Об определении размера и порядка оказания жилищной помощи в Бурабайском районе Күшін жойған

10.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 20.06.2024. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
Бурабай ауданында тұрғын үй көмегін көрсету мөлшерін және тәртібін айқындау туралы «Тұрғын үй қатынастары туралы» Қазақстан Республикасының 1997 жылғы 16 сәуірдегі Заңының 97-бабына, «Тұрғын үй көмегін көрсету ережесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 30 желтоқсандағы № 2314 қаулысына сәйкес, Бурабай аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
Тармақ 1
1. Бурабай ауданында тұрғын үй көмегін көрсету мөлшері және тәртібі осы шешімнің қосымшасына сәйкес айқындалсын.
Тармақ 2
2. Осы шешім Ақмола облысының Әділет департаментінде мемлекеттік тіркелген күнінен бастап күшіне енеді және ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі. «КЕЛІСІЛДІ» Бурабай ауданының әкімдігі
Басқа 0. Бурабай ауданында тұрғын үй көмегін көрсетудің мөлшері және тәртібі
Бурабай аудандық мәслихатының 2021 жылғы 2 ақпандағы № 7С-2/1 шешіміне қосымша Бурабай ауданында тұрғын үй көмегін көрсетудің мөлшері және тәртібі
Тарау 1. 1 тарау. Жалпы ережелер
1 тарау. Жалпы ережелер
Тармақ 1
1. Тұрғын үй көмегi жергiлiктi бюджет қаражаты есебiнен Қазақстан Республикасының аумағындағы жалғыз тұрғынжай ретінде меншік құқығында тұрған тұрғынжайда тұрақты тіркелген және тұратын аз қамтылған отбасыларға (азаматтарға), сондай-ақ, Бурабай ауданында тұратын мемлекеттік тұрғын үй қорынан берілген тұрғынжайды және жеке тұрғын үй қорынан жергілікті атқарушы орган жалдаған тұрғынжайды жалдаушыларға (қосымша жалдаушыларға) беріледі.
Тармақ 2
2. Тұрғын үй көмегін тағайындауды уәкілетті орган – «Бурабай ауданының жұмыспен қамту, әлеуметтік бағдарламалар және азаматтық хал актілерін тіркеу бөлімі» мемлекеттік мекемесі (әрі қарай – уәкілетті орган) жүзеге асырады.
Тарау 2. 2 тарау. Тұрғын үй көмегін көрсету мөлшері
2 тарау. Тұрғын үй көмегін көрсету мөлшері
Тармақ 3
3. Аз қамтылған отбасының (азаматтың) жиынтық табысын уәкілетті орган Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің 2020 жылғы 24 сәуірдегі № 226 бұйрығымен бекітілген, Тұрғын үй көмегін алуға үмiткер отбасының (Қазақстан Республикасы азаматының) жиынтық табысын есептеу қағидаларына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 20498 тіркелген) сәйкес есептейді.
Тармақ 4
4. Шекті жол берілетін шығыстар үлесі: кондоминиум объектісін басқаруға және кондоминиум объектісінің ортақ мүлкін күтіп-ұстауға, оның ішінде кондоминиум объектісінің ортақ мүлкін күрделі жөндеуге жұмсалатын шығыстарға; коммуналдық қызметтерді және телекоммуникация желісіне қосылған телефон үшін абоненттік төлемақының өсуі бөлігінде байланыс қызметтерін тұтынуға; мемлекеттік тұрғын үй қорынан берілген тұрғынжайды және жеке тұрғын үй қорынан жергілікті атқарушы орган жалға алған тұрғынжайды пайдаланғаны үшін шығыстарды төлеуге беріледі. Аз қамтылған отбасылардың (азаматтардың) тұрғын үй көмегiн есептеуге қабылданатын шығыстары жоғарыда көрсетiлген бағыттардың әрқайсысы бойынша шығыстардың сомасы ретiнде айқындалады.
Тармақ 5
5. Тұрғын үй көмегі кондоминиум объектісін басқаруға және кондоминиум объектісінің ортақ мүлкін күтіп-ұстауға, оның ішінде кондоминиум объектісінің ортақ мүлкін күрделі жөндеуге жұмсалатын шығыстарды, коммуналдық көрсетілетін қызметтерді және телекоммуникация желісіне қосылған телефон үшін абоненттік төлемақының өсуі бөлігінде көрсетілетін байланыс қызметтерін тұтынуға, мемлекеттік тұрғын үй қорынан берілген тұрғынжайды және жеке тұрғын үй қорынан жергілікті атқарушы орган жалға алған тұрғынжайды пайдаланғаны үшін шығыстарды төлеуге арналған шығыстарға ақы төлеу сомасы мен отбасының (азаматтардың) осы мақсаттарға жұмсайтын шығыстарының жергiлiктi өкiлдi орган белгiлеген шектi жол берiлетiн деңгейiнiң арасындағы айырма ретiнде айқындалады, отбасының (азаматтың) жиынтық табысына 10% (пайыз) мөлшерінде белгіленеді. Өтемақы шараларымен қамтамасыз етілетін тұрғын үй алаңының нормасы адамға 18 (он сегіз) шаршы метр қабылданады. Жалғыз тұратын азаматтар үшін, өтемақы шараларымен қамтамасыз етілетін тұрғын үй алаңының нормасы 30 (отыз) шаршы метр болып қабылданады.
Тармақ 6
6. Жергілікті жылуы бар қатты отынды тұтынуға өтемақы нормалары жылу беру маусымына отбасыға (азаматқа) өтініш берген тоқсанда алып жатқан көлеміне байланысты 5 (бес) тонна мөлшерінде белгіленеді. Отын шығыны айына 1 (бір) шаршы метрге 49,75 килограмм мөлшерінде есепке алынады. Статистика органдарының деректеріне сәйкес, көмірдің құны өткен тоқсанда қалыптаскан орташа баға қабылданады.
Тармақ 7
7. Электр энергиясының шығын нормасы бір адамға айына 100 (жүз) киловатт белгіленсін.
Тармақ 8
8. Телекоммуникация желісіне қосылған телефон үшін абоненттік төлемақының өсуі бөлігінде байланыс қызметтер өтемақысы «Әлеуметтік тұрғыдан қорғалатын азаматтарға телекоммуникация қызметтерін көрсеткені үшін абоненттік төлемақы тарифінің көтерілуіне өтемақы төлеудің кейбір мәселелері туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 14 сәуірдегі № 512 қаулысымен бекітілген Әлеуметтік тұрғыдан қорғалатын азаматтарға телекоммуникация қызметтерін көрсеткені үшін абоненттік төлемақы тарифінің көтерілуіне өтемақы төлеудің ережесіне сәйкес жүргізіледі.
Тарау 3. 3 тарау. Тұрғын үй көмегін көрсету тәртібі
3 тарау. Тұрғын үй көмегін көрсету тәртібі
Тармақ 9
9. Тұрғын үй көмегін тағайындау үшін аз қамтылған отбасы (азамат) (немесе нотариалды куәландырылған сенімхат бойынша оның өкілі) «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясына және/немесе «электрондық үкімет» веб-порталы арқылы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 30 желтоқсандағы № 2314 қаулысымен бекітілген, Тұрғын үй көмегін көрсету ережесіне сәйкес жүгінеді.
Тармақ 10
10. Жеке меншігінде бір бірліктен артық тұрғын үйі (пәтер, үй) бар немесе тұрғын үй-жайларды жалдауға (қосымша жалдауға) беруші отбасыларды (азаматтарды) қоспағанда, тұрғын үй көмегін тағайындау ағымдағы тоқсанға толық жүргізіледі, ал отбасының (азаматтың) өткен тоқсандағы жиынтық табыстары мен коммуналдық қызметтерінің шығындары есепке алынады.
Тармақ 11
11. Тұрғын үй көмегі аз қамтылған отбасыларға (азаматтарға) кондоминиум объектісін басқаруға және кондоминиум объектісінің ортақ мүлкін күтіп-ұстауға, оның ішінде кондоминиум объектісінің ортақ мүлкін күрделі жөндеуге жеткізушілер ұсынған ай сайынғы жарналар туралы шоттарға және шығыстар сметасына сәйкес бюджет қаражаты есебінен көрсетіледі.
Тармақ 12
12. Тұрғын үй көмегін тағайындау тиісті қаржы жылына арналған аудандық бюджетте көзделген қаражат шегінде жүзеге асырылады.
Тарау 4. 4 тарау. Тұрғын үй көмегін төлеу
4 тарау. Тұрғын үй көмегін төлеу
Тармақ 13
13. Аз қамтылған отбасыларға (азаматтарға) тұрғын үй көмегін төлеуді уәкілетті орган екінші деңгейлі банктер арқылы жүзеге асырады. Уәкілетті органға тұрғын үй көмегін артық немесе заңсыз тағайындауға әкеліп соққан көрінеу жалған мәліметтер ұсынылған кезде, аз қамтылған отбасы (азамат) заңсыз алған сомасын ерікті түрде, ал бас тартқан жағдайда – сот тәртібімен қайтарады.