Об установлении льготы по оплате проезда отдельной категории граждан на общественном транспорте (кроме такси) города Усть-Каменогорска Күшін жойған
Басқа 0
Өскемен қаласының қоғамдық көлігінде
(таксиден басқа) азаматтардың жекелеген
санаттарының жолақысын төлеу бойынша
жеңілдік белгілеу туралы
Қазақстан Республикасының 1994 жылғы 21 қыркүйектегі «Қазақстан Республикасындағы көлік туралы» Заңының 13-бабына, Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 6-бабының 1 тармағының 15) тармақшасына сәйкес, Өскемен қаласының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ және Өскемен қалалық маслихаты ШЕШТІ:
Тармақ 1
1. «Өскемен қаласының қоғамдық көлігінде (таксиден басқа) жеңілдікпен жол жүру азаматтардың мынадай санаттарына белгіленсін:
1) 70 жастан асқан азаматтарға – тариф құнының 55 %;
2) мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек алуға құқығы бар отбасылардан және (немесе) көп балалы отбасылардан шыққан білім алушы балаларға, Ұлы Отан соғысына қатысушыларға және Ауғанстан аумағындағы ұрыс қимылдарының ардагерлеріне – тегін жол жүру.
Тармақ 2
2. Өскемен қаласының әкімдігі аталған санаттағы жолаушыларды тасымалдаумен байланысты тасымалдаушылардың шығындарын өтеуді қарастырсын.
Тармақ 3
3. Қаржыландыру көзі болып қалалық бюджет анықталсын.
Тармақ 4
4. Осы бірлескен Өскемен қаласы әкімдігінің қаулысы және Өскемен қалалық мәслихатының шешімі Әділет департаментінде мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді және оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.