О внесении изменений и дополнений в некоторые нормативные правовые акты Республики Казахстан по вопросам регулирования деятельности филиалов банков нерезидентов Республики Казахстан, филиалов страховых (перестраховочных) организаций-нерезидентов Республики Казахстан и филиалов страховых брокеров нерезидентов Республики Казахстан Қолданыста
Басқа 0
Қазақстан Республикасының кейбір нормативтік құқықтық актілеріне Қазақстан Республикасының бейрезидент-банктері филиалдарының, Қазақстан Республикасының бейрезидент-сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдары филиалдарының және Қазақстан Республикасының бейрезидент-сақтандыру брокерлері филиалдарының қызметін реттеу мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы
«Қазақстан Республикасындағы банктер және банк қызметі туралы» 1995 жылғы 31 тамыздағы Қазақстан Республикасының Заңы 8-1-бабының 1 және 3-тармақтарына, 35-бабының 3-тармағына, 40-бабының 1-тармағына және 2-тармағының екінші бөлігіне, 40-5-бабы 1-тармағының екінші бөлігіне, 45-бабының 1-тармағына, 2-тармағының екінші бөлігіне және 6-тармағына, 56-бабының 2-тармағына, 57-бабы 8-тармағының төртінші бөлігіне, 75-бабына, «Аудиторлық қызмет туралы» 1998 жылғы 20 қарашадағы Қазақстан Республикасының Заңы 7-бабының 1-3) тармақшасына, «Сақтандыру қызметі туралы» 2000 жылғы 18 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Заңы 2-бабының 4-тармағына, 20-бабының 12-тармағына, 52-1-бабының 1-тармағына, 2003 жылғы 2 шілдедегі «Бағалы қағаздар рыногы туралы» Қазақстан Республикасының Заңы 55-1-бабының 8-тармағының төртінші бөлігіне, 77-1-бабының 5-тармағына, «Қаржы нарығы мен қаржы ұйымдарын мемлекеттік реттеу, бақылау және қадағалау туралы» 2003 жылғы 4 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңы 13-2-бабының 2) тармақшасына, 13-5-бабының 6 және 7-тармақтарына, «Мемлекеттік статистика туралы» 2010 жылғы 19 наурыздағы Қазақстан Республикасының Заңының 16-бабы 3-тармағының 2) тармақшасына сәйкес және «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне экономикалық өсуді қалпына келтіру мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2021 жылғы 2 қаңтардағы Қазақстан Республикасының Заңын іске асыру мақсатында Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігінің Басқармасы ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
Тармақ 1
1. Осы қаулыға қосымшаға сәйкес Өзгерістер мен толықтырулар енгізілетін Қазақстан Республикасының бейрезидент-банктері филиалдарының, Қазақстан Республикасының бейрезидент-сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдары филиалдарының және Қазақстан Республикасының бейрезидент-сақтандыру брокерлері филиалдарының қызметін реттеу мәселелері бойынша нормативтік құқықтық актілерінің тізбесі бекітілсін.
Тармақ 2
2. Қаржы ұйымдарының әдіснамасы және пруденциялық реттеу департаменті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:
Тармақша 1
1) Заң департаментімен бірлесіп осы қаулыны Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;
Тармақша 2
2) осы қаулыны ресми жарияланғаннан кейін Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігінің ресми интернет-ресурсына орналастыруды;
Тармақша 3
3) осы қаулы мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде Заң департаментіне осы тармақтың 2) тармақшасында көзделген іс-шараның орындалуы туралы мәліметтерді ұсынуды қамтамасыз етсін.
Тармақ 3
3. Осы қаулының орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі Төрағасының жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.
Тармақ 4
4. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
«КЕЛІСІЛДІ»
Қазақстан Республикасының
Қаржы министрлігі
«КЕЛІСІЛДІ»
Қазақстан Республикасының
Мәдениет және спорт министрлігі
«КЕЛІСІЛДІ»
Қазақстан Республикасының
Ұлттық Банкі
«КЕЛІСІЛДІ»
Қазақстан Республикасы
Стратегиялық жоспарлау және
реформалар агенттігінің
Ұлттық статистика бюросы
Басқа 0. Өзгерістер мен толықтырулар енгізілетін Қазақстан Республикасының бейрезидент-банктері филиалдарының, Қазақстан Республикасының бейрезидент-сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдары филиалының, Қазақстан Республикасы бейрезидент-сақтандыру брокерлері филиалдарының қызметін реттеу мәселелері бойынша нормативтік құқықтық актілерінің тізбесі
Қазақстан Республикасының
Қаржы нарығын реттеу және дамыту
Агенттігінің Басқармасының
2021 жылғы 24 ақпандағы
№ 43
Қаулыға қосымша
Өзгерістер мен толықтырулар енгізілетін Қазақстан Республикасының бейрезидент-банктері филиалдарының, Қазақстан Республикасының бейрезидент-сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдары филиалының, Қазақстан Республикасы бейрезидент-сақтандыру брокерлері филиалдарының қызметін реттеу мәселелері бойынша нормативтік құқықтық актілерінің тізбесі
Тармақ 1
1. «Клиринг ұйымының тәуекелдерді басқару жүйесіне, клиринг ұйымындағы тәуекелдер мониторингінің, оларды бақылау мен басқарудың шарттары мен тәртібіне қойылатын талаптарды бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2012 жылғы 24 ақпандағы № 59 қаулысына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 7554 болып тіркелген, 2012 жылғы 23 маусымда «Егемен Қазақстан» газетінде № № 339-345 (27419) жарияланған) мынадай өзгерістер енгізілсін:
көрсетілген қаулымен бекітілген Клиринг ұйымының тәуекелдерді басқару жүйесіне, клиринг ұйымындағы тәуекелдер мониторингінің, оларды бақылау мен басқарудың шарттары мен тәртібіне қойылатын талаптарда:
20-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
«20. Клиринг ұйымының резервтік, кепілдік беру қорларын және (немесе) клирингтік қатысушылардың маржалық жарналарын және өзге де қамтамасыз етуін қалыптастыру, сондай-ақ пайдалану тәртібі мен шарттары мыналарды қамтиды:
1) клиринг ұйымының резервтік немесе кепілдік беру қорларының және (немесе) клирингтік қатысушылардың маржалық жарналарының, өзге де қамтамасыз етуінің мөлшерлерін айқындау және бағалау әдістемесі;
2) клирингтік қатысушылардың маржалық жарналарын және өзге де қамтамасыз етуін, клирингтік қатысушылардың клиринг ұйымының кепілдік беру қорына жарналарды төлеу, клиринг ұйымының резервтік қорын қалыптастыру тәртібі мен шарттары;
3) клиринг ұйымының резервтік немесе кепілдік беру қорларынан төлемдерді жүзеге асыру тәртібі мен шарттары;
4) клиринг ұйымының резервтік немесе кепілдік беру қорлары активтерін:
Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкінде ашылған корреспонденттік шоттағы немесе «Бағалы қағаздардың орталық депозитарийі» акционерлік қоғамында ашылған банк шотындағы ақшаға;
Standard & Poor's агенттiгiнiң халықаралық шкаласы бойынша «ВВВ-» төмен емес ұзақ мерзімді халықаралық рейтингi немесе Fitch немесе Moody's Investors Service агенттiктерінiң халықаралық шкаласы бойынша осыған ұқсас деңгейдегi рейтингi бар шетелдік корреспондент банктердің шоттарындағы ақшаға;
Standard & Poor's агенттiгiнiң халықаралық шкаласы бойынша «В+» төмен емес ұзақ мерзімді рейтингi немесе Fitch немесе Moody's Investors Service агенттiктерінiң халықаралық шкаласы бойынша осыған ұқсас деңгейдегi рейтингi бар Қазақстан Республикасының екінші деңгейдегі банктеріндегі ағымдағы шоттарындағы ақшаға;
Standard & Poor's агенттiгiнiң халықаралық шкаласы бойынша «ВВВ» төмен емес ұзақ мерзімді рейтингi немесе Fitch немесе Moody's Investors Service агенттiктерінiң халықаралық шкаласы бойынша осыған ұқсас деңгейдегi рейтингi бар Қазақстан Республикасы бейрезидент-банкінің филиалындағы ағымдағы шоттарындағы ақшаға;
Қазақстан Республикасының мемлекеттік бағалы қағаздарына;
Standard & Poor's агенттiгiнiң халықаралық шкаласы бойынша «АА» төмен емес ұзақ мерзімді рейтингi немесе Fitch немесе Moody's Investors Service агенттiктерінiң халықаралық шкаласы бойынша осыған ұқсас деңгейдегi рейтингi бар шет мемлекеттердің мемлекеттік облигацияларына;
«автоматты» тәсілмен жүзеге асырылатын репо құралдарына;
Standard & Poor's агенттiгiнiң халықаралық шкаласы бойынша «ВВ+» төмен емес ұзақ мерзімді рейтингi немесе Fitch немесе Moody's Investors Service агенттiктерінiң халықаралық шкаласы бойынша осыған ұқсас деңгейдегi рейтингi бар Қазақстан Республикасының екінші деңгейдегі банктеріндегі депозиттерге;
Standard & Poor's агенттiгiнiң халықаралық шкаласы бойынша «ВВВ» төмен емес ұзақ мерзімді халықаралық рейтингi немесе Fitch немесе Moody's Investors Service агенттiктерінiң халықаралық шкаласы бойынша осыған ұқсас деңгейдегi рейтингi бар Қазақстан Республикасы бейрезидент-банкінің филиалындағы депозиттерге;
Standard & Poor's агенттiгiнiң халықаралық шкаласы бойынша «ВВВ-» төмен емес ұзақ мерзімді халықаралық рейтингi немесе Fitch немесе Moody's Investors Service агенттiктерінiң халықаралық шкаласы бойынша осыған ұқсас деңгейдегi рейтингi бар Қазақстан Республикасының бейрезидент-банктеріндегі депозиттерге;
Standard & Poor's агенттiгiнiң халықаралық шкаласы бойынша «ВВ-» төмен емес рейтингi немесе Fitch немесе Moody's Investors Service агенттiктерінiң халықаралық шкаласы бойынша осыған ұқсас деңгейдегi рейтингi бар корпоративтік облигацияларға (оның ішінде купондық халықаралық облигацияларға);
Standard & Poor's агенттiгiнiң халықаралық шкаласы бойынша «ВВ+» төмен емес ұзақ мерзімді халықаралық рейтингi немесе Fitch немесе Moody's Investors Service агенттiктерінiң халықаралық шкаласы бойынша осыған ұқсас деңгейдегi рейтингi бар Қазақстан Республикасы резиденттерінің квазимемлекеттік борыштық бағалы қағаздарына инвестициялау тәртібі мен талаптары;
5) маржалық жарналарды төлеу үшін және (немесе) өзге де қамтамасыз ету үшін енгізілген ақшаны:
Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкінде ашылған корреспонденттік шоттағы және (немесе) «Бағалы қағаздардың орталық депозитарийі» акционерлік қоғамында ашылған банк шотындағы ақшаға;
Standard & Poor's агенттiгiнiң халықаралық шкаласы бойынша «ВВВ-» төмен емес ұзақ мерзімді халықаралық рейтингi немесе Fitch немесе Moody's Investors Service агенттiктерінiң халықаралық шкаласы бойынша осыған ұқсас деңгейдегi рейтингi бар корреспондент шетелдік банктердің шоттарындағы ақшаға;
Standard & Poor's агенттiгiнiң халықаралық шкаласы бойынша «ВВ+» төмен емес ұзақ мерзімді рейтингi немесе Fitch немесе Moody's Investors Service агенттiктерінiң халықаралық шкаласы бойынша осыған ұқсас деңгейдегi рейтингi бар Қазақстан Республикасының екінші деңгейдегі банктеріндегі ағымдағы шоттардағы ақшаға;
Standard & Poor's агенттiгiнiң халықаралық шкаласы бойынша «ВВВ» төмен емес ұзақ мерзімді халықаралық рейтингi немесе Fitch немесе Moody's Investors Service агенттiктерінiң халықаралық шкаласы бойынша осыған ұқсас деңгейдегi рейтингi бар Қазақстан Республикасы бейрезидент-банкінің филиалындағы ағымдағы шоттардағы ақшаға;
Қазақстан Республикасының мемлекеттік бағалы қағаздарына;
Standard & Poor's агенттiгiнiң халықаралық шкаласы бойынша «АА» төмен емес ұзақ мерзімді рейтингi немесе Fitch немесе Moody's Investors Service агенттiктерінiң халықаралық шкаласы бойынша осыған ұқсас деңгейдегi рейтингi бар шет мемлекеттердің мемлекеттік облигацияларына;
Standard & Poor's агенттiгiнiң халықаралық шкаласы бойынша «ВВ-» төмен емес рейтингi немесе Fitch немесе Moody's Investors Service агенттiктерінiң халықаралық шкаласы бойынша осыған ұқсас деңгейдегi рейтингi бар борыштық бағалы қағаздарға (оның ішінде купондық халықаралық облигацияларға);
«автоматты» тәсілмен жүзеге асырылатын репо құралдарына;
СВОП операцияларына;
Standard & Poor's агенттiгiнiң халықаралық шкаласы бойынша «ВВВ-» төмен емес ұзақ мерзімді халықаралық рейтингi немесе Fitch немесе Moody's Investors Service агенттiктерінiң халықаралық шкаласы бойынша осыған ұқсас деңгейдегi рейтингi бар Қазақстан Республикасының бейрезидент-банктеріндегі депозиттерге;
Standard & Poor's агенттiгiнiң халықаралық шкаласы бойынша «ВВ-» төмен емес ұзақ мерзімді рейтингi немесе Fitch немесе Moody's Investors Service агенттiктерінiң халықаралық шкаласы бойынша осыған ұқсас деңгейдегi рейтингi бар Қазақстан Республикасының екінші деңгейдегі банктеріндегі депозиттерге;
Standard & Poor's агенттiгiнiң халықаралық шкаласы бойынша «ВВВ» төмен емес ұзақ мерзімді рейтингi немесе Fitch немесе Moody's Investors Service агенттiктерінiң халықаралық шкаласы бойынша осыған ұқсас деңгейдегi рейтингi бар Қазақстан Республикасы бейрезидент-банкінің филиалындағы депозиттерге инвестициялау тәртібі мен талаптары.
Осы тармақтың 5) тармақшасында көрсетілген құжаттардың тізбесі клирингтік ұйымның клирингтік қатысушылардың бірінің міндеттемелерін орындамау фактісін реттеу мақсатында қаржы құралдарын сатып алған жағдайларға қолданылмайды.».
Тармақ 2
Тармақ 3
Тармақ 4
4. «Екінші деңгейдегі банктерде сақталуға тиіс негізгі құжаттар тізбесін және олардың сақталу мерзімдерін белгілеу туралы» Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2016 жылғы 29 ақпандағы № 66 қаулысына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 13710 болып тіркелген, 2016 жылғы 31 мамыр «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланған) мынадай өзгерістер енгізілсін:
тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:
«Екінші деңгейдегі банктерде, Қазақстан Республикасы бейрезидент-банктерінің филиалдарында сақталуға тиіс негізгі құжаттар тізбесін және олардың сақталу мерзімдерін белгілеу туралы»;
1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«1. Осы қаулыға қосымшаға сәйкес қоса беріліп отырған Екінші деңгейдегі банктерде, Қазақстан Республикасы бейрезидент-банктерінің филиалдарында сақталуға тиіс негізгі құжаттар тізбесі және олардың сақталу мерзімдері белгіленсін.»;
көрсетілген қаулымен бекітілген Екінші деңгейдегі банктерде сақталуға тиіс негізгі құжаттар тізбесінде және олардың сақталу мерзімдерінде:
тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:
«Екінші деңгейдегі банктерде, Қазақстан Республикасы бейрезидент-банктерінің филиалдарында сақталуға тиіс негізгі құжаттар тізбесі және олардың сақталу мерзімдері».
Тармақ 5
Тармақ 6
6. «Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдары үшін тәуекелдерді басқару және ішкі бақылау жүйесін қалыптастыру қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2018 жылғы 27 тамыздағы № 198 қаулысына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 17462 болып тіркелген, Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде 2018 жылғы 9 қазанда жарияланған) мынадай өзгерістер мен толықтыру енгізілсін:
атауы мынадай редакцияда жазылсын:
«Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдары, Қазақстан Республикасы бейрезидент-сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдарының филиалдары үшін тәуекелдерді басқару және ішкі бақылау жүйесін қалыптастыру қағидаларын бекіту туралы»;
1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«1. Қоса беріліп отырған Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдары, Қазақстан Республикасы бейрезидент-сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдарының филиалдары үшін тәуекелдерді басқару және ішкі бақылау жүйесін қалыптастыру қағидалары бекітілсін.»;
атауы мынадай редакцияда жазылсын:
«Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдары, Қазақстан Республикасы бейрезидент-сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдарының филиалдары үшін тәуекелдерді басқару және ішкі бақылау жүйесін қалыптастыру қағидалары»;
1, 2 және 3-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:
«1. Осы Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдары, Қазақстан Республикасы бейрезидент-сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдарының филиалдары үшін тәуекелдерді басқару және ішкі бақылау жүйесін қалыптастыру қағидалары (бұдан әрі - Қағидалар) «Сақтандыру қызметі туралы» 2000 жылғы 18 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Заңының 52-1-бабының 1-тармағының екінші бөлігіне, «Мемлекеттік статистика туралы» 2010 жылғы 19 наурыздағы Қазақстан Республикасының Заңының 16-бабының 3-тармағының 2)-тармақшасына сәйкес әзірленді және сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдары, Қазақстан Республикасы бейрезидент-сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдарының филиалдары (бұдан әрі - ұйым) үшін тәуекелдерді басқару және ішкі бақылау жүйесін қалыптастыру тәртібін айқындайды.
Қағидаларда мынадай ұғымдар пайдаланылады:
1) андеррайтинг - актуарий белгілеген шектерде сақтандыру өтемін, сақтандыру талаптарын, франшизаның және сақтандыру тарифінің деңгейін анықтау мақсатымен сақтандыру тәуекелдерін бағалау негізінде мәлімделген сақтандыру объектісін сақтандыруға немесе қайта сақтандыруға қабылдау бойынша рәсімдер кешені;
2) басқару есептілігі - ішкі бақылау және ұйымның қызметін бағалау құралы;
3) гэп-талдау - ұйымның сыйақы мөлшерлемелерінің өзгерістеріне ұшыраған немесе белгілі бір мерзім ішінде өтелуі тиіс активтері мен міндеттемелерінің көлемін салыстыру негізінде пайыздық тәуекелді және өтімділік тәуекелін өлшеу әдістері;
4) лимиттеу - қабылданатын тәуекелдердің сапалық, сандық шектеулерін белгілеу, ұйымның мәмілелеріне (операцияларына) шектеулерді белгілеу.
Лимиттеу кезінде мынадай параметрлер анықталады:
лимит белгіленетін көрсеткіш;
лимит белгіленетін көрсеткішті есептеу әдісі;
көрсеткіштің шекті (барынша жоғары, барынша төмен) мәні;
5) мүдделер қақтығысы - ұйымның лауазымды тұлғаларының және (немесе) оның қызметкерлерінің жеке мүддесі мен олардың өздерінің лауазымдық өкілеттіктерін тиісінше орындауы немесе ұйымның және (немесе) оның қызметкерлерінің және (немесе) клиенттерінің ұйым және (немесе) оның клиенттері үшін қолайсыз салдарлар туындатуы мүмкін мүліктік және өзге де мүдделері арасында қайшылықтар туындататын ахуал;
6) саясат - ұйымның тиімді жұмыс істеуін және оның қызметінің стратегияға және тәуекелдің жол берілетін деңгейіне сәйкестігін қамтамасыз ететін қажетті өлшемшарттарды, өлшемдерді, тәсілдерді, қағидаттарды, стандарттарды, рәсімдер мен тетіктерді айқындайтын саясатты және (немесе) өзге де ішкі құжаттарды қамтитын ішкі құжаттардың жиынтығы;
7) стресс-тестинг - ұйымның қаржылық жағдайына айырықша, бірақ ұйымның қызметіне әсер етуі мүмкін ықтимал оқиғалардың әлеуетті әсер етуін өлшеу әдістері;
8) тәуекел - ұйым қызметінің күтілетін нәтижесін алу сенімсіздігін немесе мүмкін еместігін туындататын жағдаяттардың пайда болу, шығыстардың (зиянның) туындау ықтималдығы;
9) тәуекелдерді бағалау жүйесі - ұйымның қаржылық жай-күйіне кешенді талдау жүргізуге арналған коэффициенттердің жиынтығы;
10) тәуекелдерді басқару жүйесі - тәуекелдерді және олардың ұйымның мақсаттарына жетуге әсер ететін салдарын анықтау, бағалау, мониторинг жүргізу, төмендету мақсатында бүкіл ұйым шегінде жүзеге асырылатын, ұйымның директорлар кеңесі мен басқармасы белгілеген тұрақты құрылымдалған процесс;
11) тәуекел картасы - бір «ось» бойынша тәуекелдің ықпал ету күші немесе маңыздылығы көрсетілген, ал екіншісінде оның пайда болу ықтималдылығы мен жиілігі көрсетілген кестеде орналастырылған ұйым тәуекелдерінің графикалық және мәтіндік сипаттамасы;
12) тәуекел лимиті - қабылданатын тәуекелді сандық не сапалық шектеу құралы;
13) тәуекелді сәйкестендіру - тәуекел элементтерін табу, тізбесін құру, және сипаттау процесі;
14) тәуекелді өлшеу - оқиғаның басталу салдары мен ықтималдығын математикалық жолмен ықтималдық теориясын және статистикалық деректер негізінде үлкен сандар заңын қолдана отырып бағалау арқылы жүзеге асырылатын тәуекелдің ықтималдығы дәрежесін және әлеуетті шығыстар (шығындар) мөлшерін анықтау;
15) уәкілетті орган - қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу, бақылау мен қадағалау жөніндегі уәкілетті орган;
16) ішкі аудит - ішкі аудит қызметі Қазақстан Республикасының сақтандыру және сақтандыру қызметі туралы, міндетті сақтандыру туралы, акционерлік қоғамдар туралы, бағалы қағаздар нарығы туралы, қылмыстық жолмен алынған кірістерді заңдастыруға (жылыстатуға) және терроризмді қаржыландыруға қарсы іс-қимыл туралы заңнамасына, ішкі құжаттарға, ішкі аудиттің халықаралық кәсіптік стандарттарына сәйкес келу дәрежесін одан әрі көрсету мақсатында қаржылық есептілікті, сондай-ақ ұйым қызметін сандық және сапалық жағынан бағалауға келетін басқа деректер мен ақпаратты бағалайтын басқарушылық бақылаудың ажырамас элементі;
17) ішкі бақылау - бұл ұйымның директорлар кеңесі, алқалы органдары, басқармасы, қызметкерлері жүзеге асыратын, мынадай санаттар бойынша мақсаттарға жетуді қамтамасыз етуге бағытталған процесс:
қызметінің тиімділігі;
қаржылық есептіліктің және өзге де басқарушылық есептіліктің сенімділігі, толықтығы мен уақтылығы;
Қазақстан Республикасының сақтандыру және сақтандыру қызметі туралы, міндетті сақтандыру туралы, акционерлік қоғамдар туралы, бағалы қағаздар нарығы туралы, қылмыстық жолмен алынған кірістерді заңдастыруға (жылыстатуға) және терроризмді қаржыландыруға қарсы іс-қимыл туралы заңнамасын сақтау;
18) ішкі бақылау жүйесі - мыналарды қамтамасыз ететін бақылау рәсімдерінің, іс-шаралар мен әдістемелердің жиынтығы:
ұйымның қаржы-шаруашылық қызметін тиісінше және тиімді жүргізу;
Қазақстан Республикасының сақтандыру және сақтандыру қызметі туралы, міндетті сақтандыру туралы, акционерлік қоғамдар туралы, бағалы қағаздар нарығы туралы, қылмыстық жолмен алынған кірістерді заңдастыруға (жылыстатуға) және терроризмді қаржыландыруға қарсы іс-қимыл туралы заңнамасының талаптарын сақтау;
жауапкершілікті тиімді бөлу;
ұйым қызметкерлерінің ішкі құжаттардың талаптарын уақтылы және тиісінше орындауы;
мүліктің сақталуын қамтамасыз ету;
алаяқтық фактілерін және басқарушылық қателердің алдын алу және анықтау;
қаржылық есептілікті және өзге басқарушылық есептілікті дайындау уақтылығы, шынайылығы мен толықтығы.
Қағидалардың талаптарын Қазақстан Республикасы бейрезидент-сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының филиалына қолдану кезінде:
Қазақстан Республикасы бейрезидент-сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының тиісті басқару органы директорлар кеңесі болып түсініледі;
Қазақстан Республикасының бейрезидент-сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы филиалының басшы қызметкерлері басқарма болып түсініледі;
бас офис шотының сомасы, Қазақстан Республикасы бейрезидент-сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының филиалы қызметінің резервтері мен нәтижелері меншікті капитал болып түсініледі;
Қазақстан Республикасы бейрезидент-сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдары филиалдарының бухгалтерлік есебінің деректері бойынша есептілік қаржылық есептілік болып түсініледі.
Қағидалардың акционерлік қоғамдар және бағалы қағаздар нарығы туралы заңнаманың талаптарын сақтауға қатысты бөлігіндегі талаптары, сондай-ақ Қағидалардың 13-1, 13-2-тармақтары Қазақстан Республикасы бейрезидент-сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының филиалына қолданылмайды.
3. Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы тәуекелдері мынадай болып жіктеледі:
1) сақтандыру қызметін жүзеге асыруға байланысты тәуекелдер:
андеррайтинг тәуекелі - сақтандыруға қабылданатын тәуекелдерді бұрыс (қате) бағалау тәуекелі;
сақтандыру резервтерінің тәуекелі - жеткіліксіз (барабар емес) сақтандыру резервтерін құру тәуекелі;
сақтандыру төлемдерінің тәуекелі - сақтандыру төлемдерін дұрыс, уақтылы жүзеге асырмауға байланысты тәуекел;
апатты тәуекел - елеулі мөлшердегі бір оқиға әдеттегіден жоғары сақтандыру төлемдеріне әкеліп соқтыратын тәуекел;
қайта сақтандыру тәуекелі - жеткіліксіз қайта сақтандыру өтемінің немесе қайта сақтандырушының қайта сақтандыру шарты бойынша төлемді жүзеге асыруға қабілетсіздігі тәуекелі;
2) инвестициялық тәуекелдер - қайта сақтандыру және инвестициялық қызмет барысында пайда болатын тәуекелдер.
Инвестициялық тәуекелдерге мыналар жатады:
кредиттік тәуекел - дебиторлардың дәрменсіздігі, ұйымның инвестициялық портфеліндегі облигациялар эмитенттерінің кредиттік рейтингтерінің өзгеруі салдарынан шығыстардың (зиянның) пайда болу тәуекелі;
өтімділік тәуекелі - ұйымның өз міндеттемелерін өтеу үшін активтерін тез арада сату мүмкіндігінің болмауына байланысты тәуекел;
нарықтық тәуекел - қаржы құралдарының нарықтық құнының, пайыздық мөлшерлемелерінің, шетел валюталары бағамдарының, бағалы металдар құнының өзгеруі салдарынан қаржы нарықтарының жағымсыз қозғалыстарына байланысты шығыстардың (зиянның) ықтималдығы.
Нарықтық тәуекелге мыналар жатады:
валюта тәуекелі - шетелдік валюта бағамдарының жағымсыз өзгеруі салдарынан шығындар пайда болуы тәуекелі;
баға тәуекелі - нарықтық факторлардың ықпалымен қаржы құралдарының және туынды қаржы құралдарының нарықтық бағаларының жағымсыз өзгеруі салдарынан шығыстардың (зиянның) пайда болу тәуекелі;
пайыздық тәуекел - ұйымның активтері, пассивтері бойынша пайыздық мөлшерлемелерінің жағымсыз өзгеруі салдарынан қаржы шығыстарының (зиянының) пайда болу тәуекелі;
3) операциялық тәуекел - ішкі процестерді жүзеге асыру барысында басшы және басқа қызметкерлер тарапынан болған кемшіліктердің (қателердің), ақпараттық жүйелердің (технологиялардың) тиісінше жұмыс істемеуі салдарынан, сондай-ақ сыртқы оқиғалар салдарынан шығындардың пайда болу тәуекелі;
4) комплаенс-тәуекел - ұйымның және оның қызметкерлерінің Қазақстан Республикасының сақтандыру және сақтандыру қызметі туралы, міндетті сақтандыру туралы, акционерлік қоғамдар туралы, бағалы қағаздар нарығы туралы, қылмыстық жолмен алынған кірістерді заңдастыруға (жылыстатуға) және терроризмді қаржыландыруға қарсы іс-қимыл туралы заңнамасының және (немесе) ұйымның ішкі құжаттарының және (немесе) ұйымның қызметіне әсер ететін шет мемлекеттер заңнамасының талаптарын сақтамауы салдарынан шығыстардың (зиянның) пайда болу немесе уәкілетті органның шаралар қолдану немесе беделін жоғалту және (немесе) мүдделер қақтығысының туындау тәуекелі;
5) стратегиялық тәуекел - дұрыс емес басқарушылық шешімдер, қабылданған басқарушылық шешімдерді тиісінше іске асырмау және (немесе) ұйымның бизнес-ортаның өзгерістеріне бейімделуге қабілетсіздігі салдарынан шығындардың туындау тәуекелі;
6) ілеспе тәуекелдер:
аудиторлық тәуекел - аудиторлық тексерудің қорытындысы бойынша аудитор қаржылық есептіліктің шынайылығын растағаннан кейін анықталмаған елеулі бұрмалауларды қамтуы мүмкін деп субъективті түрде анықтайтын не шын мәнінде бұрмалану болмаған жағдайда елеулі бұрмалануды қамтиды деп тану ықтималдығы;
топ тәуекелі - құрамына ұйым кіретін топтың қаржылық жағдайының нашарлауы нәтижесінде ұйымның беделіне, маркетингіне және қаржылық жағдайына жағымсыз әсер ету тәуекелі;
жүйелік тәуекел - басқа сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымын, қызметі мәжбүрлеп тоқтатылатын басқа Қазақстан Республикасы бейрезидент-сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының филиалын мәжбүрлеп тарату нәтижесінде ұйымға шығыстар (шығындар) келтіруге байланысты тәуекел;
алаяқтық тәуекелі - қызметкерлердің және үшінші тұлғалардың алаяқтық іс-әрекеттері нәтижесінде шығыстардың (зиянның) пайда болу ықтималдығына байланысты тәуекел;
бедел тәуекелі - ұйымға теріс қоғамдық пікірдің немесе оған деген сенімнің төмендеуі салдарынан шығыстардың (зиянның) пайда болу тәуекелі;
елдер бойынша тәуекел - шет мемлекеттің немесе шет мемлекет резидентінің өз міндеттемелері бойынша төлемге қабілетсіздігі немесе жауапкершілік атқармауы салдарынан шығыстардың (зиянның) пайда болу тәуекелі.»;
10-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«10. Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы Қағидаларға 1-қосымшаға сәйкес тәуекелдерді басқару және ішкі бақылау жүйесінің ішкі құжаттарына қойылатын талаптардың сақталуын қамтамасыз етеді.
Қазақстан Республикасы бейрезидент-сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының филиалы Қағидаларға 1-1-қосымшаға сәйкес тәуекелдерді басқару және ішкі бақылау жүйесінің ішкі құжаттарына қойылатын талаптардың сақталуын қамтамасыз етеді.»;
15, 16, 17 және 18-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:
«15. Тәуекелдерді басқарудың тиімді жүйесін ұйымдастыру мақсатында директорлар кеңесі:
1) тәуекелдерді басқару жөніндегі саясатты және Қағидаларға сәйкес әзірленетін ішкі құжаттарды бекітеді;
2) жыл сайын ұйымның тәуекелдерді бағалау жүйесінің коэффициенттерін талдауды бекітеді және ұйымның тәуекелдерді бағалау жүйесі коэффициенттерінің стандартты диапазонның бекітілген шектерінен төрт және одан да көп ауытқулары болған жағдайда ұйымның тәуекелдерді бағалау жүйесінің коэффициенттерін жақсарту жөніндегі іс-шаралар жоспарын бекітеді не тәуекелдерді бағалау жүйесінің коэффициенттерін жақсарту жөніндегі іс-шаралар жоспарын әзірлеу қажеттілігінің жоқтығы туралы шешім қабылдайды;
3) корпоративтік басқару бөлігінде:
алқалы органдардың, ішкі аудит қызметінің, басқарманың, құрылымдық бөлімшелердің қызметін үйлестіреді;
басшы қызметкерлердің функционалдық міндеттемелеріндегі ықтимал мүдделер қақтығысын төмендету бойынша шаралар қабылдайды;
ұйыммен ерекше қатынаспен байланысқан тұлғаларға жеңілдік шарттарын беру фактісін тексеруді қамтамасыз етеді;
директорлар кеңесінің құзыретіне жататын өзге де мәселелер;
4) стратегиялық мақсаттарды түзету мақсатында мыналарды қарайды:
ұйымның тәуекелдерді басқару бөлімшесі немесе функциясына көрсетілген талдауды жүргізу кіретін өзге құрылымдық бөлімше жүргізген капиталдағы ағымдағы (болашақ) қажеттіліктерін талдау;
ішкі (сыртқы) аудиторлар өздері жүргізген тексеру нәтижелері бойынша анықталған сәйкессіздіктер, сондай-ақ олардың ұсынымдары көрсетілген есеп;
активтерді және пассивтерді басқару кеңесінің (инвестициялық қызмет үшін жауапты бөлімшенің) ұйымның активтерін инвестициялау бойынша жүргізілген операциялардың (мәмілелердің) (қаржы құралдарының түрлері бойынша топтастырылып және олардың баланстық, нарықтық құнын, кірістілігін, сатып алу мен сату сомаларын көрсете отырып) нәтижелері бойынша есебі;
5) тәуекелдерді басқару бөлігінде:
корпоративтік стратегияға, саясаттарға, рәсімдерге және ішкі құжаттарға қайшы келетін операциялардың жасалуын болдырмау мақсатында, сондай-ақ оларды түзету мақсатында құрылған алқалы органдар, ішкі аудит қызметі мен құрылымдық бөлімшелер арқылы ұйымның қызметіне тұрақты мониторинг жүргізу;
ішкі аудит қызметі, тәуекелдерді басқару бөлімшесі функцияларының ұйымдастырушылық дербестігін қамтамасыз ету;
уәкілетті орган шараларының, оның ішінде кемшіліктерді жою жөніндегі іс-шаралар жоспарының орындалуын бақылауды жүзеге асырады;
уәкілетті орган талаптары орындалмаған, анықталған кемшіліктер уақтылы жойылмаған (жоймаған) жағдайда орындамау (жоймау) себептерін анықтайды және жауапты қызметкерлерге тиісті шаралар қолданады;
қабылданатын тәуекелдерді лимиттеу және мәмілелерге (операцияларға) шектеулерді белгілеуді жүзеге асырады;
тәуекелдерді бағалау жүйесінің коэффициенттерін жақсарту бойынша іс-шаралар жоспары бекітілген жағдайда ұйым тоқсан сайынғы негізде жоспардың орындалуын бақылауды жүзеге асырады.
Осы тармақтың 2) тармақшасының ережелері Қазақстан Республикасы бейрезидент-сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының филиалына қолданылмайды.
16. Тәуекелдерді басқару бөлімшесі тәуекелдерді басқару саясатын әзірлейді және жүйелі түрде стресс-тестинг, сценарийлік талдау жүргізуді көздейді және мыналармен шектелмей, төмендегілерді белгілейді:
1) ұйымның ұйымдық құрылымының құрамында андеррайтингтік кеңестің, активтерді және пассивтерді басқару кеңесінің, тәуекелдерді басқару бөлімшесінің болуын;
1-1) бағалы қағаздар нарығында инвестициялық портфельді басқару бойынша қызметті жүзеге асыруға лицензиясы бар ұйым үшін - ұйымның ұйымдық құрылымының құрамында төмендегі функцияларды қоса алғанда, бірақ олармен шектелмей инвестициялық портфельді басқару жөніндегі функцияларды жүзеге асыратын бөлімшенің болуы:
инвестициялық декларацияны әзірлеу және сақтанушылар активтерін инвестициялау лимиттерін айқындау және қайта қарау, сақтанушылардың активтері есебінен мәмілелер жасасу туралы шешімдер қабылдау кезінде жасалатын ұсынымдарды (бұдан әрі - ұсынымдар) дайындау үшін қажетті ақпаратты жинақтау, өңдеу және талдау;
ұсынымдар жасау;
ұйымның инвестициялық комитеті отырыстарының қорытындылары бойынша қабылданған инвестициялық шешімдер мен хаттамаларды ресімдеу;
сақтанушылардың активтері есебінен сатып алынған қаржы құралдарын есепке алу;
сақтанушыларға инвестициялық портфельді басқару жөніндегі қызметтің нәтижелері туралы есептерді сақтанушының инвестицияларға қатысу талабы көзделетін сақтандыру шарттарында көзделген тәртіппен дайындау;
активтерді басқарды жүзеге асыру процесінде сақтанушылардың басқа қаржы ұйымдарымен өзара іс-қимыл жасауы;
ұйымның ішкі құжаттарында айқындалған функциялар;
2) басшы қызметкерлерге, тәуекелдерді басқаруға тікелей қатысы бар қызметкерлерге білімінің және жұмыс өтілінің болу талаптарын қоса алғанда, қойылатын біліктілік талаптарын;
3) ұйымның директорлар кеңесінің, алқалы органдарының, ішкі аудит қызметінің, басқармасының, тәуекелдерді басқару бөлімшесінің, құрылымдық бөлімшелерінің тәуекелдерді басқару жөніндегі өкілеттіктерін және функционалдық міндеттерін;
4) ұйымның құрылымдық бөлімшелерінің, алқалы органдарының, басқармасының және директорлар кеңесінің, Қазақстан Республикасы бейрезидент-сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы филиалының Қазақстан Республикасы бейрезидент-сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы арасында тәуекелдерді басқаруға қажетті ақпарат алмасу тәртібін;
5) ұйымның қызметіне байланысты тәуекелдер көрсеткіштерінің сандық мәндерін анықтау тәртібін қоса алғанда, тәуекелдерді сәйкестендіру, бағалау, мониторинг жүргізу және бақылау рәсімдерін;
6) басқарушылық шешімдердің орындалуына тұрақты мониторинг жүргізу және қабылданған басқарушылық шешімдердің тиімділігін анықтау рәсімдерін;
7) тәуекелдерді басқару жүйесінің тиімділігін бағалаудың ішкі өлшемшарттарын;
8) сапалық және сандық тәсілдерді қоса алғанда, тәуекелдер картасын әзірлеу тәртібін;
9) тәуекел лимитін анықтау рәсімдерін, оның ішінде ссссссүшін;
10) ұйымның қызметі барысында туындайтын тәуекелдерді басқару жөніндегі шараларды;
11) сәйкестендірілген (анықталған) тәуекелдерге мониторинг жүргізу, бағалау және бақылау, ұйым тәуекелдерінің картасын жасау рәсімдері, оның ішінде:
тәуекелдерді басқару бөлімшесі ұйымның басқа бөлімшелерімен бірлесіп, тәуекелдерді сәйкестендіру бойынша қабылдайтын шараларын;
тәуекелдердің туындау жиілігін бағалауды қоса алғанда, тәуекелдерді басқару бөлімшесі жүзеге асыратын тәуекелдерді бағалау, кейіннен осы тәуекелдер көрсеткен ықпалдарды жіктеу және тәуекел лимиттерін белгілеу;
тәуекелдер көрсеткіштері мәндерінің және тәуекелдер көрсеткіштерінің барынша жоғары рұқсат етілген мәндерінің өзгеру мониторингін, сондай-ақ тәуекел лимиттерінің тәуекел көрсеткіштерінің мәндеріне сәйкес келмеген жағдайда тәуекелдерді барынша азайту мақсатында қабылданатын шараларды қамтитын тәуекелдерді басқару бөлімшесі жүргізген тәуекелдердің мониторингі;
директорлар кеңесіне шығыстарға (зиянға) ұшыратуы мүмкін және (немесе) ұйымының қызметіне ықпал ететін немесе заңсыз сипатты білдіретін кез келген елеулі жағдайлар туралы есептілікті тез арада ұсыну тетігін;
12) тәуекелдерді тестілеу және бағалануын модельдеу рәсімдері;
13) тәуекелдерді басқару бөлімшесінің директорлар кеңесіне тәуекелдерді басқару жөніндегі есепті беру тәртібін, оларға мыналар кіреді:
тәуекелдерді басқару бойынша ағымдағы жағдай (тәуекелдерді барынша азайту және жою бойынша жүргізілетін жұмыстар);
анықталған тәуекелдер және осы тәуекелдерді барынша азайту бойынша іс-шаралар жоспары, сондай-ақ оларды төмендету және болдырмау бойынша жүргізілген жұмыстың нәтижелері;
ұйымның ағымдағы қызметін жүргізу барысында туындауы мүмкін тәуекелдер және оларды төмендету және болдырмау жолдары;
ұйымның корпоративтік стратегиясын іске асырудың ағымдағы кезеңінде туындауы мүмкін тәуекелдерді бақылау және мониторинг жүргізу және оларды барынша азайту және болдырмау жолдары;
тәуекелдерді басқару жүйесінің барабарлығы мен тиімділігі;
14) бақылауды жүзеге асыруға жауапты тұлғалар лауазымдарының тізбесін көрсете отырып, сақтандыру, инвестициялық және өзге қызмет бойынша және мәмілелер (операциялар) бойынша белгіленген лимиттердің орындалуын бақылауды жүзеге асыру тәртібі.»;
17. Басқарма тәуекелдерді басқару жүйесінің тиісінше жұмыс істеуін қамтамасыз ету мақсатында:
1) тәуекелдерді басқару және ішкі бақылау бөлігінде белгіленген мақсаттарға және әдістерге сәйкес ұйымға күнделікті басшылық жасауды жүзеге асырады;
2) директорлар кеңесінің, алқалы органдардың, басқарманың (Қазақстан Республикасы бейрезидент-сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының тиісті атқарушы органы), Қазақстан Республикасы бейрезидент-сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы филиалының басшы қызметкерлерінің және құрылымдық бөлімшелердің арасында тәуекелдерді тиімді басқаруды және ішкі бақылауды қамтамасыз ететін ақпарат беру тәртібін бекітеді;
3) директорлар кеңесінің нұсқауларын, ішкі аудит қызметінің ұсынымдары мен ескертулерін, тәуекелдерді басқару бөлімшесінің ұсынымдарын, уәкілетті органның талаптары мен шараларын іске асыруды жүзеге асырады;
4) тәуекелдерді басқару және ішкі бақылау жөніндегі саясатты іске асыру мақсатында ішкі құжаттарды бекітеді;
5) төлем жасауға қабілеттілік маржасы жеткіліктілігінің қажетті деңгейін сақтау мақсатында активтерді әртараптандыру, капиталдың, тәуекелдердің рентабельдігі, өтімділігі және жеткіліктілігі бойынша бағдарларды айқындайды;
6) директорлар кеңесі белгілеген тәуекелдер лимиттерінің шегіндегі операциялар түрлері бойынша тәуекелдердің лимиттерін бекітеді;
7) тәуекелдерді басқару бөлімшесінің ай сайынғы есептеулері негізінде көрсетілген лимиттердің сақталуын бақылаудың тиімді шараларын қабылдауды қамтамасыз етеді;
8) тариф саясатының тәуекелдер жөніндегі дәйекті статистикасы негізінде тәуекелдер дамуындағы болжамды үрдістерге сәйкес келуін қамтамасыз етеді;
9) ұйым үшін әлеуетті тәуекелді туындататын ішкі және сыртқы экономикалық факторларға тұрақты түрде талдау жасауды қамтамасыз етеді, олардың қаржылық көрсеткіштерге әсер ету дәрежесін бағалайды;
10) түзету коэффициенттерінің қызметкер еңбек (қызметтік) міндеттерін атқарған кезде оны жазатайым оқиғалардан міндетті сақтандыру шарттары бойынша сақтандыру сыйлықақыларына барабарлығын бағалау үшін қаржылық көрсеткіштер мен статистикалық ақпаратқа тұрақты түрде талдау жүргізуді қамтамасыз етеді.
Осы тармақшаның талабы «Қызметкер еңбек (қызметтiк) мiндеттерiн атқарған кезде оны жазатайым оқиғалардан мiндеттi сақтандыру туралы» 2005 жылғы 7 ақпандағы Қазақстан Республикасы Заңының 17-1-бабы 2-1-тармағының негізінде түзету коэффициенттерін айқындайтын сақтандыру ұйымына қолданылады;
11) ағымдағы және болашақтағы экономикалық ортаны, нормативтік құқықтық базаны, капиталдың мөлшерін ескере отырып, жылдық бюджеттерді, стратегиялық жоспарларды жасау бөлігінде директорлар кеңесіне ұсынымдар береді;
12) іс-шаралар жоспарының қаржылық тұрақсыздық және төтенше жағдайлар жағдайында орындалуын және тиісті тоқсан сайынғы есептің ұсынылуын бақылайды;
13) шарттық қатынастардың, Қазақстан Республикасының сақтандыру және сақтандыру қызметі туралы, міндетті сақтандыру туралы, акционерлік қоғамдар туралы, бағалы қағаздар нарығы туралы, қылмыстық жолмен алынған кірістерді заңдастыруға (жылыстатуға) және терроризмді қаржыландыруға қарсы іс-қимыл туралы заңнамасы талаптарының, қаржы құралдарымен операциялар жүргізуді регламенттейтін ішкі құжаттардың сақталуына тұрақты түрде талдау жасайды;
14) құрылымдық бөлімшелердің ықтимал және әлеуетті тәуекелдерді басқарудағы саясаттарды, тәуекелдердің белгіленген лимиттер шегіндегі мөлшерлерін сақтауын бақылайды;
15) қаржы құралдарының нарықтық құнының серпінін ескере отырып, олармен операциялардан кірістердің (шығыстардың) өзгеруіне талдау жасауды қамтамасыз етеді;
16) ұйымның төлем қабілеттілігі маржасының Қазақстан Республикасының сақтандыру және сақтандыру қызметі туралы заңнамасына сәйкес талап етілетін ең төменгі деңгейіне сәйкес келуін қамтамсыз етеді;
17) сыртқы аудиторлардың ұсынымдарын ескере отырып, есепке алу және есептілік жүйесін жақсартуды қамтамасыз етеді;
18) аудиторлық есептерге талдау жасайды және директорлар кеңесіне анықталған кемшіліктерді жою туралы тиісті шаралар қабылдау жөнінде ұсыныстар береді.
Осы тармақтың ережелерін Қазақстан Республикасы бейрезидент-сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының филиалына қолданған кезде осы тармақтың 2), 4), 6) тармақшаларының талаптары Қазақстан Республикасы бейрезидент-сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының тиісті атқарушы органның құзыретіне жатады.
18. Тәуекелдерді басқару бөлімшесінің функцияларына:
1) мыналарды қоса алғанда тәуекелдерді басқарудың тиімді жүйесін ұйымдастыру:
тәуекелдерді басқару жөніндегі саясатты әзірлеу;
сапалық және сандық тәсілдерді қоса алғанда тәуекелдер картасын әзірлеу;
басқарушылық шешімдер қабылдау барысына қатысу;
басқарушылық шешімдердің орындалуына және қабылданған басқарушылық шешімдердің тиімділігін анықтауға тұрақты мониторингі жүргізу;
сақтандыру, инвестициялық және өзге де мәмілелер (операциялар) бойынша белгіленген лимиттердің орындалуын бақылау;
2) ұйымның қызметіне байланысты тәуекелдер көрсеткіштерінің сипаттау және сандық мәндерін анықтауды, сондай-ақ тәуекелдер көрсеткіштерінің барынша қолжетімді мәндерін анықтауды қоса алғанда тәуекелдерді сәйкестендіру және бағалау;
3) «жалпы сақтандыру» саласы бойынша қызметті жүзеге асыратын ұйым үшін Қағидаларға 3-1-қосымшаға және «өмірді сақтандыру» саласы бойынша қызметті жүзеге асыратын ұйым үшін Қағидаларға 3-2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша жылдық қаржылық және өзге де есептілік негізінде ұйымның тәуекелдерін бағалау жүйесінің коэффициенттерін талдау;
4) ұйым қызметі барысында туындайтын тәуекелдерді басқару бойынша шаралар қабылдау;
5) сәйкестендірілген (анықталған) тәуекелдерге мониторинг, бағалау және бақылау, оның ішінде:
ұйымның басқа да құрылымдық бөлімшелерімен бірлесе отырып тәуекелдерді сәйкестендіру бойынша шаралар қабылдау;
тәуекелдердің туындау жиілігін бағалауды қоса алғанда тәуекелдерді бағалау, осы тәуекелдер көрсеткен әсерді кейін жіктеу және тәуекелдердің лимитін белгілеу;
тәуекелдер көрсеткіші мәндерінің өзгерісіне мониторинг және тәуекелдер көрсеткіштерінің барынша қолжетімді мәндері кіретін тәуекелдерді, сондай-ақ тәуекелдер көрсеткіштерінің мәндері тәуекелдер көрсеткішінің барынша қолжетімді мәндеріне сәйкес келмеген жағдайда тәуекелдерді барынша азайту мақсатында қабылданатын шараларды мониторингтеу;
ұйымның қызметіне зиян келтіруі және (немесе) ықпал етуі мүмкін немесе заңсыз сипаттағы кез келген маңызды жағдайлар туралы дереу басқармаға және директорлар кеңесіне есептілік беруге;
6) ұйымның тиісті құрылымдық бөлімшелерінің анықталған тәуекелдерді барынша азайту бойынша іс-шаралардың егжей-тегжейлі жоспарын (жоспарларды құрылымдық бөлімшелер ұсынады және ұйымның анықталған тәуекелдерін барынша азайту бойынша іс-шаралардың жалпы жоспарын тәуекелдерді басқару бөлімшесі әзірлейді) әзірлеу бойынша процесті ұйымдастыру және директорлар кеңесі бекіткен ұйымның тәуекелдерін барынша азайту бойынша іс-шаралар жоспарына одан әрі мониторинг жүргізу;
7) төтенше жағдайларға және ұйымның үзіліссіз қызметін қамтамасыз етуге арналған жоспарын орындау жөніндегі іс-шараларды ұйымдастыру;
8) мыналарды тұрақты талдау:
қаржылық көрсеткіштерді (стресс-тестілер және қабылданған тәуекелдер деңгейін тұрақты талдау шеңберінде);
қаржы құралдары бағасының (стресс-тестілер және қабылданған тәуекелдер деңгейін тұрақты талдау шеңберінде) өзгеруінің өтімділік, төлем жасау қабілеттілігі көрсеткіштеріне, төлем жасау қабілеті маржасының жеткіліктілігіне ықпалы;
9) макроэкономикалық факторлардың өтімділікке, тиімділікке, төлем жасау қабілеті маржасының жеткіліктілігіне ықпал етуінің болжамы;
10) директорлар кеңесі мен басқармаға тоқсан сайынғы негізде мына бағыттар бойынша тәуекелдерді басқару жүйесін бағалау және талдау туралы есеп ұсыну:
тәуекелдерді басқарудың ағымдағы жай-күйі (тәуекелдерді барынша азайту және болдырмау бойынша жүргізіліп отырған жұмыстар);
анықталған тәуекелдер және осы тәуекелдерді барынша азайту бойынша іс-шаралар жоспары, сондай-ақ оларды төмендету не алдын алу бойынша жүргізілген жұмыстардың нәтижелері;
ұйымның ағымдағы қызметін жүргізу барысында туындауы мүмкін тәуекелдер және оларды азайту және алдын алу жолдары;
ұйымның корпоративтік стратегиясын іске асырудың ағымдағы кезеңінде туындауы мүмкін тәуекелдерді және оларды барынша азайту және алдын алудың жолдарын бақылау және мониторинг;
тәуекелдерді басқару жүйесінің барабарлығы мен тиімділігі;
есепті кезеңде қаржы көрсеткіштеріне қысқаша талдау;
тәуекелдер картасын бағалау және талдау;
тәуекелдерді тестілеудің қолданылатын рәсімдерінің және бағалау үлгілерінің барабарлығы мен тиімділігі;
11) директорлар кеңесіне бекітуге ұсыну:
есепті жылдан кейінгі жылдың 1 сәуірінен кешіктірмей тәуекелдерді бағалау жүйесінің коэффициенттерін талдау (стандартты диапазонның шегінен шығатын коэффициенттер бойынша түсіндірмелермен);
ұйымның тәуекелдерді бағалау жүйесі коэффициенттерінің стандартты диапазонның бекітілген шектерінен төрт және одан да көп ауытқулары болған жағдайда тәуекелдерді бағалау жүйесінің коэффициенттерін жақсарту жөніндегі іс-шаралар жоспары;
12) акционерлердің жылдық жалпы жиналысына тәуекелдерді бағалау жүйесі коэффициенттерінің талдауын (стандартты диапазон шегінен шығатын коэффициенттер бойынша түсіндірмелермен) және директорлар кеңесі бекіткен тәуекелдерді бағалау жүйесі коэффициенттерін жақсарту жөніндегі іс-шаралар жоспарын (бар болса) ұсыну;
13) мыналардың орындалуын қамтамасыз ету:
Қағидаларға 5-қосымшаға сәйкес андеррайтинг тәуекелін басқаруға қойылатын талаптар;
Қағидаларға 6-қосымшаға сәйкес қайта сақтандыру тәуекелін басқаруға қойылатын талаптар;
Қағидаларға 7-қосымшаға сәйкес сақтандыру төлемдері тәуекелін басқаруға қойылатын талаптар;
Қағидаларға 8-қосымшаға сәйкес сақтандыру резервтерінің жеткіліксіздігі тәуекелін басқаруға қойылатын талаптар;
Қағидаларға 9-қосымшаға сәйкес инвестициялық тәуекелдерді басқаруға қойылатын талаптар;
Қағидаларға 10-қосымшаға сәйкес операциялық және ілеспе тәуекелдерді басқаруға қойылатын талаптар;
Қағидаларға 11-қосымшаға сәйкес комплаенс-тәуекелді басқаруға қойылатын талаптар;
14) тәуекелдерді басқару жөніндегі корпоративтік стратегияны және ішкі саясатты стратегиялық жоспарлау және талдау бөлімшесімен не өзге де осындай функциялары бар құрылымдық бөлімшемен бірлесе отырып түзету мақсатында басқармаға жылына кемінде бір рет ұсыну:
ұйымның ағымдағы жай-күйінің, барлық тәуекелдер туралы сандық және сапалық деректерді, олардың ықтимал деңгейін, ұйымның дайындық деңгейін, оларды барынша азайту бойынша жүргізілген іс-шараларды, ден қою шараларын ескере отырып егжей-тегжейлі шолуы бар есеп;
ұйымның қаржылық жай-күйіне егжей-тегжейлі шолуы және ұйым қызметінің нәтижелері, сондай-ақ Қазақстан Республикасының сақтандыру және сақтандыру қызметі туралы, міндетті сақтандыру туралы, акционерлік қоғамдар туралы, бағалы қағаздар нарығы туралы, қылмыстық жолмен алынған кірістерді заңдастыруға (жылыстатуға) және терроризмді қаржыландыруға қарсы іс-қимыл туралы заңнамасына, ұйымның қаржылық жай-күйіне, ұйым тәуекелдері картасына ықпал ететін өзгерістер бар есеп.
Осы тармақтың 1) және 2) тармақшаларының ережелері Қазақстан Республикасының бейрезидент-сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының тәуекелдерді басқару жөніндегі бөлімшесінің функционалдық міндеттеріне қолданылады;
осы тармақтың 3) тармақшасының ережелері Қазақстан Республикасының бейрезидент-сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы филиалына қолданылмайды.»;
25 және 26-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:
«25. Директорлар кеңесі ұйымның ішкі бақылау жүйесінің тиімділігін қамтамасыз ету, ішкі аудит қызметінің функционалдық және ұйымдық тәуелсіздігін қамтамасыз ету мақсатында:
1) ішкі аудит саясатын бекітеді;
2) ішкі аудит қызметі туралы ережені бекітеді;
3) ішкі аудиттің жылдық жоспарын бекітеді;
4) ішкі аудит қызметінің қызметкерлерін тағайындайды;
5) ұйым аудитіне аудиторлық ұйымды анықтау үшін акционерлердің жалпы жиналысына ұсынымдар береді.
Осы тармақтың 5) тармақшасының талаптары Қазақстан Республикасының бейрезидент-сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының филиалына қолданылмайды.
26. Ішкі аудит саясатына мыналар кіреді, бірақ бұлармен шектелмейді:
1) ішкі аудиттің мақсаты мен міндеттері;
2) ішкі аудит қызметі қызметкерлерінің кәсіби сапасына қойылатын талаптар, олардың өкілеттіктері мен жауапкершіліктері;
3) тәуекелдерді және ішкі бақылауды басқару, бағалау өлшемшарттарын көрсете отырып, корпоративтік басқару жүйелерін бағалау әдістемесі кіретін ішкі аудитті жүзеге асыру тәртібі мен рәсімдері;
4) ұйымның құрылымдық бөлімшелерімен, Қазақстан Республикасының бейрезидент-сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының филиалымен өзара іс-қимыл жасау және ақпарат алмасу тәртібі;
5) ішкі аудит қызметінің бюджеті.»;
28. Ішкі аудит мәселелері жөніндегі алқалы орган:
1) ішкі аудит саясатын, ішкі аудит қызметі туралы ережені, ішкі аудиттің жылдық жоспарын және бағдарламасын әзірлеуді және келісуді қамтамасыз етеді;
2) ұйымның және оның қызметкерлерінің ішкі аудит саясаты сақтауына мониторинг және бақылау жүзеге асырады;
3) ішкі аудит қызметінің, оның ішінде Қазақстан Республикасының бейрезидент-сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының филиалының басшысы мен қызметкерлері кандидатураларын іріктеуді жүзеге асырады.»;
30-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«30. Ішкі аудит қызметі өз қызметінде ұйымның жарғысын, ұйымның ішкі бақылау жүйесін және ішкі аудит қызметін ұйымдастыру туралы ережелерді, Қазақстан Республикасының бейрезидент-сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының филиалы туралы ережені, сондай-ақ ұйымның қызметін регламенттейтін басқа да ішкі құжаттарды және осы Қағидалардың талаптарын басшылыққа алады.»;
33-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«33. Ішкі аудит қызметінің негізгі функциялары мыналар болып табылады:
1) ішкі аудит қызметінің саясаты, ережесі, бюджеті, жұмыс жоспарын, аудиторлық қорытынды, ұйым қызметін бағалау өлшемшарттарын әзірлеу және оларды директорлар кеңесінің бекітуіне ұсыну;
2) ішкі бақылау жүйесінің тиімділігін тексеру және бағалау, сондай-ақ ішкі бақылау жүйесін үнемі жетілдіруге жәрдем ету;
3) ұйымның тәуекелдерін бағалау әдіснамасының және ұйым тәуекелдерін басқару жүйесінің толық қолданылуын және тиімділігін тексеру;
4) құрылымдық бөлімшенің, Қазақстан Республикасының бейрезидент-сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының филиалының қызметін тексеру және оның нәтижелері бойынша директорлар кеңесіне есеп беру;
5) бөлімшелер, Қазақстан Республикасының бейрезидент-сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының филиалы ұсынатын тиісті есептіліктің немесе сұратылатын ақпараттың (оның ішінде қаржы мониторингіне жататын ақпарат) дәйектілігін, толық ашылуын, объективтілігін, уәкілетті органға, басшылыққа және басқа да мүдделі тараптарға уақтылы берілуін тексеру;
6) аудит (ішкі, сыртқы) процестерінің тиімділігі мен тәуелсіздігін қамтамасыз ету;
7) ішкі аудиттің халықаралық кәсіптік стандарттарына және Қазақстан Республикасының сақтандыру және сақтандыру қызметі туралы, міндетті сақтандыру туралы, акционерлік қоғамдар туралы, бағалы қағаздар нарығы туралы, қылмыстық жолмен алынған кірістерді заңдастыруға (жылыстатуға) және терроризмді қаржыландыруға қарсы іс-қимыл туралы заңнамасының талаптарына сәйкес келетін бақылау ортасын бекітілген жоспарға сәйкес тұрақты тексерулер жүргізу арқылы қалыптастыру;
8) бухгалтерлік есеп жүргізуді бақылау;
9) ішкі аудитті жетілдіру бойынша директорлар кеңесіне ұсыныстар беру;
10) ұйым қызметін қаржылық тұрақтылық және төлем жасау қабілетіне, пруденциялық нормативтерді және сақталуы тиіс өзге де нормалар мен лимиттерді сақтау мәніне жүйелі талдау жүргізу және бағалау;
11) активтер мен міндеттемелерді басқару бөлігінде қабылданған басқарушылық шешімдерді орындаудың тиімділігін бағалау;
12) ұйым қызметінің қаржылық есептілікте уақтылы, дұрыс, толық және дәл көрсетілуін және оның халықаралық қаржылық есептілік стандарттарына сәйкес келуін тексеру;
13) қаржы құралдарын талдау, оның ішінде:
жиынтық баланс және өткен кезеңдегі және жоспарланған қаржылық көрсеткіштермен салыстыра отырып пайда мен шығын туралы есеп;
қаржы құралдарын түрлері бойынша және баланстық және нарықтық құнын, кірістілігін және сатып алудың (сатудың) жалпы сомасын көрсете отырып, топтай отырып инвестициялар туралы есеп;
14) сақтандыру (қайта сақтандыру) шарттары тізілімінің хронологиялық тәртіппен жүргізілуін бақылау;
15) корпоративтік басқару саласындағы тәуекелдерді, ұйымның операциялық қызметін және оның ақпараттық жүйелерін бірдей және тиімді бақылануын бағалау;
16) ұйымның ішкі құжаттарында көзделген ішкі аудит қызметінің құзыреті шеңберінде өзге де функциялар.»;
1-қосымшада:
жоғарғы оң жақ бұрышы мынадай редакцияда жазылсын:
«Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдары, Қазақстан Республикасының бейрезидент-сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдарының филиалдары үшін тәуекелдерді басқару және ішкі бақылау жүйесін қалыптастыру қағидаларына 1-қосымша»;
тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:
«Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдарының тәуекелдерді басқару және ішкі бақылау жүйесінің ішкі құжаттарына қойылатын талаптар»;
8-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«8. Басқарушылық есептілікті ұсыну мерзімдері мен нысандары туралы ережені басқарма әзірлейді және басқарма мен тәуекелдерді басқару бөлімшесінің директорлар кеңесіне және ұйымның акционерлеріне басқарушылық есептілікті ұсыну тәртібін регламенттейді, оның ішінде:
жиынтық баланс;
пайда мен шығын туралы есеп (оның ішінде өткен жылдардың алдыңғы кезеңімен салыстырғанда және қызметтің жоспарланған көрсеткіштері);
инвестициялар туралы (баланстық және нарықтық құнын, кірістілігін, сатып алудың және сатудың жалпы сомасын көрсете отырып қаржы құралдарын түрлері бойынша топтай отырып) есептер;
активтер мен міндеттемелердің көлемін салыстыру туралы есеп;
ұйым тәуекелінің картасын талдау;
ұйымның тәуекелдерін бағалау жүйесінің коэффициенттерін талдау (стандартты диапазонның шегінен шығатын коэффициенттер бойынша түсіндірмелермен);
Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 16944 болып тіркелген, «Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының және сақтандыру тобының қаржылық жағдайының нашарлауына әсер ететін факторларды белгілеу, сондай-ақ Ерте ден қою шараларын көздейтін іс-шаралар жоспарын мақұлдау қағидаларын және Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының (сақтандыру тобының) қаржылық жағдайының нашарлауына әсер ететін факторларды айқындау әдістемесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2018 жылғы 27 сәуірдегі № 75 қаулысында көрсетілген пруденциялық нормативтерді бұзуға және (немесе) ұйымның және (немесе) сақтандыру тобының қаржылық жай-күйінің нашарлауына ықпал ететін факторларды анықтауға алып келмейтін ұйымның меншікті капиталға және оны пайдалануға ағымдағы және болжамды қажеттіліктерін қысқаша талдау;
ұйымның директорлар кеңесінің және акционерлерінң талап етуі бойынша есептілік.
Басқарушылық есептіліктің тізбесі директорлар кеңесі мен басқарманың тиісті түрде тәуекелдерді басқаруды және ішкі бақылауды қамтамасыз ету мақсатында функционалдық міндетті мен өкілдіктерін тиісті түрде орындау үшін жеткілікті.»;
Қазақстан Республикасының бейрезидент-банктері филиалдарының, Қазақстан Республикасының бейрезидент-сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдары филиалдарының және Қазақстан Республикасының бейрезидент-сақтандыру брокерлері филиалдарының қызметін реттеу мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізілетін нормативтік құқықтық актілерінің тізбесіне (бұдан әрі - Тізбе) 1-қосымшаға сәйкес редакцияда 1-1-қосымшамен толықтырылсын;
2-қосымшаның жоғарғы оң жақ бұрышы мынадай редакцияда жазылсын:
«Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдары, Қазақстан Республикасының бейрезидент-сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдарының филиалдары үшін тәуекелдерді басқару және ішкі бақылау жүйесін қалыптастыру қағидаларына 2-қосымша»;
3-қосымшаның жоғарғы оң жақ бұрышы мынадай редакцияда жазылсын:
«Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдары, Қазақстан Республикасының бейрезидент-сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдарының филиалдары үшін тәуекелдерді басқару және ішкі бақылау жүйесін қалыптастыру қағидаларына 3-қосымша»;
3-1-қосымшаның жоғарғы оң жақ бұрышы мынадай редакцияда жазылсын:
«Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдары және Қазақстан Республикасының бейрезидент-сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдарының филиалдары үшін тәуекелдерді басқару және ішкі бақылау жүйесін қалыптастыру қағидаларына 3-1-қосымша»;
3-2-қосымшаның жоғарғы оң жақ бұрышы мынадай редакцияда жазылсын:
«Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдары және Қазақстан Республикасының бейрезидент-сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдарының филиалдары үшін тәуекелдерді басқару және ішкі бақылау жүйесін қалыптастыру қағидаларына 3-2-қосымша»;
4-қосымшаның жоғарғы оң жақ бұрышы мынадай редакцияда жазылсын:
«Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдары, Қазақстан Республикасының бейрезидент-сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдарының филиалдары үшін тәуекелдерді басқару және ішкі бақылау жүйесін қалыптастыру қағидаларына 4-қосымша»;
5-қосымшаның жоғарғы оң жақ бұрышы мынадай редакцияда жазылсын:
«Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдары, Қазақстан Республикасының бейрезидент-сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдарының филиалдары үшін тәуекелдерді басқару және ішкі бақылау жүйесін қалыптастыру қағидаларына 5-қосымша»;
6-қосымшаның жоғарғы оң жақ бұрышы мынадай редакцияда жазылсын:
«Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдары, Қазақстан Республикасының бейрезидент-сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдарының филиалдары үшін тәуекелдерді басқару және ішкі бақылау жүйесін қалыптастыру қағидаларына 6-қосымша»;
7-қосымшаның жоғарғы оң жақ бұрышы мынадай редакцияда жазылсын:
«Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдары, Қазақстан Республикасының бейрезидент-сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдарының филиалдары үшін тәуекелдерді басқару және ішкі бақылау жүйесін қалыптастыру қағидаларына 7-қосымша»;
8-қосымшаның жоғарғы оң жақ бұрышы мынадай редакцияда жазылсын:
«Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдары, Қазақстан Республикасының бейрезидент-сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдарының филиалдары үшін тәуекелдерді басқару және ішкі бақылау жүйесін қалыптастыру қағидаларына 8-қосымша»;
9-қосымшаның жоғарғы оң жақ бұрышы мынадай редакцияда жазылсын:
«Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдары, Қазақстан Республикасының бейрезидент-сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдарының филиалдары үшін тәуекелдерді басқару және ішкі бақылау жүйесін қалыптастыру қағидаларына 9-қосымша»;
10-қосымшада:
жоғарғы оң жақ бұрышы мынадай редакцияда жазылсын:
«Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдары, Қазақстан Республикасының бейрезидент-сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдарының филиалдары үшін тәуекелдерді басқару және ішкі бақылау жүйесін қалыптастыру қағидаларына 10-қосымша»;
«5. Басқарма операциялық, ілеспе тәуекелдерді басқару мақсатында:
1) жыл сайын Ұйымның ағымдағы қызметінің және оның корпоративтік стратегиясының сәйкес келуін ескеріп, төтенше жағдайларға және ұйымның үзіліссіз қызметін қамтамасыз етуге арналған жоспарын қайта қарайды;
2) конфиденциалды ақпараттың жайылып кетуін және:
рұқсат берілуі шектеулі ақпараттық деректердің тізбесін;
рұқсатты алу тәртібін;
ақпараттық деректерге рұқсатты бақылау тәртібін;
ақпараттық деректерге рұқсаты бар тұлғалардың тізбесін көздейтін ақпараттық деректердің бұрмалануын болдырмау рәсімдерін бекітеді.
3) жабдықтарға инспекциялар жүргізу мен жұмыс туралы есептерді тексеру қоса қамтылған іркілістерді болдырмау рәсімдерін бекітеді.
Осы тармақтың ережелерін Қазақстан Республикасы бейрезидент-сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының филиалына қолданған кезде осы тармақтың 2) және 3) тармақшаларының талаптары Қазақстан Республикасының бейрезидент-сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының атқарушы органының құзыретіне жатады.»;
7-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«7. Тәуекелдерді басқару бөлімшесі:
1) топ тәуекелін басқару мақсатында жыл сайын:
акционерлердің және (немесе) негізгі ұйымның ұйымды қосымша капиталдандыру қажеттілігі туралы;
ұйым қызметінің үлестес тұлғалардың қызметіне ықпал етуі және байланысты болуы туралы;
топ қатысушысы банкроттығының (мәжбүрлеп таратылуының) ұйымның қаржылық жай-күйіне және төлем қабілеттілігіне әсері туралы;
ұйым активтерінің топ ішінде шоғырлануы туралы есепті талдайды және директорлар кеңесіне ұсынады.
2) жүйелі тәуекелді басқару мақсатында жыл сайын басқа сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымын мәжбүрлеп таратудың, Қазақстан Республикасы бейрезидент-сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының басқа филиалын мәжбүрлеп таратудың беделіне, сақтандыру өнімдеріне деген сұранысқа, ұйымның сақтандыру қызметін іске асыру арналарына ықпалы туралы есепті талдайды және директорлар кеңесіне ұсынады.»;
11-қосымшада:
жоғарғы оң жақ бұрыш мынадай редакцияда жазылсын:
«Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдары, Қазақстан Республикасының бейрезидент-сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдарының филиалдары үшін тәуекелдерді басқару және ішкі бақылау жүйесін қалыптастыру қағидаларына 11-қосымша»;
3-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«3. Басқарма комплаенс-тәуекелді тиімді басқару мақсатында:
1) комплаенс-тәуекелдерді басқару жөніндегі саясатты қабылдауды және қызметкерлерге жіберуді;
2) комплаенс-тәуекелдерді басқару жөніндегі саясатты сақтауды; және директорлар кеңесіне тоқсан сайынғы есептілікті беруді;
3) ұйым қызметкерлері үшін комплаенс-тәуекелдерді, оның ішінде қылмыстық жолмен алынған кірістерді заңдастыру (жылыстату) және терроризмді қаржыландыру тәуекелдерін басқару мәселелері бойынша ішкі құжаттарды әзірлеуді;
4) комплаенс-тәуекелге әкелетін бұзушылықтар анықталған жағдайда тиісті түзету немесе тәртіптік шаралар қабылдауды;
5) міндетті ішкі бақылауға жататын операцияларды және күмәнді операцияларды уақтылы автоматандырылған түрде анықтау мақсатында бағдарламалық қамтамасыз етуді жетілдіруді;
6) сақтандыру төлемін жүзеге асыруға берілетін өтініштің нысанында ұйымға жалған мәліметтерді беру салдарына Қазақстан Республикасының сақтандыру және сақтандыру қызметі туралы заңнамасында, ұйымның жарғысында, сақтандыру қағидаларында көзделген сілтеменің болуын.
7) сақтандыру төлемдері жөніндегі бөлімше қызметкерлерін, алаяқтық индикаторлары мен белгілері бойынша оқытуды;
8) шағым талаптарды уақтылы реттеу бойынша қызметін қадағалауға, сондай-ақ сақтандыру төлемдерінің үрдістерін анықтауға мүмкіндік беретін статистикалық деректер базасын жүргізе отырып, шағымдарды, өтініштерді қарау және дауларды реттеу тәртібін бекітуді қамтамасыз етеді.
Осы тармақтың ережелерін Қазақстан Республикасы бейрезидент-сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының филиалына қолданған кезде осы тармақтың 8) тармақшасының ережесі Қазақстан Республикасының бейрезидент-сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының атқарушы органына қолданылады.».
Тармақ 7
Тармақ 8
8. Күші жойылды - ҚР Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі Басқармасының 16.04.2026 № 67 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.
Тармақ 9
9. «Банктің және банк конгломератының қаржылық жай-күйінің нашарлауына әсер ететін факторларды белгілеу, сондай-ақ Ертерек ден қою шараларын мақұлдау қағидаларын және банк (банк конгломератының) қаржылық жай-күйінің нашарлауына әсер ететін факторларды анықтау әдістемесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2018 жылғы 28 желтоқсандағы № 317 қаулысына (Қазақстан Республикасы Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 18186 болып тіркелген 2019 жылғы 24 қаңтарда Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде жарияданған) мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:
тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:
«Банктің және банк конгломератының, Қазақстан Республикасының бейрезидент-банкі филиалының қаржылық жай-күйінің нашарлауына әсер ететін факторларды белгілеу, сондай-ақ Ертерек ден қою шараларын көздейтін іс-шаралар жоспарын мақұлдау қағидаларын және банктің (банк конгломератының), Қазақстан Республикасының бейрезидент-банкі филиалының қаржылық жай-күйінің нашарлауына әсер ететін факторларды анықтау әдістемесін бекіту туралы»;
1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«1. Банктің, Қазақстан Республикасының бейрезидент-банкі филиалының (бұдан әрі - банктер) қаржылық жай-күйінің нашарлауына әсер ететін мынадай факторлар белгіленсін:
1) өтімділік коэффициенттерінің төмендеуі;
2) негізгі борыш және (немесе) есептелген сыйақы бойынша күнтізбелік 90 (тоқсан) күннен астам мерзімі өткен берешегі бар қарыздар бойынша қалыптастырылған резервтерді есептемегенде, олардың ұлғаюы;
3) таза жіктелген қарыздардың меншікті капиталға арақатынасының ұлғаюы;
4) негізгі борыш және (немесе) есептелген сыйақы бойынша күнтізбелік 61 (алпыс бір) күннен 90 (тоқсан) күнге дейін мерзімі өткен берешегі бар қарыздар бойынша қалыптастырылған резервтерді есептемегенде, олардың ұлғаюы;
5) негізгі борыш және (немесе) есептелген сыйақы бойынша күнтізбелік 90 (тоқсан) күннен астам мерзімі өткен берешегі бар қарыздар бойынша қалыптастырылған резервтерді есептемегенде, олардың банктің несие портфелінің жалпы көлемі бойынша қалыптастырылған резервтерді есептемегенде оған қатынасының асып кетуі;
6) жіктелген дебиторлық берешек бойынша қалыптастырылған резервтерді есептемегенде ол бойынша қалыптастырылған резервтерді есептемегендегі оның жиынтық дебиторлық берешектегі үлесінің ұлғаюы;
7) активтер рентабельділігі коэффициентінің төмендеуі;
8) ұлттық валютамен бос активтердің ұлттық валютамен талап етуге дейінгі міндеттемелерге қатынасының орташа мәнінің төмендеуі;
Осы тармақтың мақсаттары үшін:
қалыптастырылған резервтер деп халықаралық қаржылық есептілік стандарттарының талаптарына сәйкес қалыптастырылған резервтер түсініледі;
қарыздар есебіне негізгі борыш сомасы кіреді;
таза жіктелген қарыздар деп бухгалтерлік есеп деректеріне сәйкес 10 (он) пайыздан жоғары деңгейде резервтер қалыптастырылған қарыздардың баланстық құны (дисконттар (сыйлықақылар), оң (теріс) түзетулер, есептелген сыйақы және олар бойынша құрылған резервтер есептелген негізгі борыш) түсініледі.»;
мынадай мазмұндағы 1-1-тармақпен толықтырылсын:
«1-1. Қазақстан Республикасының бейрезидент-банкі филиалының меншікті капиталы деп Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 23 болып тіркелген, Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі Басқармасының 2021 жылғы 12 ақпандағы № 23 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасы бейрезидент-банктерінің филиалдары (оның ішінде Қазақстан Республикасы бейрезидент-ислам банктерінің филиалдары) үшін пруденциялық нормативтердi және сақтауға мiндеттi өзге де нормалар мен лимиттердi, нормативтік мәндерін және Қазақстан Республикасының бейрезидент-банктері филиалдарының (оның ішінде Қазақстан Республикасының бейрезидент-ислам банктері филиалдарының) резерв ретінде қабылданатын активтерін және олардың ең төмен мөлшерін қалыптастыру тәртібін қоса алғанда, есептеу әдістемесіне сәйкес есептелген, резерв ретінде қабылданатын активтер түсініледі.»;
3-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«3. Мыналар:
1) осы қаулыға 1-қосымшаға сәйкес Ерте ден қою шараларын көздейтін іс-шаралар жоспарын мақұлдау қағидалары;
2) осы қаулыға 2-қосымшаға сәйкес банктің (банк конгломератының), Қазақстан Республикасының бейрезидент-банкі филиалының қаржылық жай-күйінің нашарлауына әсер ететін факторларды анықтау әдістемесі»;
көрсетілген қаулымен бекітілген Ертерек ден қою шараларын көздейтін іс-шаралар жоспарын мақұлдау қағидаларында:
мынадай мазмұндағы 1-1-тармақпен толықтырылсын:
«1-1. Осы қағидалардың банктерге қатысты қолданылатын ережелері Қазақстан Республикасының бейрезидент-банктерінің филиалдары қызметінің Заңда белгіленген ерекшеліктері ескеріле отырып, Қазақстан Республикасының бейрезидент-банктерінің филиалдарына да қолданылады.
Қазақстан Республикасының бейрезидент-банкі филиалының меншікті капиталы деп Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 22213 болып тіркелген, Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі Басқармасының 2021 жылғы 12 ақпандағы № 23 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасы бейрезидент-банктері филиалдарының (оның ішінде Қазақстан Республикасы бейрезидент-ислам банктері филиалдарының) резерв ретінде қабылданатын активтерін қалыптастыру тәртібін және олардың ең төмен мөлшерін қоса алғанда, Қазақстан Республикасы бейрезидент-банктерінің филиалдары (оның ішінде Қазақстан Республикасы бейрезидент-ислам банктерінің филиалдары) үшін пруденциалдық нормативтерді және сақталуы міндетті өзге де нормалар мен лимиттерді, олардың нормативтік мәндерін және есептеу әдістемесіне сәйкес есептелген, резерв ретінде қабылданатын активтер түсініледі.»;
көрсетілген қаулымен бекітілген Банктің (банк конгломератының) қаржылық жай-күйінің нашарлауына әсер ететін факторларды анықтау әдістемесінде:
тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:
«Банктің (банк конгломератының), Қазақстан Республикасының бейрезидент-банкінің филиалы үшін қаржылық жай-күйінің нашарлауына әсер ететін факторларды анықтау әдістемесі»;
мынадай мазмұндағы 1-1-тармақпен толықтырылсын:
«1-1. Осы Әдістеменің банктерге қатысты қолданылатын ережелері «Қазақстан Республикасындағы банктер және банк қызметі туралы» 1995 жылғы 31 тамыздағы Қазақстан Республикасы Заңында белгіленген Қазақстан Республикасының бейрезидент-банктерінің филиалдары қызметінің ерекшеліктері ескеріле отырып, Қазақстан Республикасының бейрезидент-банктерінің филиалдарына да қолданылады.
Қазақстан Республикасының бейрезидент-банкі филиалының меншікті капиталы деп Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 22213 болып тіркелген, Қазақстан Республикасының Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі Басқармасының 2021 жылғы 12 ақпандағы № 23 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасы бейрезидент-банктері филиалдарының (оның ішінде Қазақстан Республикасы бейрезидент-ислам банктері филиалдарының) резерв ретінде қабылданатын активтерін қалыптастыру тәртібін және олардың ең төмен мөлшерін қоса алғанда, Қазақстан Республикасы бейрезидент-банктерінің филиалдары (оның ішінде Қазақстан Республикасы бейрезидент-ислам банктерінің филиалдары) үшін пруденциалдық нормативтерді және сақталуы міндетті өзге де нормалар мен лимиттерді, олардың нормативтік мәндерін және есептеу әдістемесіне (бұдан әрі - № 23 нормативтер) сәйкес есептелген, резерв ретінде қабылданатын активтер түсініледі.»;
3, 4 және 5-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:
«3. Банктің қаржылық жай-күйінің нашарлауына әсер ететін факторларды анықтау мынадай әдістеме бойынша жүзеге асырылады:
1) қатарынан 6 (алты) ай ішінде өтімділік коэффициенттерінің Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 15886 болып тіркелген Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2017 жылғы 13 қыркүйектегі № 170 қаулысымен бекітілген Пруденциалдық қалыптардың қалыптық және өзге де орындалуы мiндеттi нормалар мен лимиттердi маңызы мен есептеу әдiстемелерiнде, белгiлi бір күнге шектi банк капиталының мөлшерiнде (бұдан әрі - № 170 нормативтер) немесе Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 13939 болып тіркелген Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2016 жылғы 30 мамырдағы № 144 қаулысымен бекітілген Ислам банктері үшін пруденциалдық нормативтердің нормативтік мәндері және өзге де сақтауға міндетті нормалар мен лимиттерді есеп айырысу әдістемесінде (бұдан әрі - № 144 нормативтер) немесе № 23 нормативтерде белгіленген өтімділік коэффициенттерінің ең төменгі мәндерінен 0,1-ге (нөл бүтін оннан бір) асатын деңгейге дейін немесе одан төмен деңгейге 2 (екі) және одан көп рет төмендеуі;
2) олар бойынша қалыптастырылған резервтерді есептемегенде негізгі борыш және (немесе) есептелген сыйақы бойынша күнтізбелік 90 (тоқсан) күннен астам мерзімі өткен берешегі бар қарыздардың қатарынан 6 (алты) ай ішінде қарыздардың ұлғаюы мынадай формула бойынша есептеледі:
МҚ90 (ай) - қаралатын кезеңнің белгілі бір айының соңында олар бойынша қалыптастырылған резервтерді есептемегенде негізгі борыш және (немесе) есептелген сыйақы бойынша күнтізбелік 90 (тоқсан) күннен астам мерзімі өткен берешегі бар қарыздар (банктер мен банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдарға қарыздар, дара кәсіпкерлерге қарыздарды қоса алғанда, жеке тұлғаларға қарыздар, шағын және орта кәсіпкерлік субъектілеріне қарыздарды қоса алғанда, заңды тұлғаларға қарыздар және «кері РЕПО» операциялары).
Қаралатын кезеңде жүйелі өсуі болмаған кезде осы тармақшада көрсетілген көрсеткіштің есепті кезеңде 5 (бес) және одан да көп пайыздық тармаққа өсуі де банктің қаржылық жай-күйінің нашарлауына әсер ететін фактор болып табылады, ол мынадай формула бойынша есептеледі:
3) есепті кезеңнің соңына қарай таза жіктелген қарыздар меншікті капиталдың 80 (сексен) пайызынан астам болған жағдайда және ол бойынша қалыптастырылған резервтерді есептемегенде, қаралатын кезеңде резервтердің абсолютті мәнінде өсу мөлшерінен, жіктелген қарыздардың өсу мөлшері қатарынан 6 (алты) ай ішінде таза жіктелген қарыздардың меншікті капиталға арақатынасының ұлғаюы мынадай формула бойынша есептеледі:
мынадай талаппен:
ТЖҚ6>80%МҚ6 және (ЖҚБ6 – ЖҚБ0)> (ПР6 – ПР0), мұнда:
ТЖҚ (ай) - қаралатын кезеңнің белгілі бір айының соңындағы олар бойынша құрылған резервтерді шегергенде, таза жіктелген қарыздар (банктер мен банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдарға қарыздар, дара кәсіпкерлерге қарыздарды қоса алғанда, жеке тұлғаларға қарыздар, шағын және орта кәсіпкерлік субъектілеріне қарыздарды қоса алғанда, заңды тұлғаларға қарыздар және «кері РЕПО» операциялары);
МК (ай) - қаралатын кезеңнің белгілі бір айының соңындағы № 170 нормативтерге, № 144 нормативтерге немесе № 23 нормативтерге сәйкес есептелген меншікті капитал;
ЖҚБ (ай) - қаралатын кезеңнің белгілі бір айының соңындағы олар бойынша қалыптастырылған резервтерді есептемегенде жіктелген қарыздар (банктер мен банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдарға қарыздар, дара кәсіпкерлерге қарыздарды қоса алғанда, жеке тұлғаларға қарыздар, шағын және орта кәсіпкерлік субъектілеріне қарыздарды қоса алғанда, заңды тұлғаларға қарыздар және «кері РЕПО» операциялары);
Пр (ай) - жіктелген қарыздар бойынша құрылған резервтердің қаралатын кезеңнің белгілі бір айының соңындағы мөлшері;
Қазақстан Республикасының бейрезидент-банкі филиалының меншікті капиталы деп № 23 нормативтерге сәйкес есептелетін резерв ретінде қабылданатын активтер түсініледі;
4) негізгі борыш және (немесе) есептелген сыйақы бойынша күнтізбелік 61 (алпыс бірден) 90 (тоқсан) күнге дейін мерзімі өткен берешегі бар қарыздардың олар бойынша қалыптастырылған резервтерді есептемегенде қатарынан 6 (алты) ай ішінде 5 (бес) және одан көп пайызға ұлғаюы мынадай формула бойынша есептеледі:
МҚ61-90- қаралатын кезеңнің белгілі бір айының соңында олар бойынша қалыптастырылған резервтерді есептемегенде негізгі борыш және (немесе) есептелген сыйақы бойынша күнтізбелік 61 (алпыс бірден) 90 (тоқсан) күнге дейін астам мерзімі өткен берешегі бар қарыздар (банктер мен банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдарға қарыздар, дара кәсіпкерлерге қарыздарды қоса алғанда, жеке тұлғаларға қарыздар, шағын және орта кәсіпкерлік субъектілеріне қарыздарды қоса алғанда, заңды тұлғаларға қарыздар және «кері РЕПО» операциялары).
Қаралатын кезеңде жүйелі өсу болмаған кезде осы көрсеткіштің есепті кезеңде 5 (бес) және одан да көп пайыздық тармаққа өсуі де банктің қаржылық жай-күйінің нашарлауына әсер ететін фактор болып табылады және мынадай формула бойынша есептеледі:
- есепті кезеңде олар бойынша қалыптастырылған резервтерді есептемегенде негізгі борыш және (немесе) есептелген сыйақы бойынша күнтізбелік 61 (алпыс бір) 90 (тоқсан) күнге дейін мерзімі өткен берешегі бар қарыздардың орташа арифметикалық мәні (банктер мен банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдарға қарыздар, дара кәсіпкерлерге қарыздарды қоса алғанда, жеке тұлғаларға қарыздар, шағын және орта кәсіпкерлік субъектілеріне қарыздарды қоса алғанда, заңды тұлғаларға қарыздар және «кері РЕПО» операциялары);
- есепті кезеңге дейінгі қатарынан күнтізбелік 6 (алты) айдағы олар бойынша қалыптастырылған резервтерді есептемегенде негізгі борыш және (немесе) есептелген сыйақы бойынша күнтізбелік 61 (алпыс бір) күннен 90 (тоқсан) күнге дейін мерзімі өткен берешегі бар қарыздардың арифметикалық орташа мәні (банктер мен банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдарға қарыздар, дара кәсіпкерлерге қарыздарды қоса алғанда, жеке тұлғаларға қарыздар, шағын және орта кәсіпкерлік субъектілеріне қарыздарды қоса алғанда, заңды тұлғаларға қарыздар және «кері РЕПО» операциялары);
5) олар бойынша қалыптастырылған резервтерді есептемегенде негізгі борыш және (немесе) есептелген сыйақы бойынша күнтізбелік 90 (тоқсан) күннен астам мерзімі өткен берешегі бар қарыздардың ол бойынша қалыптастырылған резервтерді есептемегенде банктің несие портфелінің жалпы көлеміне қатынасының асып кетуі мынадай формула бойынша есептеледі:
ТҚ - қарастырылатын кезеңнің соңына қарай ол бойынша қалыптастырылған резервтерді ескермегенде негізгі борыш және (немесе) есептелген сыйақы бойынша күнтізбелік 90 (тоқсан) күннен астам мерзімі өткен берешегі бар қарыздар (банктер мен банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдарға қарыздар, дара кәсіпкерлерге қарыздарды қоса алғанда, жеке тұлғаларға қарыздар, шағын және орта кәсіпкерлік субъектілеріне қарыздарды қоса алғанда, заңды тұлғаларға қарыздар және «кері РЕПО» операциялары);
НП - қарастырылатын кезеңнің соңына қарай ол бойынша қалыптастырылған резервтерді есептемегенде несие портфелі (банктер мен банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдарға қарыздар, дара кәсіпкерлерге қарыздарды қоса алғанда, жеке тұлғаларға қарыздар, шағын және орта кәсіпкерлік субъектілеріне қарыздарды қоса алғанда, заңды тұлғаларға қарыздар және «кері РЕПО» операциялары);
6) қатарынан 6 (алты) ай ішінде ол бойынша қалыптастырылған резервтерді ескермегенде жиынтық дебиторлық берешектегі ол бойынша қалыптастырылған резервтерді есептемегенде жіктелген дебиторлық берешек үлесінің ұлғаюы мынадай формула бойынша есептеледі:
келесі талап орындалған жағдайда
ЖДБ (ай) - қарастырылатын кезеңнің белгілі бір айының соңына қарай ол бойынша қалыптастырылған резервтерді есептемегенде жіктелген дебиторлық берешек;
ДБ (ай) - қарастырылатын кезеңнің белгілі бір айының соңына қарай ол бойынша қалыптастырылған резервтерді есептемегенде жиынтық дебиторлық берешек;
А (ай) - қарастырылатын кезеңнің белгілі бір айының соңына қарай жиынтық активтер.
Қаралатын кезеңде жүйелі өсуі болмаған кезде осы тармақшада көрсетілген көрсеткіштің есепті кезеңде 5 (бес) және одан да көп пайыздық тармаққа өсуі де банктің қаржылық жай-күйінің нашарлауына әсер ететін фактор болып табылады, ол мынадай формула бойынша есептеледі:
Жіктелген дебиторлық берешек ретінде бухгалтерлік есеп деректеріне сәйкес 10 (он) пайыздан жоғары деңгейде резервтер қалыптастырылған дебиторлық берешек түсініледі.
Жіктелген дебиторлық берешек есебіне негізгі борыш сомасы енгізіледі.
Жиынтық дебиторлық берешектің төмендеуі нәтижесінде жиынтық дебиторлық берешектегі жіктелген дебиторлық берешектің үлесі ұлғайған жағдайда, осы тармақшада көзделген фактор банкке қолданылмайды;
7) қатарынан 6 (алты) ай ішінде активтер рентабельділігі коэффициентін 2 (екі) және одан көп рет 0,2 (нөл бүтін оннан екі) пайыздан төмен түсуі.
Активтер рентабельділігінің коэффициенті жылдық көрсетудегі бөлінбеген таза кірістің (өтелмеген шығынның) активтердің орташа шамасына қатынасы ретінде мынадай формула бойынша есептеледі:
БТК (0ТШ) (n) - табыс салығы төленгеннен кейін ағымдағы кірістердің (шығыстардың) ағымдағы шығыстардан (кірістерден) асуы;
Аорт(n) - белгілі бір қаралатын кезеңдегі активтердің орташа шамасы;
Т к - мынадай формула бойынша есептелетін түзету коэффициенті:
А - тиісті қаржы жылының басынан бастап өткен айлар саны.
Активтердің орташа шамасы тиісті жылдың өткен айларындағы активтер мөлшері сомасының тиісті жылдың өткен айларының санына қатынасы ретінде мынадай формула бойынша есептеледі:
Аорт(n) - белгілі бір қаралатын кезеңдегі активтердің орташа шамасы;
А (0, 1....n) - белгілі бір айдың соңына қарай активтердің мөлшері;
n - тиісті қаржы жылының басынан бастап өткен айлар саны;
8) қатарынан 6 (алты) ай ішінде ұлттық валютадағы бос активтердің ұлттық валютадағы талап еткенге дейінгі міндеттемелерге қатынасының орташа мәні 0,4 төмен 2 (екі) және одан көп төмендеуі.
Ұлттық валютадағы бос активтерге:
қолма-қол ақша;
корреспонденттік шоттардағы қаражат;
Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкіндегі салымдар;
шетел валютасында номинирленгендерді қоса алғанда, Қазақстан Республикасының ауыртпалық салынбаған мемлекеттік бағалы қағаздары;
«Самұрық-Қазына» ұлттық әл-ауқат қоры» акционерлік қоғамы және «Бәйтерек» ұлттық басқарушы холдингі» акционерлік қоғамы шығарған ауыртпалық салынбаған бағалы қағаздар;
банктердегі овернайт - салымдары;
кері репо - овернайт;
2 (екі) жұмыс күнінен аспайтын мерзімге жасалған валюталық своп операциялары бойынша ұлттық валютадағы талаптар кіреді.
Ұлттық валютадағы талап еткенге дейінгі міндеттемелерге:
жеке тұлғалардың ағымдағы шоттары және талап еткенге дейінгі шоттары;
заңды тұлғалардың ағымдағы шоттары және талап еткенге дейінгі шоттары;
басқа банктердің корреспонденттік шоттары және талап еткенге дейінгі шоттары;
басқа банктердің овернайт - салымдары;
2 (екі) жұмыс күнінен аспайтын мерзімге жасалған валюталық своп операциялары бойынша ұлттық валютадағы міндеттемелер кіреді.
Осы факторды есептеу мақсаттары үшін ұлттық валютадағы бос активтердің ұлттық валютадағы талап еткенге дейінгі міндеттемелерге қатынасының орташа мәні мына формула бойынша есептеледі:
n - бір айдағы күнтізбелік күндердің саны.
Есепті күні аяқталатын кезең қаралатын кезең болып табылады. Осы тармақшада көрсетілген факторды есептеу кезінде өзгерістер үтірден кейін үш таңбамен беріледі;
Қазақстан Республикасының бейрезидент-банкінің филиалына осы тармақтың 7) тармақшасы № 23 нормативтерінде көзделген (k1) резерв ретінде қабылданатын активтер жеткіліктілігі коэффициенті 0,13 (нөл бүтін жүзден он үш) коэффициентіне тең немесе төмен болған жағдайда қолданылады.
Қазақстан Республикасының бейрезидент-банкі филиалының бөлінбеген таза пайда (өтелмеген шығын) деп Қазақстан Республикасының бейрезидент-банкінің филиалы қызметінің нәтижесі (таза кірістер немесе таза шығыстар) түсініледі.
4. Осы қаулының 1-тармағы бірінші бөлігінің 1), 2), 7) және 9) тармақшаларында көзделген факторлардың есебіне енгізілген көрсеткіштер уәкілетті орган жыл сайын 1 ақпанға дейін Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 19925 болып тіркелген «Қаржы ұйымдарын жүйелік маңызы бар ұйымдар қатарына жатқызу қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2019 жылғы 23 желтоқсандағы № 240 қаулысына сәйкес жүйелік маңызы бар ұйымдар қатарына жатқызылған қаржы ұйымдарының тізіміне, жүйелік маңызы бар болып танылуы мүмкін әлеуетті банктер тізіміне енгізілген банктерге есепті жылдың 1 сәуірінен кеш емес мерзімде стресс-тестілеу жүргізу және оның нәтижелерін уәкілетті органға ұсыну үшін беретін уәкілетті органның сценарийлерімен толықтырылады.
5. Банк конгломератының қаржылық жай-күйінің нашарлауына әсер ететін факторларды анықтау мынадай әдістеме бойынша жүзеге асырылады:
1) банк конгломераты меншікті капиталының жеткіліктілігі коэффициенттерінің есепті тоқсанда Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 14790 болып тіркелген, Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2016 жылғы 26 желтоқсандағы № 309 қаулысымен бекітілген Пруденциялық нормативтердің және сақталуға міндетті өзге де нормалар мен банк конгломераты капиталының мөлшері лимиттерінің нормативтік мәндері және есептеу әдістемесімен (бұдан әрі - № 309 нормативтер) көзделген банк конгломератының меншікті капиталы жеткіліктілігінің ең төменгі мәндерінен 0,02-ге (қоса алғанда) асатын деңгейге дейін немесе одан төмен азайту;
2) банк конгломератының бір қарыз алушысына келетін тәуекелдің ең жоғары мөлшері коэффициенттерінің есепті тоқсанда № 309 нормативтерде белгіленген банк конгломератының бір қарыз алушысына шаққандағы тәуекелдің ең жоғары мөлшері коэффициенттерінің ең мәндерінен 0,01-ден (қоса алғанда) төмен деңгейге дейін ұлғайту;
3) есепті тоқсанда банк конгломератына қатысушылар арасындағы топ ішіндегі мәмілелер бойынша (банк конгломератына қатысушылардың басқа қатысушылардың капиталына инвестицияларын, бас банктің күмәнді және үмітсіз активтерін сатып алатын еншілес ұйыммен жасалған мәмілелерді, есепті күні жабылған мәмілелерді қоспағанда) банк конгломератына қатысушылардың бір-біріне талаптары сомасының банк конгломератының меншікті капиталынан 0,3 (нөл бүтін оннан үш) деңгейіне дейін ұлғайту.».
Тармақ 10
Басқа 1. Қазақстан Республикасының бейрезидент-сақтандыру
(қайта сақтандыру) ұйымдарының филиалдарының
тәуекелдерді басқару және ішкі бақылау жүйесінің ішкі құжаттарына қойылатын талаптар
Қазақстан Республикасының бейрезидент-банктері филиалдарының, Қазақстан Республикасының бейрезидент-сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдары филиалдарының және Қазақстан Республикасының бейрезидент-сақтандыру брокерлері филиалдарының қызметін реттеу мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізілетін нормативтік құқықтық актілерінің тізбесіне
1-қосымша
Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдары, Қазақстан Республикасының бейрезидент-сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдарының филиалдары үшін тәуекелдерді басқару және ішкі бақылау жүйесін қалыптастыру қағидаларына
1-қосымша
Қазақстан Республикасының бейрезидент-сақтандыру
(қайта сақтандыру) ұйымдарының филиалдарының
тәуекелдерді басқару және ішкі бақылау жүйесінің ішкі құжаттарына қойылатын талаптар
Тармақ 1
1. Ішкі құжатта қамтылатын ақпарат көлемі Қазақстан Республикасының бейрезидент-сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы филиалының қызметін бағалау және Қазақстан Республикасының бейрезидент-сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының басқару органының, Қазақстан Республикасының бейрезидент-сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының филиалы басшысының және басшы қызметкерлерді тиімді шешім қабылдауы үшін дәйекті және жеткілікті болуы тиіс.
Тармақ 2
2. Қазақстан Республикасының бейрезидент-сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы Қазақстан Республикасының бейрезидент-сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының филиалы туралы ережені әзірлейді, ол:
Тармақша 1
1) корпоративтік басқару қағидаттарына сәйкес, сондай-ақ корпоративтік іс-қимылдың озық халықаралық тәжірибесін, кәсіби этика нормаларын, филиал қызметінің дамуының ағымдағы кезеңіндегі қажеттіліктері мен талаптары ескеріле отырып әзірленеді;
Тармақша 2
2) Қазақстан Республикасының бейрезидент-сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының филиалын корпоративтік басқаруды ұйымдастырудың қағидаттарын мыналарды ескере отырып регламенттейді:
филиалдың органдары және (немесе) құрылымдық бөлімшелер арасындағы міндеттерді нақты бөлу;
алқалы органдар мүшелерінің, басшы қызметкерлердің филиалдың қызметін және тәуекелдерді басқарудың тұрақты ішкі бақылауды жүзеге асыруға белсенді қатысуы;
Қазақстан Республикасының бейрезидент-сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының басқару органының, алқалы органдардың және басшы қызметкерлердің шешімдер қабылдаудағы тәуелсіздігі;
Қазақстан Республикасының бейрезидент-сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының басқару органының, алқалы органдардың және басшы қызметкерлердің шешімдерінен (негізінде шешім қабылданған құжаттарды қоса отырып) міндетті түрде хаттама жасайды;
басшы қызметкерлердің мүдделері мен филиалдың мүдделері арасында тікелей немесе жанама қайшылық туындауына әкелуі мүмкін іс-әрекеттерден тыйылу міндеттемесін, мүдделер қақтығысы туындаған жағдайда бұл жөнінде Қазақстан Республикасының бейрезидент-сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының басқару органына уақтылы хабарлау міндеттемесін жазбаша ресімдеу;
басшы қызметкерлердің уәкілетті органның біліктілік талаптарына сәйкес келуі;
басшы қызметкерлердің бақылау және басқарушылық функцияларының сапасын үнемі жетілдіріп отыру;
кәсіби этиканың жалпыға бірдей нормалары;
Тармақша 3
3) мүдделер қақтығысын реттеу жөніндегі тәртіпті және Қазақстан Республикасының бейрезидент-сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының басқару органының қалауына қарай басқа да мәселелерді регламенттейді.
Тармақ 3
3. Қазақстан Республикасының бейрезидент-сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының басқару органы тәуекелдерді және ішкі бақылауды тиімді басқару мақсатында мынадай ішкі құжаттарды:
Тармақша 1
1) филиал туралы ережені;
Тармақша 2
2) филиалдың ұйымдық-функционалдық құрылымы туралы ережесін;
Тармақша 3
3) басшы қызметкерлерге еңбекақы төлеу, ақшалай сыйақы есептеу, сондай-ақ материалдық көтермелеудің басқа да түрлері бойынша ішкі саясатты;
Тармақша 4
4) есеп саясатын;
Тармақша 5
5) басқарушылық есептілігін ұсынудың мерзімдері мен нысандары туралы ережені бекітеді.
Тармақ 4
4. Стратегияны Қазақстан Республикасының бейрезидент-сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының басқару органы әзірлейді және:
Тармақша 1
1) филиалдың қысқа мерзімді (бір жылға дейінгі), орта мерзімді (1 (бір) жылдан 3 (үш) жылға дейінгі) және ұзақ мерзімді (3 (үш) жылдан және одан ұзақ жылға) мақсаттарын айқындайды;
Тармақша 2
2) мыналарды қамтиды:
филиал қызметін дамытудың стратегиясы;
филиал қызметінің негізгі мақсаттары мен бағыттары;
филиал бағдарланған нарық сегменті;
филиал қызметінің қаржылық және өзге көрсеткіштерінің болжамдық мәні;
күтілетін макроэкономикалық және микроэкономикалық көрсеткіштер;
филиалдың қарауына қарай өзге де мәселелер.
Тармақ 5
5. Филиалдың ұйымдық-функционалдық құрылымы туралы ережені Қазақстан Республикасының бейрезидент-сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының басқару органы әзірлейді және ол мыналарды қамтиды:
Тармақша 1
1) Қазақстан Республикасының бейрезидент-сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының басқару органының, алқалы органдардың, басшы қызметкерлердің, ішкі аудит қызметінің, бөлімшелердің құрылымы, өкілеттіктері мен міндеттемелерін;
Тармақша 2
2) қызметкерлерге қойылатын біліктілік талаптарын;
Тармақша 3
3) өзара іс-әрекет ету және есеп беру тәртібі;
Тармақша 4
4) ішкі аудит қызметінің, тәуекелдерді басқару бөлімшесінің, андеррайтердің (андеррайтинг бөлімшесінің), актуарийдің қызметкерлеріне басқа бөлімшелердің функцияларын жүктеуге жол бермеу;
Тармақша 5
5) басшы қызметкерлер, құрылымдық бөлімшелер мен қызметкерлер қызметінің тиімділігін бағалау өлшемшарттары, оның ішінде оларға жүктелген функциялар мен міндеттерді орындамағаны (тиісінше, уақтылы орындамағаны) үшін шаралар қолдану тәртібі.
Тармақ 6
6. Басшы қызметкерлерге еңбекақы төлеу, ақшалай сыйақы есептеу, сондай-ақ материалдық көтермелеудің басқа да түрлері жөніндегі ішкі саясатты Қазақстан Республикасының бейрезидент-сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының басқару органы әзірлейді және мыналарды регламенттейді:
Тармақша 1
1) басшы қызметкерлердің лауазымына үміткерлерді іріктеу қағидаттары, өлшемшарттары, сыйақы мөлшерін айқындау;
Тармақша 2
2) сыйақы төлеуді жүзеге асыруға негіздеме, түрлері, құрамдары (белгіленген сыйақы мөлшері, акциялар, облигациялар бойынша сыйақы, өтемақы төлемдерінің басқа да түрлері);
Тармақша 3
3) басшы қызметкерлердің жұмысын бағалау және сыйақыны қолдану өлшемшарттары;
Тармақша 4
4) филиалдың бюджетті жүргізілген сыйақы және басқа да өтемақы төлемдері бөлігінде игеруге, басшы қызметкерлердің уәкілетті органның біліктілік талаптарына және лауазымдық нұсқаулық талаптарына сәйкес келуін қамтамасыз етуге қатысты басқару органына ұсынатын есебінің нысаны мен кезеңділігі;
Тармақша 5
5) Қазақстан Республикасының бейрезидент-сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының басқару органының қалауына қарай өзге де мәселелері.
Тармақ 7
7. Есеп саясаты:
Тармақша 1
1) оны Қазақстан Республикасының бейрезидент-сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының басқару органы халықаралық қаржылық есеп стандарттарына, Қазақстан Республикасының бухгалтерлік есеп және қаржылық есептілік заңнамасына сәйкес әзірлейді;
Тармақша 2
2) ол бухгалтерлік есеп жүргізу және қаржылық есептілікті жасаудың қағидаттарын, негіздерін, шарттарын, қағидалары мен тәжірибесін қамтиды;
Тармақша 3
3) кірістерді (шығыстарды) динамикасында және қызмет түрлері бойынша ай сайынғы салыстырып тексеруге жауапты бөлімшені айқындайды;
Тармақша 4
4) регламенттейді:
сақтандыру (қайта сақтандыру) шарттарын есепке алу, сондай-ақ олардың тізілімін жүргізу тәртібін;
сақтандыру (қайта сақтандыру) шарттары бойынша ақша қаражатының болашақ ағындарын халықаралық қаржылық есептілік стандарттарына сәйкес ағымдағы есептік бағалауды қолдана отырып сақтандыру резервтерінің барабарлығын бағалауды жүзеге асыру әдістемесін;
Қазақстан Республикасының бейрезидент-сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының басқару органының қалауына қарай өзге де мәселелер.
Тармақ 8
8. Басқарушылық есептілікті ұсыну мерзімдері мен нысандары туралы ережені Қазақстан Республикасының бейрезидент-сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының басқару органы әзірлейді және филиалдың басшы қызметкерлерінің және тәуекелдерді басқару бөлімшесінің басқару органына басқарушылық есептілікті ұсыну тәртібін регламенттейді, оның ішінде:
активтер мен міндеттемелер туралы жиынтық есеп;
пайда мен шығын туралы есеп;
активтер мен міндеттемелер көлемін салыстыру туралы есеп
филиал тәуекелінің картасын талдау;
Қазақстан Республикасының бейрезидент-сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының басқару органының талап етуі бойынша есептілік
Басқару есептілігінің тізбесі тәуекелдерді және ішкі бақылауды тиісінше басқаруды қамтамасыз ету мақсатында Қазақстан Республикасының бейрезидент-сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы басқару органының функционалдық міндеттер мен өкілеттіктерді тиісінше орындауы үшін жеткілікті.
Басқа 2. Өзге ақпарат аудитіне тартылатын аудиторлық ұйымның құрамындағы аудиторларға қойылатын талаптар
Қазақстан Республикасының бейрезидент-банктері филиалдарының, Қазақстан Республикасының бейрезидент-сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдары филиалдарының және Қазақстан Республикасының бейрезидент-сақтандыру брокерлері филиалдарының қызметін реттеу мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізілетін нормативтік құқықтық актілерінің тізбесіне
2-қосымша
Қазақстан Республикасы
Ұлттық Банкі Басқармасының
2018 жылғы 29 қазандағы
№ 245 қаулысына
3-қосымша
Өзге ақпарат аудитіне тартылатын аудиторлық ұйымның құрамындағы аудиторларға қойылатын талаптар
Өзге ақпарат аудитіне өзге ақпарат аудиті шеңберінде тексеруге жататын кезеңде аудиттелетін банктің, Қазақстан Республикасының бейрезидент-банкі филиалының, сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының, Қазақстан Республикасының бейрезидент-сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы филиалының, бағалы қағаздар нарығына кәсіби қатысушының (бұдан әрі - қаржы ұйымы) қаржылық есептілігіне аудитті жүзеге асырмаған және өзге ақпарат аудитін жүргізу кезеңінде қаржылық есептілік аудитін (бухгалтерлік есеп деректері бойынша есептілік) жүргізу үшін аудиттелетін қаржы ұйымы айқындаған ұйым болып табылмайтын немесе тексеруге жататын салаларда консультациялық қызметтер ұсыну үшін аудиттелетін қаржы ұйымы тартқан ұйым болып табылмайтын, сондай-ақ тексерілетін мәселелерге байланысты мынадай талаптарға сәйкес келетін аудиторлық ұйымның қатысушылары болып табылатын аудиторлар тартылады:
Тармақша 1
1) осы қаулыға 1-қосымшаға сәйкес белгіленген Өзге ақпарат аудиті шеңберінде тексеруге жататын мәселелер тізбесінің 1-тармағында көрсетілген мәселелерді тексеру үшін АССА (Association of Chartered Certified Accountants), СРА (Certified Public Accountant), CIA (Certified Internal Auditor), FRM (Financial Risk Manager), PRM (Professional Risk Manager), CRMA (Certification in Risk Management Assurance), CFSA (Certified Financial Services Auditor), CCSA (Certification in Control Self-Assessment), COSO Internal Control Certificate, APRM (Associate Professional Risk Manager), MLARM (Market, Liquidity and Asset Liability Management Risk Manager), ORM (Operational Risk Manager), СFA (Chartered Financial Analyst), CIIA (Certified International Investment Analyst), CIRM (Chartered Insurance Risk Manager), PECB Certified ISO 31000 Risk Manager толық біліктілігінің біреуі бар кемінде екі аудитор, оның ішінде осы тармақшада көрсетілген тәуекелдерді басқару мәселелерінде толық біліктілігінің біреуі бар кемінде бір аудитор;
Тармақша 2
2) осы қаулыға 1-қосымшаға сәйкес белгіленген Өзге ақпарат аудиті шеңберінде тексеруге жататын мәселелер тізбесінің 2-тармағында көрсетілген мәселелерді тексеру үшін АССА (Association of Chartered Certified Accountants), СРА (Certified Public Accountant), CIA (Certified Internal Auditor), CFSA (Certified Financial Services Auditor), CCSA (Certification in Control Self-Assessment), COSO Internal Control Certificate, APRM (Associate Professional Risk Manager), MLARM (Market, Liquidity and Asset Liability Management Risk Manager), СFA (Chartered Financial Analyst), CIIA (Certified International Investment Analyst), CRMA (Certification in Risk Management Assurance) толық біліктілігінің біреуі бар кемінде екі аудитор және өзге ақпарат аудитінің басшысы, оның ішінде осы тармақшада көрсетілген корпоративтік басқару мәселелерінде толық біліктілігінің біреуі бар кемінде бір аудитор;
Тармақша 3
3) осы қаулыға 1-қосымшаға сәйкес белгіленген Өзге ақпарат аудиті шеңберінде тексеруге жататын мәселелер тізбесінің 3-тармағында көрсетілген мәселелерді тексеру үшін ITIL (Information Technology Infrastructure Library), COBIT (Control Objectives for Information and Related Technologies), ISO 27001 LA (ISO 27001 Lead Auditor), CISA (Certified Information Systems Auditor), CISM (Certified Information Security Manager), CRISC (Certified in Risk and Information Systems Control), TOGAF (The Open Group Architecture Framework), CISSP (Certified Information Systems Security Professional) толық біліктілігінің біреуі бар кемінде екі аудитор және өзге ақпарат аудитінің басшысы;
Тармақша 4
4) осы қаулыға 1-қосымшаға сәйкес белгіленген Өзге ақпарат аудиті шеңберінде тексеруге жататын мәселелер тізбесінің 4-тармағында көрсетілген мәселереді тексеру үшін ACAMS (Association of Certified Anti-Money Laundering Specialists), CAMS Audit (Advanced AML Audit Certification) толық біліктілігінің біреуі бар кемінде екі аудитор және өзге ақпарат аудитінің басшысы;
Тармақша 5
5) тексерілуге жататын тиісті мәселелерді бағалау бойынша кемінде 2 (екі) жыл жұмыс тәжірибесі бар және соңғы 3 (үш) жыл бойы оған қатысты өзге ақпарат аудиті жүргізілетін қаржы ұйымының қызметкері болып табылмайтын кемінде екі аудитор және өзге ақпарат аудитінің басшысы;
Тармақша 6
6) экономика, және (немесе) қаржы, және (немесе) ішкі аудит, және (немесе) тәуекел-менеджмент, және (немесе) ақпараттық технологиялар саласында, және (немесе) қылмыстық жолмен алынған кірістерді заңдастыруға (жылыстатуға) және терроризмді қаржыландыруға қарсы іс-қимыл саласындағы ішкі бақылау саласында кемінде 2 (екі) жыл жұмыс тәжірибесі бар және соңғы 3 (үш) жыл бойы оған қатысты өзге ақпарат аудиті жүргізілетін қаржы ұйымының қызметкері болып табылмайтын кемінде екі аудитор және өзге ақпарат аудитінің басшысы;
Тармақша 4
4) өзге ақпарат аудитінің басшысында экономика, және (немесе) қаржы, және (немесе) ішкі аудит, және (немесе) тәуекел-менеджмент, және (немесе) ақпараттық технологиялар саласында, және (немесе) қылмыстық жолмен алынған кірістерді заңдастыруға (жылыстатуға) және терроризмді қаржыландыруға қарсы іс-қимыл саласындағы ішкі бақылау саласында кемінде 5 (бес) жыл жұмыс тәжірибесі бар және соңғы 3 (үш) жыл бойы оған қатысты өзге ақпарат аудиті жүргізілетін қаржы ұйымының қызметкері болып табылған жоқ.