Об определении перечня должностей специалистов в области социального обеспечения и культуры, являющихся гражданскими служащими и работающих в сельской местности Қолданыста

11.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 17.11.2025. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
Азаматтық қызметшілер болып табылатын және ауылдық жерде жұмыс iстейтiн әлеуметтiк қамсыздандыру және мәдениет саласындағы мамандар лауазымдарының тiзбесiн айқындау туралы 2015 жылғы 23 қарашадағы Қазақстан Республикасы Еңбек кодексінің 18-бабы 2) тармақшасына, 139-бабы 9-тармағына сәйкес Науырзым ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
Тармақ 1
1. Азаматтық қызметшілер болып табылатын және ауылдық жерде жұмыс iстейтiн әлеуметтiк қамсыздандыру және мәдениет саласындағы мамандар лауазымдарының тiзбесi осы каулының қосымшасына сәйкес айқындалсын.
Тармақ 2
2. Осы қаулысының 2-қосымшасына сәйкес әкімдіктің кейбір қаулыларының күші жойылды деп танылсын.
Тармақ 3
3. «Науырзым ауданының экономика және қаржы бөлімі» мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіпте:
Тармақша 1
1) осы қаулының аумақтық әділет органында мемлекеттік тіркелуін;
Тармақша 2
2) осы қаулыны ресми жарияланғанынан кейін Науырзым ауданы әкімдігінің интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.
Тармақ 4
4. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімінің жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.
Тармақ 5
5. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Басқа 8. Азаматтық қызметшілер болып табылатын және ауылдық жерде жұмыс iстейтiн әлеуметтiк қамсыздандыру және мәдениет саласындағы мамандар лауазымдарының тiзбесi
Қостанай облысы Науырзым ауданың әкімдігінің 2021 жылғы 5 ақпандағы № 43 қаулысына қосымша Азаматтық қызметшілер болып табылатын және ауылдық жерде жұмыс iстейтiн әлеуметтiк қамсыздандыру және мәдениет саласындағы мамандар лауазымдарының тiзбесi
Тармақ 1
1. Әлеуметтік қамсыздандыру саласындағы мамандардың лауазымдары:
Тармақша 1
1) аудандық маңызы бар ұйымның құрылымдық бөлімшесі болып табылатын үйде қызмет көрсету бөлімшесінің меңгерушісі;
Тармақша 2
2) арнаулы әлеуметтік қызметтерге қажеттілікті бағалау және айқындау жөніндегі әлеуметтік қызметкер;
Тармақша 3
3) қарттар мен мүгедектігі бар адамдарға күтім жасау жөніндегі әлеуметтік қызметкер;
Тармақша 4
4) психоневрологиялық аурулары бар мүгедектігі бар балалар мен 18 жастан асқан мүгедектігі бар адамдарға күтім жасау жөніндегі әлеуметтік қызметкер;
Тармақ 2
2. Мәдениет саласындағы мамандардың лауазымдары:
Тармақша 1
1) аудандық маңызы бар мемлекеттік мекеменің және мемлекеттік қазыналық кәсіпорынның басшысы;
Тармақша 2
2) хормейстер;
Тармақша 3
3) концертмейстр;
Тармақша 4
4) кітапханашы;
Тармақша 5
5) библиограф;
Тармақша 6
6) барлық атаудағы әдістемеші (негізгі қызметтер);
Тармақша 7
7) қазақ, ағылшын тілдер мұғалімі;
Тармақша 8
8) музыкалық жетекші.
Тармақ 3
3. Спорт саласындағы мамандар лауазымдары:
Тармақша 1
1) әдіскер.
Басқа 25. Әкімдіктің күшi жойылған кейбiр қаулыларының тiзбесi
Әкімдіктің 2021 жылғы 5 ақпандағы № 43 қаулысына 2-қосымша Әкімдіктің күшi жойылған кейбiр қаулыларының тiзбесi
Тармақ 1
1. Әкімдіктің «Азаматтық қызметшілер болып табылатын және ауылдық жерде жұмыс істейтін денсаулық сақтау, әлеуметтік қамсыздандыру, білім беру, мәдениет және спорт саласындағы мамандар лауазымдарының тізбесін айқындау туралы» 2018 жылғы 12 шілдедегі № 83 әкімдіктің қаулысы (2018 жылғы 10 тамызда Қазақстан Республикасы нормативтiк құқықтық актілерiнiң эталондық бақылау банкiнде жарияланған, Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 8001 болып тіркелген).
Тармақ 2
2. Әкімдіктің «Науырзым ауданы әкімдігінің 2018 жылғы 12 шілдедегі № 83 «Азаматтық қызметшілер болып табылатын және ауылдық жерде жұмыс істейтін денсаулық сақтау, әлеуметтік қамсыздандыру, білім беру, мәдениет, спорт және ветеринария саласындағы мамандар лауазымдарының тізбесін айқындау туралы» қаулысына өзгерістер енгізу туралы» 2019 жылғы 19 сәуірдегі № 28 әкімдіктің қаулысы (2019 жылғы 30 сәуірде Қазақстан Республикасы нормативтiк құқықтық актілерiнiң эталондық бақылау банкiнде жарияланған, Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 8367 болып тіркелген).
Тармақ 3
3. Әкімдіктің «Әкімдіктің 2018 жылғы 12 шілдедегі № 83 «Азаматтық қызметшілер болып табылатын және ауылдық жерде жұмыс істейтін денсаулық сақтау, әлеуметтік қамсыздандыру, білім беру, мәдениет, спорт және ветеринария саласындағы мамандар лауазымдарының тізбесін айқындау туралы» қаулысының өзгерістер енгізу туралы» 2020 жылғы 15 мамырдағы № 61 әкімдіктің қаулысы (2020 жылғы 18 мамырда Қазақстан Республикасы нормативтiк құқықтық актілерiнiң эталондық бақылау банкiнде жарияланған, Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 9187 болып тіркелген).