О повышении базовой ставки земельного налога на не используемые земли сельскохозяйственного назначения по городу Жезказган Күшін жойған

11.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 29.03.2022. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
Жезқазған қаласы бойынша пайдаланылмайтын ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерлерге жер салығының базалық мөлшерлемерін жоғарылату туралы Қазақстан Республикасының 2017 жылғы 25 желтоқсандағы «Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» (Салық кодексі) Кодексіне, Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңына сәйкес қалалық маслихат ШЕШТІ:
Тармақ 1
1. Қазақстан Республикасының жер заңнамасына сәйкес, Жезқазған қаласы бойынша пайдаланылмайтын ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерлерге жер салығының базалық мөлшерлемелері он есеге жоғарылатылсын.
Тармақ 2
2. Осы шешім алғаш ресми жарияланған күннен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.