Об определении размера и порядка оказания жилищной помощи в Буландынском районе Күшін жойған

10.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 22.05.2024. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
Бұланды ауданында тұрғын үй көмегін көрсету мөлшерін және тәртібін айқындау туралы «Тұрғын үй қатынастары туралы» Қазақстан Республикасының 1997 жылғы 16 сәуірдегі Заңының 97-бабына, «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 6-бабына, «Тұрғын үй көмегін көрсету ережесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 30 желтоқсандағы № 2314 қаулысына сәйкес, Бұланды аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
Тармақ 1
1. Бұланды ауданында тұрғын үй көмегін көрсету мөлшері және тәртібі осы шешімнің қосымшасына сәйкес айқындалсын.
Тармақ 2
2. Осы шешім Ақмола облысының Әділет департаментінде мемлекеттік тіркелген күнінен бастап күшіне енеді және ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі. «КЕЛІСІЛДІ» Бұланды ауданының әкімдігі
Басқа 0. Бұланды ауданында тұрғын үй көмегін көрсету мөлшері және тәртібі
Бұланды аудандық мәслихатының 2021 жылғы 16 ақпандағы № 7С-7/1 шешіміне қосымша Бұланды ауданында тұрғын үй көмегін көрсету мөлшері және тәртібі
Тарау 1. 1 тарау. Жалпы ережелер
1 тарау. Жалпы ережелер
Тармақ 1
1. Тұрғын үй көмегi жергiлiктi бюджет қаражаты есебiнен Қазақстан Республикасының аумағындағы жалғыз тұрғынжай ретінде меншік құқығында тұрған тұрғынжайда тұрақты тіркелген және тұратын аз қамтылған отбасыларға (азаматтарға), сондай-ақ мемлекеттік тұрғын үй қорынан берілген тұрғынжайды және жеке тұрғын үй қорынан жергілікті атқарушы орган жалдаған тұрғынжайды жалдаушыларға (қосымша жалдаушыларға) Бұланды ауданында тұратындарға беріледі.
Тармақ 2
2. Тұрғын үй көмегін тағайындауды уәкілетті орган «Бұланды ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» мемлекеттік мекемесі (бұдан әрі – уәкілетті орган) жүзеге асырады.
Тарау 2. 2 тарау. Тұрғын үй көмегін көрсету мөлшері
2 тарау. Тұрғын үй көмегін көрсету мөлшері
Тармақ 3
3. Аз қамтылған отбасының (азаматтың) жиынтық табысын уәкілетті орган Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің 2020 жылғы 24 сәуірдегі № 226 «Тұрғын үй көмегін алуға үміткер отбасының (Қазақстан Республикасы азаматының) жиынтық табысын есептеу қағидаларын бекіту туралы» бұйрығына (Нормативтік құқытық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 20498 болып тіркелген) сәйкес есептейді.
Тармақ 4
4. Шекті жол берілетін шығыстар үлесі: кондоминиум объектісін басқаруға және кондоминиум объектісінің ортақ мүлкін күтіп - ұстауға, оның ішінде кондоминиум объектісінің ортақ мүлкін күрделі жөндеуге жұмсалатын шығыстарға; коммуналдық қызметтерді және телекоммуникация желісіне қосылған телефон үшін абоненттік төлемақының өсуі бөлігінде байланыс қызметтерін тұтынуға; мемлекеттік тұрғын үй қорынан берілген тұрғынжайды және жеке тұрғын үй қорынан жергілікті атқарушы орган жалдаған тұрғынжайды пайдаланғаны үшін шығыстарды төлеуге отбасының (азаматтың) жиынтық табысына 10 (он) пайыз мөлшерінде белгіленеді. Аз қамтылған отбасылардың (азаматтардың) тұрғын үй көмегiн есептеуге қабылданатын шығыстары жоғарыда көрсетiлген бағыттардың әрқайсысы бойынша шығыстардың жиыны ретiнде айқындалады.
Тармақ 5
5. Тұрғын үй көмегі кондоминиум объектісін басқаруға және кондоминиум объектісінің ортақ мүлкін күтіп-ұстауға, оның ішінде кондоминиум объектісінің ортақ мүлкін күрделі жөндеуге жұмсалатын шығыстарды, коммуналдық көрсетілетін қызметтерді және телекоммуникация желісіне қосылған телефон үшін абоненттік төлемақының өсуі бөлігінде көрсетілетін байланыс қызметтерін тұтынуға, мемлекеттік тұрғын үй қорынан берілген тұрғынжайды және жеке тұрғын үй қорынан жергілікті атқарушы орган жалға алған тұрғынжайды пайдаланғаны үшін шығыстарды төлеуге арналған шығыстарға ақы төлеу сомасы мен отбасының (азаматтардың) осы мақсаттарға жұмсайтын шығыстарының жергілікті өкілді орган белгіленген шекті жол берілетін деңгейінің арасындағы айырма ретінде айқындалады. Бір адамға 18 (он сегіз) шаршы метр өтемақы шараларымен қамтамасыз етілген тұрғын үй алаңының нормасы ретінде алынады. Жалғыз тұратын азаматтар үшін өтемақы шараларымен қамтамасыз етілген тұрғын үй ауданының нормасы 30 (отыз) шаршы метр алынады.
Тармақ 6
6. Электр энергиясының шығын нормасы бір адамға айына 75 (жетпіс бес) киловатт белгіленсін.
Тармақ 7
7. Телекоммуникация желісіне қосылған телефон үшін абоненттік төлемақының өсуі бөлігінде байланыс қызметтер өтемақысы Қазақстан Республикасының Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрінің 2023 жылғы 28 шiлдедегi № 295/НҚ «Әлеуметтік қорғалатын азаматтарға телекоммуникация қызметтерін көрсеткені үшін абоненттік төлемақы тарифтерінің өсуін өтеу мөлшерін айқындау және қағидаларын бекіту туралы» бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 33200 болып тіркелген) сәйкес жүргізіледі.
Тарау 3. 3 тарау. Тұрғын үй көмегін көрсету тәртібі
3 тарау. Тұрғын үй көмегін көрсету тәртібі
Тармақ 8
8. Тұрғын үй көмегін тағайындау үшін аз қамтылған отбасы (азамат) (немесе нотариалды куәландырылған сенімхат бойынша оның өкілі) «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясына және/немесе «электрондық үкімет» веб-порталы арқылы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 30 желтоқсандағы № 2314 қаулысымен бекітілген, Тұрғын үй көмегін көрсету ережесіне сәйкес жүгінеді.
Тармақ 9
9. Жеке меншігінде бір бірліктен артық тұрғын үйі (пәтер, үй) бар немесе тұрғын үй-жайларды жалдауға (қосымша жалдауға) беруші отбасыларды (азаматтарды) қоспағанда, тұрғын үй көмегін тағайындау ағымдағы тоқсанға толық жүргізіледі, ал отбасының (азаматтың) өткен тоқсандағы жиынтық табыстары мен коммуналдық қызметтерінің шығындары есепке алынады.
Тармақ 10
10. Тұрғын үй көмегі аз қамтылған отбасыларға (азаматтарға) кондоминиум объектісін басқаруға және кондоминиум объектісінің ортақ мүлкін күтіп-ұстауға, оның ішінде кондоминиум объектісінің ортақ мүлкін күрделі жөндеуге жеткізушілер ұсынған ай сайынғы жарналар туралы шоттарға және шығыстар сметасына сәйкес бюджет қаражаты есебінен көрсетіледі.
Тармақ 11
11. Тұрғын үй көмегiн тағайындау тиiстi қаржы жылына арналған аудандық бюджетте көзделген қаражат шегiнде жүзеге асырылады.
Тарау 4. 4 тарау. Тұрғын үй көмегін төлеу
4 тарау. Тұрғын үй көмегін төлеу
Тармақ 12
12. Аз қамтылған отбасыларға (азаматтарға) тұрғын үй көмегін төлеуді уәкілетті орган екінші деңгейдегі банктер арқылы жүзеге асырады. Уәкілетті органға тұрғын үй көмегін артық немесе заңсыз тағайындауға әкеліп соққан көрінеу жалған мәліметтер ұсынылған кезде, аз қамтылған отбасы (азамат) заңсыз алған сомасын ерікті түрде, ал бас тартқан жағдайда сот тәртібімен қайтарады.