Об установлении квоты рабочих мест для трудоустройства граждан из числа молодежи, потерявших или оставшихся до наступления совершеннолетия без попечения родителей, являющихся выпускниками организаций образования, лиц, освобожденных из мест лишения свободы, а также лиц, состоящих на учете службы пробации Күшін жойған

10.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 10.11.2023. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
Ата-анасынан кәмелеттік жасқа толғанға дейін айырылған немесе ата-анасының қамқорлығынсыз қалған, білім беру ұйымдарының түлектері болып табылатын жастар қатарындағы азаматтарды, бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған адамдарды, сондай-ақ пробация қызметінің есебінде тұрған адамдарды жұмысқа орналастыру үшін жұмыс орындарының квоталарын белгілеу туралы Қазақстан Республикасының 2014 жылғы 05 шілдедегі Қылмыстық-атқару кодексінің 18-бабының 1-тармағының 2) тармақшасы, Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 31-бабы 1-тармағының 14-1) тармақшасына, Қазақстан Республикасының 2016 жылғы 06 сәуірдегі «Халықты жұмыспен қамту туралы» Заңының 9-бабының 7), 8), 9) тармақшаларына, Қазақстан Республикасының 2016 жылғы 06 сәуірдегі «Құқықтық актілер туралы» Заңының 27-бабына, Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің 2016 жылғы 26 мамырдағы № 412 «Ата-анасынан кәмелеттік жасқа толғанға дейін айырылған немесе ата-анасының қамқорлығынсыз қалған, білім беру ұйымдарының түлектері болып табылатын жастар қатарындағы азаматтарды, бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған адамдарды, пробация қызметінің есебінде тұрған адамдарды жұмысқа орналастыру үшін жұмыс орындарын квоталау қағидаларын бекіту туралы» бұйрығына (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде 13898 нөмірімен тіркелген) сәйкес Шемонаиха ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
Тармақ 1
1. Ұйым жұмысшыларының тізімдік санынан бір пайыз мөлшерінде ата-анасынан кәмелеттік жасқа толғанға дейін айырылған немесе ата-анасының қамқорлығынсыз қалған, білім беру ұйымдарының түлектері болып табылатын жастар қатарындағы азаматтарды жұмысқа орналастыру үшін жұмыс орындарының квотасы осы қаулының 1-қосымшасына сәйкес белгіленсін.
Тармақ 2
2. Пробация қызметінің есебінде тұрған адамдарды, сондай-ақ бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған адамдарды жұмысқа орналастыру үшін жұмыс орындарына квота осы қаулының 2-қосымшасына сәйкес белгіленсін.
Тармақ 3
3. Шемонаиха ауданы әкімдігінің 2020 жылғы 5 қаңтардағы № 385 «Ата-анасынан кәмелеттік жасқа толғанға дейін айырылған немесе ата-анасының қамқорлығынсыз қалған, білім беру ұйымдарының түлектері болып табылатын жастар қатарындағы азаматтарды, бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған адамдарды, сондай-ақ пробация қызметінің есебінде тұрған адамдарды жұмысқа орналастыру үшін жұмыс орындарынның квоталарын белгілеу туралы» (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде 6631 нөмірімен тіркелген, Қазақстан Республикасының нормативтік-құқықтық актілердің Эталондық бақылау банкінде 2020 жылғы 23 қаңтарда электрондық түрде жарияланған) қаулысының күші жойылды деп танылсын.
Тармақ 4
4. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімінің орынбасары Г.А. Раимбековаға жүктелсін.
Тармақ 5
5. Осы қаулы оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Басқа 6. Ата-анасынан кәмелеттік жасқа толғанға дейін айырылған немесе ата-анасының қамқорлығынсыз қалған, білім беру ұйымдарының түлектері болып табылатын жастарға арналған квота мөлшері
2021 жылғы 2 наурыздағы № 62 қаулысына қосымша Ата-анасынан кәмелеттік жасқа толғанға дейін айырылған немесе ата-анасының қамқорлығынсыз қалған, білім беру ұйымдарының түлектері болып табылатын жастарға арналған квота мөлшері № Кәсіпорын, ұйым, мекеме атауы Жұмысшылар дың тізімдік саны Бекітілген квота мөлшері (%) Жұмыс орындарының саны (адам) 1 Шығыс Қазақстан облысы білім басқармасы Шемонаиха ауданы бойынша білім бөлімінің «Н.А. Островский атындағы № 1 жалпы орта білім беретін мектеп-гимназиясы» коммуналдық мемлекеттік мекемесі 121 1% 1 2 Шығыс Қазақстан облысы білім басқармасы Шемонаиха ауданы бойынша білім бөлімінің «Ю.А. Гагарин атындағы № 3 жалпы орта білім беретін мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі 111 1% 1 3 Шығыс Қазақстан облысы білім басқармасы Шемонаиха ауданы бойынша білім бөлімінің «Д.М. Карбышев атындағы Первомай жалпы орта білім беретін мектеп-балабақшасы кешені» коммуналдық мемлекеттік мекемесі 108 1% 1
Басқа 7. Пробация қызметінде есепте тұрған адамдарға және бас бостандығынан айыру орындарынан босап шыққан адамдарға арналған квота мөлшері
2021 жылғы 2 наурыздағы № 62 қаулысына қосымша Пробация қызметінде есепте тұрған адамдарға және бас бостандығынан айыру орындарынан босап шыққан адамдарға арналған квота мөлшері № Кәсіпорын, ұйым, мекеме атауы Жұмысшылардың тізімдік саны Бекітілген квота мөлшері (%) Жұмыс орындарының саны (адам) 1 «Защита УБА» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі 104 1% 1 2 «Камышинское – 2» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі 188 1% 2 3 «Шемонаиха су арнасы» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі 118 2% 2 4 «Рулиха» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі 106 2% 2 5 «Шемтазалық» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі 27 3% 1 6 «Прииртышье +» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі 38 3% 1 7 «Строймак» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі 27 3% 1 8 «Сугатовское» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі 122 1% 1