Об утверждении порядка взимания платы за проезд тяжеловесных и крупногабаритных транспортных средств по автодорогам Западно-Казахстанской области Күшін жойған
Басқа 0
Батыс Қазақстан облысының автомобиль жолдармен ауыр салмақты және ірі көлемді көлік құралдарының жүруі үшін ақы алу тәртібін бекіту туралы
📌 Ескерту. Күші жойылды - Батыс Қазақстан облысы әкімінің 09.03.2004 № 11 шешімімен.
Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетінің «Қазақстан Республикасы аумағында автожолдарды, жол құрылыстарын пайдалану ережелерін және оларды қорғау тәртібін бекіту туралы» 1993 жылғы 20 сәуірдегі № 316 қаулысына сәйкес және облыс автомобиль жолдарының сақталуын қамтамасыз ету мақсатында ШЕШІМ ЕТЕМІН:
Тармақ 1
1. «Оралавтожол» қазыналық кәсіпорнына /Оразов/ 1998 жылғы 20 қаңтардан бастап, көлік құралдарының облыс автомобиль жолдарындағы қозғалысын тек қана Қазақстан Республикасының Көлік және коммуникация министрлігі бекіткен және Қазақстан Республикасы ішкі істер министрлігімен келісілген «Жалпы пайдаланудағы автомобиль жолдарымен ірі көлемді және ауыр салмақты көлік құралдарын өткізу жөніндегі нұсқамаларға» сәйкес жүзеге асыру тапсырылсын.
Тармақ 2
2. Батыс Қазақстан облысы бойынша кеден басқармасы /Жұбаев/, облыстық көлік инспекциясы /Үмбеталиев/, облыстық жол полициясы /Маковский/ ірі көлемді және ауыр салмақты көлік құралдарының автомобиль жолдары қазыналық кәсіпорының «Арнаулы рұқсатынсыз» облыстың жалпы пайдаланудағы автомобиль жолдарымен жүруіне тыйым салу жөнінде нақты шаралар алсын.
Тармақ 3
3. «Оралавтожол» қазыналық кәсіпорны /Оразов/, облыстық жол полициясымен /Маковский/, облыстық көлік инспекциясымен /Үмбеталиев/ бірлесіп, мына мекенжайлар бойынша бақылау-өткізу пунктерінің жұмыс істеуін қамтамасыз етсін:
1. М-32 Самара-Шымкент 247 км /Погодаево селосы/
2. Р-246 Атырау-Орал 375 км /Чапаев поселкесі/
3. ЗК-8 Подстепное-Елек 144 км
4. ЗК-24 Орал-Озинки 73 км /Тақала селосы/
Тармақ 4
4. Осы шешімнің орындалуын бақылау облыс әкімінің бірінші орынбасары А.Ф.Маючийге жүктелсін.