О мерах по социальной защите от безработицы целевых групп населения и правилах их финансирования Күшін жойған
Басқа 0
Халықтың мақсатты топтарын жұмыссыздықтан әлеуметтік қорғау жөніндегі шаралар және оларды қаржыландыру ережелері туралы
📌 Ескерту. Күші жойылды - Шығыс Қазақстан облысы әкімдігінің 2005 жылғы 18 ақпандағы № 87 қаулысымен.
"Халықты жұмыспен қамту туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23-қаңтардағы № 149-ІІ Заңы 7-бабының 6)-тармақшасына және 5-бабының 2-тармағына, "Халықты жұмыспен қамту туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23-қаңтардағы Заңын жүзеге асыру жөніндегі шаралар туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2001 жылғы 19-маусымдағы № 836 қаулысына сәйкес, халықтың мақсатты топтарын әлеуметтік қорғау жөніндегі қосымша шараларды белгілеу мақсатында, "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы" Қазақстан Республикасы 2001 жылғы 23-қаңтардағы № 148-ІІ Заңының 27-бабы 1-тармағының 17)-тармақшасын басшылыққа ала отырып Шығыс Қазақстан облысының әкімияты ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
Тармақ 1
1. «Жастар іс-тәжірибесін» ұйымдастыру жөніндегі ереже (№ 1 қосымша) және Әлеуметтік жұмыс орындарын ұйымдастыру және қаржыландыру ереже (№ 2 қосымша) бекітілсін.
Тармақ 2
2. Осы қаулының орындалуына бақылау жасау облыс әкімінің орынбасары В.Н. Сухоруковаға жүктелсін.
Тармақ 3
3. Осы қаулы мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді.
Басқа 4. "Жастар іс-тәжірибесін" ұйымдастыру жөніндегі
Шығыс Қазақстан облысы
әкімиятының 2003 жылғы
18 сәуірдегі № 48 қаулысына
№ 1 қосымша
"Жастар іс-тәжірибесін" ұйымдастыру жөніндегі
ЕРЕЖЕ
Тармақ 1. 1. ЖАЛПЫ ЕРЕЖЕЛЕР
1. ЖАЛПЫ ЕРЕЖЕЛЕР
Тармақ 1
1. "Жастар іс-тәжірибесін" ұйымдастыру жөніндегі ереже бастауыш, орта және жоғары кәсіби білім беретін оқу орындарының жұмыссыз түлектерін жұмысқа орналастыру мүмкіншіліктерін кеңейту және олардың тәжірибе, білім, іскерлік пен дағды алу мақсатында әзірленді.
Тармақ 2
2. Осы ереже "Халықты жұмыспен қамту туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23-қаңтардағы № 149-II Заңының 4, 5, 7, 9, 12 - баптарына сәйкес әзірленді.
Тармақ 3
3. Ереже бастапқы жұмыс тәжірибесін алу, жұмысқа орналасу және еңбек нарығындағы бәсекелестікке төтеп беру қабілеттілігін арттыру үшін мүмкіндіктер туғызу жөнінде жұмыспен қамту қызметінде тіркелген бастауыш, орта және жоғары кәсіби білім беретін оқу орындарын бітірген жұмыссыз жастарды жұмыспен қамту мәселе бойынша уәкілетті органдардың (одан әрі "Жұмыспен қамту орталығы") жұмыс бағыттарының бірін айқындайды.
"Жастар іс-тәжірибесі" меншік түріне қарамастан мекемелерде, ұйымдарда және кәсіпорындарда (одан әрі "Жұмыс беруші" деп аталатын) ұйымдастырылып өткізіледі. "Жұмыспен қамту орталығы" "Жұмыс берушімен" шарт негізінде бірлесіп әрекет жасайды.
Тармақ 4
4. "Жұмыспен қамту орталығы" "Жастар іс-тәжірибесіне" жіберу үшін еңбек нарығындағы жағдайды және жұмыссыз жастардың құрамын есепке ала отырып оқу орындарын бітірген жұмыссыз түлектер есебін анықтайды.
Тармақ 2. 2. "ЖАСТАР ІС-ТӘЖІРИБЕСІН" ҰЙЫМДАСТЫРУ
2. "ЖАСТАР ІС-ТӘЖІРИБЕСІН" ҰЙЫМДАСТЫРУ
Тармақ 5
5. "Жұмыспен қамту орталығы" жастарды жұмыспен қамту саласында өңірдегі еңбек нарығына жағдайды талдау негізінде "Жастар іс-тәжірибесін" өткізу жөнінде шешім қабылдайды.
Шешім қабылдарда келесі негізгі өлшемдер есепке алынады:
Тармақша 1
1) оқу орындарын бітірген жұмыссыз түлектер саны және олардың жұмыспен қамту орталығында тіркелген жұмыссыздардың жалпы санындағы үлесі;
Тармақша 2
2) жастар арасындағы ұзақ уақыт жұмыс істемеген түлектердің санының өсуі;
Тармақша 3
3) бастауыш, орта және жоғары кәсіби білім беретін оқу орындары түлектеріне жұмысқа орналасуда мүмкіншілігін төмендететін еңбек өтілі, алған мамандығы бойынша дағдыларының жоқтығы.
Тармақ 6
6. "Жастар іс-тәжірибесін" өткізу жөніндегі шешімді қабылдағаннан кейін "Жұмыспен қамту орталығы" қаржылық-экономикалық жағынан тұрақты, одан әрі даму және өндірісін кеңейтуге болашағы бар, жұмыс орындарында еңбек жағдайы бар, "Жастар іс-тәжірибесіне" қатысушылар үшін потенциалды жұмыс беруші бола алатын мекемелер жөнінде ақпараттар жинау жұмыстарын жүргізеді.
Сонымен қоса "Жұмыспен қамту орталығы" бұқаралық ақпараттық құралдары арқылы "Жастар іс-тәжірибесін" өткізу жағдайлары және мекеменің негізгі принциптері жөнінде ақпарат береді.
Тармақ 7
7. Кәсіпорындар жөнінде жиналған ақпаратты қорыту және талдау негізінде "Жұмыспен қамту орталығы" "Жастар іс-тәжірибесіне" қатыстыру үшін оқу орындарын бітірген жұмыссыз түлектерді іріктейді. Іріктеу өлшемдері мыналар болуы мүмкін:
Тармақша 1
1) жұмыссыз ретінде "Жұмыспен қамту орталығында" есепте тұрады;
Тармақша 2
2) қатысушыларды іріктеу кезеңінде олар үшін қолайлы жұмыстың болмауы;
Тармақша 3
3) жасы қоса алғанда 24-ке дейін.
"Жастар іс-тәжірибесіне" тек қана жұмыссыздың келісімімен 6 ай мерзіміне дейін жіберіледі.
Тармақ 8
8. "Жастар іс-тәжірибесін" өткізуді "Жұмыспен қамту орталығы" жергілікті атқарушы органдармен, жастар істері жөніндегі комитеттермен және жастарды жұмысқа орналастыруға ынталанған басқа мекемелермен бірлесіп ұйымдастырады.
Тармақ 9
9. Жұмыссыз түлектерді уақытша жұмысқа қабылдауға келісім берген кәсіпорындармен "Жұмыспен қамту орталығы" шарт жасайды.
Шарт жұмысқа қабылданатын азаматтар санын, "Жұмыс беруші" жұмыссыз жастарды жұмысқа алатын мамандықтар (кәсіптер) бойынша тізімді, "Жастар іс-тәжірибесіне"»қатысушыларды мамандыққа сәйкес кәсіби білімі мен дағдысын қамтамасыз етуді қарайды.
Тармақ 10
10. "Жұмыспен қамту орталығы" жасасқан шартқа сәйкес "Жастар іс-тәжірибесі" белгісі бар жолдамамен жұмыссызды мекемеге жібереді. "Жұмыспен қамту орталығымен" жасасқан шарт шеңберінде, жұмыссызды нақты жұмыс орнына алу жөніндегі шешімді "Жұмыс беруші" қабылдайды. "Жұмыс беруші" жолдаманың үзінді талонын толтырып жұмыспен қамту орталығының мекен жайына жібереді.
Тармақ 11
11. Жұмыссызды уақытша жұмысқа алу жөніндегі шешім қабылдаған жағдайда "Жұмыс беруші" "Қазақстан Республикасындағы еңбек туралы" Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес "Жұмыспен қамту орталығымен" шартта ескертілген мерзімге онымен еңбек шартына (контрактқа) отырады. Жастар іс-тәжірибесінің басталуы алдында жұмыс беруші қажеттілікке байланысты жұмыссызды жұмыс орнына жіберуге міндетті қосымша курстық даярлықты өткізеді.
Тармақ 12
12. "Жұмыс беруші" жұмыссызды жұмысқа орналастырғанда "Жұмыспен қамту орталығына" жұмысқа қабылдаған кезден 3 күн асырмай еңбек шартының көшірмесі қосылған уақытша жұмысқа қабылдау жөніндегі бұйрықтың көшірмесін ұсынады.
Тармақ 13
13. "Жастар іс-тәжірибесіне" қатысушы еңбек заңнамасын бұзған жағдайда "Жұмыс беруші" бір жақтылық тәртіпте шартты бұзуға құқылы.
Тармақ 14
14. "Жұмыс берушінің" ықыласы бойынша жұмыссызбен шарт бұзылғанда жұмыс беруші "Жастар іс-тәжірибесінің" аяқталғаны және "Жастар іс-тәжірибесі" қатысушысының жұмыстан босағаны жөнінде 3 күн мерзімінде "Жұмыспен қамту орталығына" ақпарат береді.
Кәсіпорыннан жұмыстан босатылу "Қазақстан Республикасындағы еңбек туралы" Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес жүргізіледі.
Жұмыссыз "Жастар іс-тәжірибесіне" қатысуының доғарылуы жөнінде шешім қабылдауға болады, ол туралы "Жұмыс берушіні" және "Жұмыспен қамту орталығын" 3 күн мерзімінде хабардар етеді.
Тармақ 15
15. Шарттың мерзімі өткеннен кейін "Жұмыс беруші" "Жұмыспен қамту орталығына" азаматтың еңбек шарты (контракт) бойынша жұмысқа қабылданғаны жөніндегі бұйрықтың көшірмесін немесе оның кәсіпорыннан жұмыстан босатылуы туралы бұйрықтың көшірмесін жібереді.
Тармақ 16
16. "Жұмыс берушінің" шешімі бойынша жұмыссыз "Жастар іс-тәжірибесін" өту мерзімінің аяқталуына дейін тұрақты жұмыс орнына орналаса алады. Онда "Жұмыс беруші" "Жұмыспен қамту орталығына" "Жастар іс-тәжірибесіне" қатысушының еңбек шарты бойынша (контракт) жұмысқа алынғаны жөніндегі бұйрықтың көшірмесін жібереді.
Тармақ 17
17. "Жұмыс беруші" шарт мерзімінің аяқталуы бойынша оған қатысушының "Жастар іс-тәжірибесін" өткені туралы мінездеме ұсынады.
Тармақ 18
18. Осы немесе басқа кәсіпорындарға тұрақты (уақытша) жұмыс орнына жұмысқа орналаспаса "Жастар іс-тәжірибесінің" аяқталуы бойынша жұмыссыз ретінде "Жұмыспен қамту орталығында" есепте тұруын жалғастырады.
Тармақ 3
3. "ЖАСТАР ІС-ТӘЖІРИБЕСІН" ҚАРЖЫЛАНДЫРУ
Тармақ 19
19. "Жастар іс-тәжірибесін" қаржыландыру жұмыспен қамту бағдарламасын орындалуға бекітілген шығыстар сметасына сәйкес облыстық бюджет қаражаты есебінен жүргізіледі.
Тармақ 20
20. Маманды жұмыс орнына жіберуге қажетті қосымша курстық даярлықтың төлемі жұмыспен қамту бағдарламасында жұмыссыздардың кәсіби даярлығына қаралған қаражаттар есебінен жүргізіледі.
Тармақ 21
21. "Жастар іс-тәжірибесіне" қатысушының еңбек төлемі келесі мөлшерде жүргізіледі:
Тармақша 1
1) толық айға бастауыш және орта кәсіби білім беретін оқу орындарының түлектері үшін бір ең төменгі жалақы;
Тармақша 2
2) толық айға жоғары оқу орындары түлектері үшін 1,2 ең төменгі жалақы.
Тармақ 22
22. "Жұмыс беруші" "Жастар іс-тәжірибесінің" қатысушысына өз қаражаты есебінен қосымша төлем жасай алады.
Тармақ 23
23. "Жастар іс-тәжірибесі" қатысушылардың еңбек төлемі "Жұмыспен қамту орталығының" олардың жеке шоттарына қаражат аудару жолымен жүргізіледі.
Тармақ 24
24. "Жастар іс-тәжірибесіне" қатысушы жұмыссыздарға есептелген еңбек ақыға қолданыстағы салық заңнамасына сәйкес салық салынады.
Шығыс Қазақстан облысының еңбек,
жұмыспен қамту және халықты
әлеуметтік қорғау басқармасының бастығы
А. Шерубаев
Басқа 40. Әлеуметтік жұмыс орындарын ұйымдастыру және қаржыландыру
Шығыс Қазақстан облысы
әкімиятының 2003 жылғы
18 сәуірдегі № 48 қаулысына
№ 2 қосымша
Әлеуметтік жұмыс орындарын ұйымдастыру және қаржыландыру
ережелері
Тармақ 1. 1. ЖАЛПЫ ЕРЕЖЕЛЕР
1. ЖАЛПЫ ЕРЕЖЕЛЕР
Тармақ 1
1. Осы Ережелер жұмыссыздарды және халықтың мақсатты топтан жұмыссыздарды жұмысқа орналастыру үшін әлеуметтік жұмыс орындарын ұйымдастыру және қаржыландыру тәртібін белгілейді, негізгі жағдайларды және әлеуметтік жұмыс орындарын ұсынатын мекемелермен (меншік түріне қарамастан) есеп айрысу жүйесін реттейді.
Тармақ 2
2. Осы Ережеде қолданылатын негізгі ұғымдар:
әлеуметтік жұмыс орны - облыстық бюджет қаражаттары есебінен жұмысқа алынған жұмысшылардың еңбек ақысына жұмсалған шығынды бөлшемді өтеумен халықтың мақсатты тобынан жұмыссыз азаматтарды бар кәсібі мен мамандығына сәйкес жұмысқа орналастыру үшін жұмыс берушілердің жазбаша келісімімен ұсынылған жұмыс орны.
мақсатты топтар - "Халықты жұмыспен қамту туралы" Қазақстан Республикасы Заңымен, жергілікті атқарушы органдармен белгіленген, жұмысқа орналасуда қиындықтар көріп жүрген және әлеуметтік қорғауды талап ететін адамдар тобы.
Тармақ 3
3. Осы ережелер "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23-қаңтардағы Заңының 27-бабы 1-тармағының 16)-тармақшасына және "Халықты жұмыспен қамту туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23-қаңтардағы Заңының 4, 5 - баптарына сәйкес әзірленді.
Тармақ 4
4. Әлеуметтік жұмыс орындарына орналасқан азаматтарға Қазақстан Республикасындағы еңбек, зейнетақымен қамту және сақтандыру жөніндегі заңнамалық актілер қолданысқа жатады.
Тармақ 2. 2. ӘЛЕУМЕТТІК ЖҰМЫС ОРЫНДАРЫНА ЖҰМЫСҚА ОРНАЛАСТЫРУ ЖӘНЕ ҰЙЫМДАСТЫРУ ТӘРТІБІ
2. ӘЛЕУМЕТТІК ЖҰМЫС ОРЫНДАРЫНА ЖҰМЫСҚА ОРНАЛАСТЫРУ ЖӘНЕ ҰЙЫМДАСТЫРУ ТӘРТІБІ
Тармақ 5
5. Әлеуметтік жұмыс орындарын өз қаражатынан қаржыландыру және осы жұмыс орынға алынған азаматтардың еңбек ақысы шығынын облыс бюджетінен бөлшемді өтеуімен жұмыс беруші белгілейді.
Тармақ 6
6. Жергілікті атқарушы органдар жұмыс берушілердің жазбаша келісімі бойынша мекемелердің (кәсіпорындардың) тізбесін және оған мақсатты топтан жұмыспен қамтылмағандарды және жұмыссыздарды жұмысқа орналастыру үшін әлеуметтік жұмыс орындарының санын белгілейді.
Тармақ 7
7. Әлеуметтік жұмыс орындарына қабылданған азаматтардың еңбек төлемінің бөлшемді өтелуі шартқа сәйкес жұмыспен қамту мәселесі жөнінде (одан әрі "жұмыспен қамту орталықтарынан") уәкілетті органдармен жүзеге асырылады.
Тармақ 8
8. Әлеуметтік жұмыс орындарына жұмысқа орналастыру үшін мақсатты топтан жұмыссыздарға және жұмыспен қамтылмағандарға жұмыспен қамту орталықтары іріктеу жүргізеді.
Тармақ 9
9. Жұмыс беруші жұмыссыздарды және жұмыспен қамтылмаған адамдарды "әлеуметтік жұмыс орындарына" жұмыспен қамту орталығының жолдамасы бойынша жұмысқа орналастырады, жолдаманың үзінді талонын толтырады және оны жұмыспен қамту орталығының мекен жайына жібереді.
Тармақ 10
10. Азаматтарды әлеуметтік жұмыс орнына қабылдағанда жұмыс беруші онымен "Қазақстан Республикасындағы еңбек туралы" Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес жұмыспен қамту орталығымен келісілген мерзімге еңбек шарт (контракт) жасайды.
Тармақ 3. 3. ӘЛЕУМЕТТІК ЖҰМЫС ОРЫНДАРЫН ҚАРЖЫЛАНДЫРУ
КӨЗДЕРІ МЕН ШАРТТАРЫ
3. ӘЛЕУМЕТТІК ЖҰМЫС ОРЫНДАРЫН ҚАРЖЫЛАНДЫРУ
КӨЗДЕРІ МЕН ШАРТТАРЫ
Тармақ 11
11. Әлеуметтік жұмыс орнына мақсатты топтан қабылданған жұмыссыздардың және жұмыспен қамтылмаған халықтың еңбек төлемі ай сайын жұмыс беруші өз қаражаттарынан жеке еңбек шартының жағдайларына сәйкес және орындалатын жұмыстың көлеміне, сапасына және қиындығына байланысты жүзеге асады.
Тармақ 12
12. Жұмыс берушілердің әлеуметтік жұмыс орнына мақсатты топтан орналасқан жұмыссыздардың және жұмыспен қамтылмаған халықтың еңбек төлемінің шығындары бөлшемді түрде облыстық бюджет қаражаттарынан 0,5-тен 1,0-ге дейін ең төменгі жалақы мөлшерінде мерзімі 6 айдан аспайтын жұмыс беруші жұмыспен қамту орталығына ұсынған жұмыссыздардың осы айда жұмыс істеген күндері көрсетілген анықтаманың негізінде өтелінеді.
Мақсатты топтан жұмыссыздардың және жұмыспен қамтылмаған адамдардың еңбек төлемі бойынша дотацияны жұмыспен қамту жөнінде уәкілетті органдар жұмыспен қамту бағдарламасы есебінен жұмыс берушілердің есеп шотына жібереді.
Тармақ 13
13. Әлеуметтік жұмыс орындарына мақсатты топтан жұмысқа орналасқан жұмыссыздардың және жұмыспен қамтылмағандардың төленетін еңбек төлеміне заңнамада белгіленген тәртіпте салық салынады.
Тармақ 14
14. Әлеуметтік жұмыс орнына мақсатты топтан орналасқан жұмыссыздардың және жұмыспен қамтылмаған халықтың еңбек төлемі нақтылы орындалған жұмыс көлеміне жүргізіледі.
Тармақ 15
15. Кәсіпорынның есеп шотына түскен мақсатты топтағы жұмыссыздардың және жұмыспен қамтылмаған халықтың еңбек төлемінің шығынын бөлшемді өтеу үшін қаралған бюджет қаражаттарын мақсатсыз пайдаланғаны үшін жұмыс беруші жауапты.
Тармақ 4. 4. ӘЛЕУМЕТТІК ЖҰМЫС ОРЫНДАРЫН ҰЙЫМДАСТЫРУ ЖӘНЕ ҚАРЖЫЛАНДЫРУ ТӘРТІБІНЕ
БАҚЫЛАУ ЖАСАУ
4. ӘЛЕУМЕТТІК ЖҰМЫС ОРЫНДАРЫН ҰЙЫМДАСТЫРУ ЖӘНЕ ҚАРЖЫЛАНДЫРУ ТӘРТІБІНЕ
БАҚЫЛАУ ЖАСАУ
Тармақ 16
16. Әлеуметтік жұмыс орындарын ұйымдастыру және қаржыландыру ережелерін сақтауға бақылау жасау заңнамада белгіленген тәртіпте мемлекеттік органдармен жүзеге асырылады.
Шығыс Қазақстан облысының еңбек,
жұмыспен қамту және халықты
әлеуметтік қорғау басқармасының
бастығы
А. Шерубаев