Об определении специально отведенных мест для осуществления выездной торговли на территории Алгинского района Күшін жойған

11.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 24.08.2022. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
Алға ауданы аумағында көшпелі сауданы жүзеге асыру үшін арнайы бөлінген орындарды белгілеу туралы Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 31 бабына, Қазақстан Республикасының 2004 жылғы 12 сәуірдегі «Сауда қызметін реттеу туралы» Заңының 8, 27 баптарына сәйкес, Алға ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
Тармақ 1
1. Алға ауданы аумағында көшпелі сауданы жүзеге асыру үшін арнайы бөлінген орындар осы қаулының қосымшасына сәйкес айқындалсын.
Тармақ 2
2. Алға ауданы әкімдігінің 2017 жылғы 26 шілдедегі № 261 «Алға ауданы аумағында көшпелі сауданы жүзеге асыру үшін арнайы бөлінген орындарды белгілеу туралы» (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 5626 болып тіркелген, 2017 жылғы 18 тамызда «Жұлдыз-Звезда» газетінде жарияланған) қаулысының күші жойылды деп танылсын.
Тармақ 3
3. «Алға аудандық ауыл шаруашылығы, жер қатынастары және кәсіпкерлік бөлімі» мемлекеттік мекемесі заңнамада белгіленген тәртіппен:
Тармақша 1
1) осы қаулыны Ақтөбе облысының Әділет департаментінде мемлекеттік тіркеуді;
Тармақша 2
2) осы қаулыны оны ресми жариялағаннан кейін Алға ауданы әкімдігінің интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.
Тармақ 4
4. Осы қаулының орындалуын бақылау Алға ауданы әкімінің орынбасары Г.Ж. Ахметоваға жүктелсін
Тармақ 5
5. Осы қаулы оның алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Басқа 8
Алға ауданы әкімдігінің 2021 жылғы 25 ақпаны № 89 қаулысына қосымша Алға ауданы аумағында көшпелі сауданы жүзеге асыру үшін арнайы бөлінген орындар № Елді-мекеннің атауы Көшпелі сауданы жүзеге асыратын орындар Алға қаласы 1 Алға қаласы Байтұрсынов көшесі бойындағы № 15А үйдің сол жағы Ақай ауылдық округі 2 Ақай ауылы В.Фоменко көшесі бойындағы № 41А үйдің сол жағы Бесқоспа ауылдық округі 3 Бесқоспа ауылы Ш.Уалиханов көшесі бойындағы № 27 үйдің оң жағы Бестамақ ауылдық округі 4 Бестамақ ауылы Есет батыр көшесі бойындағы № 110 үйдің сол жағы Карабұлақ ауылдық округі 5 Қарабұлақ ауылы Әйтеке би көшесі бойындағы № 131 үйдің сол жағы Қарағаш ауылдық округі 6 Қарағаш ауылы Ақсарай көшесі бойындағы № 12 үйдің оң жағы Қарақұдық ауылдық округі 7 Қарақұдық ауылы Федорченко көшесі бойындағы № 49 орналасқан Мәдениет үйінің оң жағы Қарахобда ауылдық округі 8 Қарахобда ауылы Ағниязов көшесі бойындағы № 1 үйдің оң жағы Маржанбұлақ ауылдық округі 9 Маржанбұлақ ауылы А.Кұнанбаев көшесі бойындағы № 19/а үйдің сол жағы Сарыхобда ауылдық округі 10 Сарыхобда ауылы Жастар көшесі бойында орналасқан, Сарыхобда орта мектебінің сол жағы Тамды ауылдық округі 11 Тамды ауылы Есет батыр көшесі бойындағы № 40 үйдің сол жағы Тоқмансай ауылдық округі 12 Токмансай ауылы Жаманбаев көшесі бойындағы № 25 үйдің оң жағы Үшқұдық ауылдық округі 13 Үшқұдық ауылы Мерей көшесі бойындағы № 21 А үйдің сол жағы