республикасының әкiмшiлiк заңнамасында белгiленген жауапкершiлiктi жүктейдi.
Тарау 6. 6. Комиссия отырысының хаттамасы
6. Комиссия отырысының хаттамасы
Тармақ 10
10. Комиссия отырысында комиссияның жауапты хатшысы хаттама жүргiзедi, онда: комиссияның атауы мен жеке құрамы; комиссия отырысының күнi мен жерi; қаралатын материалдардың мазмұны көрсетiлуi тиiс. Комиссия отырысының хаттамасына төрағалық етушi және оның жауапты хатшысы қол қояды.
Тарау 7. 7. Комиссияны материалдық-техникалық қамтамасыз ету
7. Комиссияны материалдық-техникалық қамтамасыз ету
Тармақ 11
11. Комиссия қызметiн материалдық-техникалық қамтамасыз ету облыс әкiмiнiң аппаратына жүктеледi.