О промысловом, спортивно-любительском лове рыбы в области Қолданыста

07.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 13.04.2003. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
Облыста кәсіпшілік, әуесқойлық-спорт балық аулау туралы Қазақстан Республикасының "Жануарлар дүниесін қорғау, өсінім молайту және пайдалану туралы" Заңының 14 бабына, 1996 жылдың 4 желтоқсандағы N 1480 "Қазақстан Республикасында балық аулау және басқа да су жануарларын өндіру ережесіне", Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2003 жылғы 19 ақпанындағы N 171 "Балық шаруашылық су айдынында балық аулау және теңіз аңын (ит балығын) игерудің лимитімен квотасын бекіту туралы" қаулысына сәйкес және Атырау қаласында 2003 жылғы 31 наурызда өткен өкіметтік тендерлік комиссияның шешімі сәйкес, облыс әкимияты қаулы етеді:
Тармақ 1
1. Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылық министрлігі балық аулау ресурстарын қорғау және балық аулауды реттеу жөніндегі Маңғыстау облыстық инспекциясына (Үттібаев М.Р.) төмендегідей өкілеттік берілсін: тендердің нәтижесі бойынша табиғат пайдаланушылар арасында балық шаруашылығы айдындары учаскесін және балық аулау лимитін бөлу; Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1996 жылдың 4 желтоқсанындағы N 1480 қаулысының 4 тармағына сәйкес табиғат пайдаланушылармен жануарлар дүниесін пайдалануға арналған келісім-шарттар жасау; облысқа бөлінген балық және Каспий итбалығын аулау лимитін толық көлемде игерудің және табиғат пайдаланушылар аясын кеңейтудің шараларыналу; кәсіпшілік және әуесқойлық - спорт мақсатында балық және Каспий итбалығын аулауға рұқсат беруді ұйымдастыру; балық аулау лимитін сақталуына жүйелі түрде бақылау орнату.
Тармақ 2
2. 2003 жылға балық аулау кәсібінің төмендегідей мерзімі белгіленсін: 15 сәуірден 15 мамыр аралығында - май шабақ; 1 сәуірден 15 қараша аралығында - кефаль; 1 сәуірден 15 қараша аралығында Жайық өзені сағасындағы теңіз жағалауы аймағында қарабалықты аулау.
Тармақ 3
3. Маңғыстау ішкі істер басқармасы (Мырзабаев К.Ж.) табиғат пайдаланушылардың "Жануарлар дүниесін қорғау, өсінім молайту және пайдалану туралы" Заңды сақтауына бақылауды күшейтсін.
Тармақ 4
4. Осы қаулының орындалуын бақылау облыс әкімінің бірінші орынбасары С.Б.Керелбаевқа жүктелсін.