О заведении новых санитарных паспортов на спецавтотранспорт единого образца Күшін жойған

06.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 04.05.1998. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
Бірыңғай үлгідегі арнаулы автокөліктерге жаңа санитарлық паспорт жүргізу туралы 📌 Ескерту. Күші жойылды - Батыс Қазақстан облысы әкімінің 09.03.2004 № 11 шешімімен. Қазақстан Республикасының 1994 жылғы 8 шілдедегі № 110-XIII «Тұрғындардың санитарлық-эпидемиологиялық жақсаруы туралы» Заңының 11,15,22,42 баптарына, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1996 жылғы 25 желтоқсандағы № 1621 «Қазақстан Республикасында автокөлікпен жүк және жолаушыларды тасымалдауды лицензиялаудың шарттары мен тәртібі туралы» қаулысына, Қазақстан Республикасы Бас мемлекеттік санитарлық дәрігерінің 1997 жылғы 7 қазандағы № 10 Қазақстан Республикасы аумағында «Автокөлікке бірыңғай үлгідегі санитарлық паспорт беруді енгізу туралы» қаулысын және тұрғындар арасында кәсіби және жұқпалы аурулардың алдын-алу, инфекциялық профилактика жүргізу, сондай-ақ азық-түлік, сусын және ауыз су тасымалын қауіпсіз және сапасын жақсарту, жолаушылар тасымал қауіпсіздігін сақтау мақсатында ШЕШІМ ЕТЕМІН:
Тармақ 1
1. Тұрғындарға қызмет көрсететін, өндіріспен айналысатын, азық-түлік, азық-түлік шикізатын, сусын, ауыз су және жолаушылар тасымалымен шұғылданатын меншіктің барлық формасындағы ұйымдар мен мекемелердің, кәсіпорындардың басшылары, жеке және заңды тұлғалар арнаулы автокөліктердің тұрғындардың денсаулығын сақтау үшін қауіпсіздікті қамтамасыз ететін жаңа үлгідегі «Автокөліктерге санитарлық паспортты» ауыстыруды жүзеге асырсын.
Тармақ 2
2. Мемлекеттік санэпидемиялық бақылау органдарына бірыңғай үлгідегі «Автокөліктерге санитарлық паспортпен» қамтамасыз ету жауапкершілігі жүктелсін.
Тармақ 3
3. Облыстық санэпидстанциясы /Бирюков/ көлік инспекциясымен /Үмбеталиев/, жол полициясы басқармасымен /Маковский/ бірлесе отырып, облыс аумағында бірыңғай үлгідегі «Автокөліктерге санитарлық паспорт» енгізуді ұйымдастыруды және бақылауды қамтамасыз етсін.
Тармақ 4
4. Облыстық «Орал өңірі» /Қайырғалиев/, «Приуралье» /Кульпин/ тұрғындарды бірыңғай үлгідегі «Автокөліктерге санитарлық паспорт» жүргізу туралы хабардар етсін.
Тармақ 5
5. Осы шешімнің орындалуына бақылау жасау облыс әкімінің орынбасары В.Алексеевке жүктелсін.