О мерах по предупреждению гибели людей на пожарах Күшін жойған
Басқа 0
Өрттердегі адам өлімін алдын алу шаралары туралы
📌 Ескерту. Күші жойылды - Өскемен қаласы әкімдігінің 2007 жылғы 12 қаңтардағы N 1376 қаулысымен.
2002 жылы Өскемен қаласында 399 өрт болған, келтірілген материалдық зиян 6 910 241 теңгені құрайды, 19 адам қаза тапқан.
Жіктеу өрттердің 68% және өрттердегі адам өлімінің 79% тұрғын үйлерде болатынын көрсетеді.
Тұрғындардың қолдан жасалған электрмен қыздырғыш құралдары, көп қабатты тұрғын үйлерде газ баллондарын қолдануы едәуір материалдық зиян мен адамдардың өліміне әкелетін өрттер мен жарылыстар туғызады.
Тұрғын үйлердегі өрт қауіпсіздігін күшейту, өрттердің алдын алу жөніндегі техникалық-ұйымдастыру іс-шараларына жекеменшік пәтерлер кооперативі қызметкерлерін жұмылдыру, тұрмыстағы өрт қауіпсіздігі ережелерін сақтау жөнінде тұрғындар арасында түсіндіру жұмыстарын белсендіру мақсатында, Қазақстан Республикасының 1996 жылдың 22 қарашасындағы N 48-1 "Өрт қауіпсіздігі туралы" Заңының 8 бабына сәйкес Өскемен қаласының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
Тармақ 1
1. Тұрғын үйлердегі өрт қауіпсіздігі айлығы туралы ереже мен тұрғын үйлердегі өрт қауіпсіздігі айлығын өткізу жөніндегі қалалық комиссияның құрамы бекітілсін (1, 2 қосымша).
Тармақ 2
2. Мемлекеттік өртке қарсы күрес қызметі басқармасы (Н.Д. Немтинов):
Тармақша 1
1) жекеменшік пәтерлер кооперативтері арасында 2003 жылдың 21 сәуірінен 21 мамырына дейін және 2003 жылдың 10 қарашасынан 10 желтоқсанына дейін тұрғын үйлердің үлгілі өртке қарсы күрес жағдайына өрт қауіпсіздігі айлығы өткізілсін;
Тармақша 2
2) бұқаралық ақпарат құралдарында қаладағы өрт қауіпсіздігі жағдайы туралы хабарлардың үнемі жарыққа шығуын ұйымдастырсын.
Тармақ 3
3. Жергілікті өзін-өзі басқару комитеттерінің төрағалары тұрғын үйлердегі өрт қауіпсіздігі айлығын ұйымдастырып және өткізілуін қамтамасыз етсін.
Тармақ 4
4. Осы қаулының орындалуына бақылау жасау қала әкімінің орынбасары А.И. Ширшовқа жүктелсін.
Басқа 7. Тұрғын үйлердегі өрт қауіпсіздігі айлығы туралы
Өскемен қаласы әкімдігінің
2003 ж. 10 сәуірдегі N 605 қаулысымен
бекітілген
Өскемен қаласы әкімдігінің
2003 ж. 10 сәуірдегі N 605 қаулысына
N 1 қосымша
Тұрғын үйлердегі өрт қауіпсіздігі айлығы туралы
ЕРЕЖЕ
Тармақ 1
1. Өрт қауіпсіздігі айлығының басты мақсаты - азаматтардың меншігі мен жекеменшік мүлігін өрттен қорғау.
Техникалық-ұйымдастыру іс-шараларының орындалуы, оған қоғамдық жұртшылықты жұмылдыру, өрттерді алдын алудағы маңызын күшейту, сондай-ақ олардан келетін зардаптарға шек қою есебінде тұрғын үйлердегі өрт қауіпсіздігін нығайтуға бағытталған өртті алдын алу жұмыстарының тиімділігін көтеру мақсатында жүргізіледі.
Тармақ 2
2. Айлықты өткізуді ұйымдастыру.
Өрт қауіпсіздігі айлығын өткізуді ұйымдастыру үшін қалалық комиссия құрылады.
Комиссия өртке қарсы күрес қызметі мамандарын, жекеменшік пәтерлер кооперативтерінің (ЖПК) инженерлерін, техниктерін және басқа да жұмыскерлерін жұмылдырады.
Комиссия үйлерде өрт қауіпсіздігін қамтамасыз ету жөнінде іс-шаралар әзірлеп, айлық шарттарының орындалуына қорытынды жасайды.
Өскемен қаласының мемлекеттік өртке қарсы күрес қызметі басқармасы айлықтың жеңімпаздарын айқындау үшін І жартыжылдықта 2003 жылдың 21 мамырына дейін, ІІ жартыжылдыққа 2003 жылдың 10 желтоқсанына дейін жоғары көрсеткіштерге жеткен ЖПК материалдарын береді.
Қалалық комиссия айлықтың 3 жеңімпазын айқындайды.
Тармақ 3
3. Өрт қауіпсіздігі айлығының шарттары.
Тұрғын үйлердегі өрттерді алдын алу жұмыстарында жоғары көрсеткіштерге жеткен ЖПК айлықтың жеңімпаздары болып есептеледі.
Тармақ 4
4. Өртке қарсы күрес жағдайына баға беру әдістемесі.
Тұрғын үйлердің өрт қауіпсіздігі жағдайы келесі сипаттағы көрсеткіштер мәнімен бағаланады:
Тармақша 1
1) өрт қауіпсіздігі талаптарының орындалуы;
Тармақша 2
2) өрт қауіпсіздігін қамтамасыз етуде орындалған ұйымдастырушылық-алдын алу іс-шаралар көлемі;
Тармақша 3
3) пәтер иелері мен жалдаушылар арасында өрт қауіпсіздігі ережелерін насихаттауда бұқаралық үгіт жұмыстарының жағдайы;
Тармақша 4
4) сұхбаттар мен нұсқамалар жүргізу арқылы азаматтарды тұрмыстағы өрт қауіпсіздігі ережелерін сақтауға үйрету.
Тармақ 5
5. Бағалау баллдық жүйеде жүргізіледі:
Тармақша 1
1) Тұрғын үйлер үшін өрт қауіпсіздігі ережелерінің уақтылы орындалуын қамтамасыз еткен ЖПК 30 балл беріледі. әрбір орындалмаған өрт қауіпсіздігі талабы үшін 2 балл алып тасталынады.
Тармақша 2
2) Өрт қауіпсіздігін қамтамасыз етуде өткізілген іс-шаралардың көлемі келесі көрсеткіштердің орындалғаны үшін берілетін баллдардың сомасы ретінде айқындалады:
Тармақша а
а) тұрғын үйлер нұсқаулармен, жадуалдармен, өрт қауіпсіздігі белгілерімен толық көлемде қамтамасыз етілген - 3 балл;
Тармақша б
б) шатырлар, жертөлелер, техникалық қабаттар, тамбурлар, баспалдақ алаңшалары тұрғын үйлердегі өртке қарсы күрес тәртібін сақтау ережелері мен талаптарына сай ұсталған - 8 балл;
Тармақша в
в) эвакуациялық жолдар көрсеткілерімен және электр жарығымен қамтамасыз етілген - 3 балл;
Тармақша г
г) бекітілген бөліктегі өрт сөндіру гидранттарында көрсеткілер орнатылған - 3 балл;
Тармақша д
д) ЖПК жанында өрт қауіпсіздігі бұрышы жабдықталып, пәтер иелері мен жалдаушыларының қолдары қойылған өрт қауіпсіздігі шаралары туралы нұсқамалар өткізілген. Оған 30% кем емес тұрғындар қамтылған - 4 балл.
Қала әкімі
аппаратының жетекшісі
Басқа 24. Тұрғын үйлердегі өрт қауіпсіздігі айлығын өткізу
жөніндегі қалалық комиссияның
Өскемен қаласы әкімдігінің
2003 ж. 10 сәуірдегі N 605 қаулысымен
бекітілген
Өскемен қаласы әкімдігінің
2003 ж. 10 сәуірдегі N 605 қаулысына
N 2 қосымша
Тұрғын үйлердегі өрт қауіпсіздігі айлығын өткізу
жөніндегі қалалық комиссияның
ҚҰРАМЫ
Комиссия төрағасы:
Александр Иванович Ширшов
қала әкімінің орынбасары
Комиссия мүшелері:
Николай Дмитриевич Немтинов
қалалық мемлекеттік өртке қарсы күрес қызметі басқармасының бастығы
Абилхаир Насырович Иманбеков
қалалық төтенше жағдайлар жөніндегі басқарманың бастығы
Валентина Васильевна Щербатых
қаланың тұрғын үй- коммуналдық шаруашылығы басқармасының бастығы
Александр Георгиевич Соловьев
қалалық мемлекеттік өртке қарсы күрес қызметі басқармасының бастығы бас маманы
Қала әкімі
аппаратының жетекшісі