О дополнительном предоставлении гарантированного объема бесплатной медицинской помощи, в том числе лекарственных средств, медицинских изделий, отдельным категориям граждан Республики Казахстан при амбулаторном лечении бесплатно Қолданыста
Басқа 0
Қазақстан Республикасы
азаматтарының жекелеген санаттарына тегін медициналық көмектің кепілдік берілген
көлемін, оның ішінде дәрілік заттардың, медициналық бұйымдардың амбулаториялық
емдеу кезінде қосымша ұсыну туралы
Қазақстан Республикасының 2020 жылғы 7 шілдедегі «Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы» Кодексіне, Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы», 2016 жылғы 6 сәуірдегі «Құқықтық актілер туралы» заңдарына сәйкес, Қарағанды облыстық мәслихаты ШЕШІМ ЕТТІ:
Тармақ 1
1. Осы шешімнің 1-қосымшасына сәйкес Қазақстан Республикасы азаматтарының жекелеген санаттарына амбулаториялық емдеу кезінде тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі, оның ішінде дәрілік заттар, медициналық бұйымдар қосымша тегін берілсін.
Тармақ 2
2. Осы шешімнің 2-қосымшасына сәйкес Қарағанды облысы мәслихатының кейбір шешімдерінің күші жойылды деп танылсын.
Тармақ 3
3. Осы шешімнің орындалуын бақылау облыстық мәслихаттың әлеуметтік-мәдени даму және халықты әлеуметтік қорғау жөніндегі тұрақты комиссиясына жүктелсін.
Тармақ 4
4. Осы шешім ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Басқа 0. Қазақстан Республикасы азаматтарының жекелеген санаттарына қосымша берілетін амбулаториялық емдеу кезінде қосымша тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі, оның ішінде дәрілік заттар, медициналық бұйымдар
Қарағанды облыстық мәслихатының
2021 жылғы 25 ақпандағы
№34 шешіміне
1-қосымша
Қазақстан Республикасы азаматтарының жекелеген санаттарына қосымша берілетін амбулаториялық емдеу кезінде қосымша тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі, оның ішінде дәрілік заттар, медициналық бұйымдар
Тармақ 1
1. Амбулаториялық емдеу кезінде диагноздармен (рецепт бойынша) қосымша тегін берілетін дәрілік заттар:
Тармақша 1
1) «Канакинумаб» дәрілік заты - «Ювенильді идиопатиялық артрит» диагнозында ;
Тармақша 2
2) «Тоцилизумаб» дәрілік заты - «Ювенильді склеродермия» диагнозында;
Тармақша 3
3) «Адалимумаб» дәрілік заты - «Ревматоидты артрит» диагнозында;
Тармақша 4
4) «Метилпреднизолон» дәрілік заты - «Жүйелік склеродерма» диагнозында;
Тармақша 5
5) «Азатиоприн» дәрілік заты - «Бехчет ауруы» диагнозында;
Тармақша 6
6) «Белимумаб» дәрілік заты - «Жүйелі қызыл жегі» диагнозында;
Тармақша 7
7) дәрілік зат - «Блекфан-Даймонд анемиясы» диагнозында;
Тармақша 8
8) дәрілік зат - «Өкпе артериялық гипертензиясы» диагнозында;
Тармақша 9
9) дәрілік зат- «Эпилепсия» диагнозында;
Тармақша 10
10) дәрілік зат - «Ювенильді идиопатиялық артрит» диагнозы кезінде;
Тармақша 11
11) дәрілік зат - «Бехтерев ауруы» диагнозында;
Тармақша 12
12) «Мацитентан» дәрілік заты - «Өкпе артериялық гипертензиясы» диагнозында;
Тармақша 13
13) «Кладрибин» дәрілік заты - «Шашыраңқы склероз» диагнозында;
Тармақша 14
14) «Секукинумаб» дәрілік заты - «Псориаз» диагнозында;
Тармақша 15
15) «Этеплирсен», «Голодирсен», «Касимерсен» дәрілік заттары – «Дюшеннің бұлшықет дистрофиясы» диагнозында;
Тармақша 16
16) «Секукинумаб» дәрілік заты - «Псориаздық артрит (псориаздық артропатия)» диагнозында;
Тармақша 17
17) «Ритуксимаб» дәрілік заты - «Оптикалық спектрдің невромиелит аурулары» диагнозында;
Тармақша 18
18) «Омализумаб» дәрілік заты - «Бронхиалды астма» диагнозында;
Тармақша 19
19) «Селуметиниб» дәрілік заты - «Нейрофиброматоз» диагнозында;
Тармақша 20
20) «Велаглюцераза альфа» дәрілік заты - «Болезнь Гоше» диагнозында;
Тармақша 21
21) «Буросумаб» дәрілік заты - «Фосфор алмасуының бұзылуы» диагнозында;
Тармақша 22
22) «Ланаделумаб», «С1 эстераза тежегіші» дәрілік заттар - «Бастапқы иммундық тапшылық. Комплемент жүйесіндегі ақау» диагнозында;
Тармақша 23
23) «Адам иммуноглобулині» дәрілік заты - «Басқа да қабынбалы полинейропатиялар» диагнозында;
Тармақша 24
24) «Вандетаниб» дәрілік заты - «Онкологиялық аурулар. Қалқанша безінің обыры, IVA сатысы, Т4аNIM0» диагнозында;
Тармақша 25
25) «Алглюкозидаза-альфа» дәрілік заты - «Гликоген жинақталу аурулары (Помпе ауруы)» диагнозында.
Тармақ 2
2. Амбулаториялық емдеу кезінде медициналық бұйымдар келесі диагнозбен тегін:
медициналық бұйымдар (рецепт бойынша) «Буллезді эпидермолиз» диагнозы бар азаматтарға.
Басқа 1. Қарағанды облыстық мәслихатының
күші жойылған кейбір шешімдерінің тізбесі
Қарағанды облыстық
мәслихатының
2021 жылғы 25
ақпандағы
№ 34
шешімге 2-қосымша
Қарағанды облыстық мәслихатының
күші жойылған кейбір шешімдерінің тізбесі
Тармақ 1
1. Қарағанды облыстық мәслихатының 2013 жылғы 27 маусымдағы № 184 «Азаматтардың жекелеген санаттарына амбулаториялық емделу кезінде тегін дәрілік заттарды қосымша беру туралы» шешімі (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 2349 болып тіркелген, 2013 жылғы 13 шілдедегі № 117-118 (21524) «Индустриальная Караганда» және 2013 жылғы 13 шілдедегі № 96 (21429) «Орталық Қазақстан» газеттерінде жарияланған).
Тармақ 2
2. Қарағанды облыстық мәслихатының 2014 жылғы 15 сәуірдегі № 278 «Қосымша мамандандырылған емдік өнімдерді беру туралы» шешімі (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 2592 болып тіркелген, «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде 2014 жылғы 25 сәуірде, 2014 жылғы 19 сәуірдегі № 65 (21586) «Индустриальная Караганда» және 2014 жылғы 19 сәуірдегі № 73 (21707) «Орталық Қазақстан» газеттерінде жарияланған).
Тармақ 3
3. Қарағанды облыстық мәслихатының 2014 жылғы 4 қыркүйектегі № 314 «Дәрілік затты қосымша беру туралы» шешімі (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 2740 болып тіркелген, «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде 2014 жылғы 29 қыркүйекте, 2014 жылғы 23 қыркүйектегі № 168 (21689) «Индустриальная Караганда» және 2014 жылғы 23 қыркүйектегі № 182 (21816) «Орталық Қазақстан» газеттерінде жарияланған).
Тармақ 4
4. Қарағанды облыстық мәслихатының 2014 жылғы 11 желтоқсандағы № 358 «Дәрілік затты қосымша беру туралы» шешімі (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 2871 болып тіркелген, «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде 2015 жылғы 20 қаңтарда, 2014 жылғы 20 желтоқсандағы № 221-222 (21742-21743) «Индустриальная Караганда» және 2014 жылғы 20 желтоқсандағы № 242-243 (21877) «Орталық Қазақстан» газеттерінде жарияланған).
Тармақ 5
5. Қарағанды облыстық мәслихатының 2015 жылғы 29 шілдедегі № 419 «Дәрілік затты, мамандандырылған емдік өнімдерді қосымша беру туралы» шешімі (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 3360 болып тіркелген, «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде 2015 жылғы 14 тамызда, 2015 жылғы 11 тамыздағы №111-112 (21862-21863) «Индустриальная Караганда» және 2015 жылғы 11 тамыздағы № 126-127 (22012) «Орталық Қазақстан» газеттерінде жарияланған).
Тармақ 6
6. Қарағанды облыстық мәслихатының 2016 жылғы 12 желтоқсандағы VI сессиясының № 143 «Дәрілік заттарды қосымша беру туралы» шешімі (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде №4068 болып тіркелген, Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде электрондық түрде 2017 жылғы 10 қаңтарда, 2017 жылғы 05 қаңтардағы № 1 (22114) «Индустриальная Караганда» және 2017 жылғы 05 қаңтардағы № 1 (22 306) «Орталық Қазақстан» газеттерінде жарияланған).
Тармақ 7
7. Қарағанды облыстық мәслихатының 2017 жылғы 30 наурыздағы № 168 «Дәрілік заттарды қосымша беру туралы» шешімі (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде №4207 болып тіркелген, Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде электрондық түрде 2017 жылғы 20 сәуірде, 2017 жылғы 13 сәуірдегі № 40 (22153) «Индустриальная Караганда» және 2017 жылғы 13 сәуірдегі № 40 (22 347) «Орталық Қазақстан» газеттерінде жарияланған).
Тармақ 8
8. Қарағанды облыстық мәслихатының 2017 жылғы 29 маусымдағы № 200 «Мамандандырылған емдеу өнімдерін, медициналық бұйымдарды, дәрілік заттарды қосымша беру туралы» шешімі (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде №4295 болып тіркелген, Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде электрондық түрде 2017 жылғы 11 шілдеде жарияланған).
Тармақ 9
9. Қарағанды облыстық мәслихатының 2018 жылғы 9 тамыздағы № 331 «Дәрілік заттарды қосымша беру туралы» шешімі (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде №4904 болып тіркелген, Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде электрондық түрде 2018 жылғы 25 тамызда, 2018 жылғы 28 тамыздағы № 95 (22354) «Индустриальная Караганда» және 2018 жылғы 28 тамыздағы № 95 (22 547) «Орталық Қазақстан» газеттерінде жарияланған).
Тармақ 10
10. Қарағанды облыстық мәслихатының 2019 жылғы 28 ақпандағы № 398 «Дәрілік заттарды қосымша беру туралы» шешімі (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде №5211 болып тіркелген, Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде электрондық түрде 2019 жылғы 15 наурызда, 2019 жылғы 16 наурыздағы № 29 (22433) «Индустриальная Караганда» және 2019 жылғы 16 наурыздағы № 29 (22 625) «Орталық Қазақстан» газеттерінде жарияланған).
Тармақ 11
11. Қарағанды облыстық мәслихатының 2019 жылғы 8 тамыздағы № 440 «Дәрілік заттарды қосымша беру туралы» шешімі (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде №5427 болып тіркелген, Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде электрондық түрде 2019 жылғы 15 тамызда, 2019 жылғы 17 тамыздағы № 90 (22494) «Индустриальная Караганда» және 2019 жылғы 17 тамыздағы № 90 (22 686) «Орталық Қазақстан» газеттерінде жарияланған).
Тармақ 12
12. Қарағанды облыстық мәслихатының 2020 жылғы 2 шілдедегі № 553 «Қарағанды облыстық мәслихатының кейбір шешімдеріне өзгерістер енгізу және Қарағанды облыстық мәслихатының кейбір шешімдерінің күші жойылды деп тану туралы» шешімі (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде №5929 болып тіркелген, Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде электрондық түрде 2020 жылғы 7 шілдеде жарияланған).