Об утверждении Правил предоставления бюджетных кредитов на кредитование для развития малого и среднего предпринимательства на местном уровне Күшін жойған
Басқа 0
Жергілікті деңгейде шағын және орта кәсіпкерліктің дамуы үшін несиелеуге бюджеттік несиелер беру ережесін бекіту туралы
📌 Ескерту. Күші жойылды - Атырау облысы әкімиятының 11.03.2004 № 68 шешімімен.
Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2002 жылғы 25 шiлдедегi № 832 "Мемлекеттiк бюджет есебiнен ұсталатын мемлекеттiк мекемелер үшiн бюджеттiң атқарылуы және есептiлiк нысандарын жүргiзу (мерзiмдiк және жылдық) жөнiндегi қаржылық рәсiмдердiң ережесiн бекiту туралы" қаулысын орындауда және облыстық әкiмияттың 2002 жылғы 4 желтоқсандағы № 297 "Атырау облысында 2003-2005 жылдарға арналған шағын және орта кәсiпкерлiктi дамыту және қолдаудың аймақтық бағдарламасы туралы" қаулысын жүзеге асыру мақсатында облыс әкiмияты ҚАУЛЫ ЕТЕДI:
Тармақ 1
1. Жергiлiктi деңгейде шағын және орта кәсiпкерлiктiң дамуы үшiн несиелеуге бюджеттiк несиелер беру Ережесi бекiтiлсiн (тiркеледi).
Тармақ 2
2. "Жергiлiктi деңгейде шағын кәсiпкерлiктi дамыту үшiн несие беру" бағдарламасының әкiмшiсi болып Атырау облысының экономика және кәсiпкерлiктi қолдау бас басқармасы белгiленсiн.
Тармақ 3
3. Атырау облысының экономика және кәсiпкерлiктi қолдау бас басқармасы, Атырау облыстық қаржы басқармасы банк-заемшымен несиелiк келiсiм талаптарының орындалуын бақылауды жүзеге асырсын.
Тармақ 4
4. Облыс әкiмiнiң 2002 жылғы 2 сәуiрдегi № 414 "Шағын кәсiпкерлiктi жергiлiктi деңгейде дамыту үшiн бизнес-жобаларды несиелеу туралы" шешiмi күшiн жойған деп есептелсiн.
Тармақ 5
5. Осы қаулының орындалуын бақылау облыс әкiмiнiң бiрiншi орынбасары В.В.Супрунға жүктелсiн.
Басқа 6
Облыс әкiмиятының
2003 жылғы 7»наурыздағы
64 қаулысына қосымша
Жергiлiктi деңгейде шағын және орта кәсiпкерлiктiң дамуы үшiн несиелеуге бюджеттiк несиелер беру
ЕРЕЖЕСI
Осы Ереже Қазақстан Республикасының 1999 жылғы 1 сәуiрдегi № 357-I "Бюджет жүйесi туралы" Заңына және Қазақстан Республикасының 1995 жылғы 31 тамыздағы № 2444 "Қазақстан Республикасындағы банктер және банк қызметi туралы" Заңына , Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2002 жылғы 25 шiлдедегi № 832 "Мемлекеттiк бюджет есебiнен ұсталатын мемлекеттiк мекемелер үшiн бюджеттiң атқарылуы және есептiлiк нысандарын жүргiзу (мерзiмдiк және жылдық) жөнiндегi қаржылық рәсiмдердiң ережесiн бекiту туралы" қаулысына сәйкес әзiрлендi және 133 272 80 00 "Жергiлiктi деңгейде шағын кәсiпкерлiктi дамыту үшiн несие беру" бағдарламасы бойынша бюджеттiк несиелер беру тәртiбi мен шарттарын белгiлейдi.
Тарау 1. 1. Жалпы шарттар
1. Жалпы шарттар
Тармақ 1
1. Осы Ережелерде мынадай ұғымдар қолданылды:
несие берушi - жергiлiктi атқарушы органы атынан облыс әкiмi немесе оны алмастыратын тұлға;
бағдарламаның әкiмшiсi Атырау облысының экономика және кәсiпкерлiктi қолдау бас басқармасы;
бюджеттiк несие - мерзiмдiлiк, ақылық және қайтарымдылық жағдайларында несие берушiлердiң облыстық бюджеттен берiлетiн ақшалар;
банк-заемшы - банктiк операциялардың жеке түрлерiн жүзеге асыруға, Қазақстан Республикасы Ұлттық банкiнiң лицензиясы бар, түпкi заемшыларды одан әрi несиелендiру үшiн тиiстi бюджеттен бюджеттiк несие алатын екiншi деңгейдегi банк немесе ұйым;
түпкi заемшы - банк-заемшы арқылы бюджеттiк несие алушы заңды немесе жеке тұлға.
Тармақ 2
2. Бюджеттiк несиелендiру жергiлiктi атқарушы органдармен тиiстi жылға қабылданған жергiлiктi бюджеттiң құрамдас бЈлiгi болып табылады және түпкi заемшыға кейiннен бере отырып банк-заемшыға бюджеттiк несие беру жолымен жүзеге асырылады.
Бюджеттiк несиелер беру осы Ережеге сәйкес несие шарттарымен ресiмделедi.
Тармақ 3
3. Жергiлiктi бюджеттiк қаржы есебiнен бюджеттiк несиелер беру туралы несиелiк шарттар (келiсiмдер) жасасу жергiлiктi атқарушы орган атынан облыс әкiмi жүзеге асырады.
Тарау 2. 2. Бюджеттiк несиелендiру бағыттары
2. Бюджеттiк несиелендiру бағыттары
Тармақ 4
4. Бюджеттiк несиелер мақсатты болып табылады және тиiстi қаржы жылына арналған 133 272 80 00 "Жергiлiктi деңгейде шағын кәсiпкерлiктi дамыту үшiн несие беру" Бағдарламасында көзделген және облыстық Мәслихаттың шешiмiмен бекiтiлген бағыттар бойынша және сомалар шегiнде берiледi.
Тармақ 5
5. Жергiлiктi бюджетпен қаралатын бюджеттiк несиелеудiң негiзгi бағыты шағын және орта кәсiпкерлiктi дамыту және қолдаудың аймақтық бағдарламасын орындау болып табылады.
Тарау 3. 3. Бюджеттiк несиелердiң түрлерi мен нысандары
3. Бюджеттiк несиелердiң түрлерi мен нысандары
Тармақ 6
6. Бюджеттiк несиелендiру процесiнде: несие берушiлер мен банк-заемшылар; банктер-заемшылар мен түпкi заемшылар арасында несиелiк шарттар жасалады.
Тармақ 7
7. Бюджеттiк несие беру нысанымен несиелiк желi белгiленедi, соған сәйкес несиелер бағдарламаның әкiмшiсiмен бекiтiлген аудару кестесiне сәйкес банк-заемшының есеп-шотына бюджеттiк несие сомасын кезеңдiк аудару жолымен берiледi.
Тармақ 8
8. Бюджеттiк қаржылар шағын және орта кәсiпкерлiктi қолдау жобаларын несиелеуге 2 жыл мерзiмге дейiн орта мерзiмдi несиелер түрiнде қайтарымдылық негiзде берiледi.
Тармақ 9
9. Жекелеген жағдайларда 3 жылдан артық емес мерзiмге дейiн берешектiң негiзгi сомасын өтеу және сыйақылар төлеу бойынша жеңiлдiк кезеңi берiлуi мүмкiн.
Тармақ 10
10. Бюджеттiк несиелер ұлттық валютамен берiледi.
Тармақ 11
11. Бюджеттiк несиелер несие берушiмен белгiленген сыйақының тiркелген мөлшерлемесiмен берiледi.
Тармақ 12
12. Бюджеттiк несиелендiрудiң негiзгi шарттары болып табылатындар:
Тармақша 1
1) несиелердi шағын және орта кәсiпкерлiктi дамытуға бағыттау;
Тармақша 2
2) бюджеттiк несиелендiру кезiнде заемшыларға қойылатын талаптардың сақталуы;
Тармақша 3
3) бюджеттiк несиелендiру үшiн белгiленген несие беру нысандарын қолдану;
Тармақша 4
4) несиелердiң қайтарылымдылығын қамтамасыз ету.
Тарау 4. 4. Банк-заемшыға бюджеттiк несиелер берудiң тәртiбi мен шарттары
4. Банк-заемшыға бюджеттiк несиелер берудiң тәртiбi мен шарттары
Тармақ 13
13. Бағдарлама әкiмшiсi банк-заемшыға қойылатын талаптарды белгiлейдi.
Банк-заемшыға қойылатын негiзгi талаптар:
Тармақша 1
1) бұған дейiн республикалық және/немесе жергiлiктi бюджеттердiң ақшасы есебiнен алынған несиелер бойынша берешектердiң болмауы;
Тармақша 2
2) конкурс өткiзiлген күнiнен кейiнгi соңғы үш ай iшiнде Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкiнiң пруденциялық нормативтерiн сақтау;
Тармақша 3
3) Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкi белгiлеген жарғылық және меншiктi капиталдардың ең аз мөлшерiнiң лимиттерiн сақтау;
Тармақша 4
4) бюджеттiк несиелердi уақытылы қайтару бойынша тиiстi қамтамасыз етудiң бар болуы;
Тармақша 5
5) бағдарлама әкiмшiсi жiберген бизнес-жобалардың банк-заемшымен қарау мерзiмдерi;
Тармақша 6
6) кәсiпкерлер арасындағы банктiң беделi;
Тармақша 7
7) қажет болған жағдайда филиалдың желiнiң және/немесе корреспонденттiк желiнiң бар болуы;
Тармақша 8
8) қажет болған жағдайда ақпарат берудiң халықаралық электрондық жүйесiнiң (SPRINT, SWIFT, REUTER) бар болуы.
Тармақ 14
14. Бағдарлама әкiмшiсi екiншi деңгейдегi банктер мен банктiк операциялардың жекелеген түрлерiн жүзеге асыруға арналған Қазақстан Республикасының Ұлттық банкi берген лицензиясы бар ұйымдар (бұдан әрi-банк-қатысушылар) бойынша сұрауды нақтылы бюджеттiк бағдарламаларды iске асыру шеңберiнде несиелердi алу үшiн олардың конкурс өткiзуге қойылатын талаптарды қоса Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкiне жiбередi.
Тармақ 15
15. Бағдарламаның әкiмшiсi тiзбеге сәйкес өтiнiмдердi берудiң мерзiмiн көрсете отырып, нақтылы бюджеттiк бағдарламаны iске асыру шеңберiнде олардың несиелердi алуы үшiн Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкiнiң оң қорытындысы бар банктер қатысушылар арасында конкурс жариялайды.
Тармақ 16
16. Бағдарламаның әкiмшiсi белгiлеген конкурс өткiзу мерзiмiнде банктер-қатысушылардың конкурс шарттарына сәйкестiгiн растайтын және бюджеттiк несиелердi алудың шарттары мен нақтылы бюджеттiк бағдарламаларды iске асыру шеңберiнде түпкi заемшыларға несие берудi жүзеге асыру бойынша ұсыныстары бар құжаттарды қоса конкурске қатысуға өтiнiм бередi.
Тармақ 17
17. Конкурсқа қатысуға жiберiлген банктер-қатысушылардың арасынан банк-заемшылардың құжаттарын қарау және iрiктеу үшiн бағдарлама әкiмшiсi конкурстық комиссия құрады.
Бюджеттiк бағдарламалардың орындалуын және бюджеттiк қаражаттың үнемделуiн қамтамасыз ететiн жеткiлiктi несиелендiру мақсатында конкурстық комиссия банктер-қатысушылардың өтiнiмдерiн қарайды және оларды:
Тармақша 1
1) бюджеттiк несиелендiруге байланысты шығындардың ең аз деңгейiне;
Тармақша 2
2) қамтамасыз ету сапасына (көлемiне, нысанына, өтiмдiлiгiне);
Тармақша 3
3) банктердiң қарыз ақша портфелiнiң сапасына;
Тармақша 4
4) банктердiң меншiк капиталдарының көлемiне;
Тармақша 5
5) банктердiң несиелендiру саласындағы жұмыс тәжiрибесiне;
Тармақша 6
6) кәсiпкерлер арасындағы банктiң беделiне;
Тармақша 7
7) бизнес-жобаларды қарау мерзiмiне негiздей отырып iрiктейдi.
Тармақ 18
18. Конкурстың нәтижесi бойынша бюджеттiк бағдарламаның әкiмшiсi белгiленген тәртiпте облыс әкiмиятының қаулы жобасын ұсынады. Несие берушi нақтылы бюджеттiк бағдарламаны жүзеге асыруға банк-заемшылар, олардың қатысу дәрежесi және шарттар белгiленетiн түпкiлiктi шешiм қабылдайды.
Тармақ 19
19. Облыс әкiмиятының қаулысы негiзiнде қажет болған жағдайда бюджеттiк бағдарлама әкiмшiсiнiң қатысуымен банк-заемшымен бiрлесе отырып несиелiк шарт және оған байланысты облыс бюджетте бекiтiлген жылдың сомалар шегiнде құжаттарды (кепiл, кепiлдiк туралы келiсiм шарт, төлемдердiң кестелерi және т.б.) жасасуды жүргiзедi.
Несиелiк шартта мiндеттi түрде бюджеттiк несиелендiрудiң мына шарттарын қарау қажет:
Тармақша 1
1) бюджеттiк бағдарламаның атауы;
Тармақша 2
2) шарт жасасудың мақсаты;
Тармақша 3
3) несие валютасы;
Тармақша 4
4) берешектiң негiзгi сомасын өтеу мерзiмi;
Тармақша 5
5) сандық мәнi және алудың сипаты;
Тармақша 6
6) несие сомасы;
Тармақша 7
7) несие беру және қайтару мерзiмдерi;
Тармақша 8
8) түпкi заемшыларды банк-заемшымен несиелеудiң шарттары;
Тармақша 9
9) сыйақылар мөлшерi және аудару тәртiбi;
Тармақша 10
10) тараптардың құқықтары және мiндеттерi;
Тармақша 11
11) шарттарды орындамаған жағдайда ықпалшаралар;
Тармақша 12
12) дауларды шешу тәртiбi;
Тармақша 13
13) шарт iс-әрекетiнiң мерзiмi.
Несиелiк шарттар жасасқан күннен бастап үш күндiк мерзiмде жергiлiктi бюджеттiң қаражаты есебiнен бюджеттiк несиелер бойынша облыстық қаржы басқармасында тiркеуге жатады.
Жергiлiктi бюджеттi нақтылау нәтижесiнде несиелiк шарттардың жылдық сомасы өзгерген жағдайда несиелiк шарттардың және облыстық қаржы басқармасында қайта тiркеуден өту, несиелеу бөлiгiнде құндық аталым өзгертуге жатады.
Конкурс комиссиясы терiс шешiм қабылдаған жағдайда бағдарлама әкiмшiсi қайта конкурс Јткiзудi ұйымдастырады.
Тармақ 20
20. Несие берушi банк-заемшыға жоба құнындағы 0,01 сыйақы мөлшерлемесi бойынша өзiнiң несиелiк ресурстарының үлесiн бередi.
Түпкi заемшымен өзара есеп айырысу жағдайына қарамастан несие ресурстары ретiнде пайдаланылатын жобаларды несиелеуде Банктiң корреспонденттiк есеп шотына қаражаттың бекiтiлген түсу кестесiне сәйкес бюджеттiк қаржының қайтарылуына несие берушiнiң алдында банк-заемшы толықтай жауапты.
Банк заемшы несие ресурсындағы өз үлесiн бас банкiмен келiсiлген мөлшерлеме бойынша жобаны қаржыландыруға қосымша ұсынуға құқылы.
Тармақ 21
21. Несиелiк шарт және несие берушi мен банк-заемшының қаражатын алуға арналған өтінімдері және Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2002 жылғы 25 шiлдедегi № 832 "Мемлекеттiк бюджет есебiнен ұсталатын мемлекеттiк мекемелер үшiн бюджеттiң атқарылуы және есептiлiк нысандарын жүргiзу (мерзiмдiк және жылдық) жөнiндегi қаржылық рәсiмдердiң ережесiн бекiту туралы" қаулысының 11 қосымшасына сәйкес үлгі бойынша бюджеттік бағдарлама әкiмшiсiнiң өтiнiмi негiзiнде жүзеге асырылады.
Облыстық қаржы басқармасы несие қаражатын бюджеттiк есеп-шоттан қазынашылық басқармасындағы бағдарлама әкiмшiсiнiң есеп-шотына және бағдарлама әкiмшiсi банк-заемшының есеп-шотына аударады.
Тармақ 22
22. Тараптардың бюджеттiк несиелендiру кезiнде туындайтын барлық даулары мен пiкiр қайшылықтары жасалған несиелiк келiсiм шарттардың талаптарымен және Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес шешiледi.
Тармақ 23
23. Қаржыландыру үшiн басым жобаларды iрiктеу облыс әкiмияты жанындағы шағын және орта бизнес мәселелерi жөнiндегi Комиссиямен және бюджеттiк бағдарлама әкiмшiсiне түскен бизнес-жобалардың iшiндегi қала және аудандар әкiмдерiнiң өкiлдерiмен жүзеге асырылады.
Тарау 5. 5. Банк-заемшының түпкi заемшыға бюджеттiк несие беру тәртiбi мен шарттары
5. Банк-заемшының түпкi заемшыға бюджеттiк несие беру тәртiбi мен шарттары
Тармақ 24
24. Несиелiк ресурстардан түпкi заемшылардың бюджеттiк несиелерiн банк-заемшыларға беру қолданыстағы Заңнамаға, несие берушiмен жасалған несиелiк шарттарға және банк-заемшының iшкi несиелiк саясатына сәйкес жүзеге асырылады.
Тармақ 25
25. Банк-заемшы түпкi заемшылардың несиелiк ұсыныстарына: түпкi заемшылардың төлем қабiлетiне, өтелмеген бюджеттiк несие тәуекелiнiң дәрежесiне талдау, жобаның экономикалық тиiмдiлiгiне, техникалық-экономикалық және қаржылық көрсеткiштерiне талдау, көздердiң бар-жоқтығы мен несиенi өтеудiң қамтамасыз етiлуiне тексеру жүргiзу арқылы сараптама жүргiзедi.
Тармақ 26
26. Бағдарлама әкiмшiсi келiсiмi негiзiнде банк-заемшы несие ұсыныстарын сараптамасы нәтижесiнде түпкi заемшыларды несиелендiру туралы шешiм қабылдайды, олармен несиелiк шарттарын және бюджеттiк несиелерге байланысты басқа да құжаттарды жасасады.
Тармақ 27
27. Бюджеттiк несие алушы, түпкi заемшылар өтiнiмде облыстағы жұмыссыздық және кедейлiкке қарсы күрестiң белсендi нысанын жүзеге асыру мақсатында тiркелген жұмыссыздар iшiнен жұмысшыларды жалдау шартын қарастыруға мiндеттi.
Тармақ 28
28. Несиелiк шарттар және оларға байланысты құжаттарды жасағаннан кейiн банк-заемшы түпкi заемшылардың атына қарыз ақша шотын ашады, оған несиелiк шарттарға сәйкес бюджеттiк несиелер сомасы есептеледi. Көрсетiлген шоттан түпкi заемшының есеп шотына ақшаны аудару немесе оның төлем құжаттарын төлеу жолымен несие беру жүргiзiледi.
Банк-заемшы түпкi заемшыға несие ресурстарын:
Тармақша 1
1) Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес кепiлдiктi қамтамасыз етумен;
Тармақша 2
2) келiсiм шартта белгiленген несиенi қайтару мерзiмi 6 ай жеңiлдiк кезеңi өткен соң несиенi тең үлесте өтеудi бастау шарттарымен 2 жылға дейiнгi мерзiмге, кейбiр жағдайларда 3 жылға дейiнгi мерзiмге ұсынады.
Тармақ 29
29. Бизнес-жобаларды iрiктеудiң негiзгi басым бағыттары болып табылатындары:
Тармақша 1
1) өндiрiс;
Тармақша 2
2) ауылшаруашылығы өнiмiн өңдеу;
Тармақша 3
3) мал мен құстың өнiмдiлiгi жоғары тұқымын өсiру;
Тармақша 4
4) көкөнiс-бақша дақылдарын өсiру;
Тармақша 5
5) жұмыс iстемейтiн кәсiпорындарды жандандыру;
Тармақша 6
6) қызмет көрсетулердi ұсыну;
Тармақша 7
7) басқалар.
Аудандар әкiмияттары бағдарлама әкiмшiсiне жобаларды ұсынуда жобалардың жалпы санының кемiнде 70 пайызын ауылшаруашылығын дамытудың басым бағыттарын iрiктеу ұсынылады. Банк-заемшымен бөлiнетiн несие қаражаты кезең-кезеңмен, шығындар сметасына сәйкес жүргiзiледi.
Бiрiншi кезекте қаржыландыруға өндiрiстiк және ауыл шаруашылығы жобалары қабылданады.
Тарау 6. 6. Бюджеттiк несиенi өтеу және оған қызмет көрсету тәртiбi
6. Бюджеттiк несиенi өтеу және оған қызмет көрсету тәртiбi
Тармақ 30
30. Заемшының негiзгi борышты өтеуi және есептелген сыйақыны төлеуi жасалған несиелiк шартына сәйкес жүзеге асырылады.
Бұл ретте төлемдердiң мынадай кезектiлiгi белгiленеді:
Тармақша 1
1) есептелген айыптар мен өсiмдер;
Тармақша 2
2) есептелген сыйақы;
Тармақша 3
3) негiзгi борышты өтеу.
Тармақ 31
31. Несиелiк шарттарында тараптардың келiсiмi бойынша несиенi мерзiмнен бұрын өтеу құқығы қарастырылуы.
Тармақ 32
32. Банк-заемшы несиелiк шартты бұзған жағдайда несие берушi несиелiк шартты мерзiмiнен тыс бұзуға және есептелген сыйақыларымен және айыппұлдарымен бiрге нақты берiлген сомасын қайтаруға құқығы бар.
Тармақ 33
33. Несиелiк шартты бұзбаған жағдайда бюджеттiк несиенiң мақсатсыз пайдалану фактiлерi анықталса несие берушi несиелiк шартта көрсетiлген мөлшерде айыппұл ала отырып, несиенiң заңсыз пайдаланған соманы заемшыдан өндiрiп алуға құқылы.
Жергiлiктi бюджет есебiнен берiлетiн несиелердiң мақсатқа сай емес пайдалану жағдайында заемшы мақсатқа сай емес пайдаланған соманың 25 пайыз мөлшерiнде айыппұл төлеп, мақсатқа сай емес пайдаланған қаржы сомасын қайтарады.
Тармақ 34
34. Заемшы несиелiк шартында белгiленген мерзiмде негiзгi борышты өтемеген және /немесе бюджеттiк несие бойынша сыйақыны төлемеген жағдайда жинақталған берешектерге айыппұл пайызы есептелiнедi.
Тармақ 35
35. Бюджеттiк несие бойынша заемшыда берешектерi пайда болған жағдайда және несиелiк шарттың талаптарымен белгiленген мерзiм iшiнде ол өтемесе банк-заемшы (түпкi заемшы жағдайында) берешектердi қайтаруды қамтамасыз ететiн мынадай шаралар алынады:
Тармақша 1
1) қолданыстағы заңнамаға сәйкес кепiл туралы шарттың негiзiнде заемшының салған мүлкiн сату;
Тармақша 2
2) заемшы несие берушiнiң немесе банк-заемшының пайдасына берген басқа тұлғаға қойған талаптарын төлеуге ұсыну;
Тармақша 3
3) Қазақстан Республикасының 1997 жылғы 21 қаңтардағы "Банкроттық туралы" Заңына сәйкес соттың заемшыны банкрот деп жариялауға дейiн сот тәртiбiнде өндiрiп алу жүзеге асыру шаралары қолданады.
Тармақ 36
36. Бюджеттiк несие бойынша банк-заемшыда берешектер пайда болған жағдайда және ол несиелiк шарттың талаптарында белгiленген мерзiм iшiнде өтелмесе несие берушi Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңдарына сәйкес ақшалай берешектiң қайтарылуын қамтамасыз ететiн шаралар алады.
Тармақ 37
37. Жергiлiктi бюджет қаражаты есебiнен берiлген несие банк-заемшымен сыйақыларды, айыппұлдарды қоса негiзгi борыштың сомасы жергiлiктi бюджетке қайтарылған жағдайда өтелдi деп саналады.
Тарау 7. 7. Бюджеттiк несиелердi есептеу және бақылау
7. Бюджеттiк несиелердi есептеу және бақылау
Тармақ 38
38. Жергiлiктi бюджет есебiнен банк-заемшыға берiлген несиелер Қазақстан Республикасының қаржы Министрлiгiмен белгiленген тәртiпте мiндеттi тiркелуге жатады.
Тармақ 39
39. Несие берушiмен берiлген бюджеттiк несиелер мониторингi банк-заемшы тұрақты ұсынатын есеп берулер негiзiнде Қазақстан Республикасының қаржы министрлiгi белгiлеген тәртiппен және нысандар бойынша жүзеге асырылады.
Тармақ 40
40. Банк-заемшымен бюджеттiк несиенiң игерiлуiне, мақсатты пайдалануына, уақытында және толық өтелуiне жергiлiктi бюджеттен бөлiнетiн несие бойынша несие берушi, түпкi заемшы жағдайында барлық бюджеттiк несие бойынша - банк-заемшылар бақылау жасайды.
Бюджеттiк несиенi пайдаланудың тиiмдiлiгiн бағалау бағдарлама әкiмшiсiмен жүзеге асырылады.
Тармақ 41
41. Атырау қаласы және аудандар әкiмдерi де несие қаражатының мақсатты пайдалануына және уақытылы қайтарылуына бақылау жасайды.
Атырау қаласы және аудандар әкiмдерiне қаржыландырылатын жобалар бойынша жергiлiктi бюджеттен кепiлдiк және мiндеттеме беруге тыйым салынады.
Тармақ 42
42. Банк-заемшыға бюджет қаражатының берiлуi бағдарламаның әкiмшiсi арқылы несие берушiмен қаржыландыру жолымен жүргiзiледi.
Тиiстi банктiк операцияларды жүргiзу есебiмен несие ресурстары ретiнде қаржыландыруға бөлiнген бюджет қаржысын банк-заемшы 20 жұмыс күн iшiнде кейбiр себептермен игермеген жағдайда, бюджеттiк бағдарламалардың әкiмшiсiнiң есеп шотына қайтарылады.
Тармақ 43
43. Түпкi заемшымен алынған несиенi бюджетке келiсiм шартта белгiленген мерзiмнен бұрын 2 жыл iшiнде өтеу есебiнен салынатын қаражатты банк-заемшы бюджеттiк бағдарлама әкiмшiсiмен ұсынылған шағын және орта кәсiпкерлiк субъектiлерiнiң жобаларын қайта несиелеуге жұмсайды.
Тармақ 44
44. Облыс әкiмiмен немесе оны алмастыратын тұлға және банк-заемшы арасында жасалған несиелiк шартына сәйкес бюджеттiк қаржының игерiлуi туралы белгiленген көлемде және тәртiпте есеп берудi ұсыну қамтамасыз етiледi.
Тармақ 45
45. Бағдарлама әкiмшiсi бақылау мақсатында банк-заемшыдан бюджеттiк несиелерге қатысты қажеттi басқа ақпаратты да талап етуге құқылы.
Тармақ 46
46. Жергiлiктi бюджеттен берiлген барлық бюджеттiк несиелер Қазақстан Республикасының қаржы министрлiгiмен белгiленген нысандар бойынша және мерзiмде бюджеттiк несиелердiң нақты берiлуi, қызмет етуi және өтелуi туралы бағдарлама әкiмшiсiнiң тұрақты есеп беруi негiзiнде облыстық қаржы басқармасымен орталықтандырылған есепке алынады.
Тармақ 47
47. Облыстық қаржы басқармасы бақылау жүргiзу мақсатында Бағдарлама әкiмшiсi мен банк-заемшыдан бюджеттiк несиелерге байланысты тиiстi ақпаратты талап етуге құқылы.