О создании акционерного общества "Государственная страховая корпорация по страхованию экспортных кредитов и инвестиций" Қолданыста
Басқа 0
"Экспорттық кредиттердi және инвестицияларды сақтандыру жөнiндегi мемлекеттiк сақтандыру корпорациясы" акционерлiк қоғамын құру туралы
Қазақстан Республикасының Үкiметi ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
Тармақ 1
1. Жарғылық капиталына даму институттары жүйесiнiң қалыптасуымен негізделген мемлекеттiң жүз пайыз қатысуымен "Экспорттық кредиттердi және инвестицияларды сақтандыру жөнiндегi мемлекеттiк сақтандыру корпорациясы" акционерлiк қоғамы (бұдан әрi - Қоғам) құрылсын.
Тармақ 2
2. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлiгiнiң Мемлекеттiк мүлiк және жекешелендiру комитетi Қазақстан Республикасының Индустрия және сауда, Экономика және бюджеттiк жоспарлау министрлiктерiмен бiрлесiп, заңнамада белгiленген тәртiппен:
Тармақша 1
1) Қоғамды құруға Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкiнiң рұқсатын алуды;
Тармақша 2
2) Қоғамның жарғылық капиталын 2003 жылғы республикалық бюджетте көзделген қаражат есебiнен қалыптастыруды;
Тармақша 3
3) Қоғамның Жарғысын бекiтудi және оның әділет органдарында мемлекеттiк тіркелуiн;
Тармақша 4
4) Қоғам акцияларының мемлекеттiк пакетiне иелiк ету және оны пайдалану құқығын Қазақстан Республикасының Индустрия және сауда министрлiгiне берудi;
Тармақша 5
5) осы қаулыдан туындайтын өзге де шараларды қабылдауды қамтамасыз етсiн.
Тармақ 3
3. Қоса берiлiп отырған Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң кейбiр шешiмдерiне енгiзiлетiн толықтырулар бекiтiлсiн.
Тармақ 4
4. Осы қаулының орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Премьер-Министрiнiң орынбасары К.Қ.Мәсiмовке жүктелсiн.
Тармақ 5
5. Осы қаулы қол қойылған күнiнен бастап күшiне енедi.
Басқа 0. Қазақстан Республикасы Yкiметiнің кейбiр шешiмдерiне енгiзілетiн толықтырулар
Қазақстан Республикасы
Үкiметiнің
2003 жылғы 12 мамырдағы
N 442 қаулысымен
бекiтiлген
Қазақстан Республикасы Yкiметiнің кейбiр шешiмдерiне енгiзілетiн толықтырулар
Тармақ 1
1. "Акциялардың мемлекеттік пакеттерiне мемлекеттік меншiктің түрлерi және ұйымдарға қатысудың мемлекеттiк үлестерi туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметінің 1999 жылғы 12 сәуiрдегi N 405 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 1999 ж., N 13, 124-құжат):
көрсетiлген қаулымен бекiтiлген Акцияларының мемлекеттік пакеттерi мен үлестерi республикалық меншікке жатқызылған акционерлік қоғамдар мен шаруашылық серiктестiктердің тiзбесiнде:
"Алматы қаласы" деген бөлiм мынадай мазмұндағы реттiк нөмiрi 123-84-жолмен толықтырылсын:
"123-84 "Экспорттық кредиттерді және инвестицияларды сақтандыру жөнiндегi мемлекеттiк сақтандыру корпорациясы" АҚ".
Тармақ 2
2. "Республикалық меншiктегi ұйымдар акцияларының мемлекеттiк пакеттері мен мемлекеттік үлестерiне иелік ету және пайдалану жөнiндегi құқықтарды беру туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 1999 жылғы 27 мамырдағы N 659 қаулысына :
көрсетiлген қаулымен бекiтiлген Иелiк ету және пайдалану құқығы салалық министрлiктерге және өзге де мемлекеттiк органдарға берiлетiн республикалық меншік ұйымдарындағы акциялардың мемлекеттік пакеттерiнің және қатысудың мемлекеттік үлестерiнiң тiзбесінде:
"Қазақстан Республикасының Индустрия және сауда министрлiгiне" деген бөлiм мынадай мазмұндағы реттiк нөмiрi 236-16-жолмен толықтырылсын:
"236-16. "Экспорттық кредиттерді және инвестицияларды сақтандыру жөнiндегi мемлекеттiк сақтандыру корпорациясы" АҚ".
Тармақ 3
3. "Жекешелендiруге жатпайтын мемлекеттік меншiк объектілерiнiң тiзбесi туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметiнің 2000 жылғы 24 қазандағы N 1587 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 2000 ж., N 43, 513-құжат):
2006 жылға дейiн акциялардың мемлекеттiк пакеттерi жекешелендiруге, оның iшiнде жекешелендiрудiң алдын ала сатыларына жатпайтын акционерлiк қоғамдардың тiзбесiнде:
мынадай мазмұндағы реттік нөмiрi 45-жолмен толықтырылсын:
"45. "Экспорттық кредиттердi және инвестицияларды сақтандыру жөнiндегi мемлекеттiк сақтандыру корпорациясы" АҚ (Алматы қаласы) 100 %".
Тармақ 4
4. Күші жойылды - ҚР Үкіметінің 2004.11.26. N 1237 қаулысымен.