Аудандық бюджеттің қаржылары есебінен мемлекеттік мекемелердің қаржыландыру Қағидасын бекіту туралы Қолданыста

07.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 23.04.2003. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
Аудандық бюджеттің қаржылары есебінен мемлекеттік мекемелердің қаржыландыру Қағидасын бекіту туралы Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы N 148-II "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы" Заңының 31 бабына, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2002 жылғы 25 шілдедегі N 832 "Мемлекеттiк бюджет есебiнен ұсталатын мемлекеттiк мекемелер үшiн бюджеттiң атқарылуы және есептiлiк нысандарын жүргізу (мерзiмдiк және жылдық) жөнiндегі қаржылық рәсімдердің ережесін бекiту туралы" Қаулысымен бекітілген, аудандық бюджеттің орындалуын қамтамасыз ету мақсатында аудандық әкімияты қаулы етеді:
Тармақ 1
1. Аудандық бюджеттің қаржылары есебінен мемлекеттік мекемелердің қаржыландыру Қағидасы бекітілсін (N 1 қосымша);
Тармақ 2
2. Аудандық бюджеттік бағдарлама әкімшілері, мемлекеттік мекемелер осы қаулының орындалуын қамтамасыз етсін.
Тармақ 3
3. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімінің орынбасары С.Ж. Аймақовқа жүктелсін.
Басқа 4. 1. Жалпы ереже
"Аудандық бюджеттің қаржылары есебінен мемлекеттік мекемелердің қаржыландыру Қағидасын бекіту туралы" аудан әкімиятының 2003 жылғы 24 сәуірдегі N 41 қаулысымен бекітілген N 1 қосымша Аудандық бюджеттің қаржылары есебінен мемлекеттік мекемелердің қаржыландыру ҚАҒИДАСЫ 1. Жалпы ереже
Тармақ 1
1. Осы Қағида аудандық бюджеттің орындалуын қамтамасыз ету мақсатында әзірленді және аудандық бюджет есебінен қаржыландырылатын мемлекеттік мекемелердің шығыстарын шоттарға төлеу мен қаржыландыру тәртібін қарастырады.
Тармақ 2. 2. Аудандық бюджеттің қаражаттары есебінен мемлекеттік мекемелерді қаржыландыру тәртібі
2. Мемлекеттік мекемелерді қаржыландыру тиісті қаржы жылына аудандық бюджетте қарастырылған қаражаттар есебінен жүргізіледі. 2. Аудандық бюджеттің қаражаттары есебінен мемлекеттік мекемелерді қаржыландыру тәртібі
Тармақ 3
3. Аудан әкімінің қаржы бөлімі ай сайын, әр айдын 10 күніне дейін бюджеттік бағдарлама әкімшілеріне аудандық бюджетке күтілетін ақшалардың түсуін ескеріп, аудандық бюджеттің міндеттемелері және атқарушы органдардың шешімдері бойынша паспорттар мен қаржыландырудың жиынтық жоспарына сәйкес келісім береді.
Тармақ 4
4. Аудандық бюджеттен қаражаттар шығындаудың келесі басымдық бағыттары анықталсын:
Тармақша 1
1) Жұмыс берушілердің еңбек ақысы және жарналары;
Тармақша 2
2) Тамақ және дәрі-дәрмектер;
Тармақша 3
3) Арнайы мемлекеттік жәрдемақылар;
Тармақша 4
4) Атаулы әлеуметтік көмек. Басқа шығындар (тауарларды сатып алу (жұмыс және қызмет) және басқа да ағымдағы шығындар) бірінші кезектілікке қаражаттар бөлгеннен кейін жүргізілсін.
Тармақ 5
5. Мемлекеттік сатып алу нәтижелері бойынша мемлекеттік мекеме қолданыстағы заңдылықтарға сәйкес рұқсат берілген шекте бір жылға, тоқсанға немесе басқа мерзімге тауарларды сатып алуға (жұмыс және қызмет) келісім жасайды.
Тармақ 6
6. Егер бір айрықшалықты орындау үшін болса, келісім шарттар бірнеше жеткізушілермен жасалады, бұл келісім шарттардың жалпы сомасы осы айрықшалық бойынша келісім жасауға рұқсат етілген шекте бюджеттік тағайындаулардың сомасынан аспауы керек.
Тармақ 7
7. Тауарларды сатып алуға (жұмыс және қызмет) барлық азаматтық-құқықтық мәміле аудандық бюджеттің орындалуын ескеру мақсатында қаржы бөлімімен келісіледі және аумақтық қазынашылық органдарда тіркеуге жатады.
Тармақ 8. 3. Мемлекеттік мекемелердің шоттарын төлеуге қабылдап алу
8. Сатып алынатын тауарлардың (жұмыс және қызмет) бағаларына мониторинг жүргізу және бюджет қаражаттарын тиімді пайдалану мақсатында мемлекеттік мекемелермен бағалық ұсыныстарды сұрау салу тәсілімен, бір көзден алу тәсілімен жасасатын мемлекеттік сатып алудың келісім шарттары жергілікті уәкілеттік органмен келісуге тиісті. 3. Мемлекеттік мекемелердің шоттарын төлеуге қабылдап алу
Тармақ 9
9. Бюджет қаражаттарын тиімді пайдалану мақсатында төлемдерді жүргізуге бюджет ақшаларын бөлу бойынша шешім қабылдау үшін ауданның қаржы бөлімі аудандық бюджеттік бағдарлама әкімшілерінің қаржылық рәсімдерін өткізу мониторингісін жүзеге асырады.
Тармақ 10
10. Бюджет шығындарының басымдық бағытының ішінарасындағы осы қаулыны іске асыру, бюджет қаражаттарын тиімді пайдалануды қамтамасыз ету мақсатында мемлекеттік мекеме ауданның қаржы бөліміне келісу үшін төлемге шоттарды (тапсырыс) тапсырады.
Тармақ 11
11. Алушылармен тапсырылған төлемге бюджет қаражаттарының шоттары негізінде ауданның қаржы бөлімі ҚБАБШ сәйкес бос қалдықтар шегінде төлемге рұқсат етілген шығындар айрықшалықтарының күнделікті Тізімдемесін қалыптастырады және төлемдерді жүргізу үшін оны аудандық Қазынашылық бөліміне тапсырады.
Тармақ 12
12. Аудандық Қазынашылық бөлімі ауданның қаржы бөлімімен тапсырылған шығындар айрықшалықтарының күнделікті Тізімдемесі негізінде төлемдер пакеттерін қалыптастырады және төлемдердің жүргізілуін жүзеге асырады.
Тармақ 13. 4. Аудандық бюджеттің қаражаттарын шығыстауға жауапкершілік
13. Аудандық Қазынашылық бөлімі төлемдерді жүргізгеннен және шоттардың Бірыңғай стандарттық жоспарына сәйкес аудандық ҚБАБШ көрініс тапқан жүргізілген операциялар туралы төлем жүйесі ақпараттың растағаннан кейін аудан әкімінің қаржы бөліміне аудан бюджетін орындау бойынша бухгалтерлік есепті жүргізу үшін "Төлем тапсырмаларын орындау" Ф.5-02 және "Шоттардағы қалдықтар жөніндегі есеп" ф.5-34 тапсырады. 4. Аудандық бюджеттің қаражаттарын шығыстауға жауапкершілік
Тармақ 14
14. Мемлекеттік сатып алу келісім шарттарын рәсімдеу, сондай-ақ осы негізде мемлекеттік сатып алу рәсімдерінің нәтижелері бойынша жеткізуші анықталған келісім шарттар үшін жауапкершілік мемлекеттік мекеменің басшысына жүктеледі.
Тармақ 15
15. Аудандық бюджеттің тиімді, мақсатты пайдалануы және қаражаттарды меңгеру үшін жауапкершілік мемлекеттік мекемелердің басшылары - бюджеттік бағдарламалардың әкімшілеріне жүктеледі.