Об утверждении перечня национальных видов спорта Күшін жойған

08.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 08.07.2025. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
Ұлттық спорт түрлерінің тізбесін бекіту туралы «Дене шынықтыру және спорт туралы» 2014 жылғы 3 шілдедегі Қазақстан Республикасы Заңының 7-бабының 49-1) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
Тармақ 1
1. Қоса беріліп отырған Ұлттық спорт түрлерінің тізбесі бекітілсін.
Тармақ 2
2. Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігінің Спорт және дене шынықтыру істері комитеті Қазақстан Республикасы заңнамасында белгіленген тәртіппен:
Тармақша 1
1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;
Тармақша 2
2) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасының Мәдениет және спорт министрлігінің интернет-ресурсында орналастырылуын;
Тармақша 3
3) осы бұйрықпен көзделген іс-шаралар орындалғаннан кейін он жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігінің Заң қызметі департаментіне іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді ұсынуды қамтамасыз етсін.
Тармақ 3
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Мәдениет және спорт вице-министріне жүктелсін.
Тармақ 4
4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Басқа 1. Ұлттық спорт түрлерінің тізбесі
Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрі 2021 жылғы 26 ақпаны № 52 бұйрығымен бекітілген Ұлттық спорт түрлерінің тізбесі № р/с Ұлт­тық спорт тү­рі­нің ата­уы 1 Ауда­ры­спақ 2 Асық ату 3 Бәй­ге 4 Жам­бы ату 5 Жек­пе-жек 6 Көк­пар 7 Қа­зақ кү­ре­сі 8 Құ­с­бе­гі­лік 9 То­ғыз­құ­ма­лақ