О закреплении рыбохозяйственных водоемов (участков) для промыслового, спортивно-любительского вылова рыбы и других водных животных Қолданыста
Басқа 0
Балық және басқа да су жануарларын кәсіпшілік, әуесқой-спорттық аулауға балық шаруашылық тоғандарын (телімдерді) бекітіп беру туралы
Қазақстан Республикасының 1993 жылғы 21 қазандағы "Жануарлар дүниесін қорғау, өсіріп өндіру және пайдалану туралы" Заңына, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1996 жылғы 4 желтоқсандағы № 1480 "Қазақстан Республикасында балық аулау және басқа да су жануарларын өндіру ережелерін бекіту туралы" қаулысына сәйкес, сондай-ақ балық шаруашылық тоғандарын (телімдерді) бекітіп беру, балық және басқа да су жануарларын кәсіпшілік, әуесқой-спорттық аулауды ұйымдастыру құқығын беру жөніндегі конкурстық комиссия ұсыныстарының негізінде облыс әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТТІ:
Тармақ 1
1. Табиғатты пайдаланушыларға балық пен басқа да су жануарларын кәсіпшілік және әуесқой-спорттық аулау үшін балық шаруашылық тоғандары (телімдер) 10 жыл мерзімге бекітіліп берілсін (Тізбесі қосымша).
Тармақ 2
2. Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылық министрлігінің облыстық аумақтық басқармасына табиғатты пайдаланушылармен балық шаруашылық тоғандарын (телімдерді) пайдалануға белгіленген тәртіпте келісім-шарттарды жасау ұсынылсын. 2003 жылдың 1 шілдесіне дейін келісім-шарттарды жасамаған табиғатты пайдаланушылар балық шаруашылық тоғандарын (телімдерді) пайдалану құқығынан айырылады және тоғандары ортақ пайдаланылатын балық шаруашылық тоғандарының қатарына енеді.
Тармақ 3
3. Табиғатты пайдаланушыларға бекітіліп берілмеген тоғандары ортақ пайдаланылатын тоғандары болып табылады. Балықты кәсіпшілік және басқа да түрлері бойынша аулау, сондай-ақ өзге де су жануарларын өндіру Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1996 жылғы 4 желтоқсандағы № 1480 қаулысымен бекітілген Балық аулау ережелеріне сәйкес және Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылық министрлігінің облыстық аумақтық басқармасымен келісу арқылы жүргізілсін.
Тармақ 4
4. Осы шешімнің орындалуын бақылау облыс әкімінің орынбасары Қ.М.Отаровқа жүктелсін.
Басқа 5
Облыс әкімдігінің
2003 ж. 29.04 № а-5/139
"Балық және басқа да су жануарларын кәсіпшілік, әуесқой-спорттық аулауға балық шаруашылық тоғандарын (телімдерді) бекітіп беру туралы" қаулысына қосымша
Балық және басқа да су жануарларын кәсіпшілік, әуесқой-спорттық аулау үшін табиғатты пайдаланушыларға бекітілген облыстың балық шаруашылық тоғандарының (телімдірінің) ТІЗБЕСІ
р/р
№
Табиғатты пайдаланушылардың атауы
Балық шаруашылық тоғандарының (телімдердің) атауы
АРШАЛЫ АУДАНЫ
1
«Никитина» ЖК
Вячеслав су қоймасының телімі
2
"ВИС-НС" ЖШС
Вячеслав су қоймасының телімі Алакөл, Жақапкөл көлдерінің телімдері
3
"Сұнқар" ШҚ
Сусановка бөгеті, Красноозер бөгетінің телімі
4
"Еңбек-Астана" РМК 22 бөлімшесі
Вячеслав су қоймасының телімі
АҚКӨЛ АУДАНЫ
1
"Қызыл Ағаш" ЖШС
Краснобор бөгеті
2
"Әсемгүл" ШҚ
Киров бөгеті
3
"Алма" ШҚ
Балықты көлінің телімі (Ақкөл ауданының шегінде)
4
"Бақытжан" ШҚ
Құрғақ, Сабылды, Үлкен көлдері
5
"Роман" ШҚ
№ 3 Қамысты көлі
6
"Ақкөл агрофирмасы" ҚКЖӨӨ АШС
Ақсуат (Қызыл ту) бөгеті, Итемген көлі
7
"Одесское" ЖШС
Ащылы Айрық (Молақ) бөгеті
АТБАСАР АУДАНЫ
1
"Ұзынкөл" ЖШС
Ұзынкөл, Барлыкөл, Қамысты көлдері, Палестинов тоғаны, Есіл өзенінің телімі
2
"Жаркөл - 2002" ЖШС
Жаркөл, Қызылсай көлдері, Тайкеткен, Қолымбай, № 3,6,7 бригадалардағы тоғандары
3
"Сочинское" ЖШС
Сочинское су қоймасы, Сочинский тоғаны
БҰЛАНДЫ АУДАНЫ
1
"Бекенов" ЖК
Қызылмола көлі
ЕГІНДІКӨЛ АУДАНЫ
1
"Йосик" ЖШС
Қожакөл, Жалманқұлақ көлдері, № 8 су қоймасы
2
"Кристина" ШШ
Қоскөл, Самарбай көлдері
3
"Қоржынкөл-А" ЖШС
Қоржынкөл көлі
ЕҢБЕКШІЛДЕР АУДАНЫ
1
"Вертикаль" ЖШС
Яблоневка тоғаны
2
'Жалайыр - Бұланды" ЖШС
№ 1, 2, 3 Прогресс тоғандары, Құдықағаш, Намазғұл, Бірсуат, Семізбай, Құндыкөл, Сәуле көлдері
3
"Ольга" ЖК
Тассу тоғаны
4
"Шалудкин" ЖК
Еңбекшілдер тоғаны
5
"Воронин" ЖК
Мақпал, Бақыр тоғандары
6
"Сейнүр фирмасы" ЖШС
Жөкей көлінің телімі
ЕРЕЙМЕНТАУ АУДАНЫ
1
"Трансстрой-Ерейментау" ЖШС
Қоржынкөл көлінің телімі
2
"Динамика-УК" ЖШС
Қаракөл, Мәнті көлдері
3
"Оспанов" ЖК
Құрбет, Тойғанкөл көлдері, Ащыкөл, Үшмырза көлдерінің телімдері
4
"Әлжанов" ЖК
Майкөл, Үшмырза көлдерінің телімдері, Қобылан, Тілес, Қасқат көлдері
ЗЕРЕНДІ АУДАНЫ
1
"Сейнұр фирмасы" ЖШС
Қайранкөл көлі
ҚОРҒАЛЖЬІН АУДАНЫ
1
"ВИС-НС" ЖШС
Біртабан, Жанды Шалқар, Ұялы Шалқар, Жәнібек Шалқар (Садырбай), Шиі Шалқар көлдерінің телімдері, Нұра өзенінің телімі (Сабынды ауылынан Ұялы ауылына дейін)
2
"Жасыл аймақ" РМК
Жанды Шалқар, Ұялы Шалқар, Шиі шалқар, Қоржынкөл, Біртабан көлдерінің телімдері, Нұра өзенінің телімі
3
"Жас-Сана" ЖШС
Мортық көлінің телімі, Ұялы көлдері жүйесінің телімі
4
"Надежда-2000" ЖШС
Біртабан көлінің телімі
ЦЕЛИНОГРАД АУДАНЫ
1
"Жасыл аймақ" РМК
Ұзын бөгеті
ШОРТАНДЫ АУДАНЫ
1
"ВЭК Агро" ЖШС
Ақкөл көлі
ЩУЧЬЕ АУДАНЫ
1
"Тимса"ЖШС
Алакөл (Сладкое), Құмдыкөл (Савинное) колдері
2
"Сейнұр фирмасы" ЖШС
Қояндыкөл (Турское) көлі, № 1,2 Зайчан (жаңа және ескі) бөгеттері
3
«Шортан» фирмасы
Қараүңгір, балық көлдері, Оразбұлақ, Мәдениет, Фролов, Обалы, ІЦучье № 1,2 тоғандары, Қылшақты өзені телімдері