Об утверждении Правил оказания социальной помощи, установления размеров и определения перечня отдельных категорий нуждающихся граждан в районе Биржан сал Күшін жойған
Басқа 0
Біржан сал ауданында әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың қағидаларын бекіту туралы
«Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 6-бабының 2-3-тармағына, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 21 мамырдағы № 504 «Әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың үлгілік қағидаларын бекіту туралы» қаулысына сәйкес, Біржан сал ауданының мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
Тармақ 1
1. Біржан сал ауданында әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың қағидалары бекітілсін.
Тармақ 2
2. Осы шешім Ақмола облысының Әділет департаментінде мемлекеттік тіркелген күнінен бастап күшіне енеді және ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
«КЕЛІСІЛДІ»
Біржан сал ауданының әкімі
Басқа 0. Біржан сал ауданында әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың қағидалары
Біржан сал ауданы мәслихатының
2021 жылғы 2 ақпандағы
№ С-2/2 шешімімен
бекітілген
Біржан сал ауданында әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың қағидалары
Тармақ 1
1. Осы Біржан сал ауданында әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 6-бабының 2-3-тармағына, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 21 мамырдағы № 504 «Әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың үлгілік қағидаларын бекіту туралы» (бұдан әрі – Үлгілік қағидалар) қаулысына сәйкес әзірленді және Біржан сал ауданында әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың тәртібін айқындайды.
Тарау 1. 1-тарау. Жалпы ережелер
1-тарау. Жалпы ережелер
Тармақ 2
2. Осы Қағидаларда пайдаланылатын негізгі терминдер мен ұғымдар:
Тармақша 1
1) атаулы күндер – жалпыхалықтық тарихи, рухани, мәдени маңызы бар және Қазақстан Республикасы тарихының барысына ықпал еткен оқиғалар;
Тармақша 2
2) арнайы комиссия – өмірде қиын жағдайдың туындауына байланысты әлеуметтік көмек көрсетуге үміткер адамның (отбасының) өтінішін қарау бойынша Біржан сал ауданы әкімінің шешімімен құрылатын комиссия;
Тармақша 3
3) ең төмен күнкөріс деңгейі – Ақмола облысының статистикалық органдары есептейтін мөлшері бойынша ең төмен тұтыну себетінің құнына тең, бір адамға қажетті ең төмен ақшалай кіріс;
Тармақша 4
4) мереке күндері – Қазақстан Республикасының ұлттық және мемлекеттік мереке күндері;
Тармақша 5
5) отбасының (азаматтың) жан басына шаққандағы орташа табысы – отбасының жиынтық табысының айына отбасының әрбiр мүшесiне келетін үлесi;
Тармақша 6
6) өмірдегі қиын жағдай – азаматтың тыныс – тіршілігін объективті түрде бұзатын, ол өз бетінше еңсере алмайтын ахуал;
Тармақша 7
7) уәкілетті орган – Біржан сал ауданының «Жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» мемлекеттік мекемесі;
Тармақша 8
8) «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы (бұдан әрі – уәкілетті ұйым) – Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес мемлекеттік қызметтерді, табиғи монополиялар субъектілерінің желілеріне қосуға арналған техникалық шарттарды беру жөніндегі қызметтерді және квазимемлекеттік сектор субъектілерінің қызметтерін көрсету, «бір терезе» қағидаты бойынша мемлекеттік қызметтерді, табиғи монополиялар субъектілерінің желілеріне қосуға арналған техникалық шарттарды беру жөніндегі қызметтерді, квазимемлекеттік сектор субъектілерінің қызметтерін көрсетуге өтініштер қабылдау және көрсетілетін қызметті алушыға олардың нәтижелерін беру жөніндегі жұмысты ұйымдастыру, сондай-ақ электрондық нысанда мемлекеттік қызметтер көрсетуді қамтамасыз ету үшін Қазақстан Республикасы Үкіметінің шешімі бойынша құрылған, жылжымайтын мүлікке құқықтарды оның орналасқан жері бойынша мемлекеттік тіркеуді жүзеге асыратын заңды тұлға;
Тармақша 9
9) учаскелік комиссия – әлеуметтік көмек алуға өтініш білдірген адамдардың (отбасылардың) материалдық жағдайына тексеру жүргізу және қорытындылар дайындау үшін тиісті әкімшілік - аумақтық бірлік әкімдерінің шешімімен құрылатын комиссия;
Тармақша 10
10) шекті шама – әлеуметтік көмектің бекітілген ең жоғары мөлшері.
Тармақ 3
3. Осы Қағидалар Біржан сал ауданының аумағында тұрақты тұратын тұлғаларға таралады.
Тармақ 4
4. Осы Қағидалардың мақсаттары үшiн әлеуметтiк көмек ретiнде жергілікті атқарушы органмен мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарына (бұдан әрi – алушылар) өмiрлiк қиын жағдай туындаған жағдайда, сондай-ақ атаулы күндер мен мереке күндерiне ақшалай немесе заттай нысанда көрсететiн көмек түсiнiледi.
Тармақ 5
5. «Қазақстан Республикасында мүгедектiгі бар адамдарды әлеуметтiк қорғау туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 16-бабында және «Ардагерлер туралы» Қазақстан Республикасының Заңы 10-бабының 2) тармақшасында, 11-бабының 2) тармақшасында, 12-бабының 2) тармақшасында, 13-бабының 2) тармақшасында, 17-бабында көзделген әлеуметтік қолдау шаралары осы Қағидаларда белгіленген тәртіпте көрсетіледі.
Тармақ 6
6. Азаматтарға (отбасыларға) әлеуметтік көмекті төлеу банктік операциялардың тиісті түрлеріне лицензиясы бар екінші деңгейдегі банктер арқылы алушының шотына аудару жолымен жүзеге асырылады.
Тармақ 7
7. Әлеуметтiк көмек бiр рет және (немесе) мерзiмдi (ай сайын, тоқсан сайын, жартыжылдықта 1 рет) көрсетiледi.
Тармақ 8
8. Әлеуметтік көмек көрсету үшін атаулы күндердің және мерекелік күндердің тізбесі:
Тармақша 1
1) 15 ақпан - Ауғанстан Демократиялық Республикасынан Кеңес әскерлерінің шектеулі контингентінің шығарылған күні;
Тармақша 2
2) 9 мамыр - Жеңіс күні;
Тармақша 3
3) 31 мамыр – Саяси қуғын-сүргін және ашаршылық құрбандарын еске алу күні;
Тармақша 4
4) 29 тамыз - Семей ядролық сынақ полигонының жабылған күні;
Тармақша 5
5) 30 тамыз – Қазақстан Республикасының Конституция күні.
Тарау 2. 2-тарау. Әлеуметтік көмек алушылар санаттарының тізбесін айқындау және әлеуметтік көмектің мөлшерлерін белгілеу тәртібі
2-тарау. Әлеуметтік көмек алушылар санаттарының тізбесін айқындау және әлеуметтік көмектің мөлшерлерін белгілеу тәртібі
Тармақ 9
9. Әлеуметтік көмек алушылардың келесі санаттарына көрсетіледі:
Ұлы Отан соғысынының ардагерлеріне;
жеңілдіктер бойынша Ұлы Отан соғысының ардагерлеріне теңестірілген ардагерлерге;
Қазақстан Республикасының «Ардагерлер туралы» Заңының күші қолданылатын басқа да адамдарға;
еңбек ардагерлеріне;
басқа мемлекеттердің аумағындағы ұрыс қимылдарының ардагерлеріне;
саяси қуғын-сүргiннiң құрбаны немесе саяси қуғын-сүргiннен зардап шеккендерге;
Семей ядролық полигонындағы ядролық сынақтардан зардап шеккен азаматтарға;
зейнетақының төменгі мөлшерін және төмен зейнетақы мөлшерінен төмен алатын зейнеткерлерге;
барлық топтағы мүгедектігі бар адамдарға;
мүгедектігі бар баланы тәрбиелейтін адамдарға;
табысы ең төмен күнкөріс деңгейінен төмен аз қамтылған азаматтарға (отбасыларға);
әлеуметтік мәні бар аурулары (туберкулез, қатерлі ісіктер, адамның иммунитет тапшылығы вирусы (АИВ) тудыратын ауру) бар адамдарға;
адамның иммунитет тапшылығы вирусы (АИВ) тудыратын ауруы бар балалары бар азаматтарға (отбасыларға);
халықтың әлеуметтік осал топтарынан, аз қамтылған және көп балалы отбасылар қатарындағы медициналық колледждерде күндізгі оқу нысаны бойынша ақылы негізде оқитын студенттерге;
халықтың әлеуметтік осал топтарынан, аз қамтылған және көп балалы отбасылар қатарындағы жоғары медициналық оқу орындарында оқитын студенттерге;
табиғи зілзаланың немесе өрттің салдарынан зардап шеккен азаматтарға (отбасыларға);
бас бостандығынан айыру орындарынан шыққандарға және пробация қызметінің есебінде тұрған адамдарға.
Бұл ретте азаматтарды өмірлік қиын жағдай туындаған кезде мұқтаждар санатына жатқызу үшін мыналар жатады:
Тармақша 1
1) Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген негіздемелер;
Тармақша 2
2) табиғи зілзаланың немесе өрттің салдарынан, азаматқа (отбасына) не оның мүлкіне зиян келтіру не әлеуметтік мәні бар аурулардың болуы;
Тармақша 3
3) ең төмен күнкөріс деңгейіне еселік қатынаста белгілейтін шектен аспайтын жан басына шаққандағы орташа табыстың болуы негіздеме болып табылады.
Арнайы комиссиялар әлеуметтік көмек көрсету қажеттілігі туралы қорытынды шығарған кезде жергілікті өкілді орган бекіткен азаматтарды мұқтаждар санатына жатқызу үшін негіздемелер тізбесін басшылыққа алады.
Тармақ 10
10. Әлеуметтік көмек бір рет көрсетіледі:
Тармақша 1
1) 9 мамыр - Жеңіс күні:
Ұлы Отан соғысының ардагерлеріне;
жеңілдіктер бойынша Ұлы Отан соғысының ардагерлеріне теңестірілген ардагерлерге;
Қазақстан Республикасының «Ардагерлер туралы» Заңының күші қолданылатын басқа да адамдарға;
еңбек ардагерлеріне;
Тармақша 2
2) 31 мамыр - Саяси қуғын-сүргін және ашаршылық құрбандарын еске алу күні:
саяси қуғын-сүргiннiң құрбаны немесе саяси қуғын-сүргiннен зардап шеккендерге;
Тармақша 3
3) 15 ақпан - Ауғанстан Демократиялық Республикасынан Кеңес әскерлерінің шектеулі контингентінің шығарылған күні:
басқа мемлекеттердің аумағындағы ұрыс қимылдарының ардагерлеріне;
Тармақша 4
4) 29 тамыз - Семей ядролық сынақ полигонының жабылған күні:
Семей ядролық сынақ полигонындағы ядролық сынақтардың салдарынан зардап шеккен азаматтарға;
Тармақша 5
5) 30 тамыз - Қазақстан Республикасының Конституция күні:
барлық топтағы мүгедектігі бар адамдарға;
мүгедектігі бар баланы тәрбиелейтін адамдарға;
зейнетақының төменгі мөлшерін және төмен зейнетақы мөлшерінен төмен алатын зейнеткерлерге.
Алушылардың жекелеген санаттары үшін атаулы күндер мен мереке күндеріне әлеуметтік көмектің мөлшері облыстың жергілікті атқарушы органының келісімі бойынша бірыңғай мөлшерде белгіленеді.
Тармақша 6
6) табысы ең төмен күнкөріс деңгейінен төмен аз қамтылған азаматтарға (отбасыларға), өмірлік қиын жағдай туындаған кезде, он бес айлық есептік көрсеткіш әлеуметтік көмектің шекті шамасында, өтініш бойынша бір рет беріледі;
Тармақша 7
7) өмірлік қиын жағдай туындаған кезде әлеуметтік көмек азаматтың (отбасының) жан басына шаққандағы орташа табысына қарамастан, азаматтардың келесі санаттарының өтініші бойынша бір рет көрсетіледі:
әлеуметтік мәні бар аурулары бар (қатерлі ісіктер), онкологиялық стационар жағдайында арнайы емдеуден өтіп жатқан адамдарға он бес айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде;
адамның иммунитет тапшылығы вирусы (АИВ) тудыратын ауруы бар, денсаулық сақтау ұйымдарында есепте тұрған адамдарға он бес айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде;
адамның иммунитет тапшылығы вирусы (АИВ) тудыратын ауруы бар, денсаулық сақтау ұйымдарында есепте тұрған балалары бар азаматтарға (отбасыларға) оның ішінде адамның иммунитет тапшылығы вирусын тасымалдаушыларға, он бес айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде;
табиғи зілзаланың немесе өрттің салдарынан зардап шеккен азаматтарға (отбасыларға) өмірлік қиын жағдай туындаған сәттен бастап үш айдан кешіктірмей елу айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде;
бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған және Біржан сал ауданына тұрақты тұруға келген адамдарға, босатылғаннан кейін алты айдан кешіктірілмейтін мерзімде бас бостандығынан айыру орындарында болғаны туралы растайтын құжат негізінде он бес айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде;
пробация қызметінің есебінде тұрған адамдарға он бес айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде;
Тармақша 8
8) әлеуметтік мәні бар (туберкулез) ауруы бар адамдарға, амбулаторлық емделу кезеңіне бес айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде ай сайын;
Тармақша 9
9) Ұлы Отан соғысының ардагерлеріне коммуналдық қызметтерді, жылу беру маусымына қатты отынға, байланыс қызметтерін төлеу бойынша шығыстарға қызмет көрсетушілер ұсынған тізілімдерге сәйкес, алушылардың жеке шоттарына аудару жолымен 100 пайыз мөлшерінде.
Жылу беру маусымы кезеңінде қатты отынға жұмсалған шығыстар Ұлы Отан соғысы ардагерлерінің нақты тұратын жері бойынша алып жатқан алаңына сәйкес қатты отын сатып алуға ұсынылған түбіртектерге сәйкес алушылардың жеке шоттарына аудару жолымен өтеледі. Әлеуметтік көмек Ұлы Отан соғысының ардагері пайдаланған уақытқа дейін жеңілдіктер қолданылатын онымен бірге тұратын және тіркелген отбасы мүшелеріне де көрсетіледі;
Тармақша 10
10) колледждер мен жоғары медициналық оқу орындарында ақылы негізде күндізгі оқу нысаны бойынша оқитын аз қамтылған отбасылардан, көп балалы отбасылардан, халықтың әлеуметтік осал топтарынан (отбасыларынан) шыққан студенттерге - оқу орнымен жасалған шарттың, жоғары медициналық оқу орындарында оқу кезінде аудан әкімі, студент және жұмыс беруші арасында шарттың, оқу орнынан анықтаманың, көп балалы отбасы мәртебесін, не өтініш берушінің (отбасының) атаулы әлеуметтік көмек алушыларға, не халықтың әлеуметтік – осал топтарына тиесілігін растайтын анықтаманың көшірмесі негізінде оқу құны мөлшерінде біржолғы жәрдемақы төленеді.
Тармақ 11
11. Әрбір жекелеген жағдайда көрсетілетін әлеуметтік көмек мөлшерін арнайы комиссия айқындайды және оны әлеуметтік көмек көрсету қажеттілігі туралы қорытындыда көрсетеді.
Тарау 3. 3-тарау. Әлеуметтік көмек көрсету тәртібі
3-тарау. Әлеуметтік көмек көрсету тәртібі
Тармақ 12
12. Атаулы күндер мен мереке күндерiне әлеуметтiк көмек алушылардан өтiнiштер талап етiлмей уәкiлеттi ұйымның не өзге де ұйымдардың ұсынымы бойынша жергілікті атқарушы орган бекiтетiн тiзiм бойынша көрсетiледi.
Тармақ 13
13. Әлеуметтік көмек көрсету тәртібі Үлгілік қағидаларға сәйкес айқындалады.
Тармақ 14
14. Әлеуметтік көмек ұсынуға шығыстарды қаржыландыру Біржан сал ауданының бюджетінде көзделген ағымдағы қаржы жылына арналған қаражат шегінде жүзеге асырылады.
Тарау 4. 4-тарау. Көрсетілетін әлеуметтік көмекті тоқтату және қайтару үшін негіздер
4-тарау. Көрсетілетін әлеуметтік көмекті тоқтату және қайтару үшін негіздер
Тармақ 15
15. Әлеуметтік көмек:
Тармақша 1
1) алушы қайтыс болған;
Тармақша 2
2) алушы Біржан сал ауданының шегінен тыс тұрақты тұруға кеткен;
Тармақша 3
3) алушыны мемлекеттік медициналық - әлеуметтік мекемелерге тұруға жіберген;
Тармақша 4
4) алушы ұсынған мәліметтердің дәйексіздігі анықталған жағдайларда тоқтатылады.
Әлеуметтік көмекті төлеу көрсетілген жағдаяттар туындаған айдан бастап тоқтатылады.
Тармақ 16
16. Артық төленген сомалар ерікті немесе Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген өзгеше тәртіппен қайтаруға жатады.
Тарау 5. 5-тарау. Қорытынды ереже
5-тарау. Қорытынды ереже
Тармақ 17
17. Әлеуметтік көмек көрсету мониторингі мен есепке алуды уәкілетті орган «Е-Собес» автоматтандырылған ақпараттық жүйесінің дерекқорын пайдалана отырып жүргізеді.