Бюджеттік алулар мен субвенцияларды беру тәртібін бекіту туралы Қолданыста
Басқа 0
Бюджеттік алулар мен субвенцияларды беру тәртібін бекіту туралы
«Бюджет жүйесі туралы» Қазақстан Республикасының 1999 жылғы 1 сәуірдегі №357-1 Заңы, сондай-ақ «2003 жылға арналған облыстық бюджет туралы» облыстық мәслихаттың 2002 жылғы 20 желтоқсандағы XVII сессиясының №139 шешімі негізінде облыстық мәслихат ШЕШІМ ЕТЕД1:
Қызылорда қаласы бюджетінен облыстық бюджетке берілетін бюджеттік алуларды және облыстық бюджеттен аудандар бюджеттеріне берілетін субвенцияларды уақытылы және толық аудару мақсатында қоса беріліп отырған бюджеттік алулар мен субвенцияларды беру тәртібі бекітілсін.
Басқа 1. ТӘРТІБІ
Облыстық мәслихаттың
2003 жылғы 12 ақпандағы
кезектен тыс XVIII сессиясының
№163 шешімімен БЕКІТІЛГЕН
Бюджеттік алулар мен субвенцияларды беру
ТӘРТІБІ
Тармақ 1
1. Қызылорда қаласының әкімі қала бюджетінен бюджеттік алулар
сомасын облыстық бюджетке міндеттемелер мен төлемдер бойынша
қаржыландырудың жиынтық жоспарына сәйкес тиісті қаржы жылына
облыстық мәслихат сессиясымен бекітілген көлемде ай сайын аударады.
2.Облыстық қаржы басқармасы:
қаржы жылының аяқталуына бес күн қалғанға дейін облыстық Қазынашылық басқармасына ағымдағы қаржы жылындағы бюджеттік алулар мен субвенциялар бойынша түпкілікті есеп-қисаптарының мәліметтерін анықтап ұсынады;
аудан бюджеттеріне бюджеттік ақшаның лимиттерінен субвенция бөлгенде ағымдағы айдың 1-жұлдызына облыстық бюджетте қаралған республикалық бюджеттен түскен субвенцияға, сондай-ақ нақты жағдайда туындайтын бірінші кезектегі мәні бар шығыстарға қарай бөледі.
3.Облыстық қаржы баскармасы мен Қызылорда қаласы әкімі:
облыстық Қазынашылық баскармасына калалық бюджеттің ай сайынғы
болжамдалған кipic сомасынан және күтілетін шығыстардан шығатын бюджеттік алулар сомасының ай сайынғы бөлінуін қарастыратын Қызылорда қаласы бюджетінің міндеттемелер мен төлемдер бойынша қаржыландырудың жиынтық жоспарын, одан кейін жыл ішінде мәслихаттың шешімі бойынша болған өзгерістерді ұсынады;
облыстық және Қызылорда қаласы бюджеттерінің атқарылуы туралы eceптepiн қалыптастырғанда олардың шотынан облыстық Қазынашылық басқармасымен мемориалдық ордерлерімен аударылған бюджеттік алулардың сомалары бюджеттік жіктеуге қарай тиесілі бюджеттің кipic және шығыс бөлігінде көрсетеді
Тармақ 4
4. Бюджеттік алулар облыстық мәслихат сессиясының шешімімен
белгіленген сомалардың шегінде қаржы жылы бойы жүргізіледі.
5.Қызылорда қаласының кipic бөлігі орындалмаған жағдайда облыстық бюджетке бюджеттік алулар облыстық қаржы басқармасының кeлiciмiмeн қала бюджетінің кipic бөлігінің орындалу пайызына теңбе-тең жүргізіледі.
6.Ағымдағы қаржы жылына арналған бюджеттік алулар бойынша түпкілікті есеп, ағымдағы қаржы жылының 31 желтоқсаныңдағы жағдай бойынша Қызылорда қаласы бюджетіне жыл бойы ic жүзінде қалыптасқан
түсімдердің негізінде, eceптi кезеңде жүргізіледі.