О льготном проезде отдельных категорий граждан города Семей для проезда на внутригородском общественном транспорте (кроме такси) Күшін жойған

10.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 30.09.2024. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
Семей қаласы азаматтарының жекелеген санаттарының қала ішіндегі қоғамдық көлікте (таксиден басқа) жеңілдікпен жол жүруі туралы Қазақстан Республикасының 1994 жылғы 21 қыркүйектегі «Қазақстан Республикасындағы көлік туралы» Заңының 13-бабына және Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 6 - бабының 1 - тармағының 15) тармақшасына сәйкес, Семей қаласының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ және Семей қаласының мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
Тармақ 1
1. Қала ішіндегі қоғамдық көлікте жеңілдікпен жол жүру Семей қаласының келесі санаттағы азаматтарына белгіленсін: 1) Ұлы Отан соғысының қатысушылары мен мүгедектігі бар адамдарға – тегін жол жүру; 2) көру қабілеті бойынша І топтағы мүгедектігі бар адамдарға жетектеушісімен – тегін жол жүру; 3) көру қабілеті бойынша ІІ топтағы мүгедектігі бар адамдарға - тегін жол жүру; 4) 70 жастан асқан зейнеткерлерге - тарифтің 50 % ; 5) ең төменгі зейнетақы алатын зейнеткерлерге – тегін жол жүру; 6) І топтағы мүгедектігі бар адамдарға жетектеушісімен - тегін жол жүру; 7) ІІ топтағы мүгедектігі бар адамдарға - тегін жол жүру; 8) мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек алуға құқығы бар отбасылардан шыққан балаларға - тегін жол жүру; 9) мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек алмайтын, жан басына шаққандағы орташа табысы ең төмен күнкөріс деңгейінің шамасынан төмен отбасылардан шыққан балаларға - тегін жол жүру; 10) жетім балаларға, ата-анасының қамқорлығынсыз қалған, отбасыларда тұратын балаларға - тегін жол жүру; 11) көпбалалы отбасылардан шыққан балаларға - тегін жол жүру; 12) «Алтын алқа», алқаларымен наградталған аналарға – тарифтің 50 %; 13) мүгедектігі бар балаларға жетектеушісімен – тегін жол жүру.
Тармақ 2
2. Қалалық бюджет қаржыландыру көзі болып айқындалсын.
Тармақ 3
3. «ШҚО Семей қаласының жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі» мемлекеттік мекемесі аталған санаттағы азаматтарды тасымалдаумен байланысты тасымалдаушылардың шығындарын өтеуді көздесін.
Тармақ 4
4. «Шығыс Қазақстан облысы Семей қаласының жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі» мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:
Тармақша 1
1) осы бірлескен қаулы мен шешімнің аумақтық әділет органында мемлекеттік тіркелуін;
Тармақша 2
2) мемлекеттік тіркеуден кейін осы бірлескен қаулы мен шешім көшірмелерінің Семей қаласының аумағында таратылатын мерзімді баспа басылымдарына ресми жариялауға жолданылуын;
Тармақша 3
3) ресми жарияланғанынан кейін осы бірлескен қаулы мен шешімді Семей қаласы әкімдігінің интернет-ресурсында орналастырылуын қамтамасыз етсін.
Тармақ 5
5. Осы бірлескен әкімдік қаулысы мен мәслихат шешімінің орындалуын бақылау қала әкімінің тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі, автомобиль жолдары, құрылыс, сәулет және қала құрылысы мәселелері жөніндегі орынбасарына жүктелсін.
Тармақ 6
6. Семей қаласы мәслихатының 2021 жылғы 8 қаңтардағы № 63/460-VI «Семей қаласы азаматтарының жекелеген санаттарының қала ішіндегі қоғамдық көлікте жеңілдікпен жол жүруі туралы» шешімінің күші жойылсын.
Тармақ 7
7. Осы бірлескен қаулы мен шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.